1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №79 (15849) 3 қазан, бейсенбі 2013
“Абылай салған жол”, “Абылай ханның ақ жолы”, “Абылай асқан асу”, “Абылай шыққан биiк”... Бiз бұл сөздердi қазiр құрастырып отырған жоқпыз, мұның бәрi – ежелден келе жатқан ұғымдар. Мұның сыртында “Абылайдың аһ ұруы”, “Абылайдың түсi”, “Абылайдың өнегесi”, “Абылайдың үлгiсi”, “Абылай ханның қарғысы”, “Абылайдың батасы”, “Абылайдың жолы” дейтiн тiркестер де бар.  Тарихымызға тереңiрек үңiлсек, осы тiркестер мен ұғымдардың арғы жағында ұлы үлгi-өнеге жатқанын аңғарасыз. Абылай ханның өнегесi! Абылай ханның үлгiсi!  Абылай ханның 30 ұлы болған (қыздарынан бөлек).
Осындай тақырыппен “Жас Алаш” газетiнде жарияланған (№71, 10 қыркүйек) бас редактор Р.Сәрсенбайұлының ашық хатына Шығыс Қазақстан облысының әкiмi Бердiбек Сапарбаевтан төмендегiдей жауап келдi. Ондағы уәждерге байланысты қосымша пiкiрлердi 2-беттен оқисыздар.
АТА-БАБАМЫЗ АМАНАТ ЕТКЕН ЖЕР ЕШҚАШАН ЕШКIМГЕ БЕРIЛМЕЙДI
Аты да, заты да бiртүрлi “Спутник и Погром” сайтының Facebook әлеуметтiк желiсiндегi парақшасында Егор Просвирин деген пәтшағар өз құсығын өзi жептi. Просвирин деген кiм? Олай-бұлай сөйлеген сөзiне қарағанда, ол өзiн “оңшыл жаңа күштер көшбасшыларының бiрi”, “ұлтшылдардың ұлтшылы” санайды екен.

Елдегi тәуелсiз басылымдардың тағдырына алаңдаған бiрқатар саясаткер, азаматтық белсендiлер мен қоғамдық ұйым өкiлдерi осы БАҚ-ты қорғау үшiн арнайы штаб құрды. Сейсенбi күнi өткен баспасөз мәслихатында штаб мүшелерi ендi сөзден iске көшемiз деп мәлiмдедi.

Елiмiздiң бас банкирi Григорий Марченко “отбасылық жағдайына байланысты” өз өтiнiшiмен қызметiнен кеттi. Ұлттық банктiң бұрынғы төрағасының жұмысына оң баға берген пре­зидент бұл лауазымға Қайрат Келiмбетовтi тағайындады. “Григорий Александрұлы Ұлттық банктен әне кетедi, мiне кетедi” деген алыпқашпа әңгiме жылдың басынан берi гулеген. Алайда оның өзi бұл сыбысты жоққа шығарып, жұмыс берушiмен келiсiм­шарты 2015 жылы бiр-ақ бiтетiнiне сiлтеген
ҚАРЖЫМЫЗҒА САЛЫНҒАН ӘУЕЖАЙМЕН ҚАТЫНАС ЖОҚ
Түркияның Даламан қаласындағы халықаралық әуежай қазақтың инвестициясына салынған. 2004 жылы құрылысы басталып, 22 айда iске қосылған әуежайдың аумағы – 92 мың шаршы метр. Жылына 10 миллион жолаушыны қарсылай алуға қауқары жететiн әуежайдың салынуына жұмсалған миллиондаған қаражат әлдеқашан өтелген.
НЕТАНЬЯХУ РУХАНИДI “ҚОЙ ТЕРIСIН ЖАМЫЛҒАН ҚАСҚЫРҒА” ТЕҢЕДI
БҰҰ-ның Нью-Йорктегi бас ассамблеясының 68-сессиясында Израильдiң премьер-министрi Бинямин Нетаньяху олай да бұлай көсiлiп сөйледi. Қолдаушыларының құдiретiн сезсе керек, сiрә. Ол сөзiн тарихтан тартып бас­тады. “Бұдан 2,5 мың жыл бұрын
Құнды дүние ешуақытта ескiрмейдi. Бiз бүгiн Абылай ханның 300 жылдық мерейтойына орай жазушы һәм тарихшы Мұхтар Мағауиннiң 1993 жылы жазылған “Абылай-бахадұр хан” атты мақаласын назарларыңызға ықшамдап ұсынып отырмыз. Алаш ұлының Ақтабан-шұбырындыдан соң қайта оңалуы, Қазақ Ордасының төре таңбалы қызыл туы қайта кө­терiлуi, бұрынғы кенере толып, ежелгi қуатына жетпесе де, бiртұтас қуатты мемлекет ретiнде қалпына келуi – Абылай хан есiмiмен байланысты.
– Ықылассыз өткiзiп жатқан, онда да “птичка” үшiн өткiзiлiп жат­қан тойға баруға еш зауқым жоқ. Бiрiншiден, бұл той өте кешiктiрiлiп өткiзiлiп жатыр. Абылай хан 1711 жылы туған. Ресми түрде бекiтiл­генi де осы – 1711 жыл. Энциклопедияда да солай. Жарайды, тойды 2011 жылы емес, биыл өткiзетiн-ақ болсын. Бiрақ, ол неге жетiм қыздың тойындай елеусiз, ықылассыз, облыс орталығында өткiзiлуi керек?!
Уа, Абылай, хан ием!
Асқар таудай алып ең,
қазағым деп жанып ең,
қазағым деп налып ең,
Тосылғанда қалың ел,
өзiңдi өзiң танып ең,
жауға жалғыз шауып ең,
Уа, Абылай, хан ием!
ОТАНЫ – АЛТАЙ ТАУЫ
Шаңғыны ойлап тапқан кiм? 1982 жылы ғалым А.Микляевтiң осыдан 4300 жыл бұрын Псков облысында (Ресей) шаңғы бол­ған деген тұжырымын орыстар әлi күнге малданады. Норвегиялықтар 7 мың жыл бұрын бiз ойлап таптық деп даурығады. Грек тарихшысы Ксенофонт бiздiң дәуiрiмiзге дейiнгi 401 жылы армяндардың тарихын зерттеп, Қап тауында адамдар аяғына тақтайша байлап алған деп жазды. Талай ғалымның басын қатырған шаңғының шығу тарихы орысқа да, норвегиялыққа да, шведке де, армянға да қатысты емес. Шаңғыны ойлап тапқан – қазақ.

“Лада” басылымының жазуынша, Ақтау маңындағы ядролық қалдықтар егеуқұйрықтардың гендiк мутациясына әкеп соқтырды. Қала жанындағы “Қошқар Ата” химиялық өндiрiсiнiң уран қалдықтарын сақтайтын қоймасында 51 тонна радиоактивтi қалдық жиналған.

ЖОЛДАМА ҚОЛДА
Қытайдың Чэньчжоу қаласында волейболдан әлем чемпионатының жолдамасы сарапқа салынды. Александр Гутор шә­кiрттерi Қытай, Оңтүстiк Корея, Үндiстан және Жаңа Зеландия құрамасымен тартысқа түсiп, екi жолдаманың бiрiн иелен­дi. Қыздарымыз үндi, кәрiс, жаңазеландиялық