1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №68 (15838) 29 тамыз, бейсенбі 2013

Adam reader’s журналы мен “guljan.org” сайтына билiктiң тарапынан қысым жасау әрекеттерi күнi бүгiнге дейiн тоқтамады. Осыған қатысты арнайы баспасөз мәслихатын өткiзген Гүлжан Ерғалиева 2012 жылдың желтоқсан айынан берi “guljan.org” сайты мен Adam reader’s журналын қудалау басталғанын айтты. Бiрде-бiр баспахана журналды басып шығаруға келiспеуiн – тiкелей билiктiң тапсырмасы деп мәлiмдедi. Бұған дейiн де талай кедергiлер мен қитұрқы әрекеттердiң куәсi болғанбыз. Алайда заңды белiнен басып, қызметi­мiзге ашық кедергi келтiрудiң шектен шыққаны сондай

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрi Жақсылық Досқалиев бiр-ақ күннiң iшiнде 7 жылға сотталды да кете барды. Неге? Не үшiн? Ешкiм де нақты жауап бере алмады. Рас, баспасөзде Ж.Дос­қа­ли­евтiң не үшiн тұтқындалғаны, не үшiн айыпты болып жатқаны жөнiнде материалдар жарияланды. Бiрақ бұған ешкiм сенген жоқ. Бұлардың бәрi де айтылу керек болғаннан кейiн айтылып, жазылу керек болғаннан кейiн жазылып жатқан дүниелер екенiн елдiң бәрiнiң iшi сездi...

ҒАНИ ҚАСЫМОВ ПРЕЗИДЕНТКЕ ӨКПЕЛЕП, ОППОЗИЦИЯҒА БЕТТЕУI МҮМКIН БЕ?
Тамыздың 26-сы күнi президент Н.Назарбаев парламент сенатының сегiз депутатын тағайындады. Олар – Бiрғаным Әйтiмова, Асқар Бейсенбаев, Сергей Громов, Ләззат Қиынов, Георгий Ким, Дулат Құсдәулетов, Серiк Нөгербеков және Нұрлан Оразалин.

“Жас Алаштың” өткен нөмiрiнде “Басшылар маған қысым жасады” деген мақала жарияланды. Онда Алматы қалалық сотының судьясы Күлпәш Өтемiсованың не үшiн басшылықтан қысым көргенi айтылған. Дүйсенбi күнi судья К.Өтемiсованы және қылмыстық iстер жөнiндегi алқа төрағасы Л.Мерекеновтi сот жюриi жұмыстан шеттетiптi.

Келесi айдың орта тұсынан бастап мемлекеттiк қызметте ауыс-түйiс болмақ. “А” корпусы бойынша өткен арнайы тестiлеуден, одан қалса ұлт­тық комиссияның сынынан сүрiнген дәл қазiргi басшылардың үштен бiрi жұмыс орнын босатпақ. Басқару iсiнде мұндай реформа жүргiзу қажеттiгi қайдан туды? Бұл ауыс-түйiс шын мәнiнде, жең ұшынан жалғасқан жемқорлыққа тұсау бола ала ма?

Сәтбаев қаласында өткен кеншiлердiң кәсiби мерекесiнде “Қазақмыстың” басқарма төрағасы Эдуард Огай: “Кейбiреулер Жезқазғанның күнi таяу деген мағынада қаңқу сөз таратып жүр. Кен қоры жеткiлiктi. Демек, бiз әлi ұзақ уақыт бiрге жұмыс iстейтiн боламыз!” дегендi қадап айтты. Көптен берi аузынан жақсы сөз шыққаны осы шығар!

“Мемлекеттiк тiл” қоғамдық қозғалысының арнайы мәлiмдемесi
Қазақстан Республикасының президентi Н.Назарбаевқа,
Қазақстан Республикасының премьер-министрi С.Ахметовке,
Қазақстан Республикасы Парламентi депутаттарына,
және бүкiл Қазақстан халқына
ҚР Парламентiнiң назарына
Шығыс Қазақстан облысы Көкпектi аудандық iшкi iстер бөлiмiнен отставкаға шыққан зейнеткерлер тө­мендегiнi мәлiмдеймiз: Бiз Көкпектi аудандық iшкi iстер бөлiмiнде 25 жыл қызмет iстеп, қызмет өтi­лiнiң аяқталуына байланысты әр жылдарда заңды демалысқа шықтық.
 Ата-анаға құрмет, туысқандық қарым­-қатынасты ұстану исламда ерекше бағаланады. Алла тағала Құран кәрiмде: “Раббың Өзiне ғана құлшылық етулерiңдi және әке-шешеге жақсылық қылуларыңды бұйырды” дейдi (Әл-Исра, 23-аят). Адам баласы өзiне сансыз нығметтер берген ата-анасына да сондай iлтипат етуi керек.

Жақында мен жұмыс iстеп жатқан жерге бiр әйел кiсi келiп, өзiнiң барар жер, басар тауы жоқ екенiн айтып, зарлана бастады. Көбiмiз сендiк. Өзiм де қалаға ауылдан келгенмiн. Ауылдың аңғал адамында ешқандай арам ой жоқ екенiн бiлiп, менiң сенiмiме кiрiп алды.

...Бiрiншi әйелiме көрсетпеген құқайым жоқ. Табиғатынан өте жуас болатын. Оның үстiне ешкiмi жоқ жетiмдiгi де бас көтертпедi. Менiң едiреңдегенiм аздай, оны әке-шешем, қарындастарым да түртпектеп, әр iсiне мiн тағып отыратын. Темiр екеш темiр де тозады емес пе?!

Мен тұратын Х.Ерғалиев ауылының айдыны – Боқсақ өзегi. Осы Боқсақта соңғы бес жылдың жүзiнде аққулар мекендеп, айдында жұбымен қалқып жүретiн болды. Бiлетiндердiң айтуына қарағанда, аққулар кез келген айдын, көлдерге қоныстанбайтын сыңайлы. Өткен жылы үш жұп үне­мi Боқсақ өзегiнде қалқып, бiр шетi бұрынғы кеңшардың гаражы тұсына дейiн, бiр шетi ауылды кесiп өтетiн “Атырау – Астрахань”
“Шын махаббат өмiрде бiр-ақ рет болады...” дейдi бiр сұхбатында белгiлi әншi Меруерт Түсiпбаева. Ал ендi мен өзiм бiлетiн, куәсi болған жастар арасындағы шынайы махаббатты әңгiмелеп берейiн. Мен Сырдарияның жағасында орналасқан Ақсуат ауылында тұрамын. Ауыл адамдары бiр-бiрiн жақсы бiледi, етене таныс. Өзара дос-жаран, ағайын-туыс, құда-жекжат. Ауылда үйлену тойлары жиi болып тұрады. Жақында ауылда тағы бiр той өттi. Бұл той ерекше, шынайы махаббат тойы едi. Шынайылығы сол – үйленiп жатқан жастар кiш­кентайынан көз алдымызда өстi. Есейдi, ержеттi. Бiр мектепте, бiрiншi сыныпта екеуi бiрге оқыды. Бiр-бiрiне деген шынайы махаббаты мектеп партасынан басталған.

Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында дзюдодан ересектер арасында (ерлер және қыздар) әлем чемпионаты басталды. Әлемдiк аламанның ал­ғашқы күнi татамиге ерлерден екi спортшымыз шыққан. Өкi­нiш­ке қарай, бiрiншiлiктi тәп-тәуiр бастап, бiрнеше қарсыласын алып та, шалып та жеңген Елдос Сметов 60 келi салмақта күресiп, алғашқы айналымда швейцариялық

БЕСЕУIН АЛЫП ҚАЛДЫ
Бүкiләлемдiк бокс сериясының төртiншi маусымының да түңлiгi түрiлер мерзiм жақын қалды. Қараша айында басталатын дүбiрге қатысатын “Астана арландары” клубы да сақадай-сай. Клубтың бас директоры Болат Манкенов “арландар” арасындағы ауыс-түйiстiң болғанын айтты.
30 ЖЫЛ ТАС ҚАМАУДА ОТЫРЫПТЫ
Қытайдың Фуцзянь провинциясының тұрғыны, 16 жастағы Дун Хай 30 жыл бойы тас қамау­да отырып, 46 жасында бiр-ақ босап шықты. Дун Хайды тас қамауға өзiнiң ата-анасы отырғызыпты. Бұл туралы Daily Mail хабарлайды. Дун Хай 16 жасқа келгенде ерсi қылықтар көрсете бастайды. Ата-анасы оны дәрiгер­лерге көрсетедi.

Қызылордада өз iсiнiң үздiктерi анықталды, мұнайшылар арасынан. “Үздiк маман – 2013” кәсiптiк байқауы “Қазгермұнай” БК ЖШС-ның 20 жылдық мерейтойына орай өткiзiлдi. Оған “ҚазМұнайГаз” БӨ” АҚ-тың еншiлес ком­пания­лары – “Қаражамбасмұнай” АҚ, “ӨзенМұнайГаз” АҚ, “ЕмбiМұнайГаз” АҚ және “Қазгермұнай” БК” ЖШС-ның мамандары қатысты.