1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №52 (15822) 4 шілде, бейсенбі 2013

Сейсенбiде таңғы сағат 8-ден 38 минут өткенде Бай­қоңырдан Ресейдiң үш навигациялық “Глонасс-М” жер серiгiн алып ұшқан “Протон-М” зымыраны апатқа ұшырады. Зымырантасығыш жерден көтерiле бере он секундтан кейiн бағытын өзгертiп, ғарыш айлағы аумағына қайта құлап түстi. Апаттан ешкiм зардап шекпегенiн хабарлады құзырлы орындар.

ҚР президентi Н.Назарбаевқа
ҚР парламентiнiң мәжiлiс төрағасы Н.Нығматуллинге
ҚР премьер-министрi С.Ахметовке
Ақпарат құралдарына

Мен туып-өскен Арал – Қазалы өңiрi Байқоңырдың дәл түбiнде, гептил шашылар, таяқ тастам жерде. Бала кезден ғарыш кемесiнiң аспанға көте­рi­луiн аспаннан және... тiкелей эфирдегi хабардан қатар көрiп өстiк. Менiңше, кеше болған апаттың бiз ескерер үш тұсы бар.

“НҰРАДАМ” ЖУРНАЛЫ ӘЛДЕКIМНIҢ БАС АУРУЫНА АЙНАЛДЫ
Таяуда ғана шетел журналистерiмен кездесу барысында Н.Назарбаев “Қазақстанда сөз бостандығы бар, ешқандай ақпарат құралдарына қысым жасалып, немесе қудалау болмайды” деген сыңайда пiкiр айтқан едi.

Кеше Ақорда жақта бiрқатар кадрлық өзгерiстер болып, бiр министр ауысып, орнына жаңасы келдi. Елiмiздегi Мұнай және газ министрлiгiн басқарған Сауат Мыңбаев президенттiң жарлығымен қызметiнен босатылып, “ҚазМұнайГаз” ҰК-ның басшысы болып бекiтiлдi. Ал мұнай және газ минис­трi қызметiне Ұзақбай Қарабалин тағайындалды.

ЕЛУ МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕГЕН АДАМ ДА ЕЛ БАСҚАРА БЕРЕ МЕ?
Саналы ғұмырымызда ауыл шаруашылығы саласында азды-көптi еңбек еттiк, аудандық, облыстық деңгейде түрлi қызмет атқардық. Оны мақтаныш үшiн тiлге тиек етпедiм. Айта­йын дегенiм, сол заманды бастан өткердiк, көзбен көрдiк. Қазiргi күнi кеңес өкiметiн қанша жамандасақ та, ол кезде тәртiп, жауапкершiлiк деген бар едi.

Өткен аптаның сәрсенбiсiнде Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының кезектi сессиясы өтiп, депутаттар күн тәртiбiне қойылған қадау-қадау 21 мәселенi у-шусыз, ың-шыңсыз қысқа уақыттың iшiнде барлығы бiрауыздан бекiтiп тастады Мәселе болғанда да қандай дерсiз, төтенше жағдайлардың алдын алу, сайлау комиссиясының мүшелерiн сайлау, тегiн дәрi-дәрмек, дiни бiрлестiктер, шалғайдағы балаларды мектепке

АЛАКӨЛДIҢ САРЫ АЛТЫНДАЙ САЗАНДАРЫНАН АЙЫРЫЛЫП ҚАЛМАЙМЫЗ БА?
Газетiмiздiң бұған дейiнгi нөмiрлерiнде Алматы облысының Еңбекшiқазақ ауданындағы ба­лық өсiрумен айналысатын “Шелек тоған шаруашылығының” шатқаяқтаған тiрлiгi жөнiнде жаз­ғанбыз.

Арқадағы Көкше өңiрi десе, аузымызға алдымен Бурабай түседi. Сонау кеңес заманында Қазақстандағы белгiлi шипажайлардың бiрi болған бұл жер тәуелсiздiктен кейiн де ұмыт қалмады. Қазiр Астанадағы “дөкейлер” мен қалталылардың барып демалатын жақын арадағы бiрден-бiр орны осы. Құмар ойын ойнайтын казиноң да сол арада.

Жақында “Жас Алаш” газе­тiнiң 13 маусымдағы санында замандасымыз Әмiржан Қосановтың “Табанында бүрi жоқ тарих немесе Марат Тәжиннiң тағы бiр бастамасы туралы” атты мақаласы жарыққа шықты. Авторы қашанда қоғамдық мәселелерге бей-жай қарамай­тын танымал азамат. Әмiржан екеумiз бiр-бiрiмiздi көптен бiлемiз.

Қазақтар қатерлi iсiктi осылай атайды. Билiктегi “А” корпусындағылардың бiлiмiн, әлде бiлiктiлiгiн безбендей­тiн тест те тура сол сияқты. Айырмашылығы — қатерлi iсiктен қашан кететiнiңдi бiр Алла ғана бiледi, ал, тесттен өтпей қалсаң, билiктен қашан кететiнiң бәрiне белгiлi. Тiптi айы мен күнiне дейiн.

“Жас Алаш” газетiнде Қайыржан Макиннiң “Абайдың тұрақты бейнесi неге жоқ?” (4 маусым, 2013 жыл) деген мақаласы өте орынды мәселенi көтердi ғой деп ойлаймын. “Айтып, ауыз жиғанша” деген де осы, Алматы облысы, Қарасай ауданына қарасты Абай поселкесiне кiреберiсте ұлы ақын бейнеленген тақта бар. Сол суреттегi Абай нағыз Абай емес.

Кеңес дәуiрi кезiнде Леонид Утесов деген әншi “Первым делом, первым делом – самолеты!” деп шырқаушы едi ғой. Мұны қазақшаға аударсаң, “Ұшақтан басқаны қаламаймыз!” болып шығады.

Қадриан Қалан атажұртына 1992 жылы Моңғолиядан көшiп келдi. Ата-бабасының кiндiк қаны тамған топыраққа уығын қадап, Алматы облысы, Жамбыл ауданына қарас­ты Айдарлы ауылында елмен бiрге ғұмыр кешiп келедi. Қадрианның елге мақтанып айтар ерекшелiгi – оның мал шаруашылығына қосқан елеулi еңбегi. 
Таяуда Украинада болып қайттым. Украиндар қазiр өздерiнiң ұлттық тiлiне қатты мән берiп жатыр ғой, осы ретте солардан көрген бiр-екi мәселенi ортаға сала кеткендi орынды көрiп отырмын. Киевте дәл бiр жарым ай болып, мынаған көз жеткiзiп қайттым. Оларда да орыс бағдарламалары бар (телеарналарды айтып отырмын). Бiрақ, осы орыс бағдарламаларында
Мұқағали – қазақ тарихында өзiндiк өшпес мұра қалдырған поэзия алыбы. Жыр алыбының өз жырларында туған жерiне, елiне, отанына деген махаббатын көремiз. Сi­рә,туған жерiн жыр­ға қоспаған ақын жоқ шығар. Осындай табиғатының ғажаптығын әнге қосқаны тағдырына деген алаңдаушылықтан болар!
Жаңа әлiпби жөнiнде
Латын әлiпбиiне көшу Қазақстан тәуелсiздiк алғалы күн тәртiбiнен түспей келедi. Бұған жел берiп жүргендер – негiзiнен, лингвистер мен қазақ әдебиетiнiң марқасқалары. Олар осы iс үшiн соңғы жарық көрген әдеби мұраларын да тәрк етпек!
Бiздiңше, бұл әрекет – көп жылғы ызаның, ашудың iсi.
Елiм қайда барасың: тамұққа әлде жұмаққа,
Жауап iздер жан бар ма дәл осынау сұраққа...
Көк Бөрiнiң ұрпағы ек, түлкi-бұлғаң тiрлiкте,
Кетпеймiз бе адасып, “жалған” дейтiн сынақта.
Бүгiнгi сатира
Тақыр кедей, есiгiнiң алдында тырақайлап қашып жүретiн тышқаны да жоқ Терекбайдың әйелi перзентханада жатқанына жетi күнi болды. Босанар емес. Акушерлер пышақтарын қайрап, дәрiлерiн сайлап, сақадай сай тұрғанымен, әйелдiң босанатын түрi көрiнбейдi.
Жазылған жайдың жалғасы
Айта кететiн бiр жәйт – бұл жолғы “Қазақстан Барысы” турнирi ана тiлiмiзде өт­тi. Жарысқа елiмiзде тұратын басқа ұлттардың балуандары да қатысты. Бұрын қазақтан өзге ұлттың бiр өкiлi қатысса болды, кез-келген жиын-той орыс тiлiнде өтушi едi ғой.Бұл турнирдiң бұған дейiнгi өткен екi жарысы да жақсы
ҚОЛАҒА ҚАНАҒАТ
Индонезияның Джакарта қаласында таэквондодан жастар арасында Азия чемпионаты аяқталды. VII-мәрте ұйымдастырылған құрлық бiрiншiлiгiнен елiмiздiң құрамасы 4 қола жүлде олжалап қайтты. Ерлер арасында Артур Ким 45 келiде, Саян Мәулетхан 78 келi
ЖАРТЫ ҒАСЫРДАН КЕЙIН ҚОЛЫН ТАПТЫ
Американдық әскери дәрiгер осыдан аттай 47 жыл бұрын өзi ота жасаған вьетнамдық сарбаздың қолын өзiне қайтарып бердi. Дәрiгер вьетнамдық сарбаздың жаралы қолына ота жасап, кесiлген қолын өзiнiң Хьюстондағы үйiне алып кетiптi.
Сэм Аксельрад 1966 жылы сарбаз Нгуен Куэн Хынға жасаған отаны есiне алса, жанары жа­сау­райтынын айтады.

Өткен аптада “Отырар” пойызымен Шымкент қаласына барып қайттым. Алматы мен Шымкенттiң арасына қатынайтын бұл пойыздағы жаңалықтарды көзбен көрiп, риза болғанымды жасырмаймын. Бұған дейiн вагондарының iшi лас, ескiрiп-тозғанына iштей қынжылатынмын.

Жасыратын несi бар, қазiр адамдар кiтап оқығаннан гөрi теледидар көргендi жақсы көредi. Сол көптiң бiрi – мен, өзiм де мүмкiн­дiгiн­ше теледидар

Ерлан балам! Сенiң шаңырағыңды шайқап кеткен жан түршiгерлiк қайғыны естiп, менiң де екi көзiме мөлтiлдеп жас келдi, кеудеме өксiк тығылды. Жасым сексенге таяған шағыма дейiн мен мұндай асқан қатыгездiктi естiген де, көрген де жоқпын.

5-сыныпта мекте­бiмiзге ауысып келген Айжан достарының ғана емес, ұстаздарының да есiнде мәңгi сақталып қалды десем, артық айтқандық емес. Оның шеберлiгi мен iсмерлiгi сол тұстағы талай адамдарды тәнтi еттi. Алматыдағы қара шаңырақ №12 қазақ мектебiнде 1973 жыл­ғы оқу жылынан бастап “қолөнер” деген атаумен жаңа пән бағдарламаға енгiзiл­ген-

Қазақтың тойы таусылмасын. Бар жиған-тергенiн тойға деп шашып, жетпесе қарызданып жақсылығын жұртпен бөлiсетiн екi халық болса, бiрi, жалғыз ұлт болса нақ өзi осы қазақ шығар. Той дегеннен шығады, жуырда жол түсiп, көршi Қытай елiне бардым. 
“Ұлы Отан соғысы жөнiнде бәрiмiз де жазып жүрмiз ғой, бiрақ бiздiң бiрде-бiреумiз 1941-45 жылғы соғысты дәл Василь Быков секiлдi терең, ашық, шыншылдықпен көрсете алған жоқпыз” деген едi Шыңғыс Айтматов. Беларусь халқының ұлы жазушысы Василь Быковтың

Бiздiң арғы атамыз Қалдыбай мұсылмандық бес парыздың бiрi қажылыққа кетiп, елге қайтпай қалыпты. Естуiмiзше, Үрiмжарұлы Қалдыбай қажы шамамен 1898-1905 жылдар аралығында Мекеге аттанып, қажылықта жүрiп қайтыс болыпты.

Мұхтар Құл-Мұхаммедке
Сыртынан көрiнсе де кiл сәнi боп
Билiктiң сұлтанынан ұлтаны көп.
Мұхтарды құрметтеймiз, бастығымыз
Әйтеуiр, пайғамбардың ұрпағы деп.
“Қазақпарат” баспасы “Маңғыстау ақын-жазушыларының кiтапханасы” сериясымен елу томдық кiтапты жарыққа шығарды.
Бұл елу томдықта Абыл, Қалнияз, Нұрым, Ақтан, Аралбай, Қашаған, Сәттiғұл, Өскiнбай, Түлен сынды ақын-жазушылардың мұраларынан бастап, белгiлi көсемсөз шеберлерi Әбiш Кекiлбаев