1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №69 (15839) 3 қыркүйек, сейсенбі 2013
“ҚАЗАҚТЫҢ ТАНЫМАЛ ӘНШIСI” АХМЕТЖАН ЕСIМОВ ЕНДI ҚАЙТЕР ЕКЕН?
Тамыздың 31-i күнi Алматы қаласы қатты дүрлiктi. Оның екi себебi бар. Бiрiншiсi – президент Н.Назарбаевтың немересi Айсұлтанның үйлену тойы, екiншiсi – әншi Қайрат Нұртастың аяқталмай қалған бiр әнi... Тойдың жайы белгiлi. Президенттiң немересiнiң тойы жаман өтушi ме едi. Тек бiр келеңсiз оқиға болмаса... Бұл туралы сәл кейiнiрек. Алдымен Қайрат Нұртас туралы.
АЛ СОЛ КҮНI АЛМАТЫДА ЖҮЗДЕГЕН АДАМ “ҚЫРЫЛЫП” КЕТЕ ЖАЗДАДЫ
31 тамызда қазақстандықтар назарбаевтардың отбасылық тойына сырттай куә болды. Президенттiң жиенi Айсұлтан Назарбаев пен Әлима Боранбаева осы күнi қазақы дәстүрмен некелерiн қиып, шаңырақ көтердi. “Тойдың бол­ғанынан боладысы қызық” дегендей, бұл салтанатты iс-шараның да өту барысы қоғамда ә дегеннен қызу талқыға түскен-дi. Талқылаушылардың басым бөлiгi Айсұлтанның тойынан гөрi, оған қатысатын әншi, бишi және қонақтар жайлы көбiрек сөз етiстi. Әрине, ел басшысы сыйлы қонақ болатын бұл тойдың өзгелерге де қызық көрiнерi анық. Алайда әлеуметтiк желiлерде “Айсұлтан Н.Назарбаевтың немересi ме, әлде жиенi ме?
Қазақтың жерi кең. Бiрақ сол қазақтың өзiне жер жетпейдi. Өйткенi жердi заңсыз пайдалану, иемдену Қазақстанда қалыпты жағдайға, тiптi ұлт үшiн қауiптi жайға айналып барады. Неге десеңiз, қазақ түгiлi оның бүркiтi үшiн де ұшып-қонатын жер қалмай отыр! Мұндай жағдай ұлттық намысымызды ту етiп жүрген елдегi бiрегей федерация – “Қыран”

Билiктегiлердiң жиған-тергенi мен iшкен-жегенi туралы ақпарат бiзде айтылмайды. Ал Қырғызстанда айтылды. Қырғыз президентi өз дүние-мүлкiнiң 10 млн долларға татитынын жариялады. Және Алмазбек Атамбаев жыл сайын Табыс декларациясын толтыр­ғанда, осы дәулетiн жасырып-жаппай, көрсетiп тұратынын да мәлiмдедi.

БҰҒАН ЕШКIМНIҢ ДЕ, ТIПТI ЕЛ ПРЕЗИДЕНТIНIҢ ДЕ АРАЛАСУҒА ҚҰҚЫ ЖОҚ
“Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы, Мемлекеттiк сыйлықтың иегерi Нұрлан Оразалин ҚР Президентiнiң жарлығымен Сенат депутаты болып тағайындалды. Елбасының арнайы шешiмiмен бұдан былай Нұрлан Мырқасымұлы сенаторлық пен бұрынғы қызметiн (Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы) қатар атқаратын болды.

Жуықта электронды сайттардың бiрiнен “Жақсылыққа бастайтын “Жасыл” атты мақаланы байқағасын, бұл не “жасыл” екен деп көз жүгiртiп едiк, бiр топ жазушының Қоршаған ортаны қорғау министрi Нұрлан Қаппаровпен кездескенi жөнiнде екен. Кейiнгi кезде Нұрлан Жамбылұлына қатысты небiр жағымсыз әңгiмелер­дiң айтылып жүргенiнен жұртшылық хабардар.

Сирия үкiметiнiң бейбiт халыққа қарсы химиялық қару қолданғанына сенiмдi АҚШ-тың әскери операция жүргiзбек ойы бар. Бұл туралы АҚШ президентi Барак Обама мәлiмдедi. Алайда бұл шешiмдi 9 қыркүйек күнi жұмысқа шығатын конгресс мақұлдауы тиiс. Әзiрге АҚШ-тың бұл бастамасын НАТО елдерiнен тек Франция ғана қолдап отыр.

Тарихта деректану дей­тiн ұғым бар. Яғни дерек дегенiңiз өрiмшiнiң қолындағы таспа сияқты. Тарихшы сол таспа арқылы ғана өткен заманның келбетiн өрiп шығады. Соңғы ақпараттарға қарасақ, “Халық тарих толқынында” бағдарламасымен жұмысқа кiрiс­кен ғалымдардың “Қазiргi заман тарихына” қатысты “өрiмi” шұп-шұнақ болатын түрi бар. 

Бүгiнгi сатира
– Мырзалар! Құрметтi сенатaорлар, депутаттар! — дедi парламент сенатының төрағасы Мақұлбек Мақұлбаев көз жасымен көзiлдiрiгiн сүртiп жатып, – Ия, ия, сенатор Сүлiкбаев отырған ұшақ Сирияның үстiнен ұшып бара жатқанда, оппозицияның қаруланған тобы атқылап, ұшақ екiге бөлiнiптi де...
ҚАЗАҚСТАНДАӘР 100 МЫҢАДАМДЫ 444 ПОЛИЦЕЙҚАДАҒАЛАЙДЫ
АҚШ-тың Bloomberg деген агенттiгi халқының саны 5 миллионнан асатын елдер арасында зерттеу жүргiзiп, полицейлерiнiң саны жөнiнен қай мемлекет алда тұрғанын анықтапты. Сонымен, құрметтi оқырман, сiз қай мемлекет “бәйгеден” келдi деп ойлайсыз? Жо-жоқ, Құдай сақтасын, Қазақстан емес екен.

“Алдаспан” қосымшасының 18 маусым және 30 шiлдедегi нөмiрлерiнде ШҚО Аягөз қаласының тұрғыны Назархан Берiкхановтың мақаласы жарияланды (Қанiшер “құқық қорғаушы”, “Пай­ғамбар жасына келгенде өтiрiк айтуды үйрендiм”). Мұнда Назархан Сұлтанұлы Аягөз аудандық IIБ қызметкерлерiнiң жалғыз ұлы Ұланды айуандықпен өлтiргенiн

“Алдаспан” қосымшасының 30 шiлдедегi санында Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қақпақ ауылының тұрғыны Қайырғали Нұрқабаевтың “Шарымбай шатқалындағы шатақ” (“Төрт оқ тиген ұлымды “өзiн-өзi атып өлтiрдi” дегiсi келе ме?”) деген мақаласы жарияланды.

Құқық қорғау органына арыз қалай жазылуы керек?
 
Ең алдымен қолда бар мүмкiндiктi барынша пайдаланған жөн. Ұялы телефон арқылы немесе қалалық телефонмен “102” нөмiрiне хабарласып, полиция бөлiмшесiндегi операторға оқиғаны анық-қанық түсiндiрiп беру қажет. Оқиға болған жердi және шабуыл жасаған бұзақылардың
– Бұл жерде суға шомылуға тыйым салынған! – дейдi полицей жағалауда үстiндегi көйлегiн сыпырып тастап, ендi суға түсе берген әдемi келiншекке.
– Сiз неге мұны бағана мен шешiнбей тұрғанда айтпадыңыз?
– Өйткенi бұл жерде шешiнуге тыйым салынбаған...
ПРЕЗИДЕНТТЕРДI АҢДЫПТЫ
АҚШ-тың құпия қызметi Бразилияның президентi Дилма Руссефф пен Мексиканың президентi Энрике Пьени Ньетоны бiршама уақыт аңдыған. Телефонмен сөйлескен сөзде­рiн тыңдап, электронды хаттарын оқыған. Мұны АҚШ-тың орталық барлау басқармасының бұрынғы қызметкерi Эдвард Сноуден әшке­реледi.

УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңiне бiр қадам жетпей тоқтаған Қарағандының “Шахтерi” Еуропа лигасының топтық кезеңiне жолдама алғаны белгiлi. Монакода өткен жеребе тарту рәсiмiнде кеншiлер “L” тобында нидерландтық “АЗ Алкмаар”, грекиялық “ПАОК” және израильдiк “Маккаби Хайфа” командаларына қарсылас атанды.

Футболдан Қазақстан чемпионатының 25 тур ойындарында екi үлкен сенсация тiркелдi. УЕФА Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасында тәп-тәуiр өнер көрсеткен “Шахтер” мен “Ақтөбе” қарсыластарына 0:4 есебiмен ойсырай ұтылды.  Ел чемпионатында ерiн­бесе кез елген команданы жеңе алатынына талай куә болған Ақтөбенiң қала аттас командасы
БЭЙЛДIҢ БАҒАСЫ – 91 МИЛЛИОН ЕВРО
AS ақпарат агенттiгi мад­рид­тiк “Реал” командасы ағылшындық “Тоттенхэм” сапында жасындай жарқылдап жүрген уэльстiк Гарэт Бэйлдi сатып алғанын жариялады. Келiсiм­шартта футболшының құны 91 миллион евро деп көрсетiлген. Ал Бэйлдiң өзi жылына 5 миллион евро жалақы алатын болады.
АҒАШ ДIҢГЕГIНЕ САЛЫНҒАН КIШКЕНТАЙ ҮЙЛЕР ТАБЫЛДЫ
Канзас штатының (АҚШ) Оверленд-Парк қаласының тұрғындары: “Қала маңайында ергежейлiлер мекен етедi” дейдi. Себебi олар ағаштардың түбiнен шағын жиһаздармен жабдықталған кiшкентай үйлердi тауыпты. “Бiрақ, – дейдi жергiлiктi бiр журналист, – бұл үйлерден ергежейлiлердi таба алмадық.