1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №48 (15818) 20 маусым, бейсенбі 2013
ҚАЗАҚСТАН ДЕМОКРАТИЯСЫ НАШАРЛАҒАН ЕЛДЕРДIҢ АЛДЫҢҒЫ ҚАТАРЫНДА ТҰР
Freedom House халықаралық құқық қорғау ұйымы “Өтпелi кезең елдерi – 2013: Авторитарлы агрессия және қатаң экономика режимiнiң қысымы” (Nations in Transit 2013: Authoritarian Aggression and the Pressures of Austerity) атты есебiн жариялады. Еуропа және Орталық Азиядағы 29 елдi қамтыған есеп авторлары Қазақстанды демократиялық рейтингiсi нашарлаған 17 елдiң қатарына қосыпты.

 “Қазақмыстың” басқарма төрағасы Э.Огайдың кезiнде өзiмiз келiстiрiп жазған “қалта” кәсiподағы “КәсiпҚазақмыстан” (“Ардагерлердiң артына тығыл­ған...”, 14 тамыз 2012 ж.) “қыл­шық” шықты. Өздерi “салалық” деп санайтын осы кәсiподақтың Жезқазған аймағындағы ұйымының төрағасы, Сәтбаев қалалық мәслихатының депутаты Сұлтанбек Мырзақоңыров қыз­ға қол жұмсап

Қазақстандық қоғам белсендiлерi президентпен кездесудi талап етуде. Кездесудегi басты мақсаттары – зейнетақы реформасына қатысты өз пiкiрлерiн Н.Назарбаевпен бөлiсiп, жаңа заң жобасының халық үшiн, оның iшiнде әйелдерге тиiмсiз тұстарын айтып жеткiзу болмақ.

“ЖҮЙКЕГЕ САЛМАҚ ТҮСIРЕТIН МӘСЕЛЕЛЕР ШЕШIЛМЕЙIНШЕ, АДАМДАР ӨЗ-ӨЗIНЕ ҚОЛ ЖҰМСАЙ БЕРЕДI”
Қазақстандық психологтар соңғы уақытта өз-өзiне қол жұмсаған тұрғындардың күрт көбейгенiн, сондықтан шұғыл түрде төтенше жағдай жариялау қажеттiгiн айтып, дабыл қағуда.Жақында Алматыда екi жасөспiрiм 12 қабатты тұрғын үйден секiрiп, жазым болды.

Сонау бiр жылдары “Қазақстанның стратегиялық даму бағдарламасы” бойынша, президенттiң тiкелей нұсқауымен әр аймақта кәсiби бiлiм беру орталықтарын ашуға шешiм қабылданған. Орталықтың мiндетi – әр саланың мамандарының кәсiби бiлiмiн жетiлдiрiп, оларды қайта дайындап, сынақтан өткiзiп, тағы сол секiлдi жұмыстарды ұйымдастыру.

Облыс әкiмi Қанат Бозымбаевтың нәзiк жандыларға көзқарасы оң екенi Жамбыл жұртшылығына жақсы мәлiм. Содан болар, облыстың iшкi саясат, мұрағаттар мен құжаттама, бiлiм, мәдениет, денсаулық, тiлдердi дамыту бас­қармаларының тiзгiнi әйелдердiң қолында.

КӨЛДI АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ҮКIМЕТ БАСШЫСЫ С.АХМЕТОВТЕН ӘЛI ҮМIТ КҮТIП ЖҮР
Газетiмiздiң бұрнағы күнгi нөмiрлерiнiң бiрiнде (“Балықтың бiздер қалашын сорып өскенбiз...”, №35-36, 7 мамыр) Алматы облысының Еңбекшiқазақ ауданына қарасты Көлдi ауылының тұрғындарының хаты жарияланды.

Кеше ғана арасынан қыл өтпес достар болған Әблязов пен оның серiктерiнiң iргесi ажырады. Ағайынды Кетебаевтардың iзiнше “Республика” басылымының иесi Ирина Петрушева Әблязовпен жолы екiге айырылғанын мәлiм­дедi.

ОЛАРДЫҢ ОЙ-ТҮСIНIГI, ТӘЛIМ-ТӘРБИЕСI БАСҚА. ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР ОСЫНЫҢ САЛДАРЫНАН ҚАУIПТЕНЕДI
“Желтоқсан ақиқаты” қоғамдық бiрлестiгi құрылтай жиналысын өткiзiп, бiр ауыздан Жақсылық Тусайұлы Жексем­баевты ұйым төрағалығына сайлады. Ұйымның жаңа басшысымен аз-кем сұхбаттасудың сәтi түсiп, соны оқырман назарына ұсынудыжөн көрдiк.
ТУҒАН КҮНIНIҢ ҚҰРМЕТIНЕ – ГИТЛЕРДIҢ КIТАБЫ
Солтүстiк Кореяның басшысы Ким Чен Ын өзiнiң туған күнiнде қарамағындағы ше­неунiктерге ерекше сыйлық жасаған. Оның төңiрегiндегi құпия ақпарат көзiнiң мәлiм­деуiнше, Ким Чен Ын қонақтарға Гитлердiң “Майн Кампф” (“Менiң күресiм”) кiтабын үлестiрiптi. Солтүстiк Кореяда Гитлердiң бұл кiтабын оқуға тыйым салынған.
(Жаңа ұстаным хақында)
Қазiргi кезеңде, Қазақстанда, ақын да, жазушы да, ғалым да, саясаткер де жетiп артылады. Өкiнiшке қарай, солардың көпшiлiгiнiң сөзi бiр басқа да, iсi бiр басқа. Әр адамның сөзi мен iсiнiң сәйкес келмеуi, бiр бағытта болмауы, ол пенденiң екi жүздi екенiн аңғартады. Мысалы, Қазақстан Жазушылар Одағының 777 мүшесi бар.
ҚАЖЫЛЫҚҚА БАРУШЫЛАРДЫҢ САНЫ 20 ПАЙЫЗҒА ҚЫСҚАРАДЫ
“Биыл қажылық сапарына баратындардың саны 20 пайызға қысқарады” деп хабарлады Қазақстандағы қажылық сапарын ұйымдастырушы компаниялардың бiрiнiң директоры Айдос Дүйсенов. – Меккедегi “Әл-Харам” мешiтiндегi жөндеу жұмыстарына байланысты дүние­жүзi бойынша қажыға келетiндер қысқартылып жатыр.
Әңгіме
Алматының көшесiнде Әлима аңырап келедi. Ендi үйiне қалай жетедi? Кiмге қолын жаяды? Өзiне де обал жоқ. Ай сайын алатын жиырма жетi мың теңге зейнетақысын жұлмалап-жұлмалап тауысты. Қарыз беретiн туысын iздеп шығып едi. Қырсыққанда оны да таба алмады. Құдайым-ай, ендi не iстейдi? Үйiне қалай же­тедi?
Қазақстанда Шындық қайтыс болды. Қашан? Кеше атып кеттi... Жаназаға Жағымпаздар министрi, Намыссыздар министрi, Өтiрiк министрi, Мафия министрi, таққұмарлар мен баққұмарлар, әртiс-депутаттар, кландар мен жыландар келдi. Халық көп жиналды.– Шындықсыз қалай ел боламыз

Келiнiм Жанат Кәдiрбекова 2009 жылы Ақтөбедегi А.Жұбанов атындағы музыка колледжiн бiтiрген соң, облыс орталығында жұмысқа қалғысы келдi. Мен қоярда-қоймай балам мен келiнiмдi өзiм тұратын Қобда ауданына шақырттым. Жас отбасыға қалада күнкөрiс қиындау, оларға елге келiп қор жинап

Қазiргi жастардың бойында отаншылдық сезiм азайып бара жатқандай. Тiптi жұмсасаң, әр нәрсенi желеу етiп, бар­­ғысы келмейдi, яғни үл­кеннiң тiлiн алмайды. Бұрын бiз бiреу жұмсаса, жүгiрiп кетер едiк және бiреуге көмек­тескiмiз, жақсылық жасағымыз келiп тұратын...

Қазiр мектеп пен балабақшада ұлттық тұрғыдағы тәрбие сағаттары, бiлiм беру сапасы төменгi деңгейде деген iспеттес пiкiрлердi жиi естимiз. Алайда баламның ұлттық тұрғыда тәрбиеленуiне Алматыдағы №30 балабақшаның тәрбиешiлерi сiңiрiп жатқан еңбектерiн ерекше айтуды жөн көрдiм.

Парламенттiң төменгi палатасында өткен үкiмет сағатында кiмдi қалай атау керектiгi жөнiнде өтiнiш айтылды. Дiн iстерi жөнiндегi агенттiктiң төрағасы Қайрат Лама Шәрiпке мәжiлiсшi Шалатай Мырзахметов: “Сiзге аз ғана өтiнiшiм бар, алдағы уақытта бiздiң алдымызда ресми мәлiмдеме жасай қалсаңыз, “депутат мырзалар” емес, “құрметтi депутат мырзалар”

Таяу жылдары халқының саны миллионға жетедi деген Шымкент қаласында әлi де болса шешiлмеген әлеуметтiк мәселелер жетерлiк. Мәселен, қаланың батыс жағында орналасқан “Сәуле”, “Қазығұрт” шағын аудандарында бүгiнде 70-80 мың халық тұрады.

“Отыз тiстiң қадiрiн қақсағанда бiлерсiң, аяқ-қолдың қадiрiн ақсағанда бiлерсiң” демекшi, осыдан үш жыл бұрын тағдырдың сынағы басыма түсiп, ақ халатты абзал жандардың алдынан бiр-ақ шықтым. Құрылыс алаңында жұмыс жасап жүрге­нiмде зат көтерiп жатқан көтергiш кранның тросы үзiлiп кетiп, аяғым тобықтан сынды.

Қанат Ислам кәсiпқой боксқа ауысып, әуесқойлар арасында жүрiп бөктере алмаған жетiстiктi кәсiпқой бокстан өңгермек. Миллиардтаған Қытай мемлекетiнiң туы астында бiрнеше жыл бәйгеге түскен саңлақ 2008 жылы Бейжiң олимпиадасында қола жүлде олжалаған соң, елге оралған. Бiрақ өзiмiзге келгенде тарыла қалатын азаматтық мәселесi қолбайлау болып
Ол мектепте жүргенде өзге оқушылар былай тұрсын, қатар-құрбыларына тыныштық бермей, оқудан бiр емес, 10 мәрте қуылған. Бұлшық етiн бiлеудей өсiру үшiн қолдануға тыйым салынған 48 препаратты пайдаланып, 18 мың АҚШ доллары кө­лемiнде айыппұл төлеген.
ҚАЗАННАН ФУТБОЛШЫ АЛДЫ
Қазандық “Рубин” футбол клубының шабуылшысы Сергей Давыдов ендi “Ақтөбенiң” сапына қосылды. Клубтың бас директоры Шә­рiп Бихамбетовтiң айтуынша, ресейлiк клуб басшылығымен келiссөз оңтайлы шешiлiп, футболшыны жалға алғаны үшiн қомақты қаражат төленiптi. Бас директор төленген ақшаның сомасын айтқан жоқ.