1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №59 (15829) 30 шілде, сейсенбі 2013
“Денсаулық сақтау министрi Салидат Қайырбекова қызметiнен кетсiн!”. “Ұлағатты жанұя” қоғамдық қорының төрайымы Марина Гуринаның пiкiрiнше, Астанадағы Ана мен бала ұлттық орталығында отыздан астам бүлдiршiн С гепатит вирусын жұқтырғаны анықталып отырған сәтте Қайырбекованың министр қызметiнде отыруға құқы жоқ. Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылының тұрғыны жалғызбасты ана Роза Келдiбаева тұңғышы 14 жастағы Таңшолпанның дертiне шипа iздеп Астанадағы Ана мен бала орталығына келген болатын. Бiрақ “аққан” ауруына шалдыққан қаршадай қыздың дертiне дерт жабысатынын кiм бiлген? Ақпан айында лейкемия, яғни “аққан” ауруымен түскен науқастың мамыр айында С гепатитi ауруының жұққаны мәлiм болды...

Ресейдiң рублi бұлталақтап, теңгенi тербетiп жiберген уақытта мүлгiген тыныштықта жатқан Ұлттық банк ақыры үн қатты. Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 153 теңгеден асып түскенде үрей билеген халық айырбастау пунктерiне ағылды. Оның үстiне әлеуметтiк желiлерде “шұғыл девальвация болып, доллардың құны 200 теңгеге жетедi” деген әңгiме гуледi.

28 шiлде күнi кешкi сағат 18:05-те “Алматы-2” темiржол вокзалында Алматы – Павлодар және Алматы – Новосiбiр пойыздары соқтығысып қалды. Бұдан бас-аяғы 50 адам зардап шегiп, 5 адам ауруханаға жеткiзiлдi. Семиреченск транспорт прокуратурасы прокурорының орынбасары Дархан Қапастың айтуынша

Қозғалтқыш көлемi үш литрден артық көлiктерге салынатын салықтың да көлемiн арттыру керек. Осындай жаңа заң жобасын ұсынған шенеунiктерге қазақстандық жүргiзушiлердiң көпшiлiгi наразылығын бiлдiруде. Таяуда ғана интернет желiлерiнде двигатель көлемi 3 литрден жоғары көлiктерге төленетiн салықтың да көбейетiнi туралы ақпарат тарады.

Батысқазақстандық әкiм мен кәсiпкердiң арасында туындаған дау балалар үйiнiң тәрбиеленушiлерiне де кесiрiн тигiзе жаздады. (Өткен нөмiрлерiмiзде кәсiпкер Б.Меңдiғазиев пен облыс әкiмi Н.Ноғаевтың арасындағы текетiрестiң шығу себебiн егжей-тегжейлi жазғанбыз).

“Қазақстанда тұрып көп кәрiстiң бiрi емес, “Қазақмыстың” қожайынын бiлмейтiн өзiң кiмсiң?” деп отырған шығарсыз. Бiлгенде қандай! Бiрақ бiз бiлетiн Владимир Сергеевич шынайы бет-бейнесiн кейiнгi кезде ғана көрсете бастағандай. Биылғы көктем “Қазақмысқа” қолайсыз келдi. Қор биржасы қосынында азуын айға бiлеген ағылшындар оны алғашқы жүздiктi ай­қындайтын “FTSE-100” ин­дексiнен ығыстырып

Iссапармен жүрiп қай өңiрге ат басын бұрсақ та, алдымыздан бiр даулы мәселе шыға келедi. Және қай жерде де, өзiнiң заңды құқығы аяққа тапталып қалған жергiлiктi ұлт өкiлдерi – қазақтар екенiн тағы жасыруға болмайды. Шынын айт­сақ, бұлар өз елдерiнде емес, дәл бiр басқа мемлекетте өмiр сүрiп жүрген диас­пора өкiлдерi секiлдi.

НАЗАРБАЕВ КЭМЕРОНМЕН БIР АЙДА ЕКI РЕТ КЕЗДЕСТI
Ұлыбританияның премьер-министрi Дэвид Кэмерон Астана мен Атырауға ресми сапармен келгенiне бiр ай өт­пес­тен, Қазақстан президентi Нұрсұл­тан Назарбаев отбасымен бiрге Лондонға барып, Кэмеронмен тағы кез­дестi. Бұл жолы Даунинг-стритте.
Биылғы жылы Балқаш метал­лург­терi мен кен байытушылары осы саладағы торқалы мерейтойды атап өтуде. Осыдан 75 жыл бұ­рын Балқаштың алғашқы қара мысы өндiрiл­ген болатын. 1928 жылы ленинградтық геолог Михаил Русаков жүр­гiзген экспедиция нәтиже­сiнде Қоңы­рат төбелерiнде мыс кенiнiң мол қоры бар екенi анықталды.
ҚР Мәжiлiсiнiң бiр топ депуттаты Кенесары бабамыздың басын Қазақстанға қайтару туралы мәселе көтергеннен кейiн, Кенесарының басын iздейтiн топ басшысының қандай болуы керектiгi туралы “Жас Алаш” газетiне, артынан Абай.kz порталына мақала жариялаған болатынмын. Мақаладағы ұсыныстарды то­лық қолдаған көптеген пiкiр­лер айтылды. Оған әрине, қуанамыз.

Естерiңiзде болса, өткен нөмiрлердiң бiрiнде “Школьнаядағы” әкiм мен мәдениеттiң басшысы мемлекеттiк тiлдi менсiнбей ме?” (№44, 11.06. 2013 ж.) деген мақала жарияланды. Онда қос шенеунiктiң мемлекеттiк тiлге көзқарасы мен әдеп-ибасы сөз етiлдi. Одан берiде мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң Қызылорда облысы бойынша департаментi

Биыл жаз шығысымен Шымкенттiң көшелерiнде неше түрлi сыра өнiмдерiн жарнамалаған бильбордтар тағы да сапқа тұрып, жарыса жамырады. Шiлiңгiр шiлденiң аспан айналып жерге түскендей аптабы апшыны қуырған сайын көпiршiген салқын сусынды “iш-iштiң” астына алған шақырулар тiптi жауыннан кейiнгi саңырауқұлақтай қаулап кеттi.

Ораза – тек ашығу мен шөлдеу деген сөз емес. Бiр жануарды, немесе сенбейтiн адамды бiр бөлмеге қамап, ас-сусыз қалдырумен оған ораза ұстатқызған болмаймыз. Оразаның сабыр, шүкiр, нәпсi тәр­биесi сияқты басқа ғи­бадаттармен байланысы бар. Осы себептен Хадис шәрифте “Әр нәрсенiң есiгi бар, ал ғибадаттардың есiгi – ораза” делiнген (Ибн Мүбәрәк).

ТӨРТ ОҚ ТИГЕН ҰЛЫМДЫ “ӨЗIН-ӨЗI АТЫП ӨЛТIРДI” ДЕГIСI КЕЛЕ МЕ?
2012 жылдың желтоқсан айының соңында қандықол қарақшының қолынан ұлым Елдос Нұрқабаев опат болды. “Балаң өлдi” деген қаралы хабарды 2 қаңтар күнi естiдiм. Естiдiм де, есiмнен тандым...  Ұлым Елдос Алматы облысының Райымбек ауданындағы Қақпақ ауылының тұрғыны, малшы Башпан Шынәдiловке көмекшi болып жүрген.

“Жас Алаштың” өткен айдағы нөмiр­лерiнiң бiрiндегi “Алдаспан” қосымшасында (18 маусым, №47) “Қанiшер құқық қорғаушы” деген тақырыппен мақалам жарияланды. Жанайқайымды халық назарына жеткiзгенi үшiн “жасалаштықтарға” ал­ғысым шексiз. Ешкiмнiң отбасына мұндай қайғы-қасiрет бермесiн, қанiшер Алтынбек Жұмабеков сияқтылардың арам ниетiнен

2010 жылдың 22 желтоқсанынан 23-iне қараған түнi Ақтау қаласында Маңғыстау облыстық IIД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының аға лейтенанты Әдiлет Алшынбайұлын қарақшылар ұрып өлтiрдi. Дәлiрегiнде, ҰҚК-нiң аға лейтенанттары Р.Бердалиев пен С.Сабалақов, бұрынғы учаскелiк инспектор

Егер Ә.Қастеевтiң қызы Гүлдария Қастеева шу көтермегенде, атақты суретшi­мiздiң бүкiл суретi қолды болғандай екен. Ендi бәрiн басынан бастайықшы. Г.Қас­теева әкесi туралы деректi фильм түсiрмек болып, Орталық мемлекеттiк мұрағатқа барып Ә.Қастеевтiң бiрсыпы­ра картинасын бере тұруды сұрайды. Сөйтсе, Әбiлхан Қастеевтiң 20-ға жуық картинасы ұшты-күйлi жоқ. Басшы да бiлмейдi, қосшы да бiлмейдi.

Әскер дегенде ойымызға бiрден оралатыны – кәмлеттiк жас­қа ендi толған, бала мұрты жаңа шыққан бозбаланың бiр жылдық өмiрiн азапқа айналдыратын әлiмжеттiк. Мұны да көпшiлiк “кеңес дәуiрiнен қалған дәстүр, бiр кездегi “штрафбаттың” мұрасы” деп жатады. Ендi бiреулер, керiсiнше, кеңестiк армиядағы әлiмжеттiк бүгiнгi әскердегi жүгенсiздiктiң жанында айнала­йын екенiн айтады.

Қазақ даласын қан кешiп жүрiп қорғаған ұлы бабалардың рухына арнаймын!
Құмаршық, құмбетеге, құралайгүл,
Жан қалқам жан жарамды сұрамай жүр.
Қайыпқа ән салдырған бiздiң Адай,
“Аһ” ұрып ат жалынан құламай жүр.
ПУТИН ҚАНША КЕЛI ШОРТАН ҰСТАДЫ?
Жақында Ресей президентiнiң Тувада балық аулап жүрген суретi жарияланды. Алайда оның 21 келiлiк шортан ұстағанына, тiптi балық аулауға барғанына сен­бейтiндер табылды. Кәсiпқой балықшылардың бiрi Фейсбуктегi парақ­шасына былай деп жазды: “Суреттегi шортан әрi кетсе, 10-11 келi ғана болады. 21 келi дегенi – өтiрiк”.
38 АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ
Италияның оңтүстiгiнде болған жол-көлiк апатынан кемiнде 38 адам мерт болды. Жолаушылар автобусы бiрнеше автокөлiкке соғылып, биiктiгi 25 метрден асатын ылдиға құлап түстi. Оқиға Неаполь – Каноза автострадасында, Монтефорте Ирпино елдiмекенiнiң маңында болды. Автобуста барлығы 48 адам болған.

Арғыдағы тарихын қопарсаң, аңызы мен ақиқаты қатар өрiлетiн өткен ғасырлардың түпкiрiне жетелейтiн Атбасар аймағы “Жас Алаштың” бетiнен тысқары қалып келе жатқан өңiрлер­дiң бiрi едi. Атпен суыт жүрсең Көкшетаудан ара қонып жететiн жердегi Атбасар төңiрегiн кезiнде Абылай хан жайлаған екен.

Шiлденiң 25-28-i аралығында Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында кадеттер арасында грек-рим, еркiн және қыздар күресiнен Азия чемпионаты өттi. Құрлық додасында елiмiздiң жас балуандары жоғары нәтиже көр­сеттi. Моңғолияға грек-рим күресiнен балуандарды аға бапкер Серiк Жұмашев бастап барып, 2 алтын, 4 күмiс, 1 қола меда­ль олжалады.
Еркiн күрестен елiмiздiң ұлттық құрамасы АҚШ-та оқу-жаттығу жиынын өткiзiп келдi. Сол елдiң нөмiрi бiрiншi балуандарымен тiзе қосып жаттығу жасап, тәжiрибе алмасқан жiгiттер қазiр елде. Олар ендi аз күн тынығып алған соң, қыркүйек айында Венгрия астанасы Будапешт қаласында өтетiн әлем чемпионатына әзiрлiктi бастайды.
КҮНI БЕЛГIЛI
Америкалық промоутер Том Леффлер жерлесiмiз, кәсiпқой бокстан WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннiң биылғы жылы өткiзетiн жекпе-жектерiнiң күнiн жария еттi. Промоутердiң ақпары рас болса, Головкиннiң келесi кездесуi 2 қарашада АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өтедi. Одан кейiн 14 желтоқсанда Монакода жекпе-жекке шығады.