1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №80 (15850) 8 қазан, сейсенбі 2013
Ресей президентi:
– “Жас Алаш” дейтiн газеттерiңiз кедендiк одаққа қарсы мақалаларды жиi жариялайды екен. Ондай прессаны престеп тастау керек!
Қазақстан президентi:
– Олай iстей алмаймыз.
Ресей президентi:
– Нелiктен? Демократия ма?..
Қазақстан президентi:
– Жоқ. Мен ол газетке келер жылға да жазылып қойып едiм!
“Рейтинг.кз” деп аталатын зерттеу агенттiгi Қазақстанның шендi-шекпендiлерiнiң тiзiмiн түзiп, қаталдық пен ымырасыздық жөнiнен кiмнен кейiн кiм тұрғанын анықтауға тырысыпты. Жалпы, рейтинг деген нәрсенiң бiзде қалай жасалатыны белгiлi. Саяси науқандардың қарсаңында, белгiлi бiр шенеунiктi аспандата мақтайтын немесе жерге тыға жамандайтын кезде рейтингшiлдердiң қолы жүредi.
“Теледидарды ашып қалсаң – Ғафекең, Радионы басып қалсаң – Ғафекең!..” деп басталатын Жарасқан Әбдiрашевтiң бiр әдемi өлеңi бар. Әдемi болатыны ақын, ағасына деген iлтипаты мен құрметiн әзiлге “ораған” да, бар айтпағын бiр шумаққа сыйдырып бере салған. Ендi Жарасқанша жазғысы келетiн ақындарға тағы бiр тақырып дайын тұр:
Өткен жұма күнi мә­жiлiсте шұғыл жиналыс болып, қоғамда шу тудыр­ған салық заңы қайта таразыланды.
Жаңадан қабылданғалы тұрған көлiк, тұрғын үй, жер салығы жөнiнде газетiмiздiң өткен сандарында жазғанбыз. Экономика және бюд­жеттi жосарлау министрi Ерболат Досаев бас болып әзiрлеген бұл заң жобасының шикiлiгiн, алым-салықтың жөнсiздiгiн жеткiз­генбiз. Десек те қоғамның қарсылығы министрдi райынан қайтармапты. Бiрақ мәжiлiсшiлердi ойға қалдырғандай.

Қазақстанда бензин бағасы қайта көтерiлдi. 110 теңгеден ендi 117 теңгеге секiрдi. Мұнайға бай ел саналатын Қазақстандағы жанармай бағасының шарықтауына тоқтау бар ма? Бензин құны 4 теңгеден аспайтын Венесуэлаға қарап, көңiлсiз ойға қаламыз. Бензин. Елiмiздегi ең бағалы байлықтардың қатарында.

Биылғы егiннiң шығымы былтырғы жылы құрғақшылықтан қарызға бел­шесiнен батқан диқандар үшiн үлкен демеу болғалы тұр. Ауыл шаруашылығы министрi А.Мамытбеков бұйыртса, 16-18 миллион тоннаның жобасында ас­тық жинаймыз деген болжам айтты. Одан басқа әртүрлi деңгейдегi ше­неу­нiктер де биыл 2011 жылдың деңгейiндегiдей өнiм аламыз деп шуласып жатыр

 Ақтөбе облысының шикiзаттық қорын қос көршi қақ бөлiп алған: Қытай – мұнайға, Ресей – түстi металдар кенiштерiне ие. Қазанның бас кезiнде Ақтөбеде өткен инвестициялық форум­ға поляк кәсiпкерлерiн бастап келген Польша Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкiлеттi елшiсi Яцек Клочковский өздерiн “сiздiң көршiңiздiң көршiсiмiз” 

Арқада Абылай ханның 300 жылдық мерейтойы өтедi деген жағымды хабар жазғытұрым құлағымызға тиген. Шынымызды айтсақ, Көкше жерiн көк желекке ораған жаздың жаймашуағында болатын шығар деп күтiп жүргемiз. Дегенмен, бiз бiлмейтiн бiр себептер болды ма, ақыры қазанның қара суығына келiп бiр-ақ тiрелдi. Десе де, мерекенiң бiрiншi күнi Астанада жауып жатқан ақ қар бұл төңiректi айналып өткен тәрiздi, күн сәл ызғарлы, желкемдеу көрiнгенiмен, жауын-шашын байқала қоймады. Таңертеңгiлiк орталық алаңға

Жуырда облыс бойынша қылмыстық-атқару жүйесi департаментi баспасөз конференциясын өткiзген. Қатыстық, жыл басынан бергi жаңалықтарын тыңдадық. Көкейдегi сауалдарды қойдық. Қазiргi таңда түрмелердегi тәртiпсiздiк төңiрегiнде жиi айтылады. Өз-өзiн жарақаттау, түрмеден қашу, ақыр аяғы атысып жатқандар да бар.

1987 жылы Алматыдан жерле­сiмiз, белгiлi жазушы, бүгiндерi марқұм болған Дүкенбай Досжанов Сыр бойы оқырмандарымен кездесу мақсатында елге келдi. Қасында Баукеңнiң ұлы Бақытжан мен келiнi Зейнеп бар. Бұл кезде Бақытжанға жазушы, Зейнепке “Шуақты күндердiң” авторы рет­iнде сырттарынан қанық болғанымызбен, олармен алғаш жүзде­суiмiз осы.

“Домбыра party” деген атпен былтырдан берi елiмiздiң бiрқатар қалаларында қазақ жастарының ұйымдастыруымен мәдени сазды шаралар өтуде. Алғаш Астанадан басталған домбыра думан бүгiнде елiмiздiң түкпiр-түкпiрiне тарады. Қоңыр үндi қара домбыраны қазақ жастары ешбiр жарлықсыз, ешқандай ресми органдардың немесе партиялардың нұсқауынсыз қолға алды.

Әнеугүнi жұмыс сапарымен Ақтөбеге барған Бiлiм және ғылым министрi Аслан Сәрiнжiпов осындай әңгiменiң шетiн шығарды. Негiзiнен министр Ақтөбе қаласына президенттiң “Қа­зақстан - 2050 стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттiң жаңа бағыты” жолдауын түсiндiру үшiн барған едi.

Жер жаһандағы ең қымбат оқу орындарының алғашқы бестiгiне ең әйгiлi университеттердiң бiрi де iлiге алмағаны қызық. Мысалы “Forbes” журналы жариялаған құны удай ЖОО-лардың тiзiмiнде Гарвард, Кембридж, Оксфорд, Пристон секiлдi атышулы университтер енбеген. Ендеше ол қандай оқу орындары? Көш басында Американың Колумбия штатындағы Джордж Вашингтон университетi тұр. Оған оқығыңыз келсе, жыл сайын 39,240 доллар төлеуiңiз керек.

ҚАРАШЫҒЫ ҚАРАӨЛЕҢГЕ ТОЛҒАН ҚЫЗ...       
Көктем туса көп iздейтiн қыр гүлiн,
Менiң мұңым түсiнгенге нұрлы мұң.
Айдыныма ай жүздiрген сәттерде,
Жанарыңның жарығына сүңгiдiм.
Емтихан кезi. Бiрiншi шыққан студенттен жұрт сұрап жатыр:
— Қалай тапсырдың? Неше алдың?
— Айтсам, таңғқаласыңдар! Бiз тура данышпандар құсап сөйлестiк. Одан – сұрақ, менен – жауап. Тағы сұрақ, тағы жауап. Алғаным – 5
Екiншi студент шығады.
Өткен аптаның соңында премьер-лиганың 29-тур ойын­дарынан соң турнир кестесiнде өзгерiс болды. Қарағандылық “Шахтер” қонаққа келген шымкенттiк “Ордабасы” клубын 3:0 есебiмен жеңдi. Джидич 38-минутта есеп ашып берсе, Зенькович 58-минутта еселей түстi.
ҚЫЗДАРДЫҢ ҚОРЖЫНЫ ТОҚ
Өзбекстан астанасында өткен гран-при сайысында Гүлжан Иссанова алтын медаль жеңiп алды. 78 келiден жоғары салмақта белдескен Гүл­жан Исанова финалда моңғол қызы Жавзмаа Одкхуды тiзерлеттi. Мариан Ордабаева 63 келiде, Назгүл Құбашева 57 келi салмақта, Альбина Амангелдиева 78 келiде қола жүлде олжаласа, 48 келi салмақта Александра Подрядоваға күмiс медаль бұйырды. 
“ОРЫС АЮЫ” ОПЫНДЫ
Кәсiпқой бокстан   WBO, IBO, WBA, IBF, тұжырымдары бойынша әлем чемпионы украиналық боксшы Владимир Кличко өзiнiң талай жыл тер төге жүрiп, қол жеткiзген атағын қорғап қалды, қара орман орыстың астанасы Мәскеу қаласында. Ресейлiк Александр Поветкин мен украиналық Владимир Кличко жекпе-жекке түсер алдында Поветкинге Ресей президентi Владимир Путин
РОУЭН АТКИНСОН ИСЛАМ ДIНIН ҚАБЫЛДАДЫ
Ағылшынның 14 сериядан тұратын әйгiлi “Мистер Бин” атты комедиясы бар. Бұл комедия Қазақстанда да талай рет көрсетiлдi. Мистер Бин арқылы британдық комик Роуэн Аткинсонның аты әлемге танылды. Жақында Роуэн Аткинсон ислам дiнiн қабылдады.