1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №76 (15846) 24 қыркүйек, сейсенбі 2013

Көлiктен түсе салған Марат әудем жерде мал қайырып жүрген адамға қарата: “Әй Дәулетбай, берi кел!” деп айғай салды. Сол сол-ақ екен, атты кiсi бiзге қарай тұра шапты. Екеуi бiр-бiрiн ұзақ жыл көрмей кеткен жандар сияқты. Қол алысып, құшақтасып жатыр. “Бұл кiсiлер “Жас Алаштан”, сондықтан қорықпай бәрiн айт! Бiз ендi құлдықтан құтыламыз” дедi Марат Дәулетбайға. Бүгiнгiнiң малшысынан гөрi баяғының жалшысына көбiрек ұқсайтын, үстi-басы өрiм-өрiм жiгiттiң жанарынан жас домалап түстi. Жiгiт дегенiмiз болмаса, бұл екеуi де жiгерi әбден құм болған, қара жұмыс қажытқан, қолына тисе, арақпен ғана көңiл жұбататын, тiптi өз тағдыры өз уысынан шығып кеткен жандар едi.

Қазақстан қоғамына ашық, әрi ащы шындық айтатын тағы бiр тәуелсiз алаң сот шешiмi­мен жұмысын тоқтатты. Кеше, Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкiмшiлiк соты “Ашық алаң” (“Трибуна”) басылымын “газеттiң шығу жиiлiгiн” бұзғаны үшiн 100 айлық есептiк (170 мың теңге көлемiндегi қаржы) көрсеткiштегi айып­пұл және қызметiн үш айға тоқтату туралы шешiм шығарды.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк хатшысы М.М.Тәжин мырзаға
ҮНДЕУ
ҚР Мемлекеттiк хатшысы қызметiне келгеннен кейiн Сiз бiрқатар негiзгi мәселелердi (бюджеттiң есебiнен қаржыландырылатын отандық телерадиокомпаниялар мен басылымдардың деңгейiнiң төмендiгiн) көтере отырып, елiмiздiң ақпараттық кеңiстiгiнiң одан әрi даму стратегиясын анықтап алдыңыз.

SCAT әуекомпаниясы мен журналист Жарылқап Қалыбайдың арасында туындаған дау-дамайға байланысты бiрқатар қоғам қайраткерлерi Мемхатшы М.Тәжинге хат жазып, тiлге араша сұрағанын айтқанбыз. Шын мәнiнде, негiзгi мәселе қоғамда қызу талқыланған журналист пен әуе компаниясының арасында туындаған жанжалда емес.

“Мемлекеттiк тiл” қоғамдық қозғалысы жыл сайын ұйымдастыратын шараға биыл Алматы қаласының әкiмдiгi өзiнше “қамқорлық” жасапты. Жиынды өткiзу үшiн қала ортасындағы алаңдарды, театрларды, концерт залдарын қимай, Алатау ауданындағы қиыр шет­тегi Шоланов көшесiндегi Орталық мемле­кет­тiк мұрағатының мәжiлiс залын бөлiптi. Тiл жанашырларының көп­шiлiгi ол орынды таба алмай, әуре-сарсаңға түс­тi.

Президент Қызылордаға жексенбi күнi табан тiредi. Осы күнi түс ауа Назарбаев зият­керлiк мектебiнiң жұмысымен танысты. Ұстаздармен, оқушылармен тiлдестi. Ертесiне жаңадан салынған “Мұз айдыны” спорттық сауықтыру кешенiн көрдi. Онда екi дүркiн Олимпиада чемпионы Илья Ильин бастаған облыс спортшыларымен жүздесiп, ой бөлiстi.

Өзiнiң облыс ре­тiнде шаңырақ көте­руiнiң 40 жылдық мерейтойын тойлаған киелi Маңғыстау мен жарты ғасырлық жасын толтырған ақмаржан Ақтаудың сан-сапат шаралары ле­гiнде “Aktau Open Fest”  музыка және спорт фестивалi өттi. Атауы ағылшынша болғанмен, зады тұр­ғындарды жас ерек­шелiгiне қарамай, қол­жетiмдi спорт түр­ле­рiне тартуға ба­­ғытталған фестиваль

ҰҚК ОЙДА ЖОҚТА ЖӘБIРЛЕУШIДЕН “ЖӘБIРЛЕНУШIГЕ” АЙНАЛДЫ
Алматы қаласының ауданаралық әскери сотында қоғамды дүрлiктiрген кезектi бiр дақпыртты қылмыстық iс мәресiне таяды. Естерiңiзде болса, газетiмiздiң өткен нөмiрлерiнiң бiрiнде Маңғыс­тау облыстық IIД-нiң ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлiмiнiң қызметкерi Әдiлет Тұрсынбековтi
(Әкемнiң әңгiмесi)
– Ертеде бiздiң елде қысы-жазы ел кезiп жүретiн зағип ақсақал болды. Иығына асып алған дорбасы мен қалақтай ғана қара домбырасы бар осы бiр су- қараңғы жанның қолындағы жалғыз таяқпен, төңiректi түгел шар­лап, соқтықпалы-соқпақсыз жерлерден қалайша жол тауып жүретiнiне қайран қалатынбыз.

Баянауыл жерiне келе қалған мейманның арнайы бас сұғатын екi жерi бар. Оның бiрi – Мұса мырза атындағы мешiт болса, екiншiсi – Қаныш Сәтбаевтың мұражайы. Жасыратыны жоқ, кейiнгi кездерi бұл екi ғимарат та ондаған жылдар жөндеу көрмеген соң, жүдеңкiреп тұрған едi.

“Отбасы” қосымшасының өткен нөмiрлерiнде жапон, немiс халқының бала тәрбиесiндегi ерекшелiктерiн сөз еткенбiз. Бүгiнгi тәрбие туралы тақырыбымыз өзiмiзге етене жақын таныс, әрi көршiлес жатқан өзбек балаларына қатысты болмақ. Жалпы, өзбек халқының салт-дәстүрi мен әдет-ғұрпында бiздерге ұқсас тұстары аз емес.

Ал қыздар, бүгiн ашылып, ақтарылайықшы. Бәрiмiздiң де ойымызда жар атанып, ана болу арманы жоқ емес. Оны мойындаймыз. Бiрақ әркiмнiң тағдырына сай осы жолға не ерте, не кеш түсуi мүмкiн. Бiз, қыздар қауымы, тұрмысқа шығу үшiн белгiлi бiр қатып қалған қағидалар мен ырымдарға сенетiн сияқтымыз ба, қалай? Түсiнiктi болу үшiн бiз сiздерге қыздар тұрмысқа шығу үшiн не нәрселердi күтетiндiгiн санап, саралап берейiк.

ҚЫЗ АЛЫП ҚАШУҒА ТОСҚАУЫЛ ҚОЙЫЛМАҚ
Елiмiзде жаңадан туған әрбiр 100 мың сәбидiң 23 па­йызын кәмелетке толмаған қыздар дүниеге әкеледi. Мұн­дай келең­сiздiктiң көбеюiне ерте қиылған некенiң әсерi мол. “Baq. Kz” ақпарат агент­тi­гiнiң хабарлауынша, Астанада “Ор­та Азия елдерiндегi жасөспi­рiм қыздарды күштеп тұрмыс­қа берудiң, ерте қиы­латын не­кенiң алдын алу” тақырыбында халықаралық конференция өт­кен.

Шаршаған адамның күй талғамай ұйқыға қисаятыны рас. Алайда дұрыс ұйықтай бiлу сiздiң денсаулығыңызға ғана емес, қартаю процесiне де әсерiн тигiзетiнiн бiлесiз бе? Төмендегi ұйықтаудың сан түрiнен сақтана бiлсеңiз, жаныңыз да, тәнiңiз де тез қартаюдан алыс болады екен.

Түлкi алмайтын қыран болмайды. Ол – оның Алла тағала берген қанғасiңдi қасиетi. Егер одан түлкi алмайтыны шықса ол – қыранның емес, құсбегiнiң қырсыздығы. Сондықтан ұстазыңа құлақ ас, балам.

Футболдан ел чемпионатының 27-тур ойындары көп нәрсенi қозғап жiбердi. “Ақтөбенiң” қиялы ұшқыр жанкүйерлерi чемпионаттың түгесiлуiне бiрнеше ойын қалса да өз клубын жеңiм­паз деп жариялағысы ке­ледi. Олай болатын да жөнi бар, ақтөбелiктер өз алаңында “Астана” клубын 2:0 есебiмен жеңiп, өзгелерден кәдiмгiдей ұзап алды.

ӨЗБЕККЕ КЕТКЕН ӨЗ БАЛАҢ – ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕР
Таңат Сағындықов баптайтын грек-рим кү­ресiнiң жетi балуанына тек жалқы қола бұйырды. 120 келi салмақта кү­рескен Нұрмахан Тiнә­лиев үшiншi мәрте әлем чемпионатының қола жүл­десiн иелендi. Ширек финалға дейiн тәжiк, тунис балуанын жыққан Нұрмахан ширек финалда эстон алыбына есе жiберiп алды.