1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №64 (15834) 16 тамыз, жұма 2013
Көнiмпаз халықпыз ғой, бәрiне де көнiп жатырмыз, әйтеуiр. Әкiмiмiз – алаяқ, ұлығымыз – ұры, депутатымыз М.Шаханов айтпақшы, “жепутат” болып шығып жатыр. Кеше “INSIDERMAN” интернет-басылымында “Министр Жумагулов подозревается в масштабном и беспринципном пла­гиате” атты материал жарық көрдi. Автордың (А.Құдайқұлов) айтуынша, Қазақстанның Бiлiм және ғылым министрi Бақытжан Жұмағұлов өзiнiң 1997 жылы қорғаған докторлық диссертациясын түгелге жуық өзге ғалымдардың еңбектерiнен ұрлап ал­ған. Атап айтсақ, орыс ғалымдары В.Н.Мо­нахов, С.Н.Антонцев, А.Н.Коновалов, О.Б.Бочаровтың еңбекте­рiнен көшiрген. Министрдiң докторлық диссертациясына терең әрi жан-жақты сараптама жасай келiп, автор былай дейдi:
“Жас Алаштың” өткен нөмiрiнде Қытай мәселесiне қатысты талдау мақала жарияланды (“Қара қытай қаптаса...”, №63, 14 тамыз). Осы мақаладан кейiн редакциямызға хабарласып, өз пiкiрiн айтқандар көп болды. Маңғыстау облысынан телефон соққан тұрақты оқырманымыз К.Асылбек былай дейдi: “Қытай астыртын экспансиясымен жан-жағымызды қусырып, қысып барады. Билiктегi­лердiң не себептi басын құмға тыққан түйеқұс сияқты боп отырғанын түсiнетiн деймiн.

АҚШ-тың федералды соты Азамат Тәжаяқов пен Диас Қадырбаевтың iсiн қарауды бастады. Массачусетстегi Дартмут университетiнiң бұрынғы студенттерiне Бостон терактiсiн тергеу жұмыстарына кедергi келтiру мақсатымен сөз байласты, заттай ай­ғақтарды жойды деген айыптар тағылған болатын.

Аграрлық салаға қатысты Астанада өткен соңғы жиындардың бәрi “астықты қайда сыйғызамыз?” деген мәселенiң төңiрегiнде өрбуде. Өкiнiштiсi, бұл сауал қазақ билiгiн алғаш рет мазалап тұрған жоқ. Астықты елдiң адымын тұсаған екi мәселе болса, соның бiрi осы – қойма тапшылығы. Күнi кеше ғана үкiмет сағатында биылғы орақ науқанының аужайы сүзгiден өттi.
Ұлттық банктiң экс-менеджерлерi Марченко басқаратын мекеменi сотқа бердi. Олар Ұлттық банк өздерiн жұмыстан заңсыз шығарды деп есептейдi. Ұлттық банктiң орталық аппаратында қаржы тұрақтылығы жөнiндегi департаменттiң макропруденциалды реттеу басқармасының бастығы қызметiн атқарған, кейiн тәуекелдердi басқару бөлiмiнiң басшысы

Қытайдың жанар-жағармайымен елдегi бензин мәселесiн шешетiн болған үкiметтегi­лер тығырыққа тiрелген сыңайлы. Қытайға жеткiзiлуге тиiс 1,5 млн. тонна мұнай бiздегi сұранысты өтей алмайды. Ал бұл өз кезегiнде жанармай тапшылығына әкеп соғуы әбден мүмкiн.

МӘҢГIЛIК МҰЗДАҚТЫҢ ДА ЕРИТIН КЕЗI БОЛАДЫ. АДАМГЕРШIЛIК ПЕН IЗГIЛIК ЗАҢМЕН ШЕГЕЛЕНГЕН БЮРОКРАТИЯНЫ БҰЗАТЫН КҮН ДЕ ТУАР.
Магадан мен Ягодноеның арасы алты жүз шақырымға жуықтайды. Сусуманға қатынайтын ұшақпен жету уақытты ұту үшiн тиiмдi. Билет алып, әуежайға келдiк. Төрт тәулiкке жуық түнерген аспан ашылды.

Кешеден берi Әзiрбайжан Республикасының Габала қаласында түркi­тiлдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесiнiң кезектегi саммитi өтуде. Бұл жолғы саммитте көлiк саласындағы ынтымақтастық және кедендiк рәсiмдердi оңайлату мәселелерi талқылануда.

Алғаш бұл әңгiменi қара өлеңнiң қаймағын ағыз­ған ақын, жазушы Қалихан Алтынбаевтың аузынан естiген едiм. Бұл тағдырдың жазуын қойсаңызшы, сол Қалекең айтқан Хамит Тоқтамысовпен көп жыл өткен соң қайта “кездестiм”. Оған себепшi болған Семей мемлекеттiк педагогикалық институтының Манаш Қозыбаев атындағы тарих және әлеуметтiк-саяси зерттеу орталығының директоры

Кеше Астана қалалық қылмыстық iстер жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық соттың төрағасы Мейрам Жанғұтдинов “бейбiтшiлiк және келiсiм сарайы, жаңа опера және балет театры және қалалық ұлттық қауiпсiздiк департаментiн жарып, Қазақстанның лауазымды тұлғаларына қастандық жасауды жоспарлаған” лаңкестерге үкiм шығарды.

Оқу жылы қарсаңындағы ой
Республика бойынша оқушылардың бiлiм сапасын бiр мез­гiлде анықтауға мүмкiндiк бе­ретiн шаралардың бiрi – ұлттық бiрыңғай тестiлеу (ҰБТ). Мектеп сапалы бiлiм бе­р­дi немесе оқушылар сапалы бiлiм алды дегенде олардың 4 пен 5-ке оқы­ғандарының абсолют немесе салыстырмалы санын айтады.
15 тамыз – Ш.Қалдаяқовтың тұған күнi
1987 жылдың жаз мезгiлiнде Шәмшi аға бiздiң үйде аптаға жуық болды. Бiр күнi сол әдетте­гiдей ауыл-ауылды аралаған iссапардан ертелеу келiп, Күн­қияштың қою күрең шайынан соң аз-кем демалып жатқан Шәкең жастықтан басын қөтерiп алды да, оны бiр-екi бүктеп омырауына қыса түскен бойы:

Мен Қазақстанға ҚХР-дан 2008 жылдың маусым айында көшiп келген едiм. 2 ұл, 2 қызым бар. Қазiр Благодарное ауылында тұрамын. Екi қызым – тұрмыста. Бiр ұлым былтыр үйлендi, ал кiшi ұлым Алматыдағы физика пәнiнiң мектеп-интернатында оқып жүр.

Жаратқанның маңдайына жазғаны болар, Рәзия тәтейдiң жан-жары тепсе темiр үзетiн қырықтан жаңа асқан шағында мүгедек болып қалды. Сөйтiп 46 жастағы келiншектiң мойнына кәмелет жасына толмаған екi баласы мен жарымжан күйеуiнiң күтiмi қамыт болып iлiндi де қалды.

Маңғыстау облысының әкiмi А.Айдарбаев мырзаның назарына
2013 жылдың тамыз      айының 8-i күнi сағат төрттер шамасында толассыз жаңбыр салдарынан тас­қын пайда болып, Қа­рақия ауданы, Бостан аулындағы тұрғын үйлерi­мiздi су шайып кеттi. Соның кесiрiнен үйлерi­мiздiң iшiне су кiрiп, еден ағаштары жарамсыз болып қалды.

“Жас Алаш” газетiнiң шiлде айындағы 53-шi нөмiрiнде Ғаббас Қабышұлының “Тiл, тiл!” деймiз, бiрақ құрметтемеймiз” деген мақаласын оқыған соң, көңiлiмдi көптен берi мазалап жүрген ойлар бұрынғыдан да бетер бас көтерiп, осы мақаланы жазуға мәжбүр еттi.

Биылғы жылы халқымыздың көрнектi тұлғасы, ақын, этнограф, фольклоршы, философ, дiн қайраткерi және ерекше қасиетке ие болып, тiрiсiнде әулие атанған Мәшһүр-Жүсiп Көпейұлының туғанына 155 жыл толып отыр. Мәшһүрдiң соңында қалған әдеби мұрасы кейiнгi он шақты жылдың iшiнде ғана қолға алынып, түбегейлi зерттеле бастады.

Бұл өзi қызық болды, бiздiң көше қатындарының, кешiрiңiздер, әйелдерiнiң жүз шақтысы бұзық болды... Аузыма шыбын кiрсе де аңқайып, үйде теледидар көрiп отырғанмын. Бөлмеге он шақты әйел тұтқиылдан шабуылдап, баса-көктеп кiрiп келдi де, қоршап алды. Көздерiм көбелек болып ұшып кеткендей, санам су, миым бу, қолтығым қышып кеткендей, қарғып тұрдым.

2008 жылы Қытай астанасында өткен ХХIХ жазғы Олимпиада ойындарына елiмiзден 132 спортшы қатысып, 2 алтын, 4 күмiс, 7 қола жүлде олжалап, жалпыкомандалық есепте 29-сатыға орныққаны белгiлi. Осы 13 медальдiң бiрiн еркiн күрестен сынға түскен балуан Таймураз Тигиев алып берген едi.

АҚАННЫҢ ҚОЛАСЫ
Болгарияның София қаласында жасөспiрiмдер арасында күрес түрлерiнен әлем чемпионаты өтiп жатыр. Нұрым Дүйсенов баптайтын грек-рим күресiнiң шеберлерi жарысты алғаш болып бастаған. Өкiнiш­ке қарай, құрамадағы 8 балуанның iшiнде тек Ақан Баймағамбетов қана қола жүлдеге ие болды.

...Қазақ халқында жыланға байланысты талай мақал-мәтелдер бар. Соның бiреуi – “Жат­қан жыланның құйрығын баспа”. Бiздiң ата-бабаларымыз жыланның өздiгiнен ешкiмге тиiс­пейтiнiн, егер өзiң тиiссең, оның сенi аямайтынын бiлiп айтқан бұл мақалды. Егер ол ордалы жылан болса, онда өте қауiптi екенiн ескерткен.