1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №74 (15844) 17 қыркүйек, сейсенбі 2013
Мемлекеттiк тiл саналатын қазақ тiлi пәнiнiң бiлiм бағдарламасындағы сағаттары жылдан-жылға кемiп барады. Ұстаздық тәжiрибесi бар Бақытжан Жұмағұлов Бiлiм министрi болғанда, ең болмаса осы мәселе шешiмiн табар деп күттi жұрт. Өкiнiшке қарай, ол керiсiнше, мем­ле­кеттiк тiлдi оқытып, үйрететiн пәнге қырғидай тиiп, қысқартуды үдеттi. Биыл бiлiм саласын бас­қаруға күтпеген жерден жаңа министр тағайындалғанда, таңданушылар көп болды. Жаңа оқу жылының екiншi күнiнде басшысы ауысқан бұл саланы басқару 40 жасқа толмаған Аслан Саринжиповке жүктелдi.
Бiлiм және ғылым министрi А.Саринжиповтың назарына!
1 қыркүйек – Бiлiм күнi әдеттегiсiнше студенттер аудиторияға, оқушылар мектепке асыққанда Ақтөбедегi қағаз жүзiнде қосылған жоғары оқу орнының дәлiздерi бос тұрды. Себебi Қ.Жұбанов атындағы мемлекеттiк университет пен Ақтөбе педагогикалық институты негiзiнде бiрiккен Қ.Жұбанов атындағы мемлекеттiк өңiрлiк университетте, ректор қызметiн уақытша атқарушы Амантай Нұр­мағамбетовтiң тiкелей бұйрығымен,

Ұлтының мүддесiн ойлайтын әрбiр жанашыр азаматтың жүрегiне салмақ түсiретiн сұрақ бұл. Бiрiн-бiрi түсiнгенде, өзiнiң ұрпағының қамын шындап күйттегенде, бiрлiкке бастар тұлғалар, үлкендi-кiшiлiгiне қарамастан, ұлттық идея, ортақ мақсат үшiн топтасып тiл табысып, бiлек түйiстiрiп, ынтымаққа келсе, ұлт болып ұйысудың ұтымдылығына көптiң көзiн жеткiзсе...

“Атама жақсылық жасасам апама жақпаймын” деген екен бiр келiн. Ұлтшылдардың құрылтайын өткiземiз деп даудың да, сынның да, өкпенiң де астында қалып қойған жағдайымыз бар. Қолдап жатқандар да аз емес деп тоқмейiлсiп, “ит үредi, керуен көшедi” деп те, мән бермеуге болар ма едi, бiрақ...

1989 жылдың 22 қыркүйек күнi қазақ тiлi Мемлекеттiк тiл мәртебесiн иелендi. Содан берi бұл күн “Тiлдер күнi” мерекесi ретiнде аталып өтуде. “Мемлекеттiк тiл” қо­ғамдық қозғалысының ұйымдастыруымен жыл сайын “Мемлекеттiк тiлдi қолдау” шарасы өткiзiлiп келедi. Мемлекеттiк тiлдiң қазiргi жағдайына бей-жай қарамайтын Республиканың әрбiр азаматы биыл да шараға бiзбен бiрге қатысады деп сенемiз. 

“ТАҒДЫРДЫҢ” ЕНДIГI ТАҒДЫРЫ ҚАЛАЙ БОЛАРЫ БЕЛГIСIЗ
Австриялық адвокат Габриэль Ланскидi қазақ қоғамы жақсы таниды. Рахат Әлиевке қатысты қозғалған қылмыстық iстiң қаны тамшылап тұр­ған кезде осы Г.Лан­с­ки Алматыға ке­лiп, баспасөз мәслихатын өткiз­ген. “Әлиев өлтiр­дi” деген азаматтардың же­сiр­лерiнiң мүддесiн қорғаушы ретiнде.
Экономика және бюджеттi жоспарлау министрi Ерболат Досаевтың көлiк, тұрғын үй және жер телiмдерiнiң салығын көтеру жөнiндегi заң жобасы мәжiлiс депутаттарының қарсылығына ұшырады. Депутаттар министрге “барлық мәселенi салықты көтеру арқылы шешкенше, дұрыс жұмыс iстеңдер” деп тап бердi. Экономика және бюджеттi жоспарлау министрлiгi өткен аптада парламенттiң
ҰЛТТЫҚ ХАЛЫҚ САНАҒЫНЫҢ ДҰРЫС ЖҮРГIЗIЛМЕГЕНIНЕ ТЕК МЕШIМБАЕВА КIНӘЛI МЕ?
ҚР Статистика агенттiгiнiң бұрынғы басшысы Анар Мешiмбаеваның iсi Астана сотында екi айдан соң қаралады. Бұл туралы ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттiгi төрағасының орынбасары Андрей Лукин хабарлады. Экс-басшының қалай тұт­қындалғаны жөнiнде сөз қозғамастан бұрын, оның қалай iстi болғанын еске түсiрсек.

SCAT әуекомпаниясы мен журналист Жарылқап Қалыбайдың арасында туындаған даудың нүктесi әлi күнге қойылмады. Ұшақтың бортсерiгiнен мемлекеттiк тiлде сөйлеп, қызмет көрсетуiн талап еткен азаматты жазалап, айыптау тек қана бiздiң елде ғана болатын құбылыс шығар, сiрә.

МҰНЫСЫ ТАЛАПҚА ҚҰЛАҚ АСУ МА, ӘЛДЕ АЛДАУСЫРАТУ МА?
Терiскейдегi көршiнiң көңiлiне қарап, қабағын аңдып қалған қазақпыз ғой. Аюлар елiне ауыз ашып бiрдеңе деуден қалғалы қашан? “Үлкен ағамыз” деп асты-үстiне түсiп бәйек болып тұрған соң “үлкен аға” аянсын ба, төбемiзге шығып алып, бiлгенiн iстеп жатыр.

DailyNews.kz ақпарат агентiгi Алматы қалалық прокуратурасының қамқоршысы жоқ балалардың жағдайына тексеру жүргiзгенiн хабарлады. Қамқорлық жасау мекемесiндегi қызметкерлер жетiм балалардың қандай жағдайда, қайтiп күнелтiп жат­қанынан бейхабар екен.

М.О.ӘУЕЗОВ МУЗЕЙIНЕ – 50 ЖЫЛ    
Ұлы жазушымыз Мұхтар Әуезовтiң мемориалдық музей-үйiнiң алғашқы келушiлерге қызмет ете бастағанына елу жыл толып отыр. Ашылған күннен берi мұнда 500 мыңнан астам көрермен келген. Бiр кездерi жазушы   тұрған бұл мекенде қазiргi күнi елiмiзге белгiлi iргелi мәдениет орны “Әуезов үйi” ғылыми-мәдениет орталығы қызмет етедi.
ҚАЖЫМҰҚАН
Аспанды жаңғыртып
Қажымұқан десем
Менменсiген
Талай жұртты
Төбешiктей етiп
Аласартамын.

Өткен жұма күнi “Барахолка” базарында болған өрттiң жалыны сөнгенiмен, жұрттың бойынан үрей, кәсiпкерлердiң көңiлiнен өзектi тырнар өкiнiш кеткен жоқ. Өкiнбегенде ше? Бiр тиынын екеу етемiн деп ұмтылған, несие алған, жылжымайтын мүлкiн кепiлге қойған мыңдаған саудагердiң тауарынан тау-тау болып күл ғана қалды.

Тынық мұхитының түбiнен әлемдегi ең үлкен жанартау табылды. Ол Жапониядан шығысқа қарай 1500 шақырым жерде, мұхиттың солтүстiк-шығысында орналасқан. Жанартаудың алып жатқан аумағы әлем ғалымдарын тамсандырды. Ол Ұлыбритания аумағымен парапар.

Жасым жетпiстiң желкесiне мiнiп қалды, ерекше жаратылған жандар жайлы мақалаларды жiбермей оқимын. “Мыңнан бiр мезет” қосымшасындағы “Жұм­бақ әлемнiң елшiсi” (“Жас Алаш”, №49, 25 маусым, 2013 жыл) атты күнiне 100 шақырым жол жүретiн Әлiпбайдың Ыбырайы туралы мақаланы оқыған соң, диуананы расында да, құпия әлемнiң елшiсi деп бағаладым.

БИОЛОГИЯЛЫҚ САҒАТ НЕЛIКТЕН ЖАҢЫЛДЫ?
Ұйқыдан жаңа тұрған адам өзiн күш-қуатсыз, әлсiз, шаршаңқы сезiнедi. Тiптi түнде тәттi ұйықтасаң да, таңертең түнi бойы көмiр тиеп, жұмыс iстегендей күй кешетiн кездер болады. Таңертең шаршап тұрсаң, күнi бойы сiркең су көтермейтiн күйгелек сезiмнен арыла алмайсың. Бұл құбылыстың сырын Боулдер (Колорадо) университетiнiң ғалымдары түсiндiрiп көрдi.
Көрнектi мемлекет және қоғам қайраткерi Алтынбек Сәрсенбайұлының туған күнiне орай (12 қыркүйек) жыл сайын “Алтынбек апталығы” өтедi. Сол дәстүр биыл да жалғасты. Өткен жұма күнi Алтынбек Сәрсенбайұлының үзеңгiлес серiктерi, әрiптестерi, туған-туыстары “Алтынбек асуы” аталып кеткен тау жолымен жүрiп өттi.
ҚЫРҒЫЗДАРДЫ ҚАЛПАҚПЕН ҰРЫП АЛДЫҚ
Астанадағы “Қазанат” атшабарында көкпардан I Азия чемпионаты аяқталды. Аты айтып тұрғандай, тарихта тұңғыш рет ұйымдастырылған дүбiрлi додада сегiз елдiң (Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Түркия, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан және Тәжiкстан) серке тартар бiлектi һәм жүректi жiгiттерi өнер көрсеттi.
МЕКТЕПТI АЯҚТАМАҒАН МИЛЛИАРДЕРЛЕР
Билл Гейтс, Стив Джобс, Марк Цукерберг – әлемдегi ең мықты университеттiң студенттерi бола тұра, бизнес үшiн оны тастап кеткен миллиардерлер. Тiптi бүгiнгi миллиар­дерлердiң iшiнде мектеп бағдарламасын бi­тiрмегендер де бар екен.