1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №41 (15811) 28 мамыр, сейсенбі 2013
Өткен сәрсенбiде Астанада президент Нұрсұлтан Назарбаев шетелдiң бизнесмендерiн жиып алып, кеңес өткiздi. Тақырып – “Қазақстанның 2020 жылға дейiнгi инновациялық-технологиялық дамуы”. Осы отырыста Қазақстан пре­зи­дентi Нұрсұлтан Назарбаев бизнес өкiлдерiне “777” деген тапсырма бердi. Бұл не? Бүгiнгi билiктегi “әулие-әмбие­лер­дiң” саны ма? “Комбайн-билiктiң” крутой нөмiрi ме? Бәл­кiм, қымбат шараптың атауы шығар?.. Қазақы жадағай психология жадысына әбден сiңiп қалған пақырыңыздың қауғадай басына ең алдымен осындай ой келдi. Оның өзiндiк себебi бар. Қайбiр жылы ұзақ уақыт бойы тiрнектеп жиған тиын-тебенiме көлiк сатып алмақ болып, базарға бардым. Әркiм өз көлiгiн мақтайды да, әкесiнiң құнын сұрайды. Дәп бiр қалтамда 100 мың доллар жүргендей-ақ қымбат көлiк­терден бас­тап қарап келемiн.

Былтыр елiмiз 1932-33 жылдардағы жаппай ашаршылықтың 80, 1937 жылғы қуғын-сүргiннiң 75 жылдығын қабырғасы қайысып еске алып жатқанда, елiмiздiң шығысындағы шекара бекетiнен суық хабар келiп жеттi.

Даңқынан дақпыртының дүрмегi дiңкелеткен “Қазақмысқа” қатысты қаңқу сөз қазiр желдей есiп тұр. Әрине, қолға қалам алғандағы мақсат — соларды сараптап, ақ-қарасын айыру емес, деректермен дәйектелген өз ойымызды ортаға салу. Бiрақ бiр нәрсенiң басы ашық — былтырдан берi берекесi қашқан “Қазақмыстың” қазiр керi кеткендiгi.

Өткен аптада ҚазТАГ ақпарат агенттiгi құпия дерек көзге сiлтеме жасап, “Халықтық IPO бағдарламасы тоқтап қалуы мүмкiн” деген ақпарат таратқан болатын. Дерек көздiң айтуынша, бұған ең алдымен жоғарыдағы талас-тартысқа толы ойын, сосын заңдағы олқылық түрткi болмақ.

“М.ЖӘКIШЕВ ТҰТҚЫНДАЛАТЫН КҮНI С.КИРИЕНКОМЕН КЕЗДЕСУI ТИIС ЕДI”
Жақында EurasiaNet басылымы “Қазатомөнеркәсiптiң” бұрын­ғы басшысы Мұхтар Жәкiшев туралы “Қазақстан: атом компаниясының түрмедегi бұрынғы басшысы ресейлiктер аляқтық жасады ма деп күдiктенедi” деп аталатын мақала жариялады.
31 мамыр – саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу күнi
Қазақстан Республикасында мемлекеттiк дәрежеде ресми бекiтiлген – “31-мамыр - саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу күнiне” байланысты қоғамдық негiздегi бастамаға үлес қосуға шақырамыз.
Жексенбi күнi Парижде 150 мың адам митингiге шықты. Париж орталығына жиналған жұрт бiржыныстылардың некеге тұруына және олардың бала асырап алуына рұқсат беретiн заңға наразылық танытты. Наразылық шеруiне шыққандар полицейлермен қақтығысып қалды.
“Билiк халықпен санассын!” ұранымен өтiп жатқан қол жинауға “Жас Алаш” оқырмандары асқан белсендiлiкпен қатысуда. Редакцияға күн құрғатпай келiп жатқан хаттардың басым бөлiгi – қол қойылған газет қиындылары. Бұл жолы да ортақ iске ұйытқы болған, ел, ұлт мүддесiн ойлаған азаматтардың бiразының аты-жөнiн атауды жөн көрдiк.
АСТАНА ЖАҚ ЖIБЕРГЕН КАДР АСҚАР МЫРЗАХМЕТОВПЕН ТIЛ ТАБЫСА АЛА МА?
“Шымкент қаласын бiр жыл, бiр ай iскерлiкпен басқарған, талай ауқымды жобаларды тиянақтылықпен жүзеге асырған Қайрат Молдасейiтов денсаулығына байланысты өз өтiнiшiмен қызметтен кеттi.
МЕРКЕЛЬ БҮЛДIРIП ҚОЙДЫ
Германияның канцлерi Ангела Меркель орынсыз әзiлдеймiн деп Германия мен Венгрияны араздастырып алды. “Аңдамай сөйлеген ауырмай өледi” дейдi қазақ мұны. Дауды тұтатуға Мер­­­кельдiң саяси қарсыласы, социал-демократ Пеер Штайнбрюк себепкер болған.

Жуырда “Жас-Ай” деген медициналық ақпараттық журналының 2012 жылдың № 5 (20) саны қолымызға тидi. Жақсыны көрмек үшiн деген ниетпен журналды сүзiп, оқып шықтық. Журнал жұртшылықтың денсаулығына қатысты аса қажеттi материалдарды беруге бағыт ұстаған мақсаты да, ниетi де оң құнды басылым екен.

Осы Асылбектiң жетiншi сыныпты бiтiретiн жылы ғой, елге жекешелендiру келiп ұрынғаны. Апыл-ғұпыл кеңшар тарап, әкесi Дүйсен кеңсеге пай дәметiп кеткен. Кешқұрым үйге ат жетектеп оралды. Мұны көрген көршi-көлем қарап қала ма: “Қарапайым киномеханикке азынатып айғыр мiнгiзген қайран капитализм, – десiп бауырын тырнап күлiскен.

АЛТЫНЖАР АУЫЛЫ КҮЙШIНIҢ МЕРЕЙТОЙЫН АТАП ӨТТI
Ресейдiң Астрахань қаласы мен Володар ауданының Алтынжар ауылында (мұнда түгел қазақтар тұрады) әйгiлi күйшiмiз Құрманғазы Сағырбайұлының туғанына 190 жыл толуына орай мерекелiк iс-шаралар өттi. Осы күнi Құрманғазының Астрахань қаласындағы ескерткiшiне гүл шоқтары қойылды.
Құдай басқа салмасын, дүниеде не жаман? Өрт жаман. Шырт ұйқыда жатқанда үйiңiз өртенiп жатса, сумаңдаған жалын ақырын келiп: “Ағай, тұрыңыз, мен өртпiн ғой…” деп ескертпейдi ғой.  Өрт демекшi, бiр күнi бiздiң бес қабатты үйдiң үшiншi қабатынан өрт шықты. Бала-шағамызбен далаға атып шықтық. Түн iшiнде трусишең, мәйкiшең шығып кеткен еркектер де жүр
Өзен бойына иiрiлген табынның ең кәрiсi, былайша айтқанда қариясы, Тастақ ауылдық сиыр­лар кеңесiнiң төрайымы, биылға дейiн он рет бұзаулаған ала сиыр бар даусымен мөңiреп, бүкiл табынды тана-торпағына дейiн қалдырмай жанына шақырып алды: Құрметтi Зеңгi баба әулетi! Бүгiн өздерiңмен кезектi басқосуды өткiзiп отырмыз. Бүгiн өрiске ауылдағы 350 сиырдың 320-сы шықты. Сәрсенбiде мал базары болатындықтан, арамызда жоқ отызды базарға алып кеткен болуы керек. Олар белгiлi себеппен өрiске шыға алмай қалғандықтан, жиналысымызды бастай беруге болады.

– Бұрын, Кеңес заманы кезiнде бiр ұжымда жұмыс iстейтiндердiң бәрi болмаса да, осылардың iшiнде бiрен-сарандары көз қысысып, көңiл жарастырып жүрушi едi ғой, бiлесiң бе? Кейбiр еркек пен әйел көзге түсiп қалып, олардың тәртiбiн партия жиналысында талқылап жатушы едiк. Ал қазiр...

– Мен бiр жақта,  Халқым бiр жақта, Лағып отырмын.
Не өзiндiк сөзiм жоқ, не әрекет...
Дөкейлерiм не десе, соның аузын,
Қара шұнақ құлдайын бағып отырмын,
Кiшкентай маса шешесiнен сұрапты:
– Апа, мен ұшсам бола ма?
– Ажалыңа асықпай, отыр үйде!
– Неге? Адамдарға менiң ұшқаным қатты ұнайды ғой...
УЕФА Чемпиондар лигасының биылғы жылғы финалдық ойыны тарих жылнамасына жазылып қалды. Жылдар өте сартапқа айналатын биылғы ойын тартыспен өрiлдi. Тартысты болатыны, мюнхендiктер соңғы үш жылда Чемпиондар лигасының финалына осымен үшiншi рет шығып отыр. Екi рет бармағын шайнап, опық жедi.  Лондонның әйгiлi “Уэмбли” стадионында өткен
“АҚТӨБЕ” АЛДА
Өткен аптаның жек­сенбiсiнде футболдан ел бiрiншiлiгiнiң 13-тур ойындары өттi. Павлодарда өткен “Ертiс” пен “Шахтер” арасындағы ойын тең аяқталды. Кеншiлердiң сапынан Финонченко 2-минутта есеп ашып, басымдық бiрiншi тайымның соңына дейiн ұстап тұрған, алайда
ҰРЛЫҚШЫНЫҢ БIРНЕШЕ ЖЫЛДАН КЕЙIН ҰЯТЫ ОЯНЫПТЫ
“АҚШ-та бiрнеше жыл бойы сыра ұрлап келген адамның аяқ астынан ұяты оянып, сырахана иесiнен кешiрiм сұрап хат жазыпты. Кешiрiм сұраған хатты және 140 долларды есiктiң алдына қойып кетiптi”, – деп хабарлайды Cinncinati.com. Сырахана иесi 69 жастағы Ди Самад
Оңтүстiкқазақстандық оқырмандар осылай дейдi
Елдiң тәуелсiздiгiне, келер ұрпақтың саулығына, баянды болашағына алаңдап, қоғамдағы ең өткiр деген төрт мәселе бойынша жер-жерден қол жинауға ұйытқы болған “Жас Алаш” газетiне Оңтүстiк Қазақстан облысындағы оқырмандардың ризалығы өзгеше.

Қайбiр жылы “Жас Алаштың” редакциясына президент әкiмшiлiгiнен тiлдей хат келдi. Бұл хат газет бетiнде көтерiлген мәселеге байланысты екен. Президент Н.Назарбаев “Құзырлы органдар газет көтерген жайттарды мұқият тексерсiн. “Жас Алаш” оны бақылауға алсын” деп жазып, қолын қойыпты...