1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №65 (15835) 20 тамыз, сейсенбі 2013

Өткен аптаның соңында Қазақстан президентi Нұрсұлтан Назарбаев Сочиге барды. Үкiметтiң жетегiндегi БАҚ “елбасы жауынгерлiк самбодан өткен халықаралық турнирдi тамашалады” деп тамақты жыртардай құрғақ хабарлады. Үкiметтiк емес басылымдардың айтатыны мүлдем басқа: “Путин мен Назарбаев мұрагер мәселесiн тағы бiр пысықтап алды…”, “Назарбаев Кремльден кеңес алып қайтты…” тағысын-тағылар

“Е-е-е, құдай-ай, буыны сыздамайтын қарт бола ма?” деп тұрған шығарсыз iшiңiзден. Ол ойыңыз дұрыс. Бiрақ бiздiң шалдiкi – жас ұлғайғанда жабысатын дерт емес. Тұмау-сұмау деуге де келмейдi. Бiр қызығы, бұл кiсi – өз дертiне өзi “диагноз” қойып берген Қазақстандағы бiрiншi адам. Әлде екiншi ме екен... Ол жағы сәл кейiнiрек, басынан бастайын... 
Қашағанның мұнайынан Қазақ­стан­ға ешқандай да пайда түспейдi. Мұндай мәлiметтi ҚазТАГ агенттiгi арқылы аталған кенiште жұмыс iстеп жатқан отандық компанияның бiрiнiң басшысы таратқан.Дерек көздiң ақпаратынша, мәселенiң бәрi шетелдiк компаниялармен жасалған келiсiмшарттардың тиiмсiздiгiмен байла­ныс­ты болса керек.

Атырау облысының бұрынғы әкiмi Бергей Рыс­қалиевтiң қарындасы Гүлжанар Рысқалиева ақ­төбе­лiк кәсiпкер Талғат Қожахметовтi тапсырыспен өлтiрдi деп айыпталуда. Биылғы көктемде Астанадан Бас прокуратура, ҰҚК, IIМ арнайы келген тергеу тобы 8 жыл бұрынғы Қожахметовтiң өлiмiн қайта тер­геудi аяқтап, 8 томдық қылмыстық iстi сотқа тапсырды

Кәсiпкер, қаржыгер, режиммен күре­су­шi Мұхтар Әблязовтiң Францияда қа­мауға алынуы қазақ қоғамындағы пiкiр қайшылығын одан бетер күшейттi. Тұт­қын­дағы экс-банкирдi Франциядан Ук­раи­наға экс­традициялау туралы мәсе­ле­нiң қозғалуы отқа май құйғандай әсер еттi.

Жаңа оқу жылы басталарда, әрбiр ата-ананың бас ауруы­на айналған жайт бар. Ол – баланы мектепке дайындау, оқу құралдарын, керек-жарақтарын сатып алу. Егер қазақстандық әрбiр отбасының кiрiс табысы жеткiлiктi болса, бұл нау­қан мұндай проблемаға айналмас па едi, кiм бiлсiн. Алайда айлығы шайлығынан артылмайтын көптеген ата-ана үшiн тамыз айы жеңiл тимейтiнi рас.

“Ресей мен Украинаның арасында сауда соғысы жоқ!”. Екi елдiң премьер-министрлерi осылай деп мәлiмдесе де, Киев пен Мәскеудiң қарым-қатынасы шиеленiсiп тұр. Әуелi дауды кәмпиттен бастаған Ресей өткен аптада украин кәсiпкер­лерiнiң тауарын өз шекарасына аттап басқызбай қойды. Мәскеу мұны жүктердi тексеру шарасы деп атады. .

“Ассенизатор” деп аталатын кәсiп бар. Яки, адамның боқ-сiдiгi ағатын құбырды тазалап тұратын жұмысшы. Күндiз-түнi нәжiс тазалайтын адам бiрте-бiрте оның иiс-қоңысына да үйренедi. Кейде тiптi нәжiстi бетiне де, құлағына да, киiмiне де жағып алады.

Журналист болған соң жиi ел аралаймыз. “Сөзiмiздi жоғарыға жеткiзсеңiздер” деген ағайынның талап-тiлегiн орындауға, барынша халық пен билiк арасында алтын көпiр болуға тырысамыз. Әсiресе, Мойынқұм хал­қы Астанада “дөй” қызмет атқаратын дөкейлердi ат жiберiп алдыра алмай жүр

“Жас Алаш” газетiнiң өткен жылғы 21 тамызындағы нөмiрiнде С.Ақсұңқар­ұлының “Алашорданың соңғы тұяғы” атты мақаласы жарияланды. Бұл мақалада Алаштың ұлы қайраткерi Әлiмхан Ермеков туралы бiраз сыр шертiлiптi. Жарықтық Әлағаң туралы осы естелiктi оқи отырып, мен де бiр толқып қалдым. Әрине, Әлағаң мен Алаш қайраткерлерi жайлы шығып жатқан талай шығармаларды да, жазылып жатқан мақалаларды да оқып жатырмыз ғой.
МАХАМБЕТШЕ КІЖІНУ
Ей, қалтасы қалың жуан қырт,
Билiгiңде бар жуандық.
Қалмай-ақ қойдың қасымнан,
Басқан iзiмдi кiл аңдып.
Қасымда тұрсаң күлiмдеп,
Мақтайсың ақын iнiм деп.
Шын айтам, бәрiнен жалықтым,
 Күтумен күн сайын зарықтым.
 Адам боп туылдым арман не,
 Кешiршi, киелi Жарық күн!
 Кешiршi, киелi түндерiм,
 Жүрегiм ауырып жүр менiң...

Құдалықта қылқиып отыр­ғанмын. Бiр кезде бiлегiне жыланның қабығын орап алған, бетiнде бидай өсiп, онысы қурап қалғандай, тыртық-тыртық, басына сынап төксең, тұрмайтындай жып-жылтыр, мойны жуан, кеудесi керiлген, жауырыны “жынды” туысқан ағамыз кiрiп келдi. Белiне гранаттар қыстырып алыпты. Бес-алты пышақ балағының жапсырма қалтасынан қылтияды, екi қолында – екi тапанша.

   Бiр қазақ АҚШ-тан келген досы Джекпен сыра iшiп отыр дейдi.
– Сiздiң елде халыққа тегiн қызметтер көрсетiле ме? — деп сұрады Джек.
– Әрине, бiзде бәрi тегiн!
Қазақстанға көшiп келген оралман жергiлiктi қазақтан былай деп сұрапты:
             Аға, сiздер тамақты неге “бля” деп жейсiздер? Әлде “бисмилла” дегендi осылай қысқартып алғансыздар ма?
Қарап тұрсаңыз, Қазақстанымыз – 21-ге келген үлкен жiгiт. Ал iстеген тiрлiгiне қарасаңыз, қысқа күнде қырық алданатын әрi басы ауған жаққа қисая кететiн 5 жастағы бала секiлдi.

Тойға дайындалып жат­қан Құдайберген аға мен Бисара тәте қазақша телеграмма алды. Онда былай делiнген: “Құрметти Қудайперген ака, Бишара тате, сиздердин уйкеленгендеринизге сиырма пес жил толуы­мен кутоктап, узак омир бакит тилеймиз! Салеммен Акенибин Жакен!” Телеграмманың кiмнен екенiн бiлмеген, өмiр­ле­рiнде бiр-бiрiнен сыр бүгiп көрмеген жұбайлар

Алматыда әлемдiк гран-при сайысы iрiктеуiнiң 3-тур ойындары өттi. Үш күнге созылған дүбiрде Александр Гутордың елiмiздiң бас құрамасына не үйреткенiн көрдiк. Украиналық маман былтырғы жылдың ақпан айында бас бапкерлiк қызметке бекiген болатын. 2 жылдық келiсiмшартта Гутордың мойнына аз жүк артылған жоқ.

Өткен аптаның сенбi-жексен­бiсiнде футболдан ел чемпионатының 23-тур ойындары өттi. Шымкенттiк “Ордабасы” өз алаңында топ басындағы “Ақтөбе” клубын қабылдап, 2:1 есебiмен жеңдi. Юнузовичтiң 68-минутта соққан голына қонақтар 79-минутта қарымта қайырды.

103 ЖАСТА ПАРАШЮТПЕН СЕКIРГЕН КЕМПIР
103 жастағы бразилиялық Аида Мендес парашютпен секiрiп, бас-аяғы 6 минутта парашют спортындағы рекордты жаңартты. Кейуананың әуеден бұлай секiруi алғаш рет емес екен. Жүз жасынан бастап спорттың осы түрiмен мықтап шұғылданған Аида Мендес парашютпен үшiншi рет
ЖОҚТАН БАР 
Болгария астанасында өткен жасөспiрiмдер арасындағы әлем чемпионатында еркiн күрес балуандары да ел сенiмiн ақтай алған жоқ. Жүлде алады деп үмiт арт­қан саңлақтар жол ортада жарыстан шығып қалды. Манарбек Қыстаубаев баптайтын еркiн күрес балуандары жалқы қоланы қанағат тұтты. 50 келi салмақта белдескен Ернұр Қабатаев iрiктеу кезеңiнде қарулы көрiнеген. Ол алдымен беларусь мықтысы Димчик Ринчиновты жеңдi, екiншi айналымда грузин Ника Татуашвилидi ұтты.