1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №57 (15827) 23 шілде, сейсенбі 2013

Моловодное базары қазiр малға лық толыпты. Бiр қызығы, алушыдан сатушы көп. Берiсi Шелек, арысы Нарынқол мен Жаркенттен мал әкелгендер. Қатар-қатар сап түзеген жүк көлiктерiнiң арасында саудаласқан ел. Бiрақ малдың құны жоқ. Мысалы, iсек қойдың бағасы 20 мыңның маңы. Одан жоғары көтерсе, өтпейдi. Өйткенi алушының денi – алыпсатар. Жанын жеп жүрiп мал өсiрген қыр қазағын жаңағыдай сөзбен қажайтындар да – солар.

Алатаудың арғы жағындағы айыр қалпақты ағайындар су жайын сөз етсе, әулиеаталықтардың жүрегi зу ете қалатын болды. Ендi ше, екi жыл бұрын “Қырғыздар Тараз қаласы iргесiндегi “Киров” су қоймасын жармақшы” деп көне шаһар тұрғындары абыр-сабыр болған едi.

ҚАЗАҚ ҮКIМЕТI ТУЫЛҒАН ӘР БАЛАНЫҢ ЕСЕПШОТЫНА 300 МЫҢ ТЕҢГЕ САЛУҒА ҚҰЛЫҚТЫ ЕМЕС
Үкiмет басшысы Серiк Ахметов мәжiлiсшi Жұматай Әлиевтiң елдегi демографиялық ахуалды жақсарту туралы депутаттық сауалына жауап бердi. Естерiңiзге сала кетейiк, бұдан бұрын мәжiлiсшi Әлиев премьер Ахметовке әрбiр туылған балаға 300 мың теңге көлемiнде жәрдемақы төлеу қажеттiгiн алға тартып, сұрақ тастаған
Шалабаеваның депортациясынан шу шыққанына қарамастан, Италияның iшкi iстер министрi Анджелино Альфано қызметiн сақтап қалды. Жұма күнi вице-премьер әрi министр Альфаноның отставкасын дауысқа салған Италия сенаты Альфано қызметiнде қалуы тиiс деп ұйғарды. 226 сенат депутаты Альфаноны қолдап дауыс бердi, 55-i қарсы шықты. Италия премьер-министрi
ТҮРМЕДЕН ЖОЛДАНҒАН ХАТ
2011 жылы қаржы полициясының айыпта­уымен тұтқындалған халықаралық терроризм мәселелерi жөнiндегi тәуелсiз сарапшы Әдiл Мұқашевтың президентке жазған хаты жақында guljan.org сайтында жарық көрдi. Сондай-ақ, онда Reuters тәрiздi белдi халықаралық ақпарат құралдарына сұхбат берiп жүрген сарапшының Ресей президентi В.Путин мен АҚШ президентi Б.Обамаға жолдаған хаттарынан үзiндi келтiрiлген.
БIР КҮНДЕ СЕГIЗ АДАМ СУҒА БАТЫП КЕТТI
Өткен аптаның демалыс күндерi Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасына сегiз адам батып кеткен. Олардың екеуiнiң денесi әлi күнге дейiн табылған жоқ. Суға кеткендердiң екеуi      8-9 жастағы балалар болса, қалғандары ересек азаматтар. Бұл туралы ақпарат таратқан Төтенше жағдайлар жөнiндегi министрлiк өкiлдерi әзiрге қайғылы жағдайдың негiзгi себептерiне нақты түсiнiктеме берген жоқ.

Осыдан екi-үш жыл бұрын облыстық мәслихаттың құрылымында бiршама өзгерiс жасалды. Жылдар бойы мәслихаттың қарамағында болып келген тексеру комиссиясын жойып, бұл құрылымды Есеп комитетiнiң қарамағына берген-дi. Бұл мәселенi ең алғаш рет сол кездегi Есеп комитетiнiң төрағасы Омархан Өксiкбаев көтерген.

Жазушы Жанат Ахмадидың “Қызай ана” романының кейбiр тұстарында бұрмалаушылыққа жол берiлген
“Жұлдыз” жорналының өткен жылғы он екiншi санында жазушы Жанат Ахмадидың “Қызай ана” романынан үзiндi жарияланыпты. Бiздiң көңiлiмiздi аударған үзiндiнiң көркемдiгi, тiл шеберлiгi сияқты талғамдар емес, ру, тайпа тарихына, тiптi, бүгiнгi болмысымызға керi әсер қалдыратын немқұрайдылылықпен, тарихи ауытқушылықпен жазылғаны болды.
Сол жылдар әлi ойымда,
Ойымда сол бiр жағалар.
Есентай судың бойында,
Есентай дейтiн бала бар.
Есентай деген баланың,
Есiнен кетпес қыз бар-ды.
Тылсым сырын ұғынсақ
Береке Сейiтжаппар 1985 жылы 28 шiлдеде Оңтүстiк Қазақстан облысының Отырар ауданы Арыс ауылында дүниеге келген. Түркiстан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы Қазақ-түрiк университетiнiң түлегi. 2007жылы Отан алдындағы азаматтық әскери борышын өтеп, аудандық “Отырар алқабы” газетiнде фототiлшi болып жұмысқа орналасты.
“Тревел фото” – саяхаттағы фото
“Тревел фото” – саяхат сәттерiндегi, қалалардың жалпы көрiнiстерi, ерекше ғимараттар, мәдени кешендер, тарихи ескерткiштер және де әсем сұлу табиғаттардың, жануарлардың, ерекше ұлттық салт-дәстүрлердi фотоға түсiру амалдарын түсiндiру, көрсету. Фотогра­фия­ның пейзаж, архитектуралық және де басқа жанрларын сәттi пайдалану.
Фотобайқау!
2013 жыл – “Экологиялық мәдениет және Қоршаған ортаны қорғау жылы”. Осыған орай “Қазгидромет” РМК “Табиғат – тал бесiк” атты фотокөрме-конкурс жариялады. Фотокөрме-конкурс 2013 жылы 5 маусым күнi бастау алып, 10 тамыз күнi қорытындысы шығарылады. Фотокөрменiң салтанатты ашылуы 2013 жылдың қазан айына белгiленiп отыр.

Ербол Сатпайұлы 1994 жылы Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Күреңбел ауылында дүниеге келген. Мектеп қабырғасында жүрген уақыттан бастап қолына фотоаппарат алып, әртүрлi iс-шараларды суретке түсiрiп жүрген. Артынан қызығушылығы артып, iзденудiң арқасында ауылдық, аудандық тапсырыстар бойынша суретке түсiрудi кәсiпке айналдыра бастаған.

Биылғы жыл басталғалы маңызды жарыстардың бiрi саналған Азия чемпионаты да артта қалды. Тәубе дейiк, боксшыларымыз ел сенiмiн, бапкерлер үмiтiн асыра орындады. Тәуелсiздiк алған уақыт iшiнде боксшыларымыз құрлық бiрiншiлiгiнде дәл осындай толайым табысқа жетпегенiн ескерсек, жiгiттердiң орасан шаруа атқарғанын аңғарамыз.

Өткен аптада футболдан ел чемпионатының 20-тур ойындары өттi. Қарағандылық “Шахтер” өз алаңында шымкенттiк “Ордабасы” клубын қабылдап, 1:3 есебiмен жол бердi. Юнузович 3-минутта-ақ есеп ашып, алаң иелерiнiң қорғанысын сетiнетсе, Карпович 71-минутта нәтиженi еселедi. Арури 88-минутта үшiншi голды тоғытты. Кеншiлердiң сапынан 90-минутта Габышев қана гол соқты. 
ӨЗГЕГЕ ҚЫМБАТ, ӨЗIНЕ АРЗАН
ФИФА келесi жылы Бразилияда өтетiн әлем чемпионатының билеттерi сатылымға шыққанын мәлiмдедi. Егер әлем бiрiншiлiгiн тамашалағыңыз келсе, ең арзан билеттi 90 долларға сатып аласыз. Мұндай билетпен тек топтық кезеңдегi ойындарды тамашалауға болады. Ал финалдық ойынға кiру құны 440-990 доллар аралығында болады.
ЕЛУ ЖЫЛ АЛЯСКАДА ТҰРЫП КЕЛГЕН
Люси Джонсон бұдан елу жыл бұрын аяқ астынан жоғалып кеттi. Неге екенi белгiсiз, күйеуi Марвин әйелiнiң жо­ғал­ғанын төрт жылдан кейiн ғана полицияға хабарлаған. Әрине, полиция қызметкер­лерi Люсидiң iз-түзсiз жоғал­ғанын күйеуiнен көредi. Сөйтiп, Марвиндi тергеуге алады. “Әйелiн өлтiрiп, көмiп тастаған” деген күдiкпен олар тұрған үйiнiң жан-жағын қазады.