1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №77 (15847) 26 қыркүйек, бейсенбі 2013
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚАУIПСIЗДIГIНЕ РЕСЕЙДIҢ ТҮКIРГЕНI БАР...
Бодандықтан босағанына 20 жылдан асса да, қазақтың босбелбеу билiгi әлi күнге ресейлiк әрiптестерiн „братан„ са­найды. Екiжақты келiсiмдерде Қазақстанның мүддесi үнемi кем түсiп жататынын тәуелсiз сарапшылар бұған дейiн де сан мәрте айтқан. Ал Ресейдiң бұл жолғысы – тiптi басынғандық. Байқоңырды бабасынан қалған мұрадай көретiн “Роскосмос” Қазақстанның келiсiмiн күтпей-ақ зымыранын зуылдатқалы жатыр. Атын естiгенде Алаштың жүрегi зырқ ете қалатын “Про­тонның” кезектi ұшырылымы қыркүйектiң 30-ына жоспарланған.
ОНЫ ҚАНДАЙ КҮШТЕР ТОЛТЫРМАҚ?
“Азат” партиясының жетекшiсi Болат Әбiлевтiң мәлiмдемесi Қазақстандағы оппозицияның болашағы туралы әңгiмеге жол ашты. 2000 жылдардан берi талай қилы кезеңдердi бастан өткерген демократиялық күштер үшiн соңғы бiрнеше жыл ауырға соқты. Оппозицияның радикалды бөлiгi болып есептелген тiр­келмеген “Алға” партиясы қудалауға ұшырап, жетек­шiсi Владимир Козлов түрмеден бiр-ақ шықты.

Саясаткер Болат Әбiлевтiң өзiне қатысты шешiмi қалың қауымды бейжай қалдырмады. «Мұнысы қалай?» дейтiн сұрақтарға тұщымды жауап керек. Газетiмiздiң бас редакторы Рысбек Сәрсенбай Болат Мұқышұлымен кездесiп, мән-жайды толық ашуға септесетiн сауалдар қойған едi. Екеуара әңгiме төмендегiдей болып шықты.

Қыркүйектiң 23-i күнi Алматы қаласының әкiмшiлiк соты “Ашық алаң” (“Трибуна”) басылымының иесi Әсем Әлмұхамедқызына Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодекстiң 342-бабының 4-бөлiмi бойынша айып тағып, 100 айлық есептiк көрсет­кiш көлемiнде (173100 теңге) айыппұл салды. Мұнымен тынбай, “Ашық алаң” (“Трибуна”) басылымының жұмысын үш айға тоқтатып тастады.
Халық Қаһарманы, Кеңес Одағының батыры, армия генералы, тәуелсiз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрi, қоғам қайраткерi Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов дүниеден озды. 90 жасқа бет бұрған шағында. Сағадат Нұрмағамбетов Кеңес Одағының батыры атағын алған кезде небәрi 20 жаста ғана екен (1944 жыл).

Қыркүйектiң 23-i күнi ҚР президент әкiмшiлiгiнiң жетекшiсi Кәрiм Мәсiмов қызметiнен кеттi. Бұл туралы оның өзi “Мемлекет басшысының атына қызметтен босату жөнiнде өтiнiш жаздым. Өтiнiшiм қабылданды” деп твиттердегi парақшасында жаз­ған.

Американдық отбасы асырап алған қазақстандық жетiмектердiң жағдайы қозғау салса керек, таяуда мәжiлiсшiлер Бiлiм және Ғылым министрiне арнайы сауал жолдады. Коммунист Ж.Ахметбеков бiлiм министрiнен шетелдiктер асырап алған әрбiр баланың жағдайы туралы ақпарат берудi сұрап, әрбiр шетел асқан баланың тағдырынан хабардар болу туралы ұсыныс айтты.

Үкiмет көздеген зейнетақы жүйесiнiң реформасы iске асса, нағыз әлеуметтiк жарылыс сонда болмақ. Аптаның басында Алматыда өткен “Қазақстан зейнетақы жүйесiн өзгерту тұжырымдамасы және зейнетақы салымдарын инвестициялау стратегиясы” атты дөңгелек үстелге қатысқандар осындай қорытындыға келдi.

Мемлекет, әсiресе, оның астанасы көпбалалы аналарға төленетiн әлеуметтiк көмектiң көлемiн өсiрiп, олардың тұрмысын түзеп, баспаналы болуы үшiн барынша мүмкiндiк жасамақ. Мәселен, әрбiр балаға ай сайын 6 мың теңгеден артық мөлшерде жәрдемақы бермек. 

1. АРУАҚТЫҢ «АТАТЫНЫ» РАС ПА?
Мен, әсiлi, хал-қадырымша басымнан сөз асырмайтын адаммын. Өзiмдi бiреу­дiң жәбiрiне, қорлауына бе­рiп қойғым келмей­дi. Ешкiм­нiң де маған кезелген кеке­сiн сөзi жауапсыз қалған емес. Көңiлiме қиғаш келген жағ­дайды кiмнiң де болсын бетiне айтып саламын. Өк­тем­­дiкке, астамшылыққа, қиянатқа төзбейтiн сол бая­ғы мiнез.

Биылғы оқу жылы жаңалықтарға толы болды. Соның iшiнде елдi елең еткiзгенi – орыс мектептерiнде қазақ тiлi сағаттарының қысқартылуы, математика пәнi мұғалiмдерiнiң апталық жүктемесiнiң артқандығы және ағылшын тiлi пәнiн оқытудың 1-кластан бас­тап енгiзiлуi.

Қазiргi таңда мен сияқты мұғалiмдердiң денсаулығы мүшкiл. 50 жасқа жеткендерiнiң көпшiлiгiнiң жүрiп-тұруы қиындаған. Бауыр, бүйрек, асқазан, қан қысымы және зәр жолдары ауруымен ауыратындары қаншама. Менiң бiр басымда осы аурулардың барлығы бар. Бұдан кейiн “зейнеткерлiк жасты көремiз бе, көрмеймiз бе?” деген ой мазалайды.

Қазiргi жастардың бәрi интернет желiсi арқылы танысып достасқанды ұнатады. Осыдан екi жыл бұрын, яғни 1-курс оқып жүргенiмде электронды почтама Сабина есiмдi арудан достасу жөнiнде ұсыныс келiп түстi. Күлiмдеп түскен фотосын қойған бойжеткенмен ә дегеннен-ақ сөзiмiз жарасып кеттi.

Бұрын ойлаушы едiм, ұл тусам мiндеттi түрде есiмiн Қайрат деп қоямын... Бұл маған 86-шы жыл­ғы оқиғадан соң батырлық, қайсарлық, отансүй­гiштiктiң белгiсiндей әсер қалдырды. Небәрi жиыр­мадан асқан жасында тоталитарлық күшке қарсы тұрған қайран Қайрат Рысқұлбеков!

Түрмеден хат
Бұл мекемеде 998 сотталғандар бар. Соның шамамен 500-i “рабочкаға” жұмыс iстейтiндер. Әр келген тексерушiлерге өз адамдарын дайындайды. 1-2 әйел көпшiлiктiң атынан сөйлеп, әбден мақтап, жағдайын жасайды. “Еңбегi” үшiн кезектен тыс туыстарымен кездесуге немесе темекi, түрлi тәттiлер бередi.
12 күнге созылатын бокстан 17-әлем чемпио­натының басталуына да санаулы күн қалды. Екi жылда айналып соғатын сайыс­қа қазақ боксшылары да қатысады. Бiздiң ұлттық құрама бокстан әлем чемпионаттарына дербес ел ретiнде 1993 жылдан берi қатысып келедi. 1999 жылы қазақтың қайсар баласы Болат Жұмадiлов
УЫСЫНДА ҮШ ЖҮЛДЕ
Қазақстандық теннисшi Михаил Кукушкин Түркияның Измир қаласында өткен халықаралық турнирде топ жарды. “Челленджер” санатына жататын сайыстың финалдық сынында итальяндық Лук Соренсендi екi сетте жеңдi. Финалға дейiн Кукушкин босниялық, тунистiк, беларусь теннисшiлерiн тiзерлеттi.
МҮЛКI О ДҮНИЕГЕ ДЕ КЕРЕК ЕКЕН
Бразилиялық мил­лионер өзiнiң құны 450 мың АҚШ доллар тұратын су жаңа “Бентли” автокөлiгiн өте қатты жақсы көредi екен. Байлығы кемерiнен асқан миллионер дүние-мүлiкке о дүниеге кеткен соң да тоймайтынын жария еттi. Чикуньо Скарпа бай­дың жасы 62-де.