1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №66 (15836) 22 тамыз, бейсенбі 2013

Алматы облысының Шеңгелдi ауылында тамыздың 17-сiнен 18-iне қараған түнi А.Агузаев пен В.Угазаев екi қазақ жiгiтiн ауылдың сыртына алып шығып, атып кеткен. 29 жастағы Мадияр Ақжолтаев ауыр жарақаттан ауруханада көз жұм­ды. Ал 20 жастағы Бекмұқа Ерсайын әлi де Қапшағай қаласының ауруханасында. Оқиға жайлы ести салысымен Шеңгелдi ауылына бет алдық.

“ШАХТЕР” ЕУРОПАНЫҢ АЗУЛЫ КЛУБЫН СҮРIНДIРДI
УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезе­ңiне шыққан қарағандылық “Шахтер” шотландиялық “Селтик” клубын 2:0 есебiмен ұтты. Жүз жасаған қазақ футболының тарихында бұған дейiн мұндай жеңiс болған емес. Осы аламанға бiрнеше рет қатыстық. Клубтар арасында ең беделдi бәйге саналатын Чемпиондар лигасының iрiктеу кезеңi­нен әрiге аса алмай келген едiк. Ендi мiне, Қазақ елiнiң “Шахтерi” Еуропа футболына түрен салды. 

КЕНТАУДЫҢ ӘКIМI “КӨТЕРЕ АЛМАС ШОҚПАРДЫ БЕЛIНЕ БАЙЛАҒАН” БА?

“Биыл моноқалаларды субсидиялауға қаралған қаржының бiр теңгесi де игерiлген жоқ. Тамыз аяқталып келедi. Мен осы қаржының игерiлетi­нiне күмәнiм бар. Бар-жоғы алты жоба мақұлданды, ал ақшасы жылдың басында-ақ бөлiнiп қойылған”.
АЛ ҚЫТАЙ “ҚОЙ БЕРIП, ТАЙ СҰРАУЫ” МҮМКIН
“Қазақстанда жанармай түгесiлуге тақады. Жоғары октанды бензиннiң азаюы “қысыр сиырдың уызын аңсаумен” байланысты. Қазақ мұнайын Қытайда өңдеу мәселесiнiң кешеуiлдеуiне байланысты жанармай тапшылығы туындап отыр. Сондықтан Астана бұл олқылықтың орнын Ресей өнiмiмен жабуға тырысуы мүмкiн”, – деп жазады

Жуырда Қызылорда облысы әкiмiнiң идеология жөнiндегi орынбасары Ақмарал Әлназарованың әкiмшiлiк сайтындағы блогына үңiлгенбiз. 16 сұрақ түсiптi, 7-еуi Жаңақорған ауданының бiлiм саласына қатысты. Шалқадан түсiретiн жайт емес, оған етiмiз үйренген. Бiр сұрақ пен жауапқа тоқталайық.

Республикадағы ықпалды әкiмдердiң рейтингi жарияланды жақында. Саясаттанушы, қоғам қайраткерлерi, блогерлер мен журналистер арасында жүргi­зiлген сауалнама қорытындысына қарасақ, Тасмағам­бетовтiң тасы өрге домалап тұр – көш басында. Екiншi тұғырға Ахметжан Есiмов қонжиған. Алғашқысы – Астананың, соңғысы – Алматының әкiмi. Үшiншi орында – Қызылорда облысының әкiмi Қырымбек Көшербаев.
Сейсенбi күнi Астана қаласының әкiмi Иманғали Тасмағамбетов дәстүрлi тамыз мәслихатында Қазақстандағы бiлiм беру жүйесiн қайта қарауды ұсынды. Тасмағамбетовтiң па­йымдауынша, бүгiнгiдей жа­ңа технологиялық дәуiрде бiлiм жүйесiн қайта қараған абзал. Тамыз кеңесi бiлiм жүйесiндегi ең өзектi мәселелер талқыланатын диалог алаңына айналғанымен,
Талай нәрсенi көрдiк қой, бiрақ мынадай сұмдықты бiрiншi көрдiк: Осыдан дәл бiр апта бұрын судья Күлпаш Өтемiсова, ай жоқ, шай жоқ, қылмыскер Александр Сутягинскийдi Алматы қалалық сотының залынан босатты да жiбердi... Белгiлi кәсiпкер, Ресейдiң де азаматы, сонымен қоса Қазақстанның да азаматы Александр Сутягинскийдiң кiсi өлтiруге тапсырыс

Тамылжыған тамыздың екi күнiн (17-18) iргелес жатқан Шет және Ақтоғай аудандарының жамағаты жоңғар шапқыншылығы кезiнде ерлiгiмен ерекше көзге түскен жаужүрек, ақылы мен айласы астасқан бiлiктi қолбасшы, атақты Абылай ханның жауқағары Жидебай батырдың туғанына үш ғасыр толғанын тойлауға арнады.

Арқалыққа барған сапарымызда, қаланың кешегiсi мен бүгiнгiсiн көзден өткерген адамдардың бiрi Жұмағали Өмiрбек ағамызға жолығып, аз-кем әңгiмелесiп едiк. Жұмекең жай ғана көптiң бiрi емес, осы Торғай өңiрiнiң рухани тiрлiгi мен мәдениетiне бiр кiсiдей араласқан адам.

Нарынқол ауылына шет жақтан келе жатқан адамға ауылға кiретiн көпiр арқылы Байынқол өзенiнен өтiп, ауылға тереңдеп енгеннен кейiн көзге бiрден түсетiнi – бұрынғы сауда орындарының, кинотеатрлардың қирандылары мен терезесi үңiрейген иесiз үйлер. Бiр кездерi кезек арқылы таласып жүрiп қол жеткiзетiн екi қабатты қалалық үлгiде

Айташтың екi қолын алдына сыйдыра алмай жұмыссыз жүргенiне бiр айдан асып барады. Бұғанасы қатпай жатып жас­тайынан еңбекке араласып, қабырға қайыстыра қоймаса да бел жазуға мұрша бермейтiн қат-қабат тiрлiктiң тұтқасына жабысып үйренген жанға бұдан артық азап жоқ екен.

Сол кездегi кез келген отбасы сияқты көпбалалы отбасында, ауылда тұрдық. Жұмысы таусылмайтын ауыл­­да мал айдап, от жағып, су тасып жүрiп есейдiк. Қатарымыздан кем болмай өстiк, бiлiм алдық. Елдiң алды да, соңы да болғанымыз жоқ. Сенi үйдiң кенже ұлы деп жүргенде, сенi алға жылжытып сегiзiншi болып мен туылып, бiздiң үйдегi бала санына нүкте қойыппын.

Оқырман шығармашылығынан
Төгiлдi Қазақ жерiне,
Гептилдiң 600 тоннасы.
Ай менен күн аманда,
Орыстың жарған бомбасы.
Уланған дала, ауаның,

Жақында апамыз қайтыс болып, соның жаназасынан күңiренiп қайттық. Ғұрып бойынша дауыс салып үйге кiргенде, жағамызды ұстап тұрып қалдық. Қаз-қатар тiзiлiп, жоқтау айтуға тиiс осы үйдiң қыз-келiн­шектерiнен екi-ақ адам отыр. Апамның төрт келiнi, үш қызы болған. Олардың бiреуi де мына отырғандардың iшiнде жоқ.

“ТӨБЕМIЗДЕН ЖАЙ ТҮСIРДI”
Әлемдiк басылымдар бiрi­нен-бiрi өтiп, қарағандылық “Шахтердiң” “айды аспанға шығарғанын” жазып жатқанда, Шотландия баспасөзi қалай үнсiз қалсын. “Клубтың ең осал жерi – қорғаныс” деп жазды “The Scotsman” басылымы.  Dailyrecord болса, “Қа­зақ­стандағы сұмдық” деп тақырыбын айғайлатып мақала бас­ты.

Үкiмет пен мемлекеттiк банк басшылары елiмiздегi қымбатшылықпен күрес мәселесiнде қауқар таныта алмай отыр. Себебi елiмiзде тауар өнiмдерiн есептеуде тиынды қолданбайды. Кәдiмгi қара шақа тиын сауда айналымында жоқ. Қазақстандықтардың бiрде-бiрi ұсақ 1-2 тиындармен саудаласпайтыны баршаға аян

Аңыз ба, әлде...
“Аталарың бай адам болған. Ал әжелерiң өте ақылды адам едi, жарықтық. Қазiрге дейiн Шу өңiрiнде Жадыраның жайылымы деп аталатын жер бар. Жадыра – әжелерiңнiң аты. Кеңес одағы кезiнде “бай-құлақсың” деп аталарыңды Сiбiрге айдап жiбердi ғой. Содан келмедi. Жә-ә, жарайды, – деп бастайтын апам әңгiмесiн

Мұнайлы Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында тамыздың 19-ы күнi Әмин Тұяқов атындағы стадионда “ҚазМұнайГаз”Барлау Өндiру”АҚ еңбек ұжымдарының II Спартакиадасы басталды. Отандық мұнай өндiрушi компания мұнайшылардың салауатты өмiр салтын ұстанып, спортпен шұғылдануына және оны дамытуына жан-жақты қолдау көрсетiп келедi.