1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №75 (15845) 19 қыркүйек, бейсенбі 2013
“Нұр Отанның” ығай мен сығайлары “қазан айында Астананың төрiнде бас мүжiп отырып басты мәселелердi талқылаймыз” деп қомпаңдасты. Бiр мың екi жүз делегат екi күн бойы “қанша бас мүжитiнiн” кiм бiлсiн, “доктрина дейтiн дә-ә-әу құжатты қабылдайтынына” сенiмдi, әйтеуiр.  “Нұр Отан” күнi бүгiнге дейiн 14 съезд өткiзiптi. Қазанда өтетiнi – 15-съезд. Бұған дейiнгi 14 съезде не айтылғаны есiмiзде жоқ, баяғы Компартияның съездерiнде бас хатшының әр сөзiнен кейiн соғыл­ған шапалақты еске түсiретiн­дей әрекеттердi есептемегенде.  Съездiң қарсаңында “Нұр Отан” партиясы төрағасының бiрiншi орынбасары Бауыржан Байбек “Еуразия” арнасына сұхбат бе­рiптi. Суды үнемдеу­дiң “формуласын” айтам деп “бала Байбек” атан­ған төрағаның орынбасары балалығын қоймапты әлi. Одан берi бiрша­ма уақыт өтсе де. Оған дәлел – Байбектiң өз сөзi.

Қазiр де мен өзiм үшiн оңай­ға түспеген шешiм қабылдадым. Бұл — менiң, тек қана өзiмнiң таңдауым. Белсендi сая­си қызметтен бiрнеше жыл­ға шеттеп, көптен берi ойластырып жүр­ген шығармашылық жоспарларымды iске асырмақпын. Бұл – ки­но-тележоба, кiтаптар: өзiмiз туралы, елiмiз туралы – бiз кiм­бiз, қайда бет бұрдық, не жө­нiн­де ойлаймыз, ненi армандаймыз, қазақ әлемiн қалай орнатамыз және онымыздан не шықпақ. Мiне, осындай iстердi қолға алмақпын!

Бiшкекте жарылыс ұйым­дас­тырмақ болды деген күдiкпен Қырғызстанның мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетi қолға түсiрген Қазақстан азаматының есiмi белгiлi болды. Ол – 1988 жылы Қыр­ғызстанның Тоқмақ қаласында дүниеге келген Сергей Лескевич. Күдiктi “Жихад мұсылман одағы” атты ұйымның мүшесi болып шықты.

Бiздiң ана тiлiмiз – бiздiң анамыз. Анасынан айырылған бала қандай күйге ұшырайды?! Сол сияқ­ты қазақ тiлi жоғалса, қазақ ұлты да жойылады. Өйткенi, ұлттың өзегi – ұлттық тiл. Өзек кеткеннен кейiн өзге компоненттер (мемле­кет­тiлiк, территориялық тұтастық, гендiк бiрөңкейлiк: бетiмiздiң жалпақтығы мен түсiмiздiң қоңырқайлығы және т.б.)

немесе 126-шы тiл жанашырының жазбасы қазақ тiлiнiң қа­сiретiн айтудай-ақ айттық, жазудай-ақ жазудамыз.
“Жалғыздың үнi шықпайды”, көп болайық, ащы дау­сымызды қатты шығарып, безерген, безбүйрек, тоңмойын билiктiң бетiн бермен бұрып, зар-мұңымызды жет­­­кiзiп, қатып-семген жү­регiн жiбiтейiк деген адами сезiммен қаншама хат жазылды. Бәлкiм, 20-30... жо-жоқ, 100-150...
Бұған дейiн бiрқатар ақпарат құралдары Қазақстанның индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң өкiлi Мұхит Саймасаевқа сiлтеме жасап, “Қазақстан мен Қытай үкiметi арасында визасыз топтық туристiк сапар жасауға рұқсат беру туралы келiсiм жасасып жатқаны” туралы хабар таратқан-ды. “EXPO-2017” кезiнде Қазақстанға 5 миллион Қытай

Жер бетiндегi алма бiткеннiң бәрi қазақ жерiнен тарағанын бүгiнде бүкiл әлем мойындап болды. Алма ДНК-сына жүргiзiлген жоғары технологиялық сараптама осыны көрсеттi. Оксфорд университетiнiң биологы Бэрри Джунипер “Жер бетiндегi ең алғаш­қы алма Қазақстанның Қытаймен шекаралас таулы аймақтарында өскен” деген қорытындыға келсе, ағылшын публицисi және саяхатшысы Кристофер Роббинс “Қазақстан – алманың отаны” деген кiтап жазды.

Бiз – Қазығұрт ауданының орталығындағы Ы.Алтынсарин атындағы көшенiң тұрғындарымыз. Аудан орталығында емдiк қасиетi бар табиғи жер-асты жылы суын пайдаланатын монша жұмыс iс­тейдi. Оның суы қысы-жазы, күндiз-түнi тоқтаған емес. Сол моншадан шығатын шайынды су құйылатын цептик бiздiң көшеге жақын, ауыл мен Келес өзенiнiң ортасында орналасқан.

Жақында “Жас Алаштан” плагиат туралы сұхбат оқыдым. Плагиат – естiмеген терминiм. Бiр жақсысы, “плагиаттық ға­лымдағы ұрлық, қар­лық” деп түсiнiктеме берiлiптi. Мұны бiлгенiме қуандым. Қазiр көптеген халықаралық терминдердiң мағынасына түсiнiктеме берiлмей, сол түбiр қалпында қолданылып жүр.

...Жұмабек Тәшенов – Қазақ ССР-нiң басшыларының бiрi. Ол 1950-60-жылдары Мәскеудiң ұсыныстарына, атап айтсақ, Қазақстанның солтүстiк облыстарында тың жерлердi игеру және солтүстiк бес облысты бiрiктiрiп, тың өлке құрып, Ресейдiң бiр аймағына айналдырмақшы болғанына қарсы шыққан адам.

Жақында бiздiң ауданда тұратын бiр отбасының төрт адамы бiрiнен кейiн бiрi қайтыс болды. Менiңше, бiр отбасының бұлайша бiрiнен кейiн бiрiнiң қаза болуына себепшi болған – қарғыс. Иә, иә, қарғыс. Ата-бабамыз “Ұрлық түбi – қорлық”” деп бекерге айтпаған. Қарап отырсаңыз, ұрлап өмiр сүргендердiң iшiнен елдiң алдына шығып отырғаны жоқ.

... Мен азаматтардың өз ойларын ашық айтқанын ұнатамын және пiкiрлерiн еркiн бiлдiруге қақысы бар деп санаймын. Және осы үшiн құзыреттi органдар тарапынан ешқандай қудалауға түспеулерi керек. Сонда ғана бiздiң елдегi жағдай түзеледi. Өкiнiшке қарай, бiзде жеке пiкiр айтудың ауылы әлi алыс.

“Жас Алаштан” (№69, 3 қыркүйек, 2013 ж.) Құдайберген Баянның “Қазiргi заман тарихы” бiр адамның өмiрбаяны болып шықпасын” атты мақаласын оқыдым. Белгiлi тарихшы М.Қойгелдiге, Б.Аяғанға, профессор З.Сақтағановаға сiлтеме жасай отырып:

Ақын, публицист, ғалым, қоғам қайраткерi Ахмет Байтұрсынов: “Жақсы мұғалiм мектепке жан кiргiзедi, басқа кемшiлiгi болса, мұғалiмнiң жақсылығы жабады, бiлiн­дiрмейдi. Оқыта бiлмейтiн мұғалiмдер оқу жұмысының салмағын балаларға ғана артып, өзi “Әй, оқыңдар!” деп, тыныш отырады”, – дейдi. Талантты ғалымның пiкiрi сонау ХХ ғасырдың басында айтыл­ғанмен, құнын жоймаса керек.

Шахан Мусин – 100
Қазақ халқының ертеңi мен ұрпақ тағдыры таразыға тартылған 1932 жылы жұрттың батылы бармайтын тәуекелге бел буып, қаршадай Шахан Мусин “Майлықара”, “Наркомға хат” атты өлеңiн жазып, жастығына қарамай ел тағдырына ара түспек болады. Ол кезде Голощекиннiң айыбын бетiне басу деген...
Соңғы “Халық әртiсiн” соңғы сапарға шығарып салуға шымкенттiк шенеунiктер уақыт таппады
“Кейiнгi кездерi көңiл күйiм де жоқ. Үйдегi апаңның халi нашарлап барады. Өзiмнiң де денсау­лығым мәз емес. Жетпiсiншi жылдары ғой деймiн, театрда “Ажар мен ажал” деген қойылым­ға дайындық жүргiзiп жатқан едiк. Мен болыстың рөлiн ойнаймын. Қойылымда болыстың үйдiң үстiне шығып, халыққа қарап күшенiп сөз сөйлейтiн жерi бар.
РАСУЛ ҒАМЗАТОВТЫҢ ҰЛЫЛЫҒЫ НЕДЕ?
Дағыстанның ұлы ақыны Расул Ғамзатов егер тiрi болса, осы қыркүйек айында 90 жасқа толар едi. Расул Ғамзатовтың 90 жылдық мерейтойын Дағыстан елi қазiр тойлап жатыр. Кремль кезiнде Р.Ғамзатовты көкке көтердi. Атақ-даңқын алысқа жайды. Жоғарғы Кеңеске депутат еттi.

“Қазақ күресi” дүниежүзiлiк федерациясы “Қазақстан барысы – 2013” турнирiнде орын ал­ған оспадарлықты жуып-шаймақ ниет­пен өз шешiмдерiн шығарғаны белгiлi. Төл күресiмiздiң басы-қасында жүргендер төре­шi­лердi тыңдамай, дау шығар­ған Ержан Шынкеевтi 2 жылға боз кiлемнен шеттетсе, үшiншi орын үшiн белдесуге шықпағаны үшiн Бейбiт Ыстыбаевты 1 жылға

“ГОЛОВКИН САНЧЕСТI СҰЛАТЫП ТҮСIРЕДI”
WBA версиясы бойынша 72,6 келiде әлем чем­пио­ны Геннадий Головкин 2 қарашада америкалық Кертинс Стивенспен жұдырықтасады. РИА “Новостидiң” хабарлауынша, жекпе-жек Нью-Йорктегi “Мэдисон Сквер Гарден” шаршы алаңында өтедi. Жерлесiмiз Геннадий Головкиннiң жаттықтырушысы Абель Санчес “жекпе-жек өтетiнi жайында алдағы бiрер күнде ресми түрде хабарлаймыз” дептi.
Футболдан клубтар арасындағы ең беделдi турнир саналатын Чемпиондар лигасының алғашқы турындағы 8 кездесуде 30 гол соғылды. Бұл әр ойынға шаққанда 3,75 доптан келедi. Алдымен “А” тобынан бастасақ. Ағылшындардың “Манчестер Юнайтедi” өз алаңында немiстiң “Байерiн” 4:2 есебiмен аса қиналмай ұтты. Өз кезегiнде Уэйн Руни дубль авторы атанса, Робин Ван