1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №50 (15820) 27 маусым, бейсенбі 2013
Соңғы аптада Ау­ғанстанды екi оқиға дүрлiктiрдi. Алғашқысы – НАТО контингентi елдегi бақылауды Ау­ғанстанның қарулы күштерiне тапсырды. Екiншiсi – тәлiптер президент сарайына шабуыл жасады. Осы екi оқиғаның арасы – небәрi бiр-ақ апта. Шетелдiк коалиция жауапкершiлiктi ауған әскерiне тастағаны сол едi, тәлiптер қоқан-лоққы көрсете бастады. Ауған астанасын тiк тұрғызған теракт сейсенбi күнi таңғы алты жарымда басталды.
НАРАЗЫЛЫҚ ШАРАСЫН ӨТКIЗГЕН КЕЙУАНАНЫҢ ҰЛЫНА ҚАТЫСТЫ СОТ ҮКIМI ӨЗГЕРIССIЗ ҚАЛДЫ
Сейсенбi күнi Жоғарғы соттың қылмыстық iстер жөнiндегi сот-қадағалау алқасының төрағасы Ақылтай Қасымов Астанада биiк мұнараға шығып, бiрнеше рет наразылық шарасын өткiзген Бағжан Аязбекованың ұлына қатысты сот үкiмiн өзгерiссiз қалдырды. Естерiңiзге сала кетейiк
АРДАГЕР ПОЛИЦЕЙ БАС КӨТЕРДI
Өткен дүйсенбiде Атырау қаласындағы облыстық сот ғимараты алдында сот шешiмiне наразы әке пикетке шықты. “Терроршы” деген күдiкпен қамауға алынғандар өздерiне қол салды. 24 маусым күнi “қыз зорлады” деп сотталған полицейдiң әкесi Тарих Молдашев судьяларды заң туралы айтыс­қа шақырып, сот ғимараты алдына келдi.
ПЕРУАШЕВ БӘЙМЕНОВ КАДРЛАРЫН ЫСЫРЫП ТАСТАДЫ. НЕГЕ?
Азат Перуашев Ақтөбеге үн-түнсiз келiп, шұғыл түрде конференция өткiзiп, “Ақжолдың” облыс­тағы жетекшiсi   Iзiмғали Көбе­новтi орнынан тайдырды. Қаладағы биз­нес орталықтардың бiрiнiң мә­жiлiс залында бiздiң көзiмiз үйренген белсендiлер емес, су жаңа бiр-бiрiне ұқсас қыз-жiгiттер отырды. Журналистердi жинаған жоқ.

Әрине, өмiр болған соң әркiмнiң басында шешiмiн таппай жүрген әр қилы мәселесi бар. Бiрақ бүгiнгi қоғамның ең басты бас ауруы — баспаналы болу екенiн журналистiк зерттеу жүргiзу барысында анық аңғардық. Редакцияның тапсырмасымен әлеуметтiк ахуалы әралуан адамдармен арнайы тiлдесiп, тiршiлiк көшiне қалай iлесiп келе жатқандарын, кiмдi қандай мәселе мазалайтынын сұраған едiк.

Атырау облысындағы “Ем­бiмұ­найгаз” АҚ қарасты “Ембi­энергомұнай” бөлiмшесiнiң жүздеген жұмысшылары басқарма бастығының орынынан кетуiн талап етiп жатыр. Олардың айтуынша заңды еңбек демалысына шығудың өзi шантажға айналып отыр. Тексеру жасаған еңбек департаментi екi түрлi уәж айтты.

“Халықтың дауыс берiп, сенiм артуымен деген атпен депутаттық мандат алып, шенеунiктiң шекпенiн кигендердiң өздерi былай тұрсын, бала­-ша­ғасы да халықты алдайтын қоғамға тап болдық”. Бұл Алматы қаласы, Қарасай ауданына қарасты “ҚазМИС” жеке шаруа қожалығы тұрғындарының бiзге айтқан шағымы. Мәжiлiсшi Ғарифолла Есiмнiң ұлы Баянға алданып қалғандарын жеткiзген халықтың ренiшiнде шек жоқ.

Биылғы ҰБТ-дан кейiн Қызылорда облысындағы бiрнеше мектеп директоры тағынан таятын түрi бар. Бүгiнде 27 директордың жауапкершiлiгi қаралу үстiнде. Облыс әкiмi Қырымбек Көшербаев аймақ басшылығына келгелi берi бiлiм беру саласына қатты ден қойып отыр.

Студент кезiмiзде “Журфак-филфак бiр туған, ал исфакты кiм туған?” деген сөз үш факультет жiгiттерi жиналып қалған сәтте ара-тұра айтылып қалатын едi. Ал Жамбыл, Шымкент, Қызыл­орда жiгiттерi бас қоса қалған жағдайда әлгi сөз “Жамбыл-Шымкент бiр туған, Қызылорданы кiм туған?” болып өзгерiп шығатын.

Құрман - Әлмерек әулиенiң бiр ұлы. ХVII-XVIII ғасырларда өмiр сүрген, өз заманының айтулы тұлғасы, ел басына күн туғанда ақылдылығымен де, батырлығымен де халық назарына ерте iлiккен, атқарған iстерiмен аты тарихта қалған адам. Оның мәйiтi жатқан жер – әуелгi Үйсiнтөбе, кейiнгi Құрман­төбе қазiргi   “Шаңырақ-2” ықшамауданының аумағында. Тарихи төбеге өткен ғасырдың 1970 жылы археологиялық қазба жұмысы

ҚР Мемлекеттiк хатшысы Марат Тәжиннiң ұлттық тарихты зерттеу жайындағы баяндамасы баршамызды серпiлттi. Күмән жоқ, шынайы ұлттық тарих жазылу керек. Сол шынайы ұлттық тарих негiзiнде заман талабына сай ұлттық сана, ұлт­тың жаңа тарихи дүние­танымы қалыптастырылуға тиiс. 

Кейiнгi кезде Павлодар қаласының атауын “Керекуге” өзгерту жөнiндегi пiкiрлер тағы да жиi айтыла бастады. “Жас Алаш” (12.02.2013жыл) газетiнде Ө.Керiмбеков “Кереку” деп атаудың уақыты келдi дептi. Осы пiкiрдi қолдап жүрген авторлар тарихқа үңiлiп, қазақтың жер-суға, елдiмекенге атау беруiнiң заңдылығын ескере бермейдi.
Мен – ақкөңiл әкiммiн. Халықтан ештеңемдi жасырмаймын.2012 жылы айлық жалақыларымнан тентек тиын да жаратпадым. Халқым үшiн, елiм үшiн тегiн жұмыс iстедiм. Айлық жалақыларымды Швей­цария­­дағы әйелiмнiң шешесiнiң атындағы есепшотқа төңкерiп отырдым. Ал, ене деген кiм?
– Басеке,ау, басеке,
Жебiрлердiң арасында
Қыза түсiптi бәсеке.
Анау Асағанов шаруасын
Жақында белгiлi ғалым, публицист Досан Баймолданың “Қазақ көшi” атты тарихи-публицистикалық кiтабы жарық көрдi.
“Қазақ көшi” кiтабының арқауы болған Моңғолия қазақтары осыдан 150 жылдай уақыт бұрын қазiргi Қытай елiне қарасты Шыңжаң өлкесiнiң Алтай аймағын мекен еткен. Олар сол жылдарғы сая­си жағдайға байланысты Өр Алтайдан Алтайдың күнгей бетi, яғни Қобда бетiне көшiп
Астана әкiмi Иманғали Тасмағамбетовтың назарына
Мен бес балалы анамын. Бәрiн тәрбиелеп, өсiрiп жеткiздiм. Бұлармен қоса қайныларым мен қайын­сiңлiлерiмдi, жиендерiмдi де жеткiздiм. Менi толғантатын жайт – балаларым мен немерелерiмнiң жағдайы.

Хазрет Сұлтан Мешiтi мен БАҚ.КЗ сайты тұтасымен сайттарының төтеше нұсқасын жасап шықты. Бұл өте сауапты және өте қайырлы iс едi. Төте жазуды қолданатын үш миллион шеттегi қазақ үшiн, қазақ баласының бiр дiн, бiр мазхаб, бiр дiлде болуы үшiн осыдан артық салиқалы амал, осыдан артық сауапты iс табылар ма екен, сiрә?  

Мен ата-бабаларым қасiрет шеккен 1930-жылдардың орта кезiнде дүниеге келiппiн. Мiне, содан берi талай жыл өттi. Өткен өмiрiме көз жүгiртемiн. Көңiлге түйгенiм де көп. “Қызға қырық үйден тию” деген мақалдың соңғысы бiз шығармыз” деген ойдамын. Бiздiң заманымызда қыз бейсауат жүрмейтiн.

МЕКТЕП БАСШЫСЫН ЖАЗҒЫРУ КIМГЕ КЕРЕК?
Қазiргi бiздiң қоғамда жемқорлық жайламаған сала жоқ. Бұл бесiктегi балаға да аян шындық. Билiктiң ұшар басынан бастап, ауыл-аймақтағы әкiм, мектеп директоры мен пошта қызметкерiне дейiн “ұсталып” жатқаны туралы ақпараттар легi толастар емес. Алайда қаржы полициясындағылар айналысатын сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстардың барлығында, шынында да, нағыз жемқорлар ұсталып жатыр ма?
...Мен қарапайым отбасында тәрбиелендiм. Өзiмiз осыдан бiрнеше жыл бұрын Өзбекстаннан көшiп келгенбiз, яғни тұрғылықты адамдардың жаргонымен айтсақ, “оралманбыз”. Сабақты жақсы оқыдым. Мұғалiмдер тұрмысы жақсы адамдардың балаларына көпшiк қоятын, алға сүйреп әлек болатын. Ал менi ешкiм бағаламады. Осыдан бiрнеше жыл бұрын ҰБТ-дан 89 балл алдым (“Су iшкен құдығыма түкiргiм” келмейдi. Сондықтан да қай мектептi бiтiргенiм туралы жазбай отырмын

Aқын Таңжарық Жолдыұлы 1903-жылы ҚХР Iле аймағының Күнес ауданында туған. Тар жол, тайғақ кешуде өткен аз өмiрiнде iлгерiндi-кейiндi үш рет түрмеге түседi. Бiлiм алуға құштар Таңжарық 1920 жылы күзде ашылған Мыңқа Шуетаң моңғол-қазақ мектебiнде бiрнеше жыл оқиды. Содан бiлiм iздеп Кеңес Одағына барады.

Ауыр атлетикадан ересектер арасында Астанада өткен Азия чемпионаты да тарих жылнамасына жазылып қалды. Аптаға созылған құр­лық бәйгесiнде уысымызға түспей тұрған алтын ме­даль­дi ауыр салмақтағы атлеттерiмiз алып бердi.Ұлттық құраманың тiзгiнiн жиырма жылдан аса ұстап келе жатқан Алексей Нидiң айтқаны келдi әйтеуiр. Ол чемпионат басталар алдында “үш алтын медаль аламыз” деп сәуегейлiк танытқан.
ЕКI ДҮРКIН ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ
Немiстiң әйгiлi велошабандозы Ян Ульрихтiң 2000 жылы Сидней олимпидасында жеңiп алған алтын жүлдесi басына бәле боп жабысты.Әзiрге Янның допинг пайдаланғаны нақтыланған жоқ. Бiрақ лап ете қалған дау әлемге тарап үлгердi. Германия ұлттық олимпиадалық комитетiнiң басшысы Томас Бах ақпараттың анық-қанығы алдағы уақытта белгiлi болатынын айтты.
Әбдiғалым Есназаров, «Қазком-Полис» өткiзген “Формула-1-ге” бару ойыны” акциясының жеңiмпазы:
“Қазком-Полис” сақтандыру компаниясының “Формула-1-ге” бару ойыны” акциясының кезектi жеңiмпазы болып көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру клиенттерi арасынан Шымкент қаласының тұрғыны Әбдiғалым Есназаров танылды. Ендi ол Испанияның Барселона қаласына саяхаттап бару мүм­кiндiгiне ие болды. Жеңiмпаздың жұбайымен бiрге бару сапары 2013 жылдың мамыр айында өттi.