1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №58 (15828) 25 шілде, бейсенбі 2013
ӘЛДЕ Ә.ЖАҚСЫБЕКОВ ТҮС КӨРГЕН БЕ?
ҚР Қорғаныс министрлiгi қалалар­ға әуеден шабуыл жасаудың әдiсiн үйренуге арнайы жоспар құрды. Бұл туралы EurasiaNet басылымы хабарлады. Қазақстанның Қорғаныс министрлiгi неден қауiптенедi? Әскери әуе күштерi бұл әдiстi қашан, қандай жағдайда қолданбақ? EurasiaNet басылымының жазуынша, министрлiк арнайы конференция ұйымдастырып, әскери шиеленiс кезiнде қалаларға әуеден қалай шабуыл жасалатынын шетелдерде үйренудi мамандарға тапсырған. Әскери сарапшылар арнайы қарулардың қаншалықты техникалық мүмкiншiлiгi бар екенiн таразыға салмақ. Арнайы анықтамалыққа қарасақ, бүгiнде “Әскери-әуе күштерi мемлекет­тiң Қарулы Күштерi­нiң құрамдас бөлiгiне айналған.
Сейсенбiде үкiметтiң селекторлық кеңесiнде Қызылорда облысы әкiмi Қырымбек Көшербаев бүй дедi: – “Протон” құлағалы үш апта өттi. Ешқандай  орталық атқарушы органның бiр өкiлi Байқоңырға келген жоқ. Ал әлеуметтiк және экологиялық мәселелер қордаланып қалды. Оны тез арада шешу қажет. Үкiмет үйiндегiлерге айтылған уәжге Серiк Ахметов те үндей алмады.
Батыс Қазақстан облысындағы әкiм мен кәсiпкер арасындағы текетiрес ушығып, iс насырға шабатын түрi бар. Облыс әкiмi Нұрлан Ноғаевтың қызметiнен кетудi талап еткен “KSS building” ЖШС-нiң директоры Барлық Меңдiғазиев қамауға алынды. Шiлденiң 12-сi күнi Алматыда баспасөз жиы­нын өткiзген кәсiп­кер Б.Меңдiғазиев өзiне облыс әкiмi

Астана Мұхтар Әблязовтiң әйелi мен қызын Италияға қайтара алатынын мәлiмдедi. Бiрақ мұндай жағдайда Италия билiгi Алма Шалабаеваны өз елiнде сотқа тартатынына кепiлдiк беруi керек. Итальяндық Corriere della Sera газетi Қазақстан үкiметiнiң жауаптарын жариялады. Десек те Әблязов пен Ақорданың текетiресiне нүкте қойылған жоқ, екi жақтың жекпе-жегi шиеленiсе түстi.

ӘКIМ САЙЛАУЫНДА ДА СОЛ БАЯҒЫ СЦЕНАРИЙ, СОЛ БАЯҒЫ ТӘСIЛ
Билiктегiлер әкiмдердi сайлаудың тиiмдi тетiгiн табуға 14 жылдан берi бас қатырып келедi. Әлi табыла қойған жоқ. Тамызда өтетiн жаңа әкiм сайлау, дәлiрегi кезектi науқанның өкiметке де, халыққа да тиетiн шарапаты шамалы. Естерiңiзде болса, мемлекет басшысы желтоқсанда халыққа арнаған жолдауында бұл сайлау ауылдағы басқару сапасын арттыруға мүмкiндiк бередi деген.

“Жүрген жерiне шөп шықпайтын” адамдар болады. Серiк Әбiжановтың тындырған түгi жоқ. Оның Ұлытау ауданына әкiм болған жолдасы Әнуар Омаровтың бiздiң қалашыққа жетектеп алып келгенiне үш жылға жуықтады. Бiрақ ол онсыз да әбден жүдеп тұрған Жездiнi жетiстiрмедi.

МИНИСТРЛIК ДИПЛОМЫ ЖАРАМСЫЗ БIРЖЫЛДЫҚ МАГИСТРАНТТАРДЫ НЕ ҮШIН ДАЙЫНДАДЫ?
2009 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетi журналистика факультетiнiң бакалаврын қызыл дипломмен бiтiрген соң, осы факультеттiң магистратура бөлiмiне тапсырған студенттердiң бiрiмiн. Байқаудың екi емтиханынан жоғары балл жинап, магистратураға мемлекеттiк грант негiзiнде түстiм.

Қостанай облысын бетке алып шыққан сапарымызда жол жағалай созылған биылғы егiннiң шығымын көрiп, iштей тәубе деген едiк. Астананың батысындағы Астарханка кентiнен бастап, сонау Арқалыққа дейiн созылған егiстiк алқаптар көз қуантады. Жайлап аққан Есiлдi жағалай қоныстанған ел, белуардан келетiн көкорай шалғын, шоқ-шоқ тоғай, арасында жалғыз тал арам шөбi байқалмайтын бидайлы алқаптар

Металлургтер мен мұнайшылар мекенiн салыстыруға құмарлар қатты қателесiп жүр. Қатердiң бетiн аулақ қылып құдай сақтасын, алда-жалда қысым-қиянат Жезқазғанда да қайталанатын күн туса, онда олар Жаңаөзенмен жылап көрiсер. Ал бүгiнде Жезқазғанда жетiс­кен жағдай жоқ. “Келiп түскен ақпаратты талдау көр­сеткендей, Жезқазған қаласының қоғамдық-саяси ахуалы алаңдаушылық тудырады

Рахмангулов Еркен Жунусовичтiң (жеке куәлiгi бойынша аты-жөнi) бiр Қазақстан ғана емес, аты бүкiл әлемге белгiлi көмiр шығаратын Қазақстан және Ресейдiң бiрлескен кәсiпорыны – “Богатырь Көмiр” ЖШС-ның жеке құрам және әлеуметтiк мәселелер бойынша директоры болып тағайындалғанына бес жылдан асты.

1990 жылы Тiл туралы заң, мемлекеттiк бағдарлама қабылданғаны мәлiм. Республикалық «Қазақ тiлi» қоғамы (осылай атауды Заманбек Нұрқадiлов ұсынған) шаңырақ көтерiп, облыс, аудандарда, қалаларда оның отаулары тiгiлдi. Айта отыру мiндет, Павлодар облысының сол кездегi әкiмi Ғалымжан Жақиянов “Алтын тiл” бағдарламасын жасап

Алматы қалалық сотында “Қорғас iсiне” қатысты қылмысты деп танылған топтың апелляциялық шағымы қаралды. Бұлардың арасында тәуелсiз Қазақстандағы құқық мекте­бiнiң атасы Салық Зимановтың ұлы Мұхтар Зиманов та бар-тын.

ПАВЛОДАР МЕН АСТАНАНЫҢ АРАСЫНДАҒЫ ЖОЛДЫҢ ҚАЗIРГI КҮЙI
“Ресей елiнде екi қасiрет бар, олар – ақымақтар мен жолдар” деген сөз сонау Петр патшаның заманынан қалыпты-мыс деседi. Қазiр Қазақстандағы автокөлiк жолдарымен жүрiп келе жатып, көршiлес орыс елiнiң осы бiр мәтелi есiмiзге ерiксiз түседi.
ҚР Iшкi Iстер министрi Қ.Н.Қасымов мырзаның назарына
Менiң ұлым Жалғас Тулеев 2007-08 оқу жылын жақсы аяқтап, өз күшiмен, ешбiр кө­мексiз, тамыр-таныссыз Қарағанды қаласындағы Iшкi iстер министрлiгiнiң Б.Бейсенов атындағы заң академиясына оқуға түстi. Ал 3-курсқа келгенде, яғни 2010 жылғы 7 мамыр күнi жала жабылып, “сыра iшкен, ауладан шығып кеткен” деген сылтаумен оқудан шығарылды.
Бiздер, “Самал” (бұрынғы “Ардагер”) пансионатында емделiп жатқан бiр топ көрермендер, “Қазақстан” телеарнасынан 13 шiлде күнi 12:05-те берiлген Ахан Әбдуалиевтiң “Телқоңыр” хабарын көрiп, қатты ренжiдiк. Сол ренiшiмiздi басайық деп және ел-жұртпен пiкiр бөлiсейiк деп осы мақаламызды сiздерге жолдап отырмыз. “Жас Алашта” 21 желтоқсан күнi (2010 жылы) халық ағарту iсiнiң үздiгi, белгiлi қаламгер Тұрсынбек Ешенқұловтың “Ақ­қу” Нұрғисанiкi ме, әлде Бай­жiгiттiкi ме?”

Осы тендер дегенiңiз неге былайғы жұртқа белгiлi бiр адамдардың бас пайдасы үшiн ойлап табылған жұмбақ зат iспеттес елестейдi? Мұны өз басымнан өткiзiп отырғаннан кейiн айтып отырмын. Мысалы, мен 1996 жылдан берi Жамбыл ауданы аумағында ауылшаруашылығы өнiмдерiн өндiру кәсi­бiмен

Бүкiл мұсылман жұрты үшiн ең ұлық ай боп есептелетiн рамазанның басталғанына да бiрнеше күн өттi. Рамазан болса – ораза айы. Ал оразаның не екенi, оның қайдан пайда болып, нендей себепке байланысты шыққаны мұсылмандыққа бет бұрған кез келген адамға белгiлi. Оған қоса, тек бұл айда ғана орындалатын дiни рәсiмдердiң барлығы

Жақында Қапшағай қаласында Ескендiр Хасан­ғалиев­тiң ұйымдастыруымен “Бiз бәрiмiз бiргемiз, кемсiтудi бiлмеймiз” атты сайыс өттi. Қанша мүм­кiншiлiктерi шектеулi болса да, олардың өнерлерi таңдай қақтырады. Өмiрге деген талпыныстары өте ерекше.

Жуырда “Жас Алаш” газе­тiнде тыл ардагерi Мақсат Ораз­ұлының “Пара алудың автоматтандырылған жолы” деген мақаласын оқыған едiм. Елiмiзде сыбайлас жемқорлық, парақорлық дендеп, жегi құрттай үңгiп бара жатқаны рас қой. Менiңше, қазiр пара алмайтын адам жоқ. Еден жууға орналассаң да ақша бересiң. Ол өтiрiк емес.
Адамның мiнiн көру – оңай, оның мiнiн бетiне басып айту – қиын. Ал оның мiнезiне айналған мiнiн түзеу – ақырет. Адам ақиқатты тауып тұрып, оны iздеуiн тоқтатпайды. Айдай ақиқатты iздеген адамның жасампаздығы мен оны жаратып тұрып, осынау қасиеттi сезiмдi сыйлаған жаратушының ұлылығы осында емес пе?!
Тұлға
Ұлы парсы ақыны және философы, сопы Жалаладдин Руми 1207 жылы қазiргi Ауғанстанның солтүстiгiндегi Балх қаласында дүниеге келдi. Ж.Румидiң ба­ға жетпес рухани үле­сiн жете таныған ЮНЕСКО ұлы ақынның 800 жылдығына  орай 2007 жылды Халықаралық Руми жылы деп жариялады.
Қазақтың атақты ғалымы, белгiлi ағартушы, саяхатшы Шоқан Уәлиханов Жетiсуда, әйгiлi Тезек төренiң аулында қайтыс болады. Тезек төре бұл қазаны сонау Көкшетаудағы Шыңғыс сұлтанға елдiң басты адамдары арқылы естiртедi. Тезектiң бұйыруымен Жетiсудан барған билер алдымен Атығай Келдiбек би мен Әлiбек батырға келiп, одан әрi көп нөкер ертiп Шыңғыс сұлтанның үйiне келiп түседi. Келсе, сұлтан iштей сескенiп отыр екен. Келдiбек би ойлы пiшiнмен жадырай сөйлеп:
КЕНШIЛЕР ТҰТАТҚАН ҰШҚЫН АЛАУЛАСА...
Футболдан УЕФА Чемпиондар лигасының iрiктеу раундын ел чемпионы қарағандылық “Шахтер” тәуiр бастап, көпшiлiк сенбеген нәтижеге қол жеткiздi. Еурокубоктық ойындардың биылғы iрiктеуiнiң жеребесi тартылғанда “Шахтердiң” беларусьтiң атақты клубына түскенде көбiнiң iшi қылп ете қалған
Кеше Алматыдағы Қазақтың спорт және туризм академиясында ауқымды жиын өттi. Шараға мұрындық болған елiмiздiң студенттiк спорт федерациясының президентi Қайрат Закарьянов алдымен Қазан қаласында өткен бүкiләлемдiк универсиа­даға тоқталды. Жетiстiктердi жiпке тiзiп айтып шықты. 3 алтын, 11 күмiс, 18 қола жүлде иеленген елiмiздiң студенттерi 162 мемлекеттен   қатынасқан 9000 спорт­шы арасында жоғары көр­сеткiшке қол жеткiзгенiн баса айт­ты.
СЫЙҒА – СИЫР
Теннистен Швейцарияның Гштаад қаласында басталған Suisse Open халықаралық турнирiнде әйгiлi теннисшi Роджер Федерерге жерлестерi тiрi сиыр сыйлады. Дезири деп аталатын сауын сиырды ұйымдастырушылар турнирдiң ашылу салтанатында кордқа жетектеп шығып, тен­нисшiге тарту еттi.