1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №51 (15821) 2 шілде, сейсенбі 2013
Маусым айының соңғы күндерi Алматыда үлкен көлiк апаты болып, бiр адам қаза тапты. 27 маусымдағы бұл оқиғаның себеп-салдары күнi бүгiнге дейiн тексерiлуде. “Гелиос” компаниясының жанармай таситын көлiгiнiң 27 жастағы жүргiзушiсi Александр Горюнов сол күнi Алматыдағы Сәтбаев пен Сейфуллин көшелерiнiң қиылысындағы жанармай құю бекетiне 18 кубометр бензиндi жеткiзуге тиiс болатын. 
ӘДIЛҚАЗЫНЫҢ ЕКI СӨЙЛЕГЕНI...
2011 жылы бұл турнир тұңғыш рет елiмiзде ұйымдастырылып, 14 облыс пен Астана, Алматы қаласынан ұзын-ырғасы 64 балуан қатысты. Қазақ күресiнен соңғы жүз жылда мұндай ауқымды жүлде тiгiлiп, дақпырты шартарапқа тараған турнир өткен емес деп қуандық. Екiншi жылы дәстүрлi жарысты керегесiн кеңейттiк. Ендi үшiншi мәрте өт­кiзгенде осындай күйге түсемiз деп ойладық па? Жыл бойы жүргiзiлген өлшеусiз
Мұхтар Жәкiшев – 50 жаста
Мемлекетке пайдасы бар, елге қажет азаматтарымыздың бiразы шетелде жүрсе, ендi бiр тобы түрмеде отыр. Олардың көбiсi – саяси жүйенiң құрбандары. Бұлай деуiмiзге себеп те жеткiлiктi. Қазiргi саяси билiктiң режимiне қарсылық танытқан кез келген азаматтың қуғынға ұшырап, түрмеге жабылуы қалыпты үрдiске айналды.
(қаз-қалпында)
Үстiне қытайдың жаман күрткесiн киген, жағасы мен жеңдерi қасаң кiрден көрiнбейтiн тарам-тарам жирен сақалды бозбала маған: “Сiз жазушысыз ба? Намаз тұрмақ, таңғы дәреттi де алмайтын, нағыз қиял қуалаған адасушы пенде екенсiз ғой онда. Кiтапта ақын-жазушыларды тозақы деген. Өйткенi сiздер әр нәрсенi ойдан құрап жазасыздар.

Бейресми деректерге қарағанда, Қытай Қашаған кен орнын игеру жобасындағы ConocoPhillips американдық компанияның үлесiн өз бағасынан үш есе қымбатқа, яғни 15 миллиард долларға сатып алуды ұсынуда. Аспан асты елiнiң қазақтың мұнайына бұлайша көз тiгiп, кенеше жабысуының себебi неде? Бұдан қазаққа қандай қауiп бар?

Парламент сенатының төрағасы Қ.Мәмидiң сөзiне қарағанда, ол ЕҚЫҰ кеңiстiгiндегi қауiпсiздiктi сөз етуге итермелесе керек.
Еуропадағы қауiп­сiздiк пен ынтымақтастық жөнiндегi ұйымның парламент ассамблеясының Стамбулдағы 22-шi сессиясында сөйлеген сөзiнде ол одан әрi былай дедi: “Саяси ерiк-жiгер мен сенiмдi нығайту бiздiң ортақ әрi бiр­лескен миссиямыз!”
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКIМI А.ЕСIМОВ ӨЗIНIҢ ОСЫНДАЙ ШЕШIМIН ЖАРИЯ ҚЫЛДЫ
Шығыс айналма жолы Құлжа күре жолынан басталып, Көктөбенi көктей өтiп, әл-Фараби даңғылымен барып, Сайын көше­сiнен бiрақ шығады. Жандосов көшесiмен немесе Райымбек даңғылымен Қаскелеңге қайқайсаңыз да, Бiшкек, Ташкент ассаңыз да еркiңiз. Бiрақ ол жаққа шығатындар, әсiре­се, сырттан келген жүк көлiктерi некен-саяқ.

Меншiктi тiлшiлердi сүтке тиген мысықтай көретiн бұрын. Республикалық тәуелсiз БАҚ өкiлi болған соң, мiндет-мұратың бөлек шындыққа мейлiнше жақын жүресiң. Ал, ақиқатты айтсаң сенен жаман адам жоқ. Журналистiк жолдағы тәжiрибемiз алты жылға кетiп барады. Осы биыл шығар билiктiң “басымыздан сипағаны”.

АЛИК АЙДАРБАЕВ АШЫҚ ӘҢГIМЕ ӨТКIЗДI
Өткен аптада Маңғыстау облысының әкiмi Алик АЙДАРБАЕВ республикалық және аймақтық БАҚ өкiлдерi, саяси партиялар мен үкiметтiк емес ұйымдар өкiлдерi алдында ашық әңгiмеге шықты. Баспасөз мәслихаты тiкелей эфирде әрi онлайн режимiнде өттi.
Мағжан Жұмабаев-120
Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемiн. Менiң бала күнiмнен iшкен асым, алған нәрiмнiң барлығы да Абайда... Бұдан соң Мағжанды сүйемiн. Европалығын, жарқыраған, әшекейiн сүйемiн. Қазақ ақындарының қара қордалы ауылында туып, европадағы мәдениет пен сұлулық сарайына барып, жайлауы жарасқан арқа қызын көрiп сезгендей боламын.

“Қазақ-қырғыз екi көз болса, ал Алатау – ортадағы мұрыны”. Бауырлас екi елдiң туысқандық жағынан өте жақын екенiн терең жеткiзе бiлген осы өлең жолдарының авторы, қазақтың дарынды ақыны Мұхтар Шаханов ағамызбен бiрге Қырғыз жерiне бару бақыты бұйырған едi бiзге.

ДЖЕННИФЕР ЛОПЕС НЕ ҮШIН КIНӘЛI БОП ҚАЛДЫ?
Америкалық поп-әншi Дженнифер Лопес Түркiменстан президентi Гурбангулы Бердiмұхамедовтiң туған күнiнде (29 маусым, 2013 жыл) ән салған едi. Г.Бердiмұхамедовтiң туған күнiнде ән салғаны үшiн Д.Лопестi Human Rights Foundation құқық қорғау ұйымы қатаң сынға алды.
ӘЛЕМ ЕЛДЕРI ТӘРБИЕСIНДЕГI ЕРЕКШЕЛIКТЕР
Этнопедиатрия – бала тәрбиесiндегi әр елдiң өзiндiк ерекшелiктерiн оқытатын ғылым. Дүние есiгiн ашқан сәттен-ақ қашан және қанша уақыт ұйықтау, тамақтану керектiгiн “бiлетiн” сәбилердiң ата-анасымен “сөйлесуi” де шартты рефлекс арқылы жүзеге асады. Әйтсе де, өз қалауы жөнiнде белгi беру тәсiлдерi әр ұлттың баласында түрлiше болады.
Өз басымнан өткен жағдайды баяндай отырып, баласыздықтан уайым кешкендерге аз да болса септiгiм тисiн деген мақсатта осы хатты жолдап отырмын. Бой жеткен шағымда науқастанып, ауруханаға түскенiм бар. Сол шақта гинеколог дәрiгерлер “суықтағансың” деп бiраз ем-дом жасады. Алайда мендегi негiзгi дерттi ашып айтпады.
“Бiреудiкi бiреуге ай көрiнедi” дегендi еркектердiң 90 пайызы iштей кемiнде жүз рет қайталайды. Кә­дуiл­гi қораздар секiлдi 90 пайыз еркек көп әйелi болғанын қалайды. Алайда бұл тек көңiлдегi “арман” ғана. 90 пайыз ерлер әйелiне серiк болып, көше қыдырғысы келмейдi. Ал әйелiмен көше қыдырып жүрген еркектердiң 90 пайызын әйелдерi ертiп алғандар.
НЕМIС ЖЕРIНДЕГI ЖЕҢIС
Германияда еркiн күрестен гран-при турнирi өттi. Осы сында ел намысын қорғаған балуандарымыз мол табыспен оралды. Әсiресе, 66 келiде күресiп, Лондон олимпиадасының қола жүлдесiн иеленген Ақжүрек Таңатаровтың 74 келiге ауысқаннан кейiнгi жетiстiгi мақтануға тұрарлық. Таңатаров Дортмунд қаласында өткен турнирдiң финалдық сынында немiс балуанын жықса, осы салмақтың қола жүлдесiн жерлестерiмiз Нұрлан Бекжанов пен Жiгер Зәкiров иелендi.
ҚАЗАҚҚА ЖАТ СОТ ПРОЦЕСI ӨТУДЕ
Ақтөбеде абысындар арасында дау өршiп, оның арты сотқа шағымдануға апарып соққан. Екi ағайынды азаматтың келiншектерi үйге таласып, соттасуда. Атадан бiрiне мал, ал екiншiсiне үй қалса керек. Кейiн екеуi өзара келiсiп, бiрi малды, екiншiсi үйдi өзара айырбастайды.