1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №70 (15840) 5 қыркүйек, бейсенбі 2013
Қазақстан Республикасының президентi Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевқа
АШЫҚ ХАТ
Мәртебелi президент мырза!
Ықылым заманнан аталы сөзге тоқтаған, ақиқат сөздi ардақтаған, “Бас кеспек болса да, тiл кеспек жоқ” деп айтылар ащы сөзге тосқауыл қоймаған халық едiк. Сiз бен бiз мұны ардың iсi ретiнде қабылдаймыз, ұлттық салтымыздың айнымас сертi санаймыз.
ТЕК БАСТАУШЫСЫ ТАБЫЛСА БОЛҒАНЫ
Өткен сенбiде Алматыда Прайм Плаза ойын-сауық сауда үйiнiң аумағында болған жаппай тәртiпсiз­дiктен кейiн әр тарап кiнәлiлердi iздеуге кiрiстi. Әкiмшiлiк пен әншi Қайрат Нұртас сауда үйiнiң басшылығын, сауда үйi әншi Қайрат Нұртасты жазғырып әлек. Қалалық iшкi iстер департаментi тәртiпсiздiктi бастаған, басы-қасында жүргендердi таптық деп мәлiмдедi.
Алдыңғы күнi президент Нұрсұл­тан Назарбаев Ақордадан шығып, мектепке кiрдi. Әдеттегiдей жаңа ғимараттың тұсауын кесу үшiн емес, жастарға сабақ беру үшiн. Бiрақ прези­денттiң сабағы – ұстаздың дәрiсiнен гөрi қарияның ақылына көбiрек ұқсаған тәрiздi. Сабақтан бұрын мына бiр жайтты назарларыңызға сал­ғымыз кеп тұр.

31 тамыз, сенбi күнi Алматының байшыкештер тұратын аймағында, 5 жұлдызды “Royal Tulip” мейрамханасында президенттiң немересi, Рахат Әлиев-Шораз бен Дариға Назарбаеваның ұлы Айсұлтанның үйлену тойы өттi. Тойға жүздеген жоғары лауазымды кiсiлер мен туған-туыс және “алтын” жастар қатысты. 

Қызылорда қаласының Шымбай ықшамауданында орналасқан онжылдық №8 П.Д.Осипенко (қазiргi Ә.Құдабаев) атындағы аралас орта мектептiң 5 жылдан берi басынан дау арылмай келедi. Жергiлiктi билiк мектеп орнына балабақша салмақшы. Ал халыққа мектеп керек.

Қазақстан мұсылмандар одағының төрағасы Мұрат Телiбековтiң Мұхтар Әблязовтiң қатысуымен онлайн-конференция өткiзу жөнiндегi бастамасы әзiрге жалғасын таппай тұр. М.Телiбеков “Мұхтар Әблязов – ар-ождан тұтқыны ма, әлде қылмыскер ме?” атты тақырыпта конференция өткiзiп, оған экс-банкирдiң өзiн, оның жақтастары мен президент әкiмшiлiгi, ҰҚК,

– Иә, қазiргi күнi қазақтың баласын әлемнiң қай түкпiрiнен де көре аласыз. Кеңестiк кезеңде өңiмiз түгiлi түсiмiзде көрмейтiн АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Жапонияның және тағы да басқа елдердiң ең әйгiлi жоғары оқу орындарында бiлiм алып жүрген қаракөз балаларды көргенде көкiрегiңдi мақтаныш сезiмi кернеп, төбең көкке жеткендей болады.

Қазақстан баспанасыздарының халықтық жиналысына шақыру
“Бiрге”, “Желтоқсан ақи­қаты” және “Солидарность” қоғамдық қозғалыстары бiрлесiп өткiзетiн қазақ халқының болашақ тағдырына тiкелей қатысы бар халықтық жиналысқа шақырамыз.Қазақстан Республикасының Конституциясына сәй­кес, әр азаматтың баспаналы болуға құқы бар.
“Жас Алаш” газетiнде жарияланған Әмiрхан Меңдекенiң “Жақсы деген немене? Жаман деген немене?” деген мақаласын (29 тамыз, 2013 жыл) оқып шығып, мен де өз пiкiрiмдi бiлдiрейiн деп шештiм. “Жас Алаш” газетi аса өзектi әрi көптiң көңiлiнен де, көзiнен де тасада қалып келе жатқан қымтаулы мәселенi көтерiп отыр.

Республикалық имамдардың бiлiмiн жетiлдiру ислам институты – Орта Азия бойынша жалғыз ислами оқу орны. Институттың директоры болып “Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениетi” университетiнiң түлегi және осы оқу орнының магистранты, Алмалы ауданы “Төлеби” мешiтiнiң бас имамы Кенже Әлi қажы Қоңыратбайұлы тағайындалған едi.

Арал шаһарының батыс жағындағы бұрынғы ұшақ алаңымен шектесiп жатқан, ұлы темiр жол бойында “Жалғыз ағаш” деген аты бар №86 бекетте 30 үй тұратын елдi мекен бар. Осыдан 5-6 жыл бұрын “су құбырын тартамыз, үйлерiңе кiргiзiп беремiз” деген аудан басшысы мен мекеме басшысының сөзi желге ұшты.

Қазiргi газет-журнал дүңгiр­шек­те­рiне жақындасаң болды, қарап тұрып әйнегiнен де, iшiндегi сөрелерiнен де мұқабасы көздiң жауын алатын түрлi-түстi безен­дi­рiл­ген орысша журналдардан басың айналады. Құдай-ау, жан қажеттiлiгiне керектiң бәрiн табасың. Тақырыптары да сан алуан. Қамтитын салалары да әрқилы.

Шалқар ауданының орталығынан 80 шақырым жерде Тоғыз стансасы орналасқан. Станса басындағы осы ауыл   темiржолшылардың бiрнеше ұрпағын тәрбиелеп келе жатқан мекен. Тұрғындарының саны 1281, жалғыз орта мектебiнiң 121 оқушысы бар. Тоғызға 5 разъезд қарайды.

22 тамыз (№66, 2013 жыл) күнi “Жас Алаштың” оқырман бетiнен қарағандылық Айша деген қызымның “Неге сонша дарақыланып кеттiк?” деген мақаласын оқыдым. Мақалада Айша әдет-ғұрыптарымыздың сақталмайтыны жөнiнде хат жазыпты. Осыған байланысты бiздiң елдегi жағдайды баяндап, ойымды бөлiскiм келдi.

ӘР ЖАЗУШЫҒА 200 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН СТИПЕНДИЯ БЕРДI
Конституция күнiнiң алдында Павлодар облысының әкiмi Ерлан Арын сол өңiрдегi Жазушылар одағы мүшелерiмен арнайы кездесу ұйымдастырып, қаламгерлерге өз атынан 200 мың теңгеден арнайы стипендия тапсырып, сертификат бердi.

Арада қанша ғасыр, қанша жыл өтсе де Ив Сен-Лоранның иiссулары және киiмдерi қазiрге дейiн бiздiң қолданысымыздан шыққан жоқ. Бiр қызығы, Сен-Лоранның кез келген брендi дүниелерiн көшiрiп, арзан бағамен сатушылар көп. Бiрақ, YSL белгiсiндегi иiссулардың көшiрмесiн ешкiм жасай алмайды екен.

АҚШ-тың Сирияға қарсы күш қолдану-қолданбауы мәселесi соңғы күндерi әлемдiк БАҚ-тың бiрiншi бағанынан түспей тұр. Бұл мәселенiң нүктесi 9 қыркүйекте екi палатаның өкiлдерi каникулдан келген соң қойылмақ. Сирияға қатысты қарардың мәтiнiн келiсу жиынында мемлекеттiк хатшы Джон Керри, қорғаныс министрi Чак Хейгел және қарулы күштер штабы
Ертең “Астана Арена” стадионында Мирослав Беранек баптайтын елiмiздiң ұлттық құрамасы футболдан келесi жылы өтетiн әлем чемпионатына iрiктеу аясындағы кезектi ойынын өткiзедi. Қарсылас – Фарер аралдары құрамасы. Беранек баптаған құра­ма Бразилиядағы әлем чемпионатына қатыса алмайтыны күнi бұрын белгiлi болған.
ЗҮЛФИЯ ДА БОЙЖЕТТI
Ауыр атлетикадан екi дүркiн әлем чемпионы, Лондон олимпиадасының жеңiмпазы Зүлфия Чиншанло да тұрмысқа шықты, Қытай азаматына. Ол өзiнiң ғашығымен ертеректе танысыпты. Лондон олимпиадасынан кейiн бапкерлер атлеттерге бiр жылдық демалыс берген-дi, бүгiнде Чиншанло ұлттық құрама мүшелерiмен бiрге жаттығу жиынына қатысып жүр.