1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қартаюға қарсы, яғни жасартатын, мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін – дәрі-дәрмектер ойлап табу керек. Міне, қазіргі ғалымдар әлемде осындай шаруалармен айналысып жатыр.
Қазақстан ғалымдармен кездесуінде айтқан ұсынысынан. 04.09.09
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №40 (15810) 23 мамыр, бейсенбі 2013
АСТАНА КҮНIН ДҮРКIРЕТIП ТОЙЛАУ, ҚЫРУАР ҚАРЖЫНЫ БОСҚА ШАШУ КIМГЕ КЕРЕК?
Жақында Астананың 15 жылдығына дайындық және оны өткiзу бойынша ұйымдастыру комитетi штабы басшысының орынбасары Талғат Колбачаев бұл мерекенiң қалай өтетiнi туралы ақпарат таратты. Сонымен Талғат мырзаның хабарлауынша, Астана күнi – айтулы мереке. Сонымен қатар халықаралық маңызы зор (?). Осыны ескерiп тойлауға қатысушы елдердiң географиясы кеңейтiлген. Түркия, Ресей, Франция және Ұлыбритания сынды елiмiз үшiн аса маңызды (?) мемлекеттер арнайы бағдарламасын ұсынады. Дәл осы елдердiң эстрада жұлдыздары ерекше мерекелiк көңiл-күй сыйлайды-мыс. Мәселен, “атақты әрi елге танымал композицияларымен өзiнiң ыстық лебiзiн әлемдiк эстрада жұлдызы

Әйелдердiң зейнет жасын ұзартуды былтырғы жылдан берi қаузап жүрген Ұлттық банктiң төрағасы Григорий Марченко ақыры мұнысын ақтайтын салмақты дәлелдi тапқандай. Осы күнге дейiн ананы бiр, мынаны бiр сылтауратып, түрлi себептердi алға тарт­қан бас банкир ендiгi жерде “егер әйелдердiң зейнет жасын көтермесе, бюджеттен алдағы он жылда зейнеткерлерге бөлiнетiн сома 19,6 миллиард долларға жетедi” деп қойып қалды.

Мамырдың аяғында Жаңаөзен мен Шетпе қасiретiне түрткi болған оқиғаның басталғанына екi жыл толады. Осыған байланысты қоғам қайраткерлерi, үкiметтiк емес ұйымдардың өкiлдерi мен журналистер Қазақстан президентi Н.Назарбаевқа ашық хат жолдады.

Желтоқсан көтерiлiсiне қатысушылар қаншалықты көп болса, соған орай құрған ұйымдары да аз емес. Әрине, көбейгенi жөн-ақ. Әйткенмен, өкiнiштiсi, бастары бiрiкпейдi. Бiрiгу былай тұрсын, жекелеп жинала қалғанның өзiнде ол жер айқай-шудың ордасына айналатындықтан, “Шұғыла” ықшамауданының тыныштау бiр бұрышындағы “Айтұмар”

“...2011 жылы Қазақстанда 123 сарбаз көз жұмды. Оның iшiнде 21 сарбаз өзiне-өзi қол жұмсаса, 33 жауынгер науқастанып қайтыс болған. Ал 42 сарбаз жол апатына ұшырап, бақилық болған...” “...Сарыағаш шекара жасағында жаңа шақырыл­ған сарбаздарды әскери өмiрге тез бейiмдеудiң тың тәсiлi – олардың денелерiн қызып тұрған үтiкпен “тегiстеу” қолданыла бастаған.

Мамыр айы Шымкент жақта шым-шытырық дүрбелеңмен бас­талды. Бүгiнде ел аузында детективтi сериалдардан кем соқпайтын әр алуан алыпқашпа сөз гулеп тұр. “Асыра сiлтеп жiберген атқамiнерлердi жазалайтын екiншi Атырау оқиғасы ендi оңтүстiкте жалғасады” деп жұрт­тың үрейiн ұшырып жүрген­дердiң айтқаны айдалада қалсын дейiк, әйтеуiр.

Шетел асқан қылмыскер Рахат Әлиев пен Дариға Назарбаеваның ұлы Айсұлтанның үйленетiнi жайлы ақпарат өткен аптада тараған-ды. Президент Н.Назарбаевтың немересi анау-мынау емес, “ҚазРосГаз” компаниясының бас директоры Қайрат Боранбаевтың қызын таңдағаны да жұртқа мәлiм. “Бай-байға, сай сайға құятынын” қарапайым халық жақсы бiледi.

Оралхан Бөкей - 70 
Жастар, көбiнесе, жаңаға, жаңашылдыққа елiктейдi. Содан болар, жазушы Оралхан Бөкейге елiктеген жастарда қисап жоқ едi. Тiптi елiктегенi соншалық, бiр әңгiме жазып бiтiрiп, “бiрақ, бұл әңгiмем Оралханның әңгiмесiне ұқсамай қалды...” деп еңiреп жылаған жас талапкердi өз көзiмiзбен көрдiк те... Оралхан Бөкей жаңашыл жазушы болумен қатар әдебиетте,

“Әлем ересектер мен егделердiң ғана құзырында” дегенге иланумен келемiз. Ал жастардың билiгiнде ненiң бар, ненiң жоқ екенiне мән де бермеймiз. Өйткенi бiз бар болса, ол билiктiң қандай екенiн бiле де алмаймыз. “Өмiрдiң өзегi – тәжiрибеде. Даналық – кәрi­лiктiң сыбағасы” деймiз де, өзiмiздi өзiмiз алдандырып, күйбеңдеп iлгерi томпаңдай беремiз

“Жұлдыздар отбасы” журналының 2013 жылдың қаңтар айындағы санында (№2) жарық көрген бiр өлеңнiң жайымен осы мақаланы жазып отырмын. Журналдың дәл осы санында “Жiгерлi топ – 2012” атағын жеңiп алған “Алашұлы” тобының орындауындағы “Ақтанның термесi” берiлiптi.

“МЕН ШОВИНИСТ ЕМЕСПIН”
Орыстың қазiргi суретшiсi Илья Глазунов “АиФ” газетiне берген сұхбатында былай дедi. – Мен – ұлтшылмын. Мен өзiмнiң орыс екенiмдi ұдайы мақтаныш етемiн. Шовинист емеспiн мен. Егер шовинист болсам, орысты басқа халықтан жоғары қояр едiм.

Сiздерге хат жолдап отырған оқырман – “Ленин жолы” шаруа қожалығының төрағасы, жасы 70-тен асқан зейнеткер Өтепберген Алтынбек. Шағымданбаған жерiм қалмады, бiрақ нәтиже жоқ. Ендi өзiмнiң неге шағымданғаным жөнiнде айтайын.

ҚР Премьер-министрi С.Ахметовтiң назарына
Түркиядан келген танысымызды ертiп, Алматыны аралап көрсетiп жүргенбiз. Аз-кем қазақша үйренген туристiң “Алматыда Мұстафа Өзтүрiкке ескерткiш орнатыпты ғой. Тамашалап, суретке түсiрiп алсам, себебi Түркияда қазақтың Мұстафасын ерекше қадiр тұтады” деген жылы сөзiне семiрiп, Талғар қайдасың деп тартып отырдық.

Жолдасым Қ.Ниязалин Шалқар ауданы Мөңке би ауылындағы “Балдәурен” балабақшасында 2008 жылдан берi жұмысшы, кейiннен маусымдық жылу қазандығының газ операторы болып жұмыс iстеп келедi. Балабақша меңгерушiсi Қ.Әлiмқұлова оны заңсыз өзiнiң күйеуiнiң шаруашылығына жұмсайды.

Бұл өткен ғасырдың 80 жылдарында бiр студенттiң басынан өткiзген оқиғасы... Ол кезде пара алу, пара беру деген бүгiнгiдей ашық түрде болмаса да, ара-тұра болып тұратын. Соңғы курста оқып жатқан Сәрсен есiмдi студент диплом жұмысына дайындалып жатты. Дипломдық жұмыс оңай емес. Әрине, оған басшылық жасайтын жетекшiсi бар.

Студент болған соң рухани жан дүниеңдi байыту үшiн кiтап­ханаға бас сұғамыз. Кiтапханамен кiшкентай кезiмнен бастап доспын десем, артық айтқаным емес. Кiтапхана маған бұрындары рухани орталық секiлдi көрiнетiн. Қазiр олай емес. Неге дейсiз ғой?

Зейнеткерлiк демалысты 63 жасқа көтеруге наразы әйелдердiң саны өте көп. Тек әйелдер қауымы ғана емес, ер-азаматтардың өздерi де қарсы. Өкiнiшке қарай, халық өкiл етiп сайлаған депутаттар аузын буған өгiздей өлi мен тiрiнiң ортасында отыр.

ЖОМАРТ ЖҮРЕКТIҢ ЖҮЛДЕСI
Алматы облысы, Еңбек­шi­қазақ ауданы, Шелек ауылында осы ауданның құрметтi азаматы, меценат, “Жомарт жүрек” медалiнiң иегерi Жанкелдi Көшiмбай­ұлы атындағы облыстық тур­нир өттi. Облыстың әр аймағынан келген 16 команданың 200-ден аса жасөспiрiм боксшысы екi күн бойы жүлдеге таласты.

Айдана Қыстаубай бала күнiнде көлiк апатының кесiрiнен мүгедек болып, арбаға таңылды. Бiрақ мен мүгедек екенмiн деп мүжiлген жоқ. 1991 жылдың 10 қыркүйегiнде бұрынғы Торғай, қазiргi Қостанай облысының Жанкелдi ауданында дүниеге келген Айдана орта мектептi сол туған жердегi Ыбырай Алтынсарин атындағы бiлiм шаңырағы негiзiнде үйден оқып, үздiк аттестатпен тәмамдады

АЛЫП ҚОЛТЫРАУЫН 110 ЖАСҚА ТОЛДЫ
Австралияның солтүс­тiк аймағында “Кассиус Клей” деп аталатын қолтырауын өмiр сүредi. “Бүгiнде ол 110 жасқа толып отыр” деп хабарлайды The NT News. Кассиус өзiнiң мерейтойына зообақ иелерiнен 20 келiлiк әсемделген және шырақ жағылған тортты сыйлыққа алды. Әрине, бұл – тауық етiнен дайындалған торт.

Қазiргi күнi елiмiзде мемлекеттiк шенеунiктердi екi категорияға, «А» және «Б» категориясына бөлiп жатқаны да белгiлi. Осыған орай халық арасында мысқыл да пайда болыпты. «А» категориясындағылар – ақшаны сүйедi, «Б» категориясындағылар билiктi сүйедi» деген.