1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №44 (15815) 11 маусым, сейсенбі 2013
ТҮСIНIКТIНI ТҮСIНДIРЕ АЛМАПТЫ
Әйелдердiң зейнеткерлiкке шығу жасын 63 жасқа дейiн ұл­ғайту мүлде дұрыс емес еке­нiн, президент Н.Назарбаев дәл осы заң жобасына қол қой­мауы ке­рек­тiгiн жазып, 30 мыңға жуық адамның қолы қо­йылған өтiнiш хатты Президент әкiмшiлiгi мен Парламент Сенатының кеңсесiне тапсырған қоғам белсендiлерiнiң бiрi Айт­қожа ақсақал “Жас Алашпен” хабарласты.

Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко мен Еңбек және әлеуметтiк қорғау министрi Серiк Әбденов отставкаға кетуi мүмкiн. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жұма күнгi зейнетақы реформасына қатысты халыққа үндеуiнен кейiн жауырыншылар осындай болжам жасады. Астанадағы құпия ақпарат көзiнiң айтуынша, “Назарбаев бұдан былай Марченконы өз командасында көргiсi келмейтiнiн” айтыпты. Бас банкирге екiншi деңгейлi банктердiң жетекшiлерi де наразы.

Ерлан Арын – атаман!
Олда-бiлдә, рас айтам,
Жаңылып отырған жоқпыз қатадан.
Оны тiлбiзiрден көрсеттi!
Көрсеткенi бар болсын,
Елдiк еңсемiз бен
Мемлекеттiк мәртебемiздiң

Римдегi сәулеттi сарайлардың бiрiне Мұхтар Әблязовтi iздеп барған полиция Әблязовтiң өзiн емес, оның жұбайы Алма Шалабаева мен қызы Алуаны ұстады. Бұларға “жалған құжат жасады” деген айып тағылып, Австриядан жалдап әкелген чартерлiк рейспен едел-жедел Қазақстанға жеткiзiлдi. Қазiр Әблязовтiң жұбайы мен қызы Алматыдағы туыстарының бiрiнiң үйiнде тұрып жатыр.

НЕМЕСЕ Р.ӘЛИЕВТIҢ БАСЫНА БҰЛТ ҮЙIРIЛДI
Мальтадағы президенттiң бұрынғы күйеу­баласы Рахат Әлиевтiң басына қара бұлт үйiрiлдi. Естерiңiзде болса, ол Мальтада күнге қыздырынып, демалып жатқан жоқ. Осыдан жетi жыл бұрын елден қашып шығып, шетелде бой жасырған Рахат Әлиевтiң қазiргi тегi Шораз. Сонымен Рахат Шораздың басына не күн туды? 

Соңғы кездерi бiздiң патшалықта қым‑қуыт тiрлiктер орын ала бастады. Шенеунiк­тердiң мемлекеттi тиiмсiз басқаруы жетер шегiне жет­тi. Алым‑салымдар және бюрократтар тұншықтырған биз­нес көлеңкелi салаға ау­ды. Мұның салдарын бiрден тарттық.

Әлсiн-әлсiн дүрлiгуден Түркия демiгiп тұр. Наразылықтың басталғанына он күннен асса да, мыңдаған адам Стамбұлдағы Тақсым алаңында әлi шерулетiп жүр. Шерушiлердiң басты талабы – Ережеп Ердоғанның үкiметiн отставкаға кетiру. Мамырдың соңында басталған бас көтеруден 3 адам көз жұмып, 5 мыңға тарта адам жарақаттанған.

ҰЛТТЫҚ ПАРК ҰЛТ МАҚТАНЫШЫ БОЛСА ДЕЙМIЗ
Баянауыл, Жасыбай десе, құ­лағы елең етпейтiн қазақ жоқ. Тасын түртсең, тарих сөйлеп, адырын араласаң, аңыз шертетiн бұл өңiр­дiң арғы-бергiдегi өткен басқасын айтпағанда, арқарлы тау, аймаңдай көлдi келiстi табиғаты көрген адамды ерiксiз ғашық етедi. Осы аймақта 1985 жылы Баянауыл ұлттық табиғи паркi құрылған.

Түнеугүнi республикалық “Қа­зақ тiлi” қоғамының облыстағы филиал төрағасы Садуақас Аңсатпен жүздесiп қалдық. Бұл кiсiнi бұрыннан бiлемiз. “Тiл сақшысы” газетi­нiң редакторы, тiл жанашырының қала орталығындағы нысан атауларын, жарнамаларды, маңдайша жазуларды қазақыландырудағы қадамдары қуантарлықтай.

Орал өңiрiндегi Қызыл­қоға ауылынан “Жас Алаш” газетiнiң Астанадағы бюросына хабарласқан зейнеткер Бақытжамал Мағженова осылай деп шер тарқатты. “Қазақты Кедендiк одаққа кiргiзiп, тұсаулады. Жақында Қазақстанға Путин келдi. Ол тағы қандай қамытын тастамақ қазақтың мойнына?

Британдық Financial Times басылымы Римнен жолданған мақаланы жария еттi. Мақала “Итальяндық министрден Қазақстанға депортацияланғандар туралы тусiнiктеме берудi талап еттi” деп аталады. Онда Италия парламентiндегi оппозициялық партия өкiлдерi Италияның iшкi iстер министрi Анджелино Альфанодан танымал диссидент

ҰСТАРАНЫҢ ЖҮЗIНДЕ ЖҮРГЕНДЕЙМIН  
Етек ашып дәл маған күлгендей кiм? 
Мен олардай iсiнiп, үрленбеймiн. 
Ұрлық iстеп қойғандай өз үйiмде, 
Ұстараның жүзiнде жүргендеймiн. 

Қазақ журналистикасында “Гогольдiң шинелiнен шыққан” дегеннен бастау алып, “Шерханның шекпенiнен шыққан” дейтiн қанатты сөздiң кезiп жүргенiне де аз уақыт болған жоқ. Алайда ол шекпеннiң жылуын тек қауырсын қалам ұстағандар ғана емес, газеттiң өзге жүгiн арқалағандардың да сезiнгенiн көпшiлiк жұрт бiле бермесе керек.

ТҮЙЕ БАЛУАНДАР ТМД-ҒА ТАРАЙДЫ
Биыл үшiншi мәрте ұйымдастырылатын қазақ күресiнен ауқымды турнир “Қазақстан Барысын” көгiлдiр экраннан өзiмiз ғана емес, өзгелер де тамашалай алатын болды. Ресейлiк “Боец” арнасы турнирдiң ақпараттық демеушiсi болып, жарысты ТМД мемлекеттерiмен қатар Балтық жағалауы елдерiне таратады.

Гарет Бэйл – халқының саны 300 мыңнан асатын Уэльс мемлекетiнiң ұлттық құрамасының белдi мүшесi. 1989 жылы Кардифф қаласында туған Гарет қазiр ең бай футболшылардың алдыңғы қатарында. Аз жылда әлемдегi ең бай футболшы атанып шыға келген саңлақ былтыр ағылшынның “Тоттенхэм” клубында ойнады.

Алматыда Алаш қозғалысы қайраткеркерлерiнiң бiрегейi, ұлы ақын, қазақ әдебиетiнде өшпес iз қалдырған Мағжан Жұмабаевтың 120 жылдығына арналып түсiрiлген деректi фильмнiң тұсаукесерi өттi. Фильмнiң көрсетiлiмiне дейiн М.Жұма­баев туралы танымал тұлғалар жылы лебiздерiн бiлдiрiп, бiрқатар жастар ақынның өлеңдерiн оқыды.
Әйгерiм Бегiмбет 1990 жылы 7 маусымда Оңтүстiк Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Қайнар ауылында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетi журналистика факультетiнiң түлегi. Бала кезден берi бос уақытында қолына фотоаппарат алып, табиғаттың әсем көрiнiстерiн түсiргендi ұнатады.
БЕС БАЛАНЫ БIРДЕН ТАПТЫ
Бұл оқиға бұрын-соңды Чехия елiнде болмаған көрiнедi. 23 жастағы айы-күнi жетiп отырған чехия­лық тұрғын толғағы қысып, перзентханаға түсiп, өмiрге бiрден бес баланы әкелдi. Төрт ұл бала мен бiр қызды туған жас ананың денсаулығында еш­қандай кiнарат жоқ дейдi дәрiгерлер. Ардақты ананың тұңғыш ұлы 3 жаста екен.
«ШЕБЕРЛIККЕ БАСТАУ» АКЦИЯСЫ
Алматы облысының №1 Балалар үйiнде “Шебер­лiкке бастау” атты балаларды қорғау күнiне арнал­ған акция мәресiне жеттi. Акция “ФОТОӨНЕР” қоғамдық бiрлестiгi мен “Bank RBK” АҚ-ның ұйым­дас­тыруымен жүргiзiлдi. Iс шараның басты мақсаты балалар үйiнiң тәрбие­ленушiлерiн фотоөнермен таныстырып, болашақ мамандық таңдауларына көмектесу