1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №60 (15830) 1 тамыз, бейсенбі 2013

Бiр ай бұрын Ресейдiң экономиканы дамыту министрi Андрей Белоусов Кедендiк одақ аясындағы барлық шекараларда ресейлiк кеденшiлердiң болуы көптеген проблемаларды шешедi деп мәлiмдеген-дi. Араға бiраз уақыт салып сол министр Қазақстан мен Қытай шекараларында ресейлiк кеденшiлердiң тұрғанын құптап, тағы ұсыныс жасады. А.Белоусовтың ресейлiк шекараларды қойып, өзге мемлекеттердiң шекараларына көз алартуы ненi бiлдiредi? Өзiнiң ұсынысын ре­сейлiк министр Қы­тай­дың көлеңкелi импортына тосқауыл болады деп түсiндiредi. Ресейде көлеңкелi импортқа қатысты проблеманың күн өткен сайын өршiп бара жат­қанын тiлге тиек еткен А.Белоу­совтың ұсынысы қабылданып, iске асса, баяғы бодандықтың қамытын қайта киетiнiмiз анық.

Путиннiң аты-жөнiн естiсе, тiрсегi дiрiлдеп қоя беретiн кейбiр мемлекет басшылары сияқты емес, Украинаның прези­дентi Виктор Янукович ер екен. Ер екен деп отырғанымыз, жақында Владимир Путиндi украиндер есекке терiс мiнгiзiп жiберген­дей еттi. Қалай дейсiз ғой?..
ҚР президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың назарына Ашық хат
Бiз төменде қол қоюшылар, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрi Нұрлан Қаппаровтың орнынан кетуiн талап етемiз. Өйткенi оған бүгiнде қоғамда қатты айыптауларға ұшырап отырған төмендегi жағдайлар себеп болып отыр. Таяуда  “Президент және халық”, “Қазақ үнi” газеттерiнде және Abai.kz порталы бастаған бiрнеше сайттарда жазылғандай, Халықаралық Зерттеушi журналистер Консорциумы (ICIJ)

Жақында “Республика” ақпараттық-талдамалы порталының редакциясына хат жолдаған оқырман елде мемлекеттiк төңкерiс дайындалып жатқанын, күзде Қазақстанды Назарбаев емес, басқа бiреу билейтiнiн жазыпты. Өзiн “Болжамшы” деп атаған оқырман бұл ақпаратты жақсы танысынан естiп-бiлiптi.

ҚАЗАҚ ҚАУЫМЫ ЕЛ ТАҒДЫРЫНА ҚАТЫСТЫ БҰЛ МӘСЕЛЕГЕ БЕЙЖАЙ ҚАРАМАУЫ ТИIС
Бiз өзi қарама-қайшылыққа толы елмiз. Бiреу тойып, екiншiсi тоңып секiрген елмiз. Ат төбе­лiндей топ “Форбс” журналының миллиардерлер тiзiмiнiң төрiн бермейтiн, ал қалың жұрт екi қолға бiр жұмыс тауып алуға шамасы келмейтiн елмiз.Қараңыз, қандай парадокс: қағаз жүзiнде 2030, керек десеңiз, 2050 жылдар­ға дейiн “даму Стратегиясын” анықтап алған Қазақстанның iс жүзiнде саяси болашағы бұлдыр.
Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының орынбасары Аманжол Алпысбаев елiмiздегi миллионнан астам тұрғынды “ұрлықшы” деп айыптады. Тұтынатын суларына есептегiш құралдарын орнатпағандар агенттiк өкiлдерi үшiн кәдiмгi ұры болып шықты. Агенттiктiң мәлiметiн­ше, ең көп “ұрлықшылар” Қостанай, Қарағанды және Оңтүстiк Қазақстан облыс­тарында тұрады.
Қозғалтқыш көлемi 3 литрден асатын авто­көлiктерге салынатын салықтың көтерiлуi “молшылыққа салынған салық” iспеттi. Бұл туралы Қаржы министрi Болат Жәмiшов мәлiмдедi.
Үкiмет ұсынған бұл заң жобасына байланысты дәл қазiр қоғамды қақ жарған екi пiкiр бар. Бiрi – отандық өнiмдi қолдап, бұл ұсыныс экономикамызды көтеруге сеп болады деп үмiттенсе, екiншiсi – бұл ортайып қалған бюджеттiң орнын

Б.Меңдiғазиев өз компаниясында салық төлеу жөнiнен “шикiлiк табылуын” және сот шешiмiмен келiспейтiнiн мәлiмдедi. Өзiнiң тұтқындалуын және компаниясының жұмысын тоқтатуын экологияға қатысты мәлiмдемесiнен кейiн жасалып отырған қысым деп санайды. Кәсiпкерлiгiне қарамастан, өзiнiң азаматтық ұстанымын ашық бiлдiрем деп

Шығыстың данагөйi: “Ақшаңнан   айырылғаның – ешнәрседен айырылмағаның, денсаулықтан айырылғаның – жартысынан айырылғаның, ал рухыңнан айы­рылғаның – бәрiнен айырылғаның” деген екен.

Төпен Әмiрбек – көрнектi сатирашы Көпен Әмiрбектiң туған iнiсi. Жүрген жерi – әзiл-оспақ, күлкi, қалжың. Т.Әмiрбек қазiр Оңтүстiк Қазақстан облысы Отырар аудандық “Отырар алқабы” газетiнiң жауапты хатшысы. Төпен Әмiрбектiң бастан кешкен қызықты оқиғалары мен әзiл-оспақтарының шет-шегi жоқ. Соның бiразын “Жас Алашқа” да ұсынуды жөн көрiп отырмыз.

Пенде атаулының мынау жалған дүниеге тойғаны бар ма?! Бәрiмiз де мәңгi өмiр сү­ретiндей, өмiр көшiнде кер­уенiмiз күйремейтiндей се­зiнемiз. Мұқағали ақын айтқандай “өмiр дегенiң бiр күндiк сәуле” екенiн де есiмiзден шығарып алып жатамыз. Бұл өмiрде дәм-тұзың таусылса, көрер жарығың түгесiлсе, бәрiн де қиып тастап кететiнiмiзге тағы бiр көзiм жеттi...

Ата-бабаларымыз мұра етiп қалдырған ұлан-ғайыр жерiмiздi Тәуелсiздiкке қолымыз жеткеннен кейiн аялап күтудiң орнына қазба-байлығымызды көрiнген “көк аттыға” таратып, ту-талақайын шығардық... 1990 жылдардың басында қарусыз мемлекетке айналамыз деп, айбарлы-ядролы қарудан да бас тарттық. Қарусыз әлжуаз мемлекеттiң қатарына енген соң, “Байқоңыр” ғарыш айлағын қоса жауып тастау керек едi.

Мен “Альянс Банктен” несие алған едiм. Мен қайтаруға тиiстi қарызды толық төледiм. Төлегенiмдi растайтын квитанция­ларым да қолымда. Түркiстан қаласындағы “Альянс Банк” бөлiмшесiне осы несиенi жабу үшiн үш рет бардым. Бiр қызығы, үш рет барғанымда да банк үстеме төлейтiнiм туралы үш түрлi сома көрсеттi

“Жас Алаштан” “Қы­мыздың қадiрiн қазақтан басқа кiм бiледi” десеңiз, қатты қателе­сесiз” (№56, 18 шiл­де, 2013 жыл) атты мақаланы оқып, өз пi­кiрiмдi бiл­дiрсем деп едiм. Тверь облысында болып көргенiм жоқ, бiрақ Ресей­дiң қай облысын алсаңыз да, шөбi шүйгiн, әсiресе, жылқы малына қолайлы. Зоотехникалық нормаға жүгiнсек

1944 жыл. Алты жастамын. Күздiң тұманды салқын ауасы жұқа киiмдi менi дiрiлдетiп барады. От жоқ, тамақ жоқ. Түнде жаққан бiраз қамыс баяғыда-ақ сөнiп, үйдiң iшi азынап тұр. Таң сыз берiп келе жатқанда: “Апа, нан” деп анамның мазасын аламын. Анам да қай оңып жатыр дейсiң, ертеңнен кешке дейiн колхоздың жұмысы қажытып, шаршап жатыр ғой. Оны ойлап жатқан мен жоқ. Маған керегi – тамақ. Анам байғұс сүйретiлiп тұрып, ошақтың iшiндегi күлдi аша бастайды. Қамыстың шоғына алақандай ғана қамырды көмiп қойыпты. Соны кимешегiнiң етегiмен ұстап, жылы күл­шенi алақаныма салды.

“Жас Алаш” газетiнде “Көпшiлiктiң көз алдында жүрген ұлыма iздеу жариялап, сотқа не көрiндi?” (№46, 13 маусым, 2013 жыл) атты мақала жарияланды. Автор Ж.Үсеновтiң мақаласындағы кейбiр жайттар шындыққа жанаспайды. Сондықтан менiң де уәждерiмдi жариялауларыңызды сұраймын.

Қарағандылық “Шахтер” футбол клубы ерлеп тұр. Виктор Кумыков баптайтын кеншiлердiң клубы УЕФА Чемпиондар лигасының үшiншi iрiктеу раундына өттi. Беларусьтiң азулы клубы саналатын “БАТЭ” ойыншыларына опық жегiзген кеншiлердiң қолдаушысы да, жанкүйерi де көп бүгiнде. Бiрақ сол жанкүйерлердiң жаны жабырқау тартып тұр. 
ИТЖЫҒЫС ТҮССЕК ТЕ – ОЛЖА
УЕФА Чемпиондар лигасының үшiншi iрiктеу раундының бiрiншi ойынын өз жерiнде өткiзген қарағандылық “Шахтер” албаниялық “Скендербеу” клубын 3:0 нәтижесiмен жеңдi. Ойын басталмастан-ақ букмекерлiк кеңсе қызмет­керлерi “Шахтердiң” жеңiс­ке жететiнiне сенiмдi екенiн байқатқан. Солай болды да. Бұл ойыннан не түйдiк?
“АТА ТЕГIҢДЕ ДУА БАР, КЕТIРЕМIЗ...”
Мәскеуде өздерiн экстра­сен­спiз деп таныстырып, алдап-арбау арқылы елдiң ақшасын ұрлаумен айналысқан бiр топ қылмыскер қолға түстi. РБК-нiң хабарлауынша, “экстрансенс­терге” барған адамдардың бәрiне бiрдей “ата тегiңде дуа бар, кетiремiз...” дейдi екен. Дуа­ны белгiлi бiр сома төлесе, кетiретiндерiн айтқан.