1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №55 (15825) 16 шілде, сейсенбі 2013
ҚАЗАҚСТАННЫҢ СЫРТҚЫ ҚАРЫЗЫ 139 МИЛЛИАРД 953 МИЛЛИОН ДОЛЛАРҒА ЖЕТТI
Өткен аптада Қазақстанның Ұлттық банкi елдiң сыртқы қарызын жария еттi. Жария етiп қана қоймай, бас банктiң сарапшылары әлгi қарызды Қазақстанның әрбiр тұрғынына бөлiп бердi. Сонымен, сыртқы қарыз әрбiр қазақстандыққа шаққанда қанша доллардан келедi? Есептеуге сенсек, 4141 доллардан! Кеше “Жас Алаштың” редакциясына Алматы қа­ласының тұрғыны, зейнеткер оқырманымыз А.Жұмағазин келдi. Айтпағы осы – сырт­қы қарыздың жайы.

Бас қаламыз Астананың айналасындағы ауылдардың көбi Ақмола облысының аумағына кiретiнiн былайғы жұрт бiле бермеуi мүмкiн. Осындай елдiмекендердiң бiрi – елордамыздан 15 шақырым жерде орналасқан Қараөткел ауылы. Кезiнде “Ильинка” совхозы аталып, облыстағы iргелi шаруашылықтардың бiрi болған бұл мекенге

Әблязовтiң әйелiн депортациялау мәсе­лесi Италияда үлкен дауға айналды. Бұған тiптi Италияның премьер-министрi Энрико Леттаның өзi араласты. Алма Шалабаева мен оның бес жасар қызын депортациялау түрлi заңбұзушылықпен өткенiн анықтаған Италия үкi­метi бұл шешiмнiң күшiн жоятынын мәлiмдедi. 

Өткен жұмаға жоспарланған демократиялық күштердiң жиыны кедергiлерге қарамастан өттi. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жиналысты өткiзу үшiн ғимараттарын жалға беруге келiскен иелерi артынша айнып қалған. “Қаржы полицейлерi алдын ала келiсiлген әр ғимаратты аралап шығып, иелерiмен түсiнiк жұмыстарын өткiзген” дейдi олар. Амалы таусылған оппозиция өкiлдерi ақыры жиынды “Азат” партиясының ауласында өткiздi.

Бұдан бiр апта бұрынғы “Ерiксiз еңкейдi” (“Жас Алаш”, 09.07.2013ж.) деген мақаламызды: “Қысқасы, “Қазақмыс” қанша қасарысса да, ерiксiзден илiктi. Металлургтердiң беталысын байқап үрейi ұшқан билiк ерiксiз осындай қадам­ға барса керек. Қалай болғанда, бұл — “Жеңiс!” деп бағалауға тұратын қадам. Қалғанын уақыт көрсетедi...” деп аяқтаған едiк.

Өткен аптаның бейсенбiсiнде Қызылорда облысының әкiмi Қырымбек Көшербаев жағдайды өз көзiмен көрiп, елдiң, жердiң қамын ойластыру үшiн Байқоңырдағы алапат апат орнына барды. «Жас Алаш» тiлшiсiнiң де жолы түстi. 700 тоннаның аты – 700 тонна. Ат шаптыратындай болмағанмен, тай шаптыратын аумақтың күл-паршасын

Ақмола облысының орталығы – Көкшетау қаласында “Бұқпа” деп аталатын аймақтық газет бар. 2001 жылы алғашқы саны жарық көрген бұл басылым – солтүстiк өңiрдегi халықтың мұң-мұқтажын тақырып етiп, туған тiлiмiздiң жоғын жоқтап, сол төңiректегi ұлт мәселелерi жөнiнде айғайшыға айналған жалғыз ақпарат құралы.

КӘСIПКЕР МҰНЫҢ АРТЫНДА ӘКIМ НОҒАЕВ ТҰР ДЕП ЕСЕПТЕЙДI
Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласының кәсiпкерi Барлық Меңдiғазиев облыс әкiмiнен қысым көргенiн мәлiмдеп, араша сұрады. Айтуын­ша, Кирсанов табиғи қорығын қорғағаны үшiн басы дауға қалған. Ендi өзi басқаратын кәсiпорын жабылудың сәл-ақ алдында тұр.
НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ИЕГЕРI ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТ БОЛДЫ
МАГАТЭ-нiң бұрынғы басшысы әрi Нобель сыйлығының иегерi Мұхаммед әл-Барадей Египеттiң вице-президентi ретiнде ант қабылдады. Салтанатты жиын мемлекет басшысының Каирдегi резиденциясында өттi. Барадейдiң халықаралық саясаттағы тәжiрибе­сiне
Қазақстанның Мемлекеттiк хатшысы М.М.ТӘЖИН мырзаға АШЫҚ ХАТ
Құрметтi МАРАТ МҰХАН­БЕТ­ҚАЗЫҰЛЫ!
Сiздiң ұлттық тарихты зерделеу хақындағы пiкiрлерiңiзе орай бiрер ойымды осы ашық хат арқылы жеткiзгiм келдi. 1. Қазақстанның партиялық басшылық тiзгiн-шылбыры 1933-1938 жылдары Л.И.Мирзоянның қолында болды.

Аңызға сенсек, Қорқыт баба дүниенiң төрт бұрышын аралап, содан кейiн өз топырағына, яки Байқоңырға қайтып оралып, «бұл мекен – жердiң кiндiгi» дептi. Бабамыз тас алып аспанға лақтырса, ол тастың керi түсуi басқа жерге қарағанда баяулау болған көрiнедi.

ТЕЗЕК ТӨРЕНIҢ КҮЙI ТАБЫЛДЫ
Тезек төренiң әкiмдiгiнен, ақындығынан, әншiлiгiнен басқа өзi де күй шығаратын композиторлық қасиетi бар екендiгiн бұрыннан еститiнбiз. Алайда төренiң көптеген шығармаларымен бiрге күйлерi де табылмай жүретiн. 
Астана қалалық мәдениет басқармасы бас болып ұйымдастырған елiмiзде бұрын өтпеген ауқымды конкурс – “Астана жұлдызы” ұлттық музыка байқауы” да мәресiне жеттi. Мамыр айында құрамында жүздеген сарапшы мамандары бар қазылар алқасы әншiлердiң, бишiлердiң, композиторлардың еңбегiн бағалап, жеңiмпазды жасырын дауыс беру жүйесi арқылы анықтайтынын айтқан едi.

Екi ай бұрын жарнамасы жер жарып, елiмiзде бұрын болмаған бәйге деген соң, “Астана жұлдызы” ұлттық музыка бәйгесiн” теледидардан жiбермей тамашаладым. Астана қалалық мәдениет басқармасының бастығы Болат Мажағұлов 15 аталымның ерекшелiгi елорданың 15 жылдығымен сабақтасатынын, 15 жеңiмпаздың еңбегiн кәсiби сарапшылар

“Нұр-Мұқасан” дуэтiн алғаш құрылған жылдан берi тыңдап келемiн. Ұмытпасам, екi жiгiттiң тiзе қосып өнер өлкесiн­де құлаш сермеп келе жатқанына жиырма жылдан асты. Өздерiн өнер адамы санайтын кейбiр әншiсымақтар сахнаға бүгiн шығып, ертесi екi клип түсiредi де, үшiншi күнi “жеке шығармашылық кешiн” өткiзiп жүредi.

ОНДЫҚҚА ЕНДI
Қазақстандық әншi Мария Мудряк Голландия астанасы Амстердамда өткен “Belve­dere” конкурсында толайым табысқа қол жеткiздi. Сопрана дауысты әншi дүниенiң төрт тарабынан жиналған 3000 үмiткердiң арасында алдыңғы ондыққа ендi. Конкурстың финалдық сынында 50 елден 160 қатысушы өнерiн көрсеткен.
Өткен аптада футболдан ел чемпионатының 19-тур ойындары өттi. Бұл турдағы басты жаңалық топ басындағы “Ақтөбенiң” сүрiнуi болды.Қостанайға қонаққа барған ақтөбелiктер 0:1 есебiмен есе жiбердi. Ойындағы жалғыз голды 55-минутта Бугаев пенальтиден тоғытты. “Ақтөбе” биылғы бiрiншiлiкте осымен екiншi мәрте жеңiлiп отыр.
Қазанда (Ресей) өтiп жатқан бүкiләлемдiк универсиаданың бiтуiне бiр күн қалды. Әзiрге қоржынымызда 2 алтын, 8 күмiс, 9 қола жүлде бар. Алтын медальдiң аздығына байланысты жалпыкомандалық есепте төменгi сатыда келемiз. Боксшылардан финалға шыққан Рустам Рустамов ресейлiк Сергей Водопьяновқа есе жiберсе, Жан Кособуцкий де Магомед Омаровтан ұтылып қалды.
ЕКI КЛУБ ТА ЕКIНШI КЕЗЕҢДЕ
Еуропа лигасының алғашқы айналымынан елiмiздiң екi клубы да сүрiнбей, келесi кезеңге өттi. Павлодарлық “Ертiс” өз алаңында болгарлық “Левски” клубын 2:0 есебiмен жеңдi. Камолиддин Мурзоев 6-минутта есеп ашты да, 13-минутта пенальтиден Ұлықбек Бақаев нәтиженi еселедi.
ЖАНАЗАСЫН ОҚЫП ЖАТҚАНДА... “ӨЛГЕН” ҚЫЗ ТIРIЛIП КЕТКЕН
Дондрин қаласы Бразилияның оңтүстi­гiнде орналасқан. Он­да жақында таңғаларлық оқиға болды. Дә­рiгерлер туғанына үш-ақ сағат болған сәбиге “өлi туды” деген диагноз қойып, перзентханадан шығарады. Байғұс ата-анасы, туған-туыстары оған Ясмин Гомес деп ат қояды да, жаназасын