1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №44 (15814) 6 маусым, бейсенбі 2013
“МЕШIТ ЕМЕС – МЕКТЕП!”, “АЙРАН ЕМЕС – СЫРА!”, “ТҮРМЕ ЕМЕС – СӨЗ БОСТАНДЫҒЫ!”, “ДУБАЙ ЕМЕС – ТҮРКИЯ!”
Мамырдың 31-i күнi Стамбұлдың Тақсым ауданындағы бақтан басталған бас көтеру бiршама саябырсығанымен, Түркияда маза жоқ әлi. Кешегi күнгi мәлiметтерге қарағанда, екi адам өлiп, үш мыңнан астам адам зардап шеккен. Оның 25-iнiң жағдайы тым ауыр. Премьер-министр Ережеп Ердоғанның кеңсесiн басып алмақ бол­ған топты полиция көзден жас ағызатын газбен, сумен атқылап, қуып тастаған.

Биылғы жылғы “Азаттық” сыйлығының иегерi, “Новая газета” басылымының тiлшiсi Елена Костюченко – Жаңаөзен оқиғасынан кейiн төтенше жағдай жарияланған қалаға кiрiп, ақпараттық құрсауды бұза алған алғашқы журналист. Бастапқыда қазақ билiгi “жаппай тәртiпсiздiктi iшiмдiкке сылқия тойып алған жастар жасады” деген мәлiмдеме жасаса

Жаңаөзен мен Шетпедегi оқиғалардан соң ауық-ауық бас қосып, осы мәселенi жүйелi түрде талқылаған азаматтық қоғам мен зиялы қауым өкiлдерi, саясаткерлер және құқық қорғаушылар бұл жолы да ендi мұндай қасiрет қайталанбауы үшiн не iстеу керек деген сұраққа жауап iздедi.
Кеше Астанада Қазақстан Республикасының азаматтары АҚШ президентi Барак Обамаға ашық хат жолдады. Оған 65 адам қол қойған. Ашық хатты қолдаушы Құрманғазы Рахме­товтiң пiкiрiнше, қазақтың өз елi, жұрты, хал­қы бар. “Әр қазақ – менiң жалғызым!”. Бұл – ұйымдастырушылардың басты ұстанымы. Жер шарының қай жерiнде жүрсе де, қазақ ұлтының өкiлдерi заңмен қорғалуы керек.

Кеше Ақордада президент Н.Назарбаев БҰҰ-ның босқындар iсi жөнiндегi жоғарғы комиссары Антонио Гутерришпен кездесiп, тәуелсiздiк алғаннан берi Қазақстан бақандай 15 мың босқынға баспана тауып бергенiн мәлiмдедi. Бұл туралы президенттiң баспасөз қызметi ақпарат таратты.

Facebook әлеуметтiк желiсiндегi парақшасында Алматы қаласының әкiмi Ахметжан Есiмовтi халықпен кездесуге шақырған Мұрат Телiбековтiң басы дауға қалды. Қалалық әкiмдiктiң ғимараты жанында тұрғындардың сауалдарына жауап берудi өтiнiп, әкiмге халықтан қорықпауды айтқан

– Құрметтi замандастарым, үлкен аға-әпкелерiм, кiшi iнi-қарындастарым, төл құрдастарым, өмiр-өзен деген рас. Бiздiң Жалаңаш қазақ орта мектебiн бiтiр­генiмiзге 60 жыл болып та қалыпты. Бүгiнгi күнi Жәр­кенттiң жазиралы жазығының бiр кiшкен­тай бұрышынан орын алған мына Керiм­ағаш шипажайында бас қо­суды Алла бiзге нәсiп етiптi.

“Халық қалаулылары” беттiң арын белге түйiп, ел мүддесiне қайшы келетiн заңды қолдап шықты. Және олардың өз сай­лау­шыларын сатып отырғаны бiр бұл емес. Оған мысал жеткiлiктi. Бiздiң айтайын дегенiмiз, президент зейнетақы реформасы туралы заңға “вето” қойса, яғни қолдамаса, депутат мырзалар сосын елдiң бетiне қалай қарар екен? 

Қазақтың белгiлi жазушысы Рахметолла Райымқұлов 100 жасқа толды. Марқұм өмiрден ерте кеткенiмен, артына елеулi мұра қалдырды. Ендi бiз бүгiн Рахметолла Райым­құловтың қаламдас досы, “Жұлдыз” журналында көп жылдар бiрге қызмет атқарған әрiптесi, жазушы Маршал Әбдiхалықовтың Р.Райымқұлов туралы мақаласын ұсынамыз.

1937 жылдың 2 маусымында дүниеден өткен жазушы Саттар Еру­баевтың қалалық зираттағы құлпытасына тағзым еттiк. Ескерткiш 1994 жылғы 2 маусымда, жазушының туғанына 80 жыл толар қарсаңда қойылған едi... Не көп – дүниетанымыңды, өмiрге көзқарасыңды қалыптастыруға жәрдемдескен кiтап көп.

Газетiмiздiң өткен нөмiрлерiнiң бiрiнде “Тағдыр” деген айдармен Сайлау Байбосынның “Есiл ердiң сүйегi қайда қалды екен?” деген материалын жариялаған едiк. Бұл мақала публицист, қаламгер, аудармашы Насыр Ноғаевтың тағдырына арналған-ды. Ендi бiз бүгiн Насыр Ноғаевтың 1934 жылы жарияланған мақаласын ықшамдап жариялап отырмыз.

“Оңтүстiк-Цирктiң” отау тiккенiне 1 жыл толды
“Оңтүстiк-Цирк” мемле­кет­тiк мекемесi құрылғанына 1 жыл толуына орай қайы­рымдылық iс-шарасын өткiзетiн дағдысынан жаңылмай жақында озат оқу­шылар мен мүмкiндiгi шек­теулi мектеп-интернаттардағы тәрбиеленушiлерге, сондай-ақ, балалар үйiнiң бүлдiршiндерiне арнап “Алақай-Балақай” атты қо­йы­лым қойды.

Қазақстанның жоғары оқу орындары үшiн, оның iшiнде журналистика факультеттерiнiң студенттерi үшiн фотожурналистикаға, фотоөнерге арналған оқу құралы керек-ақ едi. Мұндай оқулықтың қажеттiгiн арнайы мамандар бiраз жылдан берi айтып та келе жатқан болатын. Мiне, сол зәру оқу құралы ақыры жарық көрдi. “Фотожурналистика” деген атпен жарыққа шыққан бұл оқу құралының авторы – Асылхан Әбдiрайымұлы.

“ПАРА АЛУДЫҢ АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ЖОЛЫ...”
Жақында орыстiлдi басылымның бiрiнен Ресей­дегi сыбайлас жемқорлық, парақорлық жайлы мақала оқы­ғаным бар. Онда: “Бұлардың “Жемқорлықпен, парақорлықпен аяусыз күресемiз!” деп жүргенi –бос сөз. Ресейде сыбайлас жем­қорлық, парақорлық қайта күннен-күнге өршiп, күшейiп барады.

БАҚ беттерiндегi жастардың өз-өзiне қол жұмсауы жайлы жағымсыз әңгiме жүректi жылатып, жаныңды түңiлдiредi. Қоғамда қалыптасқан жағымпаздық пен жалғандық, әдiлетсiздiк пен жемқорлық, самарқаулық пен сатқындық, қанағатсыздық пен қатыгездiк баршамызды да жасытып, жiгерсiздiк пен үмiт­сiздiкке жетелеп келе жатқан сияқты.

25 жылдан берi тұрып келе жатқан үйiме қарасты жер телiмiнiң 2 сотығы төңiрегiнде 5 жылдан берi талас-тартыс жүрiп келе жатыр. Жер – менiкi, бiрақ оған көз аларт­қан көршiм Мақашев түрлi айла-әдiстi қолдана отырып, өзiне қаратқысы келедi.

Ертеректе Кеңес одағының кезiнде республикалық газет-журналдардың бұрыштарында “Достық әзiл” деген айдар анда-санда жарияланып тұратын. Онда ақын-жазушылар, өнер адамдарының суреттерi салынып, астына оларға арналған бiр ауыз өлең, өткiр қалжың, қыжыртпалар жария­ланып тұратын.

Шалкөде жайлауына шыққан сайын есiме әке-шешем түсiп, көңiлiм құлазып сала бередi. Әкем Мұхаметжан, шешем Рысхан Шалкөде жайлауының орта тұсында отырушы едi. Үйдiң жанында қой шомылдыратын күпкi, қозы бөлетiн арнайы қаша болатын.

Ерлан Алшынбаев самбо күресiнен ел бiрiншiлiгiн ұтып, Азия чемпионатында екi мәрте топ жарғанда бапкерлер болашақта қазақтың абыройын арқалайтын даңқты спортшы боларына шүбәсiз сендi. Тiптi Алшынбаевтың өзi де тек самбомен ғана шұғылданбай, дзюдо күресiн меңгерiп, ауыр салмақтағы алыптардың арасында қазақтың да баласы жүргенiн қалады.

ЖЕҢIЛДIК ДЕП АЙТУ ҚАНДАЙ ҚИЫН
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы тағы да жеңiлдi. Алматының “Орталық стадионында” Болгария ұлттық құрамасына қарсы жолдастық кездесу өткiз­ген футболшылар 1:2 нәти­жесiмен есесiн тағы да жi­бердi. Айналасы 3 минут iшiнде әдеттегiдей екi гол соғып кеттi қонақтар.
ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖАЛПЫ БЕЛГIЛЕНГЕН ЗЕЙНЕТКЕРЛIК ЖАСТА ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ
– Менiң жасым – 55-те. Шығыс Қазақстан облысы, Курчатов қаласында
туғанмын. Полигон кiтапшасында “максимальная, повышенная, черезвычайная зона” деп көрсетiлген. Осы қаладағы еңбек өтiлiм – 6 жыл. Зейнетке қанша жасымнан шығамын?
АЗЫҚ-ТҮЛIК ҚАЛДЫҚТАРЫ ЫСЫРАП БОЛУДА
Британдық парла­менттiң кейбiр мүше­лерi тұрғын үйдiң маңында, кәсiпорындарда тамақ өнiмдерi көп мөлшерде ысырап болып, қоқысқа лақтырылатынын айтқан. Сондықтан олар үкiметтi азық-түлiк қалдықтарын неғұрлым азайту үшiн шаралар қолдануға шақырды. “Бұл игi шараның авторлары азық-түлiкке ұқыптылықпен қарау, ысырапшылыққа жол бермеу арқылы осы сектордағы шығыстарды қысқартуға мүмкiндiк бередi” деп түсiндiредi. Бұл туралы ВВС хабарлады.