1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №53 (15823) 9 шілде, сейсенбі 2013
2013 ЖЫЛДЫҢ 9 ШIЛДЕСI – ҚАСИЕТТI РАМАЗАН АЙЫНЫҢ БIРIНШI КҮНI
Мейiрiмдi, рақымды Алланың атымен бастаймын! Баршамызды қасиеттi Рамазан айына аман-есен жет­кiзген Алла тағалаға сансыз шүкiршiлiк айтамыз.  Құрметтi мұсылман ба­уырлар! Иман бұлағынан сусындай бастаған халқымыз мүбәрәк Рамазанда Алланың рақымына бө­ленудi үмiт етiп, сауабы мол iзгi амалдарды атқаруға ниет­тенiп отыр. Сiздердi бiр ай бойы жалғасатын мұсылмандардың ұлық мерекесi – Рамазанның келуiмен құттықтаймын!

Өткен аптада бiр топ сая­саткер, қоғам қайраткер­лерi мен зиялы қауым өкiл­дерi Байқоңырдағы “Протон” апатына және әскери полигондарға байланысты баспасөз мәслихатын өткiз­дi. Олар қазақ жерiндегi барлық шетелдiк әскери полигондарды жабу жөнiнде мәлiмдеме жасап, президентке үш талап қойды.

Елiмiздегi шетелдiк әскери полигондарды дереу жабу қажеттiгi жөнiндегi қазақ қоғамының мәлiмдемесi
2013 жылдың 2 шiлдесiнде Байқоңырда Ресейдiң тағы бiр зымыран тасығышы – “Протон-М” апатқа ұшырап, 600 тонна улы гептил ауаға жайылды. Қазақстанның мыңдаған гектар жерi тағы да уланды, экосфера, жерасты сулары, көлдер мен өзендер бүлiндi.

Арқа төсiндегi жаңарған қала – Астананың 15 жылдығы дүркiреп тойланып жатқанда “Жас Алаш” газетiнiң Астанадағы бюросына Жаңаөзен қаласының тұрғыны зейнеткер Шайын Тайыл­диев хабарласып, былай дедi: “Теледидар қарап отыр едiм, айналайын. Тiптi, жүрегiме түстi. Астананың туған күнiн арқа-жарқа болып тойлап жатыр ғой.

НАЗАРБАЕВ БИЛIКТЕН КЕТСЕ НЕ БОЛАДЫ? ЕШТЕҢЕ ДЕ БОЛМАЙДЫ!
Шiлденiң 6-сы күнi Қазақстан президентi Нұрсұлтан Назарбаев 73-ке толып, 74-ке кеттi. Бұл күн күнтiзбеде “Астана күнi” деп жазылғанымен, шын мәнiнде Қазақстанды ширек ғасырға жуық уақыттан берi билеп келе жатқан автократ басшыны ұлықтау күнi. Президенттiң туған күнi қарсаңында “КТК” телеарнасы “Назарбаев.Live” деп аталатын деректi фильм түсiрдi.
ПРЕЗИДЕНТ БРИТАНДЫҚ ТIЛШIГЕ НЕ ҮШIН АШУЛАНДЫ?
Өткен апта Ақордаға ауыр тидi. Алдымен салып-ұрып Дэвид Кэмерон келдi. Оған бiр шабылды. “Арнайы шақыртып келтiре алмайтын аса сыйлы қонақты жетелеп әкелген – Тони Блэр” дейдi бiлгiштер. Кiм бiлсiн, солай да шығар. Бiрнеше күн құда күткендей
1. АТЫНА АҒАЛАРДЫҢ АЙТАРЫМ БАР: “МЕНIҢ МЫРЗАШӨЛIМДI ҚАЙТАРЫҢДАР!”
... Алатаудан қарағанда Сырдың арғы бетiнде, Қызылдың құмын ендей жайлап, Мырзаның шөлiнде малын айдап, Жетiсайдың сайларында тамыр байлап, отырықшылыққа бойы үйренiп, диқаншылыққа қолы үйренiп, пейiлi кеңiп, жердi емiп қалың Қоңырат елi отыр. Қоңырат Атаның (лақап аты – Нағанай) жетi әйелi, отыз ұлы, екi құлы болған деседi.
(экологиялық жыр)
Сынап бағаналары
Шегiне жетiп
Дәл қазiр
Қазақстанның қызуы
Көтерiлiп тұр.
Менiң сөздерiм де ып-ыстық боп
Наразылық бiлдiрудiң де түрлi-түрлi тәсiлi бар. Намысыңа тигеннiң тұмсығын бұзсаң – наразылық, бiр мәселеге келiспей көшеге шықсаң – наразылық, тiптi кейде үндемей қойсаң да – наразылық... Өткен аптада Ресейдiң мақтаулы “Протоны” тыраң асып құлап, улы гептилiн халықтың төбесiне “шаптырып” кеткен соң Оралда қазақ суретшiсi Асқат Ахмедияров
(SOS-Араша!)
Жаз ба екен мынау – сұрқай күз,
Тартылған өзен канал боп.
Желектен жасыл жұрдаймыз,
Айттың не, айтпа – амал жоқ.

“Протон” жарылысының халыққа ешқандай залалы жоқ деп даурығып және сұрақ берген журналиске “Менiң қайда тұратынымды көрсететiн сен кiмсiң?” деп әкiреңдеген, кеудеден итерген Ұлттық ғарыш агенттiгiнiң төрағасы Талғат Мұсабаевтың қылығын көрiп қатты түңiлдiк.

ЕНДIГIСIН УАҚЫТ КӨРСЕТЕДI
Бiз бұдан бұрын “Жезқазғантүстiмет” өндiрiстiк бiрлестiгiнiң №3 Сәтбаев байыту фабрикасы мен Батыс Жез­қазған кенiшiндегi “Ақши-Спасск” шахтасы — биыл         1 шiлдеден, ал “Қазақмыс” тобына қарасты “Қазақмыс Smelting” ЖШС-ның Жезқазған мыс қорыту зауыты биыл 1 қыркүйектен бас­тап тоқтатылатыны туралы азды-көптi айтқанбыз.
Солтүстiк өңiрдiң қай пұш­па­ғына барсаң да, қазақ тiлiнiң қамы үшiн қайрат қылып жүргендердiң көбi жастары 70-пен 80-нiң арасындағы қариялар екенiн байқайсыз. Басқаларға тiл керегi жоқ секiлдi. Бурабай ауданының орталығы Щучье қаласында Кенжеболат Әушахманов атты ақсақал тұрады деген соң, әдейi iздеп бардық.

Бүгiнгi ауылдардың әбден кетеуi кетiп, ыңғыршағы айналған. Көп елдiмекендердiң атын ұстап отырғандар зейнеткерлер мен өндiрiсте ауысымдық әдiс­пен жұмыс iстейтiндер, бұлар – өз үйлерiне өздерi қонақ. Мұға­лiм­дердiң күнi мектепке, ондағы оқитын бала санына байланысты, ал табиғи өсiм жылдан-жыл­ға құлдырап бара жатыр.

АВТОР БЕРIСЕР ЕМЕС
Әйгiлi “ЖЗЛ” сериясымен жақында Мәскеуде “Дмитрий Лихачев” атты кiтап шыққан едi. Мұның аяғы дауға айналды. Кiтап авторы – жазушы, публицист Валерий Попов. Академик Д.С.Лихачевтiң кейбiр туған-туыстары (мұның iшiнде Д.С.Лиха­чев­тiң немерелерi де бар) авторды сотқа бермек. Не үшiн? Өтiрiк жазғаны үшiн.

Қожайынның бес жүздей қойын бағып жүргенмiн. Бiр кезде аспанға көтерiлген сопақ бiрдеңенiң арты жанып көтерiлдi де, “iшiп алған ба?”, бiлмеймiн, бiр кезде бiздiң тентек қошқар сияқты, ары-берi қисаңдап барып, ортасынан бөлiнiп кеттi. Содан анода-ай жерге барып, гүрс етiп құлап, арты жалынға айналғаны...

– Құрдас, өз басым, иншалла, қазiргi имамдық қызметiме ризамын. Пайғамбар жасына келдiк, соңғы он жылда бiржола молдалыққа мо­­йын бұрғанымыз орын­ды болғандай.
– Айтпа! Е, оған де­йiн кiм болмадық?!
Колбаса шығаратын жеке меншiк цехтың иесi Ғариф ака милиционер досы Фархадқа мұңын шағып отыр:
– Күзеттi күшейтiп-ақ жатырмын. Бәрiбiр ұрлауды қояр емес. Кеше, мәселен, 12 келi колбаса ұрланыпты.
Фархад досына көзiн сығырайтыңқырап қарады:
Киiм сататын дүкенге бiр орта жастағы азамат келiп кiрдi. Сөрелердегi аяқ киiмдердiң, содан кейiн iлулi тұрған костюмдер мен жейделердiң бағаларына ұзақ үңiлдi. Содан кейiн сатушыға қарап: – Айтыңызшы, мына 5 мың рубль тұратын аяқкиiмдердiң өтуi қалай? – дедi.
Иордания астанасы Амман қаласында бокс­тан кезектi Азия чемпионаты аяқталды. Бас бапкер Мырзағали Айтжанов бастап барған жiгiттердiң қадамы сәттi болып, жартылай финал­ға шыққан сегiз боксшы да финалдық сайысқа өттi. 49 келiде Темiртас Жүсiпов жартылай финалда жапондық Тосе Касивадзакидi сабап, финал­ға жеттi.
ҚАЗАҚҚА ТИГIСI КЕЛГЕН ЕДI
Ауыр атлетикадан Лондон олимпиадасының чемпионы Светлана Подобедова тұрмысқа шықты. Талдықорған қаласындағы айтулы мейрамханалардың бiрi саналатын “Атамекенде” Подобедова мен ауыр атлет Владимир Седовтың үйлену тойы өттi. Толағайлардың тойында ұлттық құраманың бас бапкерi Алексей Ни
ФУТБОЛ ЖАНКҮЙЕРЛЕРI ТӨРЕШIНIҢ БАСЫН КЕСIП ТАСТАДЫ
Мараньяо штатында (Бразилия) футбол жанкүйерлерi төрешiнiң басын кесiп тастапты. Бұл туралы РИА Новости жергiлiктi БАҚ-қа сiлтеме жасап хабарлады. Футболдан әуесқойлар ойыны кезiнде төрешi мен бiр футболшы арасында қақтығыс болады. Төрешi әлгi ойыншыны ойыннан аластайды. Бұған шыдамаған футболшы төрешiнi бас салады.