1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №71 (15841) 10 қыркүйек, сейсенбі 2013
Шығыс Қазақстан облысының әкiмi Бердiбек Сапарбаевқа дұғай сәлем
Бердiбек замандас!
Сiз бен бiз – ел қорғаны болған батырлар жырын оқып, жаттап өскен ұрпақпыз. Ұланғайыр даланы сақтап қалу үшiн төгiлген қанды, “жерiңдi сақта!” деген бабалар аманатын ұмытуға бiздiң қақымыз жоқ. Мұны ескертуiмнiң себебiн өз сөзiңiзден iздеңiз. Iскер басшы, ұлтжанды азамат қатарына қосылатын санаулы әкiмнiң бiрiнен төмендегiдей пiкiр естимiз деп кiм ойлаған?

 “Елде Жаңаөзен синдромы әлi де бар болғанымен, ол 2011 жылғыдай емес. Халықтың революциялық көңiл күйi басылып қалған. Жұртта “жақында президент кетедi, бәрi өзгередi” дегендей көңiл күй басым. Әсiресе, “президент сырқат көрiнедi, әне‑мiне кетедi” деген әңгiме елдi тыныштандырып, жұбатты” дейдi саясаттанушы, Орталық Азиялық демократияны дамыту қорының бас директоры Толғанай ҮМБЕТӘЛИЕВА.

Алматыда “Қазақстандағы сөз бостандығы: билiктiң ұстанымы мен шынайы тәжiрибе” тақырыбымен дөңгелек үстел өттi. Бұқаралық ақпарат және құқық қорғау ұйымдарының өкiлдерi көтерген негiзгi мәселе – Қазақстандағы сөз бостандығы мен тәуелсiз ақпарат құралдары журналистерiнiң қазiргi хал-ахуалы, билiк тарапынан сөз бостандығына, еркiн ақпарат алу және таратуға үздiксiз жасалатын қысымдар мен қудалаулар жөнiнде ашық айтты.

Бас прокуратура Бiлiм және ғылым ми­нистрлiгiнiң 2011-2012 жылдардағы жұмысын тексерiп, талай былықтың бетiн ашыпты. Бұл туралы “Интерфакс-Қазақстан” хабарлады. “Тексеру кезiнде белгiлi болғандай, бiлiм беру мекемелерiндегi химия және биология пәндерi кабинет­терiне техника қымбат бағаға алынған және талапқа сай келмейдi.

Жақында Астанада “ақылды қала” жобасының таныстырылымы болып өттi. Қалалық жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы бұл жоба 2017 жылы толықтай iске асатынын жеткiздi. Бұл мақсатқа қазынадан 3 миллиард теңге жұмсалатынын мәлiм еттi.

Қыркүйектiң 9-ында баспанасыздар жиыны өтетiнi хабарланған едi. Алайда жиынды ұйымдастырушылар дiттеген мақсаттарына жете алмай, көпшiлiк қауымнан кешiрiм сұрауға мәжбүр болды. Алдын ала келiсiп, ақысы төленген стадионды жиын өтуге бiрнеше сағат қал­ғанда стадион әкiмшiлi­гiнен жалға берiлмейтiнi жө­нiнде хабар түскен.

“Скат” әуе компаниясының ұшақ бортында “бұзақылық жасағаны үшiн” әкiмшiлiк жазаға тартылып, уақытша қамау абақтасында үш күн отырып шыққан журналист Жарылқап Қалыбай “Скат” әуе компаниясын сотқа тартпақ. Бұл туралы оның адвокаты Абзал Құспан мәлiмдедi.

Өткен аптаның соңында бүкiл әлемнiң назары Ресейге ауды. Өйтпегенде ше? Соңғы кездерi бастары пiспей жүрген В.Путин мен Б.Обама бiр үстелдiң басында отыратын болса. Санкт-Петербордағы “Үлкен жиырмалық” елдерi көшбасшыларының саммитiнде әлемдiк экономикадағы негiзгi үрдiстер мен оларға жауап беру мүмкiндiктерi талқыланды.
28 қыркүйек – қазақтың көрнектi жазушысы Оралхан Бөкейдiң туған күнi
Тағдырдың жазуымен Алтайға, Алтай болғанда, Өр Алтайдың өзiне келдiм. Шаршап-шалдығуды бiлмейтiн Жарас­қан Әбдiраш ағама ерiп келдiм. Алтайға келген қаламгер үшiн Орекеңнiң анасына сәлем беру парыз.

1993 жыл. Үндiстан. Мамырдың 16 жұлдызы. Түн. Атақты Тәж-Махалдың iргесiндегi көп қабатты қонақүйдiң жалғыз кiсiлiк бөлмесiнде қазақтың аймаңдай жазушысы Оралхан Бөкей көз жұмды.

“ӘЛЕМ АРУЫ” БАЙҚАУЫН ӨТКIЗУГЕ ҚАРСЫЛЫҚ БIЛДIРДI
“Индонезияда тұра­тын мұсылмандар өз елiнде “Әлем аруы” байқауын өткiзуге үзiлдi-кесiлдi қарсылық бiлдiрдi. Олар билiкке бұл байқаудың шариғатқа қай­шы екенiн айтып, оны қайт­кен күнде өткiз­беуге талап қойды” деп жазады The­Jakarta­­Globe.
Мирослав Беранектiң шәкiрттерi келесi жылы Бразилияда өтетiн әлем чемпио­натының iрiктеу ойындары аясындағы алғаш­қы жеңiсiне қол жеткiздi. Өткен аптаның жұмасында Астанадағы “Астана Арена” стадионында Фарер аралдары құрамасын 2:1 есебiмен ұтты. Сөйтiп, жылға жуық уысымызға түспей келген 3 ұпай қанжығамызға бөктерiлдi. Бiрақ осынау азғантай жетiстiктi төбедей көрiп, малдануға болмайды. Хал­қының саны 50 мыңға жетер-жетпес мемлекеттiң ұлттық құрамасын зордың күшiмен әзер жеңдiк.
ТҮТIП ЖIБЕРДI
Астаналық “Барыс” клубы құрлықтық хоккей лигасындағы биылғы алғашқы ойынын жеңiспен бастады. “Қазақстан” спорт кешенiнде өткен ойын 10:1 есебiмен “Барыстың” пайдасына шешiлдi. Череповецкiнiң “Северсталь” командасын жүндей түткен астаналықтар алғашқы шайбаны 9-минутта соқты.