1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №78 (15848) 1 қазан, сейсенбі 2013

2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап көлiктiң салығы қымбаттайтын болды. Салықты көтерудiң жөнiн экономика және бюджеттiк жоспарлау министрi Ерболат Досаев айтты. “Қоз­ғалтқышының көлемi 3-тен жоғары – 3,2 текше сантиметрге дейiн болса, 35 айлық есептiк көрсеткiш (60 585 теңгеден 61 985 теңгеге дейiн), 3,2-ден 3,5 текше сантиметрге дейiнгiлер 46 айлық есептiк көрсеткiш, 3,5-тен 4-ке дейiнгiлер 66 айлық есептiк көрсеткiш көлемiнде салық төлейдi”, – дедi Е.Досаев.

Кеше Астана уақыты бойынша 03.38-де Байқоңырдан Ресейдiң “Протон-М” зымыраны көкке көтерiлдi. Әбүйiр болғанда, ай жарығымен аттандырылған ракета бұл жолы жарылған жоқ. Әлдеқалай боп қала ма деп қауiптенген қазақтың жүрегi орнына түстi. Бiрақ билiк гептилге қарсыларды “кептеп” жатыр.

А.Мамытбековтi халық қана емес, елдегi қой-сиыр, ешкiге дейiн жақсы “таниды”. Танитыны, ол ауылшаруашылық министрлiгiн үш жылдан берi тапжылмай басқарып келедi. Тапжылмайтыны да бекер емес. Бiлетiндер оны Ө.Шүкеевтiң адамы дейдi. Шүкеевтi шыр көбелек айналып шықпайтынын ескерсек, кiмнiң адамы екенiне күмән қалмайды.

БЛЭР ҚАЗАҚСТАННАН АЛҒАН ҚАРЖЫНЫҢ БIР БӨЛIГIН ҰШАҚ ЖАЛДАУҒА ЖҰМСАЙДЫ
Қазақстан үкiметiне кеңес бергенi үшiн жылына 16 миллион фунт стерлингтi қалтасына басатын Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрi Тони Блэр бұл қаржыны қайда жұмсайды? Бiрқатар британдық басылымдар Т.Блэрдiң үлде мен бүлдеге толы өмiрге әуестiгiн сынға алыпты.

Биылғы оқу жылы бiлiм меке­мелерiндегi көптеген кем­шi­лiктердiң әшкереленуiмен басталғаны мәлiм. Оқу құралдарының қымбат бағасынан бастап, Бiлiм министрiнiң ауысуы қоғамды бiраз шулатып тастады. Көп өтпей, мектеп асханаларынан дау шығып, алматылық бiрнеше бiлiм мекемесiндегi аспазшылар жұмыс­тарынан шеттетiлдi де. Себеп – оқушыларға берiлетiн тамақтардың жарамсыздығы.

Бүгiн күндiзгi сағат 15.00-де BNews.kz интернет-порталында Қазақстан Республикасы Қарулы күштерi Бас штабының ұйымдастыру-мобилизациялау жұмыстары департаментiнiң iрiктеу басқармасының бастығы – департамент бастығының орынбасары, полковник Амантай Сламжанұлы Өсербаевтың қатысуымен онлайн-конференция өтедi. Өзiңiздi қызықтырған сұрақты www.bnews.kz порталының “Онлайн-конференция” бөлiмi арқылы қоя аласыз.

ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-ми­нистрi Бақытжан Жақсалиев­тың мәлiмдеуiнше, Қа­зақстанда атом электр стансасы құрылысы бойынша әлi нақты саяси шешiм қабылданбапты. Бақытжан Жақсалиев атом электр стансасын бiрнеше жылда салудың мүмкiн емес екенiн айтады. Мұндай стансалардың құрылысына кем дегенде 10 жыл қажет.

Қоғамда белең алған қудалау, қысым жасау, соттау науқанына билiктегiлер белсене кiрiстi. Бұған дейiн де тәуелсiз ақпарат таратушы басылымдар мен интернет-сайттарды сотқа сүйреп, сынықтан сылтау тауып бiразын жапты да. “Guljan.org” сайты мен “Адам” журналын, “Республика” газеттерiн саяси қысымға алғандар ақпарат құралдарын халыққа жеткiзбеудiң барлық қитұрқы әрекеттерiн iске қосты.

Жосалыға жиi болмаса да, жол-жөнекей барып жүрмiз. Сондықтан елдiң тыныс-тiршiлiгiн тереңiрек тани түсу көптен ойда бар-тын. Өткен апта орайы келдi. Жосалы мен Қызылорданың арасы пойызбен екi сағаттық жер. Әңгiмелесiп, сұхбаттасып отырғанға түк емес. Жүрдек пойызға мiн­ген соң көршiлермен жөн сұрасқанбыз. Жосалының тұрғыны екен, тiптi қатып кеттi.

Екi-үш жылдан берi “Жас Алаш” газетiнiң бас редакторы Рысбек Сәрсенбай бастаған ынталы топ Магадан жағынан Сәкен Сейфуллин мен Мағжан Жұмабаевтың сүйегiн, нақтылы дере­гiн iздестiрiп жүр­генiнен оқырман жұртшылық хабардар. Осындайда есi­ңе ерiк­сiз Жүсiпбек түседi. Кәдiм­гi қазақ әдебиетiнiң клас­сигi Жүсiпбек Аймауытов.

Өмiрiнде қаншама iс тындырып тастағанымен “мен тасты шағып, тауды қопарып тастадым” деп жар салмай-ақ “айылы босатылмай ауыздығымен жайылып қоң алып жүре беретiн қойшының ақ айыл торысы” сияқты адамдар болады. Арамызда мұндай адамдар аз емес, солардың бiрi – мен бiле­тiн Әлiмғазы Дәулетхан.

Баяғыда бiр еңбекқор шаруа болыпты. Шешесiнiң көзi көрмейдi екен. Бiр күнi шаруа сұлу қызға үйленiп, балалы болады. Келiн енесiне өте жақсы қарапты. Бiрақ неге екенi белгiсiз, келiн түн са­йын төсектен тұрып далаға шығып кетудi шығарады. Жаңбырлы түнi де, дауылды түнi де шығады да, бiраз уақыттан кейiн қайтып келiп, орнына жатады.

Тәуелсiздiк алып, ел жадынан өшiп кеткен кеткен талай жақсының есiмi жаңғырып, ортамыз­ға оралып жатқанда, ұмытылып жүрген тарихи тұлғалардың бiрi, Абылай заманының қаһарманы Қанжығалы Жантай батыр Төлекұлы едi. Iздеушiсi болмаған соң Жантайдың есiмi бертiнге дейiн энциклопедияларда да “Жанатай” болып қате жазылып келдi. Бұл жөнiнде 1960 жылы ерейментаулық бiр топ зиялы қауым академик Әлкей Марғұланға

Сыртқы iстер министрi екенмiн деймiн... Түсiм екен деймiн... Я Алла, түсiм бола гөр! Шырт ұйқыда жатырмын. Бiр кезде есiк сықырлап ашылғандай болды. Мен де көздерiмдi “сықырлатпай” ашып, жастығымның астында жатқан пистоле­тiмдi суырып алдым. Балаларым ойнап жүрген ойыншық пистолеттi. Бiр кезде қарасам...
Әйелдiң зарын әбден тартқан Тобан ендi әйел алудың қамына кiрiстi. Байсыз қатындардың бiрне­шеуiн айттыра барып едi, бәрiнiң де сәтi келмедi. Сүйреңдеп, екi иығын жұлып жеген жесiрлерден “аузы күйген” Тобан аптасына бiр рет шығатын “Жарнаманың” соңғы беттегi “танысалық” деген бұрышына өзi жайлы былай деп хабарлады:
Екi қарт орындықта қатар отыр. Кiтап оқып отырған қартқа екiншi шал:
– Не оқып отырсың? – дейдi.
– Тарих қой.
– Қайдағы тарих?! Менi көрмейдi дейсiң бе, сен секс туралы кiтап оқып отырсың ғой.
– Секс мен үшiн тарих боп қалды ғой.
Қыркүйектiң 28-29-ы күн­дерi Алматыда дзюдодан әлемдiк гран-при турнирi өттi. Жалпыкомандалық есеп­­те Қазақ елiнiң құрамасы топ жарды. 60 келi салмақтың барлық жүлдесi бiздiң балуандарға бұйырды. Елдос Сметов пен Айбек Имашев финалда күресiп, Сметовтiң асығы алшысынан түссе, қола жүлде Асхат Тельманов пен Рустам Ыбыраевқа бұйырды. 
ЖАЛҚЫ ЖҮЛДЕ
Түркияда өткен әлем чемпионатында Жансая Әбдiмәлiк күмiс жүлдегер атанды. Финалға дейiн барлық қарсыластарын еңсерген Жансая үндiстандық Рут Падминимен тең түстi. Бұлардың итжығыс түскенi ресейлiк Александра Горячкинаға қол болды да, алтын медаль иелендi.