1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №49 (15819) 25 маусым, сейсенбі 2013
НАРЫҚҚА ҚАРСЫ БАСТАМА КӨТЕРГЕНШЕ, ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН РЕТТЕСЕҢ ҚАЙТЕР ЕДI
Бiздiң шенеу­нiктердiң тапқырлығында шек жоқ. Алайда олардың бұл қабiлетi мемлекетiк қызметтегi тiкелей мiндетiн орындауда емес, басқа жерде жарқ етiп көрiнетiнiн қайтерсiң. Әсiресе, жауапкершi­лiктен қашып құтылып, шенiне шаң жұқтырмас үшiн әлгiлер табан астында тапқырлығымен таң­ғалдырып, пысықтығын паш еткiзедi. Мұның нақты мысалдары өмiрде өте көп, бұл туралы БАҚ үнемi жазып та жүр. Мәселен, шендi шенеунiк адам қағып өлтiредi, я болмаса парамен ұсталады, яки сыраханада әлдебiреумен қақтығысып, төбелесiп қалады. Ақпарат құралдары мұн­дай оқиғаны сол мезетте берiп жiбередi. Халық та тұшына оқиды.
ОНЫ ЖАҚЫННАН ЕСТУГЕ ПРЕЗИДЕНТТIҢ ЖҮРЕГI ДАУАЛАМАЙ ЖҮР
Өткен аптаның сәрсенбiсi (19 маусым) жезқазған-сәтбаевтықтарға сәтсiз болды. “Жезқазғантүстiмет” өндiрiстiк бiрлестiгiнiң басшылығы биыл бiрiншi шiлдеден бас­тап №3 Сәтбаев байыту фабрикасы мен Батыс Жезқазған кенiшiнiң “Ақши-Спасск” шахтасын тоқтатуға шешiм қабылдады. Айтуларына қарағанда, алғашқысына күрделi жөндеу жұмыстары жүргiзiледi, кейiнгiсi тиiмсiз екен.
1,5 МЫҢ ТОМ IСТI ҚАРАУ МЕН 600-ГЕ ЖУЫҚ КУӘГЕРДI СӨЙЛЕТУ БИЫЛ БIТПЕУI МҮМКIН
Өткен бейсенбiде Алматыдағы СИ-18 тергеу изоляторында жұрт аузында “Қорғас iсi” деген атпен жүрген атышулы қылмыстық iске қатысты сот процесi басталды. Темiр торда отырғандардың бас-аяғы 45 адам. Оның үшеуi – ҰҚК-нiң бұрынғы шендiлерi, 15-i – кеден саласында қызмет еткендер.
ОҢТҮСТIКТЕ АТҚАРУШЫ БИЛIК ПЕН БИЛIК ПАРТИЯСЫНЫҢ АРАСЫНДАҒЫ АЛАУЫЗДЫҚ УШЫҒЫП БАРАДЫ
«Құрметтi облыс әкiмi, құқық қорғау органдарының өкiл­дерi. Менiң отбасымды көздерiңдi құртып жi­беремiз деп қорқытып жатыр. Сiз­дерден көмек сұраймын. Бұл жағдай менiң депутаттық қыз­метiме байланысты туындап отыр. Егер көмек болмаса, онда депутаттық өкiлет­тi­гiм­нен бас тар­тып, саяси, қоғамдық жұмыстармен айналыспайтын боламын”.
“МЕРКЕЛЬ ТҮРКИЯНЫ ЕМЕС, ӨЗ ЕЛIН СӨЗ ЕТСIН”
Түркиядағы толқу әлi де толастамай тұр. Түркия билi­гiнiң көтерiлiстi қатаң түрде басып-жаншығанын сынаған Германия канцлерi Ангела Меркельдiң мәлiм­демесi дипломатиялық дау-жанжалға жол ашты. Мер­кельдiң әлгi сөзiнен кейiн Түркияның Еуроодақ iстерi жөнiндегi министрi оған былай деп жауап бердi:
Шенеунiктер сынға түсiп, “А” корпусында жұмыс iстеуге лайықты ма, лайықсыз ба, таразыланды. “А” корпусына кiретiн лауазым иелерi – қала және аудан әкiмдерi, облыс әкiмдерiнiң орынбасарлары, комитет төрағалары сынды орындарда қызмет iстеп жүрген мемлекеттiк қызметкерлер дәл мектеп түлектерi секiлдi тест тапсырып
“Халыққа баспана қалдырайық” қоғамдық бiрлестi­гiнiң мүшелерi президент Н.Назар­баев­тан көмек сұрап, хат жолдады. Бұл туралы аталмыш қоғамдық бiрлестiктiң мүшесi Бақыт Сүлейменова мәлiмдедi. Бақыт Сүлейменованың айтуынша, бұл хатты президент әкiмшiлiгiнiң кеңсесiне тапсыру үшiн Астанаға 312 борышкер ат басын тiреген. Олардың бәрi президент мұңын тыңдап, қолұшын созатынынан үмiттi.
Талантты прозашы, белгiлi драматург Рахымжан Отарбайдың “Бейбарыс сұлтан” атты тарихи драмасының тұсаукесерi өттi. Қазақтың М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында. Қойылымның режиссерi – Ю.Ханинга-Бекназар. Қазақ қоғамына қазiргi күнi жетпей жүргенi не? Әрине, отаншылдық. Отаншыл патриотизм.
Әңгiме
Бәтима бiрде қала сыртындағы жаңадан ашылып, атағы жер жарып дүмпiлдеп жатқан базарға барды. Жай барған жоқ, сонда курстас құрбысы Зарипа дөкей бастық екен деп естiген соң барды. Бiраздан берi өзi сылақшы боп iстейтiн құрылыс мекемесi жұмысын тоқтатып, үйде бос отырып қалған едi. “Екi қолға бiр жұмыс, Зарипа бастық болса, жағдай айтайын
Жәңгiр ханның мүсiнiн Орал қаласына орнатуға болмайтынын нықтап айтқан тарихшы-ғалым, профессор Исатай Кенжалиев едi. Орал қаласында өткен үлкен жиында ол былай деген-дi: – Айналайындар-ау, тарихқа қарасаңдаршы ең әуелi: Жәңгiр кiм, Махамбет кiм?

Күнделiктi баспасөзде бақсы-балгерлер, емшi-домшылар жайлы жазылып жүргенiмен, диуаналар жөнiнде көп айтыла бермейдi. Диуана деген кiм? Бұрынырақта өткен диуаналар жайлы бүгiнге жеткен әңгiмелерге құлақ түрсек, бұлар пенделiк дүниеауи тiрлiктен ада, жан дүниесi сәбидей таза, хақтың жолымен ғана жүретiн ерекше жаратылған жан иелерi секiлдi.

Тарихи фильм – тарихыңның айнасы. Сондықтан оған көп көрерменнiң бiрi ретiнде емес, түп-тамырына құныға көз жүгiрткен дәруiштей үңiлетiнiң рас. Сiрә, тарихи киноларға қатысты қайшы пiкiрлердiң көп болатыны да осыдан шығар. Сiздi қайдам, ал бiзге сол қырағы жанарларға iлiкпеген, кино сыншыларының да назарынан тыс қалған бiр мәселе бар

Перiмен көңiл қосып, бiрге өмiр сүрудi көз алдыңызға елестетiп көрiңiзшi... Елестете алмайсыз, солай ғой? Түр-түсi белгiсiз, тiршiлiгi тiптi жұмбақ. Содан болар, Пауадин емшi жөнiндегi әңгiмелерге илана қою өте қиын. Пауадин Сыдықұлы ХIХ ғасырдың соңында Қазалы ауданындағы Түктiбаев ауылына жақын Көнеқостан деген жерде дүниеге келiптi. 1989 жылдары дүниеден өткен.
Әйелдер ағзасында жете зерттелмеген ерекшелiктiң бiрi – климакс. Бұл құбылыс – эволюциядағы ашылмаған құпия.
Табиғаттағы тiрi ағзаның басты функциясы – ұрпақ қалдыру. Осы мiндетiн атқарып бiткен соң тiршiлiк иесi өледi. Тек адамдар мен дельфиндер ғана менопаузадан соң өмiр сүруiн жалғастырады.
“АДАМ БАСЫП ШЫҒАРУҒА” КӨШТI
Осы ғасырдың басында пайда болған 3D-принтерлер жаңа өнеркәсiптiк революцияға жол ашты. Бұл принтерлердiң көмегiмен көлемдi заттардың көшiр­месiн жасап шығаруға болады. Түймеден бастап үй мен көлiк, тiптi қару-жарақтың көшiрмелерi жасалына бастады. Бiрақ жапондықтар ендi “адам басып шығаруды” ойлап тапты.

Ауыр атлетикадан Астанада өтiп жатқан Азия чемпионаты ертең аяқталады. Әзiрге ел қоржынына алтын жүлде түсе қойған жоқ. Алтын медальдан дәметiп жүрiп, жарыстың алғашқы күнi еншiмiзге жалғыз күмiс жүлде түссе, екiншi күнi құрама қоржыны бос қалды. Тiптi Азия чемпионы деген атақ былай тұрсын, күмiс, қола жүлдеге үкiлеп қосқан атлеттер қол жеткiзе алмады.

АЛТАУЫ АТҚА ҚОНАДЫ
6 шiлдеде Ресейдiң Қазан қаласында 27-жазғы Универсиада басталады. 17 шiлдеге дейiн созылатын додаға елiмiздiң де спортшылары қатысып, бәйгеге таласады. Таңат Сағындықов баптайтын грек-рим күресiнiң балуандарынан Қазанға кiмдер­дiң жолы түсетiнi белгiлi болды.
Өткен аптада футболдан ел чемпионатының 16-тур ойындары өттi. Әзiрге топ басындағы “Ақтөбе” клубына ешкiмнiң тiсi батар емес. Көш басындағы екi клуб арасындағы қырқыс Ақтөбе қаласындағы Қобыланды батыр атындағы стадионда өрбiдi. “Ақтөбе” футболшылары жан­күйер­лерiнiң жебеуiнен жiгер алып, ұлттық құраманың бас бапкерi Мирослав Беранек баптайтын “Астана” клубының ас­таң-кесеңiн шығарды.
“ҚазМұнайГаз” Барлау Өн­дiру” АҚ жұмысшылардың еңбек жағдайын жақсартуға, мұнай өн­дiрудi арттыруға, өндiрiстiк және экологиялық қауiпсiздiктi нығайтуға бағыт­тал­ған шараларды iске асыруда.  
Қазақстанның мұнай-газ кешенi жедел қарқынмен дами отырып, бүкiл елдiң әлеуметтiк-экономикалық өркендеуiнiң мығым iргетасына айналды.