1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №56 (15826) 18 шілде, бейсенбі 2013
АУДАН ӘКIМI ҰСЫНҒАН, МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ САЙЛАҒАН АУЫЛ ӘКIМI ҚАРАША ХАЛЫҚҚА ҚАНДАЙ КӨМЕК КӨРСЕТЕ АЛАДЫ?
Қазақстанның барлық өңiрлерiнде аудандық маңызы бар қалаларға, ауылдық округтер, округтер құрамына кiрмейтiн кенттер мен ауылдар әкiмдiгiне сайлану үшiн 7162 үмiткер ұсынылып, олардың 329-ы тiркелдi. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының ресми өкiлi Венера Жексембекова мәлiмдедi. Сонымен, бiр әкiм лауазымына үш үмiткер түсетiн болды. Батыс Қазақстан облысында бұл қызметке таласушылардың қатары көп болса, керiсiнше, Қостанайда әкiм болғысы келетiндер аз болып шықты.
ШАЛАБАЕВАНЫҢ БАСЫНАН КЕШКЕНДЕРI
Мұхтар Әблязовтiң әйелi мен қызын депортациялауға қатысы бар Италияның iшкi iстер министрлiгiнiң аппарат жетекшiсi Джузеппе Прокаччини қызметiнен кеттi. Сенаттың алдына жауап беруге келген iшкi iстер министрi Анджелино Альфано депортация туралы тым кеш естiгенiн айтып, кiнәсiн

Кедендiк Одаққа, Еуразиялық одаққа қарсылық қаулап, қалың қауым дүрлiгiп жатқанда Астанадағы зиялы дейтiндер үн-түнсiз жатып едi. Оппозициядағы белсендiлер, ұлт патриоттары ашық қарсылық танытып, мәлiмдемелер жасап, митин­гiлер өткiзiп, билiк тарапынан қуғындауға ұшырады. Тәуелсiз басылымдар Кедендiк одақтың кесiрлi кесепаты туралы, республиканың экономикалық, саяси дербестiгiнен, тәуелсiз­дiгiнен айырылып қалу қаупi туғанын ашық әрi ашына жазып жатты.

Билiктiң ауысуы жайлы биыл ерекше көп айтылды. Бұған дейiн де сөз болған бұл тақырып. Бiрақ, биылғы абың-күбiң әңгiменiң ауаны өзгеше. Қазақстан президентi Н.Назарбаев туралы “Назарбаев.Live” деген деректi фильм түсiрiлiп, онда Назарбаевтың өзi билiктiң ауысуы жайлы сөз еткен соң жасқаншақтардың өзi “келесi кiм?” деген сұраққа бүгежектеп жауап iздей бастады.

БIР КЕЗДЕРI «КҮРIШ ФАБРИКАСЫ” АТАНҒАН АУДАННЫҢ БҮГIНI МЕН ЕРТЕҢI
Елдiң көңiлiнен шыға қоятын әкiм iлеуде бiреу. Естiп жатырмыз, әнебiр ауданның әкiмiн елi “кассир” деп атайды екен. Әкiмдiгiн қайдам, “кассирлiгi” мықты дейдi бәрi. Оның бер жағындағысы жөнiнде де жөндi пiкiр айтылмайды. Әйтеуiр, қисық пiкiрден сауы сирек. Әңгiменi әкiмдерден бастауымыздың себебi мынада

Жетiсудың XIX ғасырдағы саяси тарихында, сонан кейiн жалпы, қазақтың әдебиетi мен мәдениетiнде өшпес iз қалдырған тұлғалардың бiрi, сөз жоқ, Абылай ханның ұрпағы – Тезек төре. Осы ардақты, атақты бабамызды кеңестiк қызыл саясаттың арқасында “елдi қанаған зорлықшыл адам” ретiнде “танып” келге­нiмiз де – өмiрдiң ащы шындығы.

Аты аңызға айналға Ақпан батыр жайлы мағлұмат-деректердiң жұрт аузында егжей-тегжейлi айтыла бастауы бертiнгi күндердiң үлесiнде. Әйтпесе, Қаракесектен шыққан әулие, батыр, көрiпкел Ақпан Құланшыұлының мүрдесiн бiреулер Шымкент жақта, бiреу­лер Түркiстанда деп түрлi долбарлар жасап келген. Сөйтсе

“ҚЫМЫЗДЫҢ ҚАДIРIН ҚАЗАҚТАН БАСҚА КIМ БIЛЕДI?!” ДЕСЕҢIЗ, ҚАТТЫ ҚАТЕЛЕСЕСIЗ
Ресейдiң кәсiпкерi Сергей Веремеенко Тверь облысындағы “Верхняя Троица” деген өзiнiң иелiгiндегi жерде 700-ден астам бие байлап, сауғызып жатыр. Ол бұл қымызды Еуропа елдерiне шығармақ. С.Веремеенко өзiнiң осы жобасын iске асыру үшiн әуелi профессор Елена Гладковамен ақылдасады.

“Жазыла-жазыла қожа-молдалардан ұят болды” деген екен баяғыда бiр қу тiлдi адам ауырып жатып. Сол сияқты, осы бiр әңгiменi қозғай-қозғай оқырмандардан да ұят болды. Айтпасаң тағы болмайды. Қай қаланы аралап келе жатсаң да, көше атауларының, көшедегi жарнама, маңдайшалардың қазақша болғанын қалайсың.

Қазалы ауданында тұрамын. Той басқарып, ән айтатын өнерiмiз бар. Бала-шағаның несiбесi шығар, осы өнерiмiздi кәсiп етiп, күн көрiп жүр едiк. Осы жылдың сәуiр айында Қазалы қаласындағы “Дәурен” тойханасында кезектi той басқарып, ән айтуға келгенмiн. Музыкалық аппаратымызды орнатып, жұмысымызды бастағалы жатқанбыз, сол сәтте

Жазылған жайға жауап келдi
“Жас Алаш” газетiнiң 2013 жылғы маусымдағы №50 санында жарияланған “Обал-сауапқа бөлiм басшылары да жауапты” атты мақалаға байланысты төмендегi жайттарды баяндаймыз. Биылғы жылы ҰБТ қорытындысында Жаңақорған ауданының орташа балы – 70,3 балды құрады. Яғни, өткен жылмен салыстырғанда балдық көрсеткiш 12,1 пайызға артты.

Ислам дiнiнiң бөлшектенiп бара жатқаны белгiлi. Сондықтан дiнiмiздi бiр жүйеге келтiрге­нiмiз дұрыс. Аллаға құлшылық әртүрлi бағытта және әртүрлi болып бөлшектенiп барады. Намаз орындаулары да әртүрлi. Ал мұның себебi бiреу-ақ. Ол – белгi­лi бiр бағытта бiлiм алмағанның салдары.

1954 жылы тың игеру кезiнде қазақ мектептерi бiртiндеп жабыла бастады. Салт-дәстүрiмiз, әдет-ғұрпымыз, ұлттық құндылықтарымыздан айырылу осы жылдан басталады. Халқымыз орыстануға бет бұрды. 1954 жылдан 1991 жылы егемендiк алғанға дейiн, яғни 37 жыл барлық iс-шаралар орыс тiлiнде жүргiзiлдi.

...Балалар ғана емес, ана атанған мен де жетiмдiк көрiп жүрмiн. Тұңғышым ата-енемде қалған. Балалардың әкесi басқа жанға үйлендi. Иә, мен де қарап қалмадым, тұрмыс құрдым. “Бақыттысың ба?” деп сұрар жан болса, жан дүниемнен бiр ыстық жас ытқып шығары анық. Пайғамбар жасына келгенде әже атана алмай, өмiрiм өтiп жатыр.

Алдағы тамыз айында ауыл өмiрiнде өзгерiстер болмақшы. Ауылдарды ендi жаңа сайланған “нью әкiмдер” басқарады. Тағайындалған әкiмдердiң талайын көрдiк. Әкiм деген дардай аты болмаса, жаны бар қуыршақ дерсiз. Байғұстардың аудан мен ауыл арасында шапқылаумен-ақ күндерi өттi.

Жәмәли Диханұлының есiмi аталғанда алдымен көз алдыңа “Қара жорға” биi келедi. Бұл бидiң елiмiзде кеңiнен қанат жаюына септесiп жүргендердiң бiрi – осы кiсi. Одан бұрын бұл адамның өзгеше қыры бар. Ол өзi айтқандай “таң-тамаша өнерi”. Жәмәли жуандығы жас баланың бiлегiндей сом темiрдi шұрқылтайына (өндiршегiне) тiреп тұрып, иiп бередi. Жүзi лыпып тұрған қалың пышақты шарыққа жанып алады да, жүзiн жоғары қаратып, соның үстiнен табанымен басып жүредi.

ҚАРАЖАТ ТҮГЕСIЛСЕ...
Оралдық “Ақжайық” футбол клубының бас директоры Рашит Хуснутдинов қызметiнен кеттi. Қаржылық қиындықтарға байланысты клубтың қарызы кемерiнен асып, футболшылар бiрнеше ай табан ақы, маңдай терiнiң өтеуiн ала алмай, тiптi кейбiрi басқа клубқа ауысып кеткен болатын. Дағдарыс жаналқымнан алғанда, алдымен “
Қай қайсысымыз өз жолымызды – өмiрлiк iсiмiздi iздеп жүрiп, оның мағынасы неде, оған қалай жетуге болады деп толғанамыз. Осы кезде ең қиыны – “мен өзi ненi қалаймын?” деген сұраққа жауап беру және “өмiрлiк iсiң” бола алатын нақты бiр бағытты анықтау.