1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №54 (15824) 11 шілде, бейсенбі 2013
ОЛ БIР СОЙҚАННЫҢ БАСЫ БОЛМАСЫН!
Қазақстанда ашық күнде жай ойнатып, елдiң iшiн дүрлiктiрiп жүретiн казактар қауымдастығы деген бар. Бұларға әзiр қой дейтiн құдайдың құлы болмай тұр. Ел президентi Н.Назарбаевты өздерiне бас атаман етiп сайлап алып, егер қысылтаяң шақ туа қалса, бiздiң “қара жүздiгiмiз” президенттi қорғап қалуға дайын деп лепiрiп жүрген де осылар. Ресей президентi В.Путинге хат жазып, Қазақстанның солтүстiк-шығыс шекарасын бiзге алып бер, өзiмiз қорғаймыз деп кеуде соғып жүрген де солар. Ол ол ма, ендi казактар Қазақстанның солтүстiк аймағынан өздерiне автономия сұрамақшы дегендi естiдiк. Басынудың көкесi осы шығар. Әңгiменiң анығына көз жеткiзу үшiн, Көкшетаудағы облыстық “Ұлт тағдыры – Ақмола” қоғамдық бiрлестiгiнiң жетекшiсi Төлеген Қасеновке жолығып сұхбаттасқан едiк.
“ТАЛҒАТ МҰСАБАЕВТЫҢ НАНЫНА ҚАРА УЫЛДЫРЫҚТЫҢ ОРНЫНА ГЕПТИЛ ЖАҒЫП БЕРУ КЕРЕК!”
Кеше редакциямызға Қызылорда облысының Қазалы ауданынан М.Қайролла деген оқырманымыз хабарласып, былай дедi: “Талғат Мұсабаев деген қай елдiң шенеунiгi өзi?! Қазақстанның ба, Ресейдiң бе? Сөзi мен бөзiне қарағанда, қазақтiкi емес, әйтеуiр. Әйтпесе, қазақ жерiнiң жон арқасын тiлгiлеп

Ортақ БАҚ деп танылып, сот шешiмiмен жабыл­ған бұрынғы “Республика” басылымының журналистерi күштiк құрылымдар әлi де қысым көрсетудi доғарған жоқ дейдi. Кеше баспасөз мәслихатын өткiзген “республикалықтар” арнайы қызмет органдары тiлшiлердiң басқан iзiн аңдып, әрiптестiк орнатуға шақырғанын мәлiмдедi.

БҰЛ ТЕҢГЕНI ТЕРБЕТIП ЖIБЕРЕДI
1-5 шiлде аралығында теңгенiң долларға қатысты бағамы әдеттегi межеден төмен түсiп, арзандады. Бұл ең алдымен әлемдiк нарықтағы трендтермен, онан кейiн ресейлiк рубльдiң құбылуымен байланысты. Теңгенiң әрi қарайғы бағамы туралы сарапшылар пiкiрi екiге жарылды.

Сонымен, ел жаппай президент пен Астананың туған күнiн де үш күн тойлап бiттi-ау. Сый-кәде тартудан Атырау да қалыс қалған жоқ. Қашаған кенiшiнiнен алынатын мұнайды өңдейдi деп салынып жатқан “Болашақ” зауытын пайдалануға дайын болмаса да сыйлық ретiнде ашып жiбердi.

Шiлденiң 7-8-i күндерi Қашаған кенiшiндегi жасанды Д аралында 200-ге тарта жұмысшыр ереуiлге шықты.
Әйтеуiр ереуiл ушықпай аяқ­тал­ды. Талап қоюшылар негiзiнен ағылшындық CAPE Industrial Services Ltd компаниясы мен оның мердiгерi “Мanpower service LTD”   жұмысшылары. 

Айта берсек, қазақтың мұңы таусылмайды. Бiрақ тыңдар құлақ жоқ, тыңдамайтынды тыңдатайық дей­тiн қазақ жоқ. Билiк басындағылардың есiл дертi, арманы – креслодан, ауырдың үстiмен, жеңiлдiң астымен жүрiп табатын табысынан айырылып қалмау болса, ұлт жанашырларының арманы – тiлiнiң, ұрпағының болашағы:

Қызылорда облысындағы тестен өтпеген жалғыз аудан әкiмiнiң аты-жөнiн ресми түрде ешкiм айтпады ақыры. Бейресми жоба бар, бiрақ ол маңызды емес бүгiн. Мазалайтын – “Бәйменовтiң “емтиханы” шендiлердiң сауаттануына септiгiн тигiздi ме?” деген сұрақ. Бәйменов елiмiздегi сыннан өте алмаған 50 әкiм жылы орнын суытатынын айтқан

14 шiлде – балықшылар күнi
Алматы облысының Алакөл ауданында Қамысқала деп аталатын шағын ауыл бар. Балықшылардың ауылы. Алакөлдiң бiр бүйiрiне сұғына енiп, жарты аралды жайлап жатыр. Аудан орталығы Үшаралдан шамамен 60 шақырымдай жерде. Ауылдың iргетасы 1943 жылы балық шаруашылығымен айналысатын артель ретiнде қаланыпты.
ТЕРГЕУ МЕН СОТТЫҢ МҰНДАЙ ҰЙҒАРЫМЫНА, ҮКIМIНЕ КЕЛIСПЕЙТIНДЕР НЕ УӘЖ АЙТАДЫ?
Атыраудағы қыз қорлады деп абақтыға кесiлген полицейлер бiзге жала жабылды дейдi. Олардың туыстары балаларымыз қосақ арасында кеттi деген сенiмде. Бәрi жабылып әдiлдiктi басқа жақтан iздеуге мәжбүр. “Атырауда қысты күнi екi полицей мен бiр өрт сөн­дiрушi қыз зорлапты”

Былтырғы жылдан берi БАҚ бiткен жарыса жазған Ресей кәсiпкерлерi – ағайынды Сутягинскийлер жайлы оқырман жұртшылық хабардар шығар деп ойлаймыз. Ағайындылардың бiрi Александр Сутягин­ский өзiнiң Қазақстандық әрiптесi, “Баско” серiктестiгiнiң директоры Михаил Гаркушиндi өлтiруге тапсырыс берiп, жаналғышқа (киллерге) 120 мың АҚШ долларын

Той өттi. Кезектi, шу-шоу той. Мұндай тойлардың қоңыр қазаққа берер несi бар екен-ә? Жаңа қазақ, шала қазақ, интер қазақтарға бәрiбiр шығар. Бiр қызығы, қай мейрам болмасын, қай той болмасын, үш күндеп, төрт күндеп, тiптен бес күндеп те демалыс бере салатын болдық. Шамасы, бәрi-бәрi жайнап, қайнап, гүлденiп, бүр жарып, жаңадан өзгеше гүл ашып, тойдан басқа еш шаруаның қалмағаны ғой.

Құрметтi оқырман! Бiрден келiсiп алайық, осы мәселе жөнiнде жазып өзiмдi көрсетейiн, немесе бiлгiшсiнейiн деген ойым жоқ, тек өзiмнiң азаматтық парызымды орындап, елге ой тастамақшымын. Бұған түрткi болған жайт – ел парламентiнде бiр топ депутаттардың осы мәселенi

Көшеде келе жатқан. Қарсы жолыққандардың бәрi де Бектұрға сәлем берiп өтiп жатыр. Бұл қалада Бектұрды бәрi таниды. Кезiнде арпалыстың арлан қасқыры да, саясаттың қызыл түлкiсi де бола бiлген беделдi, белсендi азаматты кiм танымасын?!

Жылма-жыл мемлекеттiк қызметтiң аясы тарылып, iрi компаниялар 40-қа жақындаған, не 40-ты орталаған әйел-аналарды есiгiнен қаратпайтыны   белгiлi. Бұл – бүгiнгi күннiң шындығы. Бiрiншiден, есiк ашқан мекемелерге жасыңыздың үлкендiгi ұнамайды, екiншiден, кәсiби бiлiктiлiгiңiз жоқ

Қасиеттi Құранның “Хабар” деп аталатын сүресiнiң сегiзiншi аятында: “Бiз сендердi жұп етiп жараттық” дейдi Алла тағала. Оқып, ойға қалдым. Несiн жасырайын, iштей асылық қылып, “Мұны бәрi бiледi ғой. Құранның әкетiп бара жатқан ештеңесi жоқ екен-ау” деген күпiр ойдың жетегiнде кете жаздадым.

Ауыл халқы жаппай жұмыссыздық пен қиыншылық “ауруына” шалдыққан сонау 1999 жылдың шiлде айында Есiл ауданының перзентханасында iңгәлап дүние есiгiн балпанақтай сәби ашты. Анасы сәбиiнiң айдай жүзiне де қарамастан “баладан бас тартамын” деп тiлiмдей қағаз жазды да, ауруханадан тайып отырды.

Мақсат Тұрматұлы Баймағанбетов 1993-94 жылы “нархозды” бiтiрiп шықты. Мамандығы экономист, бiлiмдi де бiлiктi жас маман 1995 жылы сол кездегi Н.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институты, экономика факультетi деканының орынбасары болып та үлгердi.

Кеше Тараз қаласында облыстық спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында екi спортзал кешенiнiң салтанатты ашылу рәсiмi өттi. Бұл шара барысында “Әмiр және Д” ЖШС-ның атқарушы директоры Ләззат Оңғарқызы “Қазақстан барысының” былтыр­ғы жеңiмпазы   Бейбiт Ыстыбаевқа “Тойота Ланд Крузер 200” автокөлiгiн сыйлады.

Бокстан ұлттық құраманың бас бапкерi Мырзағали Айтжанов бастаған азаматтар Иорданиядан елге оралды. Олар Амман қаласында өткен Азия чемпионатында айды аспанға бiр-ақ шығарып, 7 алтын, 1 күмiс жүлде олжалап қайтты.

ОРТА ЖОЛДА СҮРIНДI
Универсиаданың төртiншi күнi құрама қоржынына кезектi қола жүлденi боксшы Нұрдәулет Жарманов салды. Ол жартылай финалда өзбекстандық Азизбек Абдугофуровтан ұтылып қалды. Жартылай финалдық бәсекеде Ержан Жомарт (49 келi) кәрiс боксшысы Ким Инкюден жеңiлiп, қола жүлдемен шектелдi.
АУЫЛ ӘКIМДЕРIНIҢ САЙЛАУЫНА ТҮСУГЕ ҚҰҚЫМ БАР МА? 
– Қазақтың әл-Фараби атындағы ұлттық университетiн үздiк бiтiрген соң, өз мамандығым бойынша жұмыс iстемей, ауылдық округте жұмыс iстедiм. Онда да ауыл әкiмi көлiк апатына ұшырап, соның орнына уақытша әкiм мiндетiн атқардым. Тамыз айындағы ауыл әкiмдерiнiң сайлауына түсуге құқым бар ма?