1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №42 (15812) 30 мамыр, бейсенбі 2013

Өткен жұма күнi кешкi тоғыз жарымда КТК арнасы әдеттегiдей “Наша правда” бағдарламасын көрсетуi тиiс едi. “Бұл жолғы бағдарлама Арқанкергеннiң бiр жылдығына арналады” деген құлақтандыру бiрнеше күн бойы арнаның прайм-тайм уақытында жарнамаланды да. Бағдарламаға Арқанкергенде қаза тапқан шекарашылардың аналары, 14 сарбаз бен қорықшыны өлтiрдi деген айыппен

Қарап отырсаңыз, қазақ хал­қының тарихын тап бiр ет турағыш машина деуге әбден-ақ сиятындай. Бұрынғы құрбандарды санамаламай-ақ, тек 1937-38 жылды алайықшы. Қазақстанда 120 мыңнан астам адам репрессияланып, оның үштен бiрi атылыпты. 1937-38 жылы бiз қазақтың оқығандарынан тек тәни тұрғыдан ғана айырылып қалған жоқпыз, орасан зор интеллектуалдық күш-қуаттан айырылдық.

Сейсенбi күнi Қазақстанның Жоғарғы сотының  қылмыстық iстер жөнiндегi қадағалау алқасы Жаңаөзен оқиғасын ұйымдас­тырды деп айыпталып сотталған азаматтарға қатысты соңғы сот үкiмiн оқыды. Сөйтiп, темiр торға тоғытылған

“Жаңаөзендiк мұнайшылар түгел ақталып, босап шығады” деген хабар мұнайшылар қаласында бiр айдан берi гулеген. Алайда Жоғарғы соттың қадағалау алқасы шығарған шешiм үмiттi толық ақтай алмады. Сотталған мұнайшылардың еркiндiкке шығуын көптен берi асыға күткен жаңаөзендiктердiң көңiлi пәс, екiұдай сезiмде.

БҰЛ ӨТКЕННIҢ ЕМЕС, БҮГIННIҢ АҚИҚАТЫ
Кеше ҚР мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiктiң төрағасы “А” корпусына кiруге сынақ тапсырған кандидаттардың қы­рық пайызға жуығы сыннан сүрiнгенiн хабарлады. Бұл жолы шабақтар емес, шортандар қармаққа iлiнiп, қызметiнен шеттетiлдi. Сынға қатысқан 1124 адамның бақандай 37,1 пайызы қызметтен ұшып түстi. Пара бергенi, не алғаны үшiн емес

Қазiргi кезде адамдардың рухани-психологиялық санасында абыржу пайда болды: жұмыссыздық деген мойынға ауыр жүк түстi, екiншiден қылмыс көбейдi. Ел – бытыраңқы, халық – енжар, есесiне жұрт ақшаны жақсы көредi. Қысқасы, 90-жылдардың торығуынан кейiн қоғам мүлде басқа кейiпке ендi.

ӘЛIПБИ АУЫСТЫРҒАН ЕЛДЕРДIҢ МҰҢЛЫ ТӘЖIРИБЕСI
Кеңес өкiметi ыдыраған соң 1991 жылы тарих сахнасына түркi тiлдес, iрi, дербес 5 жаңа мемлекет шықты. Оларға Түркия мем­лекетi өз тарапынан қолдау көрсетуге тырысып бақты. 1991 жылдың күзiнде Тұрғыт Өзалдың басшылығымен Анкарада түрiк, қазақ, өзбек, әзiрбайжан, қыр­ғыз мемлекеттерi басшылықтары жиналған саммит өттi.

“Жас Алаштың” 16 мамыр күнгi нөмiрiнде жазушы Бейбiт Қойшы­баевтың Левон Мирзоян туралы мақаласы шықты. Зұлмат замандарда Қазақ елiн басқарған Л.Мирзоян қазақ үшiн ешқандай да “Мырзажан” емес екен.

ЕШКIСIН СОЙЫП, ОРАЗ ЖАНДОСОВТЫ ҚОНАҚ ЕТКЕНI ҮШIН IСТI БОЛДЫ
Бұрынғы Нарынқол ауданының Шалкөде аңғарында 1929-30 жылдары алғаш Мойынсерiк, кейiн колхоз болып 9 шаруашылық құрылды. Олар 3 әкiмшiлiк орталыққа бағынды. Шалкөде ауылдық кеңесiне

Жуырда “Нұр Отанның” облыстық филиалы мен май қызметкерлерi рейд жүргiзiп, жұмыс уақытынан тыс кезде сайран салып жүрген бiрнеше мемлекеттiк автокөлiктердiң құрықтарына iлiнгенi жайлы құлағдар болған едiк. Таңғалғанымыз, аталған рейд “аса құпия” түрде өткен бе, әйтеуiр, нақты қанша шенеунiк пен олардың шабандозы шектен шыққаны жайындағы ақпарат не “

ҚР Бас прокуроры А.Дауылбаевтың назарына
Мен медбике болып жұмыс iстеймiн. Төрт балам бар. Үлкен балам Берiк мұнай саласы маманы болса да жұмыс­қа алмағандықтан, құрылыс саласында жұмыс iстейдi. Екiншi балам Серiк Отарда, Отан алдындағы борышын өтеуде.
Халықтың үстiнен байыған адам халықтың қаһарына ұшырайды.
Халықтың есебiнен байыған адам – ұры.
Қазiр сатылап өсу жоқ, сатырлатып ақша берiп өсесiң.
Жазып едiк, жауап келдi
Жақында “Жас Алаш” газетiнде (16 мамыр, 2013 жыл) Қазалы ауданы, Бозкөл ауылының тұрғыны Алмагүл Рахатованың “Жәрдемақы балалы аналар­ға берiле ме, жоқ әлде қалталы аналарға берiле ме?” атты мақаласы жарық көрген едi. Сол мақалаға байланысты төмендегiнi хабарлаймыз.

Бiрыңғай ұлттық тестiлеудi сынап-мiнеу көбейiп кеттi соңғы жылдары. “Мектеп бiтiрген жастардың бiрi қалмай жоғары бiлiм алуы шарт па?” деген ой мазалайды менi. Оқуға қабiлетi болып, iлiм-бiлiмге, ғылымға талпыныс болып жатса құба-құп.

Талдықорғанда ауыр атлетикадан ел бiрiншiлiгi мәресiне жеттi. Қуанарлығы, ел бiрiн­шiлiгiнiң жүлдесiне қол жет­кiзген ауыр атлеттердiң денi – қазақтың қаракөзi. Ел чемпионатына екi дүркiн олимпиада чемпионы Илья Ильин сынды саңлақтар қатысқан жоқ. Ерлер арасында 56 келi салмақта Алматы облысының үмiтi Тимур Хасаров жеңiске жеттi.

Кейбiр адамдар шариғаттың шарттарын орындау – шал-шауқанның “шаруасы” деп пайымдайды. Бiр аяғы жерде, бiр аяғы көрде тұрған қариялар қартайған шағында iстеген күнәлары үшiн тәубе етiп, намаз оқып, о дүниеге “дайындалу” керек деп есептейдi. Асылында осылай ма?

АЛТЫ АЙ БОЙЫ АЙЛЫҚ АЛМАПТЫ
Оралдық “Ақжайық” футбол клубының футболшылары алты айдан берi жалақы көрмептi. Биылғы ел бiрiншiлiгiн жоқшылықпен өткерiп келе жатқан батысқазақстандық клубтың футболшылары мен бапкерлер құрамы былтырғы жылдың қараша айынан берi жалақысын ала алмаған. 
АЗАН ШАҚЫРТЫП, АТ ҚОЮҒА БОЛА МА?
– Кеңес заманында бiздердiң атымызды азан шақырып қоймағаны мәлiм. Кейiнгi кездерi көп таныстарымның өз аттарын қайтадан азан шақыртып қойып, тiптi кейбiрiнiң өз есiмдерiн өзгерткендерiн бiлемiн. Ислам шарттары бойынша қалай азан шақыртып ат қоюға болады?