1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №72-73 (15842-43) 12 қыркүйек, бейсенбі 2013

Бiр ай бұрын қытай басылымдары Си Цзиньпиннiң күзде Қазақстанға сапарлап баруы көптеген мәселелердi шешедi деп хабар таратқан едi. Тiптi кейбiр ақпарат көздерi қытай елiнiң басшысы осы сапарында өте маңызды мәлiмдеме жасайтынын астарлап жеткiзген. Бiрақ нендей мәлiмдеме екенiн қытайлық ақпарат көздерi жанталаса жасырып, құпия деп қысқа қайырып едi. Сөйтсек...

Тәуелсiз ой мен салмақты сынға қарсы авторитарлы билiктiң репрессивтi әдiсi ендi тәуелсiз “Ашық Алаң” (Трибуна) газетiне де келiп жеттi. Алматы қаласының әкiмдiгi тәуелсiз БАҚ-қа қарсы қисынсыз iс қозғап, оған үш айға жабу қаупi төнiп тұр.

Шетел азаматының Қазақстанда жүрiп, бiлгенiн iстей алатынын “Сафроний әкей” атанған Петр Евтихеев көзге шұқығандай етiп дәлелдеп бердi. Әншейiнде әлекедей жаланған құзырлы органдар да оған келгенде дәрменсiз. Тiптi дауласқан тараптың, ақ-қарасын айырып, тиiстi шара қабылдауы тиiс соттардың өзi “әулиенiң” iсiн қарағанда бiлгенiнен жаңылып, сауатсыздыққа салынады. Мұның себебi неде? Шетел азаматының құзырына жүздеген жетiм баланың тағдырын байлап берген кiм?

БIРАҚ ОДАН ШЫҒАР НӘТИЖЕ ШАМАЛЫ
Таяуда моноқалаларды дамыту бағдарламасы негiзiнде ескерусiз, елеусiз қалған шағын қалаларды жандандыру, ондағы халықтың әлеуметтiк жағдайын жақсарту мәселесi қаралды. Десек те, әдеттегiдей, бағдарлама қабылданды, оған мемлекеттiң қазынасынан 600 миллиард теңге бөлiндi. Бұл қаражатпен 47 жоба iске асып, 25 мың жұмыс орнын ашу мiндеттелген.

Атырау облысының бұрынғы әкiмi Бергей Рысқалиев туралы да әңгiме қоз­ғалыпты. Сiздердiң газет үшiн “Бәрiнен де ақиқат қымбат!” екенiн ел бiледi, сондықтан осы оқиғаға қа­тыс­ты белгiсiз жайттар, кү­дiктi мәнiс-мәселелердi қоз­ғау үшiн арнайы хат жазып отырмын.

12 қыркүйек – Алтынбектiң дүниеге келген күнi. Оны жыл сайын атап өту дәстүрi қалыптасты. Қыранынан қапыда айырылған халықтың қолынан келер дәрменi жоқ. Перзентiн сағынады, еске алады, күрсiнедi. Қалың қауымның Алтынбек рухымен сырласар сәтiнде оның сөйлеген сөздерiмен, жазғандарымен қауыштырып қойғанды жөн көрдiк.

Бүгiнгi таңда түрлi-түстi төңкерiстер Батыста жоспар­ланып, Ресейге қарсы бағытталған деген қасаң пiкiр қалыптасқан. Мұны сарапшылар, БАҚ-тардағы жарияла­нымдар арқылы “ойнатады”. Орасан зор қаражаттық және медиа­ресурс­тар iске қосылуда. Бiр қуаныштысы, осы аяда болса, одан гөрi прагматикалық пiкiрлер де естiле бастады. Сыбайлас жемқорлық пен авторитаризмге малынған “одақтас” режимдердi құтқару Ресей мүддесiне қайшы келетiндiгi

«Асар» республикалық партиясының төрайымы Д.Н.Назарбаева ханымға ашық хат
Өткен жылдың күзiнде, парламент­тiк сайлау өте салысымен, Сiз басқаратын «Хабар» агенттiгiнiң қызметкер­лерi ақпарат құралдары арқылы менi аталған компанияның ар-намысы мен iскерлiк беделiне нұқсан келтiрдi деп айыптап, сотқа беретiндерi туралы қауесет таратты.
Билiкке бару – мақсатты немесе принциптi мәселе емес, негiзгi мәселе – не үшiн, ненi атқару, ненi жасау үшiн баруда. Бұл – принциптi мәселе.
***
Қазақ тiлi қалаға келдi деген сөз – мемлекеттiк тiл дәрежесiн көтеруде шешушi қадам жасалды деген сөз.
Мемлекет қайраткерi Алтынбек Сәрсенбаевтiң студенттiк шағынан үзiк сыр
Есiк айқара ашылып, таяқ кiрдi, одан соң таяқ ұстаған қол кiрiп келе жатқанда, “бұ кiм?” деген сауалдың салмағынан тұра алмай, бәрiмiз орнымызда отырдық та қалдық. Артынша-ақ иегiн сәл көтере денесiн тiк ұстап, алпысты ал­қымдап қалған қырғи қабақ, қыран тұмсықты, артқа қайырған қайратты шашы ашаң жүзiне айбат қосқан бейтаныс профессор бiр аяғын сыртқа жiбере сылти басып, таяғына сүйене адымдап iшке ендi. 
АМОЗОНКА ТАЙПАЛАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛIГI ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ БIРIНIҢ AЗИЯ ЕЛДЕРIМЕН ТЕҢЕСУI
Ел аралау – кеткен уақыт бола қоймас бекерге...
Бразилияда, Амозонка өзенiнен өтерде,
Лезде мұңмен түнергендей көңiлiнiң аспаны,
Бiздi ертiп жүрген адам бiр әңгiме бастады:

 

 “Ауыл – ұлттың генофонды, ауыл – қазақтың алтын қазығы, шiркiн ауыл!” деп даурығысамыз. Жуырда Арқалықта бiр ақсақал айтқандай, бiздiң ауылды қадiр­леуiмiз, ауылды түсiнуiмiз осы деңгейде ғана секiлдi. Бүгiнде ғылым мен өнердiң, мәдениеттiң маңайында жүргендердiң денi – ауылдан шыққандар, ат үстiнде жүргендердiң талайы ауылдың топырағына аунап өскендер.

Аса көрнектi мемлекет және қоғам қайраткерi, академик, үш мәрте Социалистiк Еңбек Ерi Дiнмұхамед Ахметұлы Қонаевтың өмiрден озғанына биыл 20 жыл болды. Қалыптасқан дәстүр бойынша жыл сайын Д.А.Қонаевтың мәңгiлiкке көз жұмған 22 тамыз күнi еске алу рәсiмi өтедi. 

Жақсы дәрiгер жаныңызды да, тә­нiңiздi де сауықтырып, бойыңызға рухани күш тарту ете­дi. Осындай бiлiмi мен бiлiгi ұштасып, адамгершiлiгi мен кiшiпейiлдiлiгi жарасқан ақ халатты абзал жанның бiрi – Әукен Бахар Әукенқызы. Әрбiр кiсi “басы ауырып, балтыры сыздағанда” адам жанының арашашысы дәрiгер iздейдi.
КТК телеарнасы Әлия Молдағұлова биылғы 20 тамызда Монаковада қайта жерлендi деп ресейлiк “След пантеры” iздестiру тобының дерегiне сүйенiп   арзан сенсация жасап үлгердi. Монаково– Новосо­кольникидегi бауырластар зираты. Қыста ресейлiк телеарналар Әлия   Монаководағы зиратта жоқ де­ге­нiнен бастап, батырдың аруағын тартысқа салу бас­талды. №54-шi жеке құрамдағы атқыштар бригадасының мергенi Әлия 1944 жылдың 15 қаңтарында Псков облысы Новосокольники ауданында Насва стансасы үшiн шайқаста қаза тапқан едi.

1988 жылы Қызылорда облысы, Жаңақор­ған ауданы, Қаратөбе ауылында дүниеге келген. 2006-2010 жылдары Қазақ Көлiк және коммуникациялар академиясында бiлiм алды. Фотоға түсiрудi 2008 жылдан, фотожурналистикадағы алғашқы қадамын “Жас қазақ” газетiнен бастаған. Бүгiнде «Фотоөнер» қоғамдық бiрлестiгiнiң жауапты хатшысы, “Ашық алаң” газетiнiң фототiлшiсi.

АҚШ РЕСЕЙ ҰСЫНЫСЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Ресей Сирия мәсе­лесiн шешудiң жолын ұсынды. Мәскеу Да­маскiнi әскери ша­буыл­ға жол бермес үшiн химиялық қару-жарақты “халықаралық бақылауға” беруге шақырды. Мәскеудiң бұл ұсынысын Ресейдiң сыртқы iстер министрi Сергей Лавров мәлiм еттi.
Ал Қытайда керiсiнше, қырық күрiшшi 1 гектар жердi баптайды
Диқандар қауымының дегенi қайткенде болады, егiстiкте түйiр дән қалдырмай жиып-терiп алса ғана. Қырмандағы алтын абыроймен өз орнын тапқаны керек. Он шақты күн бұрын Қызылорда маңындағы егiстiкке орақ түстi. Бұл күнде кiм орақ ұстаушы едi, көп бейнеттiң бәрi комбайнның мойнында.

Жуырда Оңтүстiк Қазақстан облысы, Ордабасы аудандық мәдениет және тiлдердi дамыту мен iшкi саясат бөлiмi “Ордабасы – ел жүрегi, жер кiн­дiгi” атты облыстық фотобай­қау ұйымдастырды. Басты мақсат – ауданның тарихи әлеу­меттiк-экономикалық дамуын, архитектуралық әсем ғимараттары мен демалыс орындарын,

Елiмiздегi 17 миллион халықтың 10 миллионынан аса тұрғыны қазақ бола тұра, Қазақстан мемлекетiнде сол қазақтың тiлi үстемдiк құра алмағаны өте өкiнiштi-ақ. Бiрақ қаншалықты өкiнсек те, жанымыз күйiнiп, жүрегiмiз қан жыласа да, қайтемiз, қазақ тiлiнiң халi мүшкiл.

Бiздiң данагөй бабаларымыздың пайымдауынша, дүниеде адамзат баласы айрықша қадiр тұтатын төрт нәрсе бар. Олар: адамның ерiктi, азат болуы, еңбекпен тер төгiп тапқан мал-мүлкiнiң өз игiлiне айналуы, әр адамның туып-өскен, ата-бабаларынан мұра болып қалған өз Отанының, ғасырлар бойы аманат болып келе жатқан дiнiнiң болуы.

“Алтынемел өңi­рiнiң қазiргi Шоқан ауылында Кiшi жүз­дiң жағалбайлылары тұрады. Бұл жаққа қалай келгендерiн ақсақалдар былай әңгiмелейтiн: “... Жағалбайлылар Кенесарының әскерi­нiң құрамында болыпты. Кенесары хан қаза тапқан соң жағалбайлының өзi батыр, өзi би кiсiсi – Мыңтоқ, соғыста жараланып, Арқаға қайтқан елге iлесе алмай, Жетiсуда қалып қойыпты. 

“СЕН МЕНIҢ ЕЛIМЕ БАР, ЖЕРIМДI КӨР!”
ҚР Мемлекеттiк Ә.Қастеев атындағы өнер музейiнде белгiлi суретшi, ҚР Сурет­шiлер одағының мүшесi, ҚР Суретшiлер академиясының корреспондент-мүшесi, Қазақстанның мәдениет қайраткерi Нұрболат Исқақовтың “Сен менiң елiме бар, жерiмдi көр!” атты көрмесi өттi. Бiр қызығы, Н.Исқақов ауылда (Нарынқолда) тұрады.
Тағдыр
Кеңес Одағы кезiнде түсiрiлген “Иван Васильевич кәсiбiн өзгертедi”, “ Он екi үстел”, “Бальзаминовтың үйленуi” және тағы да басқа көптеген комедиялық, трагедиялық, драмалық көркем­фильмдердi көрмеген адам жоқ шығар. Бұлар тек бiздiң ғана балалық шағымыздың тiлсiз куә­герi емес, бiздiң ата-аналарымыздың, әже­лерiмiздiң де сүйiп көре­тiн

Ауылға, ауыл шаруашылығының жұмысына зияны тиiп, шығынға батырып, бөгет болып жатқан нәр­се­лер қазiр өте көбейiп кеттi. Мысалы, бруцеллез, аусыл, құс тұмауы секiлдi аурулар, шегiртке, табиғи апат (бұршақ, дауыл) және т.т. Оның үстiне, өтiрiктi шындай, бiзде бәрi дыңдай деп жалған мәлiмет беретiн қуыршақ әкiмдер­дерiң және қаптап отыр.

Қазақстан бойынша 1986 – 89 жылдар аралығында Чернобыль апатын залалсыздандыруға қатыс­қан азаматтар саны 34 мыңға жетсе, ал қазiргi уақытта тiрi қалғаны 5000 мыңға жетер-жетпес. Бiр Қарағанды облысының өзiнде биыл бiр жаздың iшiнде 3 азамат өмiрден өттi. Ал 2012 жылы 10 адам қайтыс болған едi.

“Жас Алаш” газетi достық туралы үзбей жазып тұрады. Бұл өте дұрыс. Ендi мен де   өзiм жайлы, 55 жыл бойы қа­рым-қатынасымыз үзiл­меген жан досым Шәмшия Әбдуәлиева туралы жазуды ойладым.  Мен онымен институтта таныстым. Ол да, мен де 1958 жылы Қазақтың мем­ле­кеттiк қыздар педагогикалық институтының физика-математика факуль­тетiне оқуға түстiк.

Шымкент қаласына iссапармен барғанымда, түсiнiксiз жағдайға тап болдым. “Жас Алаш” газетiне қосақтап “Арна ТВ” газетiн сатып жатқанын көрдiм. Бұл өңiрдiң халқы “тапқырлығымен” бүкiл республиканы таңырқататынын бұрын да бiлетiнмiн. Бiрақ дәл мынадай нәрсе

Алматы облысы Жамбыл ауданына бара қалсаңыз, кез келген қыз- жiгiттердiң ұялы телефонына жазылған мына бiр өлең жолдарын естiгенде ерiксiз жағамды ұстадым, жаным түршiктi. Бұл өлеңдi қандай адамдар жазды? Не мақсатпен жазды? Артында кiмдер тұр? Қоғамдық қауiпсiздiк мекемелерi не қарап?» отыр деген ой мазалайды.
Аудандық мәслихат депутаттарының кезектi сессиясында депутат Оразкүл Шылмырзаева шиыршық атып, шаншудай қадалған шатақ мәселенiң шетiн шығарып, балабақшаларды ауыр сынға алған болатын. Оның айтуынша, қаптап кеткен балабақшалар жарым-жартылай жұмыс iстейдi. Балалар саны то­лық емес.

Биылғы жылдың маусым айында “Жас Алашта” (№46) хатым жарияланды. Осы хат арқылы жанайқайымды жеткiзiп, берген уәдемдi орындай алмағаным үшiн Бақытжан Момыш­ұлының аруағынан кешiрiм сұраған едiм. Себебiн сол хатта барынша баяндадым да. Сол тұстағы менiң ең үлкен уайымым – алты жасар қызымды қазақ мектебiне орналастыру болатын.

Күрес түрлерiнен әлем чемпионатының басталуына да санаулы күн қалды. Таңат Сағындықов баптайтын грек-рим құрамасы мүше­лерi де осынау әлемдiк додаға дайындықты пысықтап, ащы терiн шығарып, жаттығуды күшейтiп, қызу әзiрленуде. 2011 жылы әлем чемпонаты Түркияның Ыстамбұл қаласында өттi. Сол дүниежүзiнiң белдi балуан­дары белдесуге түскен сайыста Алмат Кебiсбаев әлем

Биылғы жылы тек қана Ақмола облысы мен Қарағанды облысында 3 мыңнан аса киiк қырылды. Ал ендi әйгiлi Бетпақдалада мыңға жуық киiктiң баудай түсiп қырылып қалғанын көргендер де бар. Не десек те, биыл Қазақстанда киiктер өте көп қырылды. Әзiрге өз есебiмiз бойынша, биыл 12 мыңға жуық киiк қырылды.

ЕУРОПА ЕСIҢДI АУДАРАДЫ ӘЛI
Футболдан елiмiзiдң бас командасы келесi жылы өтетiн әлем чемпионатының iрiктеу кезеңiндегi кезектi ойынын өз алаңында өткiзiп, Швеция құрамасынан 1:0 есебiмен ұтылып қалды. Иә, шведтер шамырқан­ғанда есеп еселене түсетiн едi.