1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №46 (15816) 13 маусым, бейсенбі 2013

Алматыда дүйсенбi күнi кешкiлiк жүзеге асырылған қанды оқиға жұртшылықты дүр сiлкiнттi. М.Мақатаев пен Д.Қонаев көшесiнiң қиылысындағы төрт қабатты тұрғын үйдiң ең жоғарғы қабатындағы қанды қырғын бүтiндей бiр шаңырақтың отбасы мүшелерiн бақилық еттi. Қайғыдан қан жұтқан ағайынның азан-қазан жоқтауы жүрегiңдi шымырлатады. Ұзақ науқастан, болмаса тосын аппаттан келген ажал болса, басу айту қиы­сынды шығар. Ал 37 жастағы сүйiктi жары Нұргүлдi буындырып, 19-дағы iнiсi Ермұратты қылғындырып, ең өкi­нiштiсi, бiрi 3-тегi Сләм­нұр­ды, екiншiсi 7 жастағы Сыр­мұхамедтi суға тұншықтырып өлтiрген қанiшер­лердiң

МӘЖIЛIСШIЛЕР АЙТҚАНЫНАН ТАЙЫП КЕТТI
Кеше мәжiлiсшiлер президент Н.Назарбаевтың сынына ұшыраған “Қазақстан Республикасында зейнеткерлiкпен қамсыздандыру туралы” заң жобасын қайта қарауға қабылдады. Сөйтiп өздерi түнеукүнi ғана жанталасып мақұлдаған заң жобасына бүгiн қарсы дауыс берiп, президенттiң үндеуiн жақтап шықты.

Стамбұлда бiр жарым аптаға созылған наразылық полицейлер мен шерушiлер арасындағы текетiреске ұласты. Сейсенбi күнi Тақсым алаңын наразылардан тазалауға кiрiскен полицейлер жасағы мен шерушiлердiң арасында қақтығыс болды. Сарапшылардың бiр бөлiгi “түрiк жазының” немен бiтерiн болжау қиын десе, ендi бiрi баскөтеру көп ұзамай басылады дейдi.

Кеше Алматы қаласы, Медеу аудандық соты саясаткер Болат Әбiлевке 500 мың теңге моральдық шығын бойынша өтемақы төлеуге шешiм шығарды. Бұл – Мұнай газ министрiнiң вице-министрi Берiк Толымбаевтың моральдық шығын      өтем­ақысы.  Кеше таңертең асығыс-үсiгiс оқылған сот шешiмiнде “Әбiлевтiң айтқан ақпараттарындағы деректер шындыққа сәйкес келмейдi.

Бұл күндерi әр салада да әулетiмен еңбек ете­тiндер қатары көбейiп келедi. Солардың бiрi Жез­қазған байыту фабрикасындағы байытушылар әулетi саналатын Аман­күлдiң отбасы деуге болады. Нақтылап айтқанда, конвейер-машинисi Аманкүл Қалқанова өзiмен бiрге ұлы мен қызын да байытушылар қатарында еңбек етуге тәрбиелептi

Қарғыс айтудан қазаққа жететiн халық жоқ жер бетiнде. Тiптi кейде қызды-қыздымен Құдайға да тiлiмiз тиiп кетiп жататынын несiне жасырамыз. Жазушы Ғабит Мүсiреповтiң былай дейтiнi бар: “Жер жүзiнде қазақ әйелдерiнен бас­қа бiр әйел құдайын қарғай алмайды”. Бұдан асырып жеткiзе алмаймыз ендi...

Жылда осы уақытта ҰБТ бас­талып, ұл-қызының болашағына алаңдаған ел ұлардай шулап, сынақ тапсыратын ғимараттың алдын шаң қылушы едi. Дегенмен биылғы көктем түрлi деңгейдегi мемлекеттiк қызметкерлерге де оңай болмады. “А” корпусына өту үшiн тестi­леуге түскен талай дөйлердiң бiразы дөң аса алмай, дымы құрып қалғанынан ел құлақтанып отыр.

КӨҢIЛЖЫҚПАСТЫҚ КӨЗБОЯУШЫЛЫҚҚА ҰРЫНДЫРАДЫ
Әдетте, демократиялық емес режимдер тарихқа көп мән бер­мейдi. Оларға бүгiнi мен ертеңi қажеттiрек. Оның үстiне, адамзат һәм өз елiнiң өткен кезең­дерiнде авторитарлық жүйелер тарихи объективизм тұрғысынан ерте ме, кеш пе, әйтеуiр, мiн­деттi түрде құрдымға кететiнi туралы мысалдар “ашылып” қалады.
Бұл хат 1927 жылы жазылған. Ендi осы хатты, Жүсiпбек Аймауытовтың өзiнiң ұстазы әрi рухани ағасы Мәшһүр-Жүсiпке жаз­ған хатын оқып көрелiкшi (ықшамдап берiп отырмыз): “...Менiң айтайын деп отыр­ғаным – “әр адамның дүниеге келгендегi мақсаты не үшiн, атқаратын мiндетi не?” деген са­уал. Мiнекей, осы туралы сөз қозғамақпын.

Батыр Бауыржан Момышұлының баласы Бақытжан атамен соңғы рет сөйлескенiмде қайта-қайта тапсырған бiр аманаты бар едi. Бақытжан Момышұлы 80 жасқа толғанда құттықтап барып, бiршама сұхбаттасып қайтқанмын. Сол кезде төрт жасар қызымды қай мектепке берудi бiлмей, басым қатып жүргенiн айтқанмын. “Қазақ мектебiнде оқытайын десем, кейiн тiл бiлмегендiктен қоғамнан теперiш көре ме деп алаңдаймын

Ескерiлмей қалған соғыс ардагерi 2011 жылы Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы бойынша энциклопедия шығарылған екен, соны ауылдың кiтапханасынан алып оқы­дым. Осы энциклопедияға Мұ­ғалжар ауылының бұрынғы ауыл кеңесiнiң тұңғыш төрағасы, Ұлы Отан соғысының ардагерi Ғұбайдолла Қалмағанбетов iлiкпей қалыпты.

Былтыр тестiлеуден тиiстi балл жинай алмаған балам амалсыз ақылы оқуға құжаттарын тапсырған-ды. Алайда жылына 250 мың теңге төлеп оқуға тиiс университет балама алғашқы күннен-ақ ұнамады. Босқа сандалмасын деп қинағандай етiп, сабағына жiберумен жүрдiк. Өкiнiшке қарай, бiр аптадан соң балам оқуға барудан түбегейлi түрде бас тартты. 

“Жас Алаш” газетiнiң iлкiдегi санында “Оқырман хаттары” айдарымен “Сыпайылықты қашан үйренемiз” деген мақалам жарық көрген едi. Ол мақалада мен Х.Есенжанов атындағы балалар мен жасөспiрiмдер кiтапхана­сындағы кейбiр кiтапханашы апайларға көңiлiм толмайтынын жан-жақты жазған едiм.

Құрбыларыммен бiрге автобус аялдамасында тұрып, өзара келiсiп алдық. Мақсатымыз – артқы орындықтардың бiрiне жайғасып алып, үйге жеткенше ұйқыны “сою”. Сол себептi қазiр автобусқа кiргенде мақауларша “сөйле­сiп”, аяқтарымызды ақсаңдай басуымыз керек.

Мiне, тағы бiр оқу жылы аяқ­талып, жалпы орта бiлiм алушылар өз өтiнiштерi негiзiнде ұлттық бiрыңғай тестiлеуден өттi. Бұл жолы да өткен жылғыдай бақылау қатаң болды, iшкi-сыртқы тәртiп сақталынды. Бiлiмдiнiң бағы жанды, бiлiм­сiздiң салы суға кеттi.

ҚР Жоғарғы Сотының төрағасы Бектас Бекназаровтың назарына!
Менiң ұлым Мақсат Жақсы­баев өткен жылы отау құрып, салт-дәстүрге сай барлық жөн-жоралғыларды жасап, дүркiретiп той жасағанбыз. Алайда ұлым мен келiнiмнiң мiнездерi жараспай, көп ұзамай-ақ дау туындады. Даудың соңы сотқа жетiп, биылғы жылдың басында келiнiм ұлымды
“Қарнымның ашқанына емес, қадiрiмнiң қашқанына жылаймын” дегендей, мәселе көтерiп жазбай-ақ та қоятын шаруа едi. Пайғамбар жасына жеткен шақта ешкiммен алауыз болғым да келмейдi. Бiрақ айтпасыма тағы болмады, “сөздiң атасы өлетiн” болған соң, мақала жазуға тура келдi. Таэквондо спортының елiмiзде, әсiресе, Алматы қаласында қандай қарқынмен дамып жатқанын 14 жылдан берi жақсы бiлемiн. Осы жылдар iшiнде спорттың осынау
ЖАСТАР ЖЕРГЕ ҚАРАТПАДЫ
Футболдан елiмiздiң 21 жасқа дейiнгi жастар құрамасы 2015 жылы   Чехияда өтетiн Еуропа чемпионатының iрiктеу ойынын бастады. Сергей Воровский баптайтын жiгiттер сырт алаңда Беларусь жастарын 1:0 есебiмен тiзер­леттi. Бiздiң құрамаға же­ңiс әкелген жалқы голды екiншi таймда команда капитаны Бауыржан Исламхан соқты.