1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қартаюға қарсы, яғни жасартатын, мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін – дәрі-дәрмектер ойлап табу керек. Міне, қазіргі ғалымдар әлемде осындай шаруалармен айналысып жатыр.
Қазақстан ғалымдармен кездесуінде айтқан ұсынысынан. 04.09.09
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №67 (15837) 27 тамыз, сейсенбі 2013
МҰҒАЛIМНIҢ ЖЕТКIЛIКСIЗДIГI, МЕКТЕП ТАПШЫЛЫҒЫ МИНИСТРДI ОЙЛАНТПАЙДЫ.
Биылғы жаңа оқу жылында 2,5 миллионнан астам бала мектепке барады. Олардың 265 мыңнан астамы - мектеп табалдырығын алғаш аттайтын бiрiншi сынып оқушысы. Кешегi ойын баласы, ендi мектеп оқушысы атанады. 6-7 жасар осы бүлдiр­шiн­дер­ге бiлiм ми­нистр­­лiгiнiң дайындаған “тосын сыйы” да аз емес. 2013-2014 оқу жылындағы басты жаңалық деп – ағылшын тiлi пәнiнiң бiрiншi сыныптан бастап оқытылатынын айтса болады. Шет тiлiн бiрiншi сыныптан бастап оқыту мәселесi бiрнеше жылдан берi көтерiлiп келген-дi. 6-7 жасар баланың шет тiлi былай тұрсын, жазу-сызуды меңгеруi оңай емес.
СУТЯГИНСКИЙДIҢ ШЫМ-ШЫТЫРЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ IСI СУДЬЯНЫ ЖҰМЫССЫЗ ҚАЛДЫРУЫ МҮМКIН
Кәсiпкер А.Сутягинскийдiң қылмыстық iсi қоғамды дүрлiк­тiрiп жатқанына бiраз болды. “Сутягинский өзiнiң бизнестегi әрiптесi Гаркушкиндi жаналғыш жалдап, өлтiрткiзбек болды” деген ақпар талай басылымға әлi күнге дейiн “азық” болып жүр. Биылғы жылдың 12 тамызында Алматы қалалық сотының судьясы Күлпаш Өтемiсова

Алматы облысының Шеңгелдi ауылында оқ атқан күдiктiлер өз ерiктерiмен полицияға берiлдi. Ваха Угазаев пен Арсен Агузаев тамыздың 17-сiнен 18‑iне қараған түнi Мадияр Ақжолтаевты атып өлтiрiп, Бекмұқа Ерсайынды жаралаған болатын. Бiр топ қазақ жiгiтiн ауылдың сыртына алып шығып, автоматпен қорқытып, қалта телефондары мен кiлттерiн жиып алған соң, қан­iшерлер iзiн суытып үлгерген.

Қазақстан азаматтарына ҮНДЕУ
Осыдан бiрнеше күн бұрын Қазақстан Сыртқы iстер министрiнiң орынбасары Қайрат Сарыбай Еуразиялық экономикалық одақ құру жөнiндегi келiсiм құжаттары 2014 жылдың 1 мамырына дейiн дайын болады деген мәлiмдеме жасады. Бұл құжаттар дайын болған соң 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап үш ел аумағында Еуразиялық экономикалық одақ өз күшiне енедi.
ХАЛЫҚ ШIЛДЕ АЙЫНДА ЖАППАЙ ДОЛЛАР САТЫП АЛҒАН
Шiлде айынан берi тербелген теңге тамыздың 20-сында бiр доллар үшiн 152,50 мәнiне жетiп тоқтады. Ал кеше қор биржасындағы күндiзгi сессия­да 152,33 көрсеткiшiне түстi. Соған қарағанда, теңге бұдан былай осы шекте құбылатын тәрiздi.
ОНЫ ҚАЙТА ҚОЗҒАУ ҮШIН ДЭН СЯОПИН МЕКТЕБIНIҢ ТҮЛЕГI РАҚЫМ АЙЫПҰЛЫ СИЯҚТЫ ЖАНАШЫР АЗАМАТТАРҒА ҚОЛДАУ ЖАСАЙЫҚ
Бiздi осынау Қазақстан топырағына тартқан бiр ғана тылсым күш бар. Ол – қасиеттi Тәуелсiздiк. Өзiңнiң тарихи Отаныңа оралған соң, осындағы тұрғылықты халықпен тағдырлассың. Бiлгенiңдi үйрете, бiлмегенiңдi үйрене жүрiп, күн кешесiң.

Расы керек, Қонаевқа қатысты iс-шаралардың жетiм қыздың тойындай өтетiнiне етiмiз үйренген ғой. Дегенмен президентпен байланысты кез келген шаруаның шатқаяқтап кеткенiн әзiрше көрмеген едiк. Бiрақ бiздiң әкiмдер президенттiң өзiн “призновать” етпейтiн сыңайлы.

ПРЕЗИДЕНТ Н.НАЗАРБАЕВТЫҢ НАЗАРЫНА!
– Осы аптада Алатаудың баурайындағы қымбат қонақ-үйлердiң бiрiнде Айсұлтан Назарбаевтың үйлену тойы өтпек. Ақпарат құралдары жарыса жарнамалауға көшкен бұл жаңалыққа елеңдеулi елдiң iшiн¬де мен де бармын.

– Кеңес өкiметi өзiнiң қазақ хал­қына жасаған жауыздық iс-әрекетiн жасыру үшiн көптеген құжаттарды жойып жiберген. Онысымен қоймай, халықты шатастыру үшiн түрлi қауесет таратқан. Өздерiнiң зымиян саясатын жасыру үшiн “Ашаршылық ауыл шаруашылығын дұрыс ұйымдас­тырудан кеткен қателiктен болды” дейдi. Соған сенiп, бiздiң тарихшы-ғалымдарымыз да адасып жүр.

Таяуда Бiлiм министрi Б.Жұмағұлов жоғары оқу орындарының басшыларын «ғылыммен айналыспайды» деп сын тезiне алды. “Ректорлардың өзi ғылыммен айналысқысы келмейдi. Соның салдарынан олар ғылыми-зерттеу институттарынан шеттетiледi. Бұл ешкiмге де құпия емес” деген министрдi орынбасары М.Орынханов та қолдап-қуаттай жөнелдi.

Жарық әлемнiң шуағын көре алмайтын үш зағиптан құрылған “Сәт” триосы елiмiзге бiр әнiмен-ақ кеңiнен таралды. Жарқ етiп көрiнген өнерпаздардың бүгiнде бiрi топтан кеткен. Топтың қазiргi жай-күйiн сұрап, продюсерiмен сұхбаттастық.  Ең алдымен елдi алаңдатып жүрген сауалдан бас­тасақ. Үш зағип жасөспi­рiм­­нен құрылған бұрынғы “Сәт” триосы бүгiнде екеу болып ел­­ге өнер көрсетуге көштi.

Теледидарды қосып қалсам, Қазақстанның халық артисi, әншi, сазгер   Алтынбек Қоразбаев туралы көрсетiп жатыр екен. Өзiмнiң қатарласым болғандықтан, әндерiн ынтамен тыңдайтынмын. Шаруамды доғарып қойып, зер салып көрiп отырғам. Алғашында байқамаппын, бiр кезде әншiнiң оң құлағында салбырап сырға тұр. 

Жалған дүниеден қазақтың тамаша әншiсi Үрия Тұрдықұлованың да өткенiне жиырма жылдан асыпты. Жезтаңдай, көмейiне бұлбұл ұя салған бiртума талант туралы алғаш рет Шара Жиенқұлованың “Өмiрiм – менiң өнерiм” деп аталатын естелiктер кiтабынан оқыдым. “Өз өмiрiмде ғажайып әншiлiгiне артистiк шебер ойыны үйлесетiн шын тұнба таланттарды сирек кездестiрдiм

Ақын мен жазушыға қашаннан зәрулеу Кереку өңiрiнде былтырғы жылы Жазушылар одағының филиалы ашылғаны жайлы оқырмандарды хабардар еткен болатынбыз.Тоғыз адамнан тұратын осы шағын қоғамның бiр мүшесi, ақсақал қаламгерiмiз, ақын, жазушы, драматург Ақын Алақанұлы биылғы жылы мерейлi 70 жастың биiгiне шығып отыр.

КIМГЕ СЕНIМ АРТАМЫЗ?
“X-Factor” жобасының жүлдегерi Дәрия Ақпарова “Ереван шақырады” халықаралық байқауға қатысатын болды.
Осы сайыста қазақ елiнiң атынан сынға түсуден 10 үмiткер дәмелi болған екен, сарапшылар Дәрияға тоқтапты. Қазан айында өтетiн сайысқа жас өнерпаздың әзiрлiгiне Ерлан Көкеев қол ұшын созбақ.
“Жас Алаштың” арнайы экспедициясы
 “Жас Алаштың” бастамасымен Ресейдiң Магадан облысына (Колыма) Алаш арыстары Мағжан Жұмабаев пен Сәкен Сейфул­линнiң дерегiн, сүйегiн iздеп бар­ған экспедиция мүшелерi ежелгi эвен халқының ұлттық мерекесi “Бакылдыдяктың” куәсi болды.
Еуропа лигасының плей-офф кезеңiндегi бiрiншi ойынын өз алаңында өткiзген “Ақ­төбе” украиналық “Динамо” клубына 2:3 есебiмен жол бердi. “Ақтөбе” клубының бұл ойыны бұрынғы ойнау жүйесiне мүлде кереғар. Әлде, қарсылас команданың дақпырты сескен­дiрдi ме, ойыншылар алаңда аяғын тартып жүргендей көрi­н­дi.
ЕКI ЖҮЛДЕ БАР
Қытайдың Нанкин қаласында өткен жас­өспiрiмдер арасындағы Азия ойындарында Фариза Алдоңғарова күмiс жүлде олжалады. 55 келi салмақта сайысқа түскен Фариза алдымен бангладештiк қарсыласын айқын басымдықпен жеңдi, жартылай финалда өзбек қызын да қапы қалдырған.
МЕРЬЕМ УЗЕРЛИ ТҮСIРУ АЛАҢЫНА ҚАЙТЫП ОРАЛМАЙДЫ
Түрiктiң әйгiлi “Сұлтан Сүлеймен” сериалындағы Хюррем сұлтанды бейнелеген актриса Мерьем Узерли ана болуға дайындалып жүр” деп жазады qlavred.info.Мерьем Узерлидiң құ­р­сағындағы сәбиге 4 ай толған. Ендi актриса тү­сiру алаңына қайтып оралмайды. Ол дүниеге келер сәбиiн әкесiз өсiрмекшi. Мерьем Узерли аурудан емделiп

Үстiмiздегi жылғы 17 тамызда көрнектi жазушы, Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген қайраткерi, ҚР Мемлекеттiк сыйлығының, М.Шолохов атындағы және “Алтын қалам” атты Халықаралық сыйлықтарының лауреаты, Ресей әдебиетi академиясының академигi, профессор Сәбит Аймұхан­ұлы Досанов пен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың құрметтi кафедра меңгеру­шiсi, Ұлттық инженерлiк академияның корреспондент-мүшесi, профессор Құралай Ахметқызы Аққошқарованың отбасы үлкен қайғыға, орны толмас қазаға душар болды.