1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №81 (15851) 10 қазан, бейсенбі 2013
Кеше Алматыда өткен баспасөз жиыны басқаша сипат алды. Олай дейтiнiмiз, билiктiң тарапынан жасалатын әдiлетсiздiктер жиi айтылатын бұл жерде оппозиция өкiлдерi халықтан сүйiншi сұрап, қуаныштарымен бөлiстi. Осыған дейiн тәуелсiз журналист Гүлжан Ерғалиеваның ақпараттық басылымдары түрлi саяси қудалаулар мен қысымдарға ұшырағаны мәлiм.

Жоғарғы сот Владислав Челахтың iсiн қайта қарайтын арнайы комиссия құруы мүмкiн. Жоғарғы сот төрағасы Бектас Бекназаровтың қабылдауында болған Челахтың анасы Светлана Ващенко мен Жауынгерлердiң аналары комитетi­нiң төрағасы Людмила Костенко осылай деп мәлiмдедi. Л.Костенконың ақпарат агенттiкте­рiне берген сұхбатына қарағанда, Челахтың анасы екеуi Бектас Бекназаровқа iстегi шикiлiктердi көрсетiп, дәлелдерiн келтiрген.

Осы жылдың 11 маусымында Алматының М.Мақа­таев пен Д. Қонаев көшелерiнiң қилысындағы төрт қабатты тұрғын үйдiң жоғары қабатындағы жан түршiгерлiк қырғында қандықол қарақшылар кәсiпкер азамат Ержан Сатыбалдының сүйiктi жары Нұргүлдi буындырып, iнiсi Ермұратты қылқындырып, небәрi 3-тегi Сырым мен 7 жастағы Сләмнұрды суға тұншықтырып өлтiрген едi.

Бұл оқиғадан берi де 3-4 күн өтiп барады. Бiрақ ешбiр мемлекет­тiк БАҚ жазықсыз құқай көрген жастарға қатысты ақпарат таратар емес. Көпке үлгi көрсетiп, спортпен шұғылдануға шақырмақ бол­ған қазақ жастары өткен жексенбi күнi ұсталған. Бiрден айта кетейiк, олардың мақсаты – салауатты өмiр салтын насихаттап, шылымқорлық, нашақорлық секiлдi iндеттерден бас тартуға үндеу болған.
“ВАЛЮТАЛЫҚ САЯСАТ ӨЗГЕРМЕЙДI”
Ұлттық банк басшылығына Қайрат Келiмбетов кел­гелi берi теңгенiң долларға қатысты бағамы әлсiредi. Дүйсенбi күнi АҚШ долларының ресми бағамы 154,15 теңгеге жеттi. Марченко қызметiнен кеткен уақытта оның мәнi 153,81 теңге шамасында болған-ды.
Таяуда ғана Баукеңнiң, әйгiлi Бауыржан Момыш­ұлының келiнi, Бақытжан Момышұлының аяулы жары Зейнеп Ахметованың “Әзi­лiңдi сағындық” атты кiтабы жарық көрдi. Бұл кiтапта автор өмiрден озған асыл жары, белгiлi жазушы Бақытжан Момышұлының табан астында тауып айтқан әзiл-қалжың, шымшымаларының бiр парасын оқырмандар назарына ұсыныпты.

Қазанның 1-i күнi www.bnews.kz порталында Қазақстан Республикасы Қарулы күштерi Бас штабының ұйымдастыру-мобилизациялау жұмыс­тары де­партаментiнiң iрiк­теу бас­қармасының бастығы – департамент бастығының орынбасары, полковник Амантай Сламжанұлы Өсербаевтың қаты­суымен онлайн-конференция өттi.

(Қабдеш Жұмадiловке жауап)
Қабдеш мырза! Сiз “Жас Алаш” газетiнiң 2013 жылғы 26 қыркү­йек күнгi санында жарияланған әңгiмеңiзде менiң жер-жебiрiме жетiпсiз. Хош. Дулат Бабатайұлының қабiрi табылғаннан бергi соңғы он жылда шығарған кiтаптарыңызда, жаз­ған мақалаларыңызда, сөйлеген сөздерiңiзде, берген сұхбаттарыңызда менi жоспарлы түрде бiрыңғай жамандауға көштiңiз.

Әй, осы бiздiң қазақтар аңғал! Аңғалдығы емей немене, «Байқоңырдан Протон ұшты, пәршек-пәршегiмiздi шығаратын болды...» деп жандарын шүберекке түйiп, қара аспанды төндiрiп жүр. Бiрақ, олар қателеседi. Iстiң байыбына бармай байбайлам салып отыр. Әйтпесе, билiктегiлер ақымақ дейсiз бе? Зиян екенiн бiле тұра, ресейлiктерге билетiп-төстетiп, Байқоңырды берiп қойып, ақылынан алжасты дейсiздер ме?! 

АҚШ-тың дарынды киноактерi, режиссерi, сценарисi, продюсерi Аль Пачино – “Оскар” және бұдан басқа да көптеген сыйлықтың иегерi. Қай мемлекеттiң журналисi сұхбат алса да, ол үнемi атасын, әжесiн әңгiме етудi ұмытпайды. – Бiз өте кедей тұрдық. Қалай тұрсақ та, атам мен әжем менi ылғи аялап, қорғаштап отыратын, – деп еске алады ол балалық шағын, –   Анда-санда әжем маған бақыр ақша берiп тұратын.

Iштерiң күйсiн! Iштерiң күйсе, дастарқанға бiр шелек тұз төгiп, жалай берiңдер! Мен әкемнiң арқасында әкiм болдым! Анау-мынау емес, аудан әкiмi болдым! Бұрынғы аудан әкiмi кабинетiндегi креслосын құшақтап, еңiреп жылады. Қимай тұр. Содан кейiн көз жасын сүртiп, маған қарады да – Саған үш хат тастап кетемiн. Тек қиналғанда ғана бiртiндеп ашарсың... – дедi өксiп. Мен оған “Арты қайырлы болсын, тек саунада кездесейiк!”

Осыдан тура 17 жыл бұрын, яғни 1996 жылдың 2 ақпаны күнi газеттерде ұлты қазақ азаматтардың қаласа “-ов, -ев, -ин, -ина” сияқты орыс тiлiнен енген қосымшаларды алып тастауына болатыны жайында президенттiң көптен күттiрген жағымды жарлығы жарияланды. Ал мұның алдында мемлекеттiк ономастикалық комиссия ұсынған осы мәселе жөнiндегi Тұжырымдама жарық көрген болатын.

Қасиеттi Құрбан айт та жақындап қалды. Алла тағала бәрiмiзге нұр-шапағатын себе берсiн! Адамдар бiр-бiрiне деген мейiрiмдiлiктерiн төге берсiн! “Төге берсiн” демекшi, сiздерге басымнан өткен бiр оқиғаны жазып отырмын. Биылғы ораза айы кезiнде Шымкент қаласында тұратын бiр перзентiме ақша салу керек болды.
Өмiрде жақсы адамдар көп. Солар жақсылыққа ұмтылады, айналасына нұр-шуағын шашып жүредi. Ермаханбет те сондай жайсаңдардың бiрi болатын. Бiз оны Ереке деушi едiк. Үш-төрт жас кiшiлiгiн емес, жақсы мiнезiн, елпiлдеп тұратын елгезек көңiлiн алға салып еркелете атайтынбыз. Адамдарға ең әуелгi керегi жылы сөз ғой.

Бiздiң ауылымыз Қызылкесiк (бұрынғы Семей облысы) деп аталады. Сылдырап аққан арықтар, ауылды қақ жарып ағып жат­қан ерке Боғас өзенi, айнала тау, көгал, ал ауылдың жоғары жағын шатқал дейтiнбiз. Ауыл десе, менiң көз алдыма шашын дөңгелете қидырған Бақыт елестейдi. Бақытпен көршi болып тұрғанбыз. Артымнан ерген бауырым болмағандықтан ермегiмiз кiшкене Бақытгүл едi.

Көкшетау қаласының үш тұрғыны жоспар құрып, жас жiгiттi алдымен арзанға көлiк сатамыз деп алдап құрықтарына түсiрген. Белгiленген орынға келген жiгiттi қылмыскерлер көлiкке отырғызып алып, қаланың сыртына шығарған және оны қорқытып анасына телефон соққызып, баласының тiрi жүруi үшiн 15 мың доллар ақша iздеп табуын талап еткен.
“Жас Алашта” Қызылорда облысы Шиелi ауданының тұрғыны Мұратбек Жақанның “Аштан өлген 4 миллион қазақты қайда қоямыз?” деген сауалмен (“Жас Алаш”, №75. 19.09.2013) шағын мақаласы шықты. Онда автор “Қазiргi заман тарихы” бiр адамның өмiрбаяны болып шықпасын” атты мақалаға орай өз пiкiрiн бiлдiрiптi (“Жас Алаш”, №69. 03.09.2013).
СОҢҒЫ СЫНАҚ
Футболдан келесi жылы Бразилияда өтетiн әлем чемпионатының iрiктеу туры аясындағы соңғы екi ойынын Мирослав Беранек баптайтын ұлттық құрама сыртта өткiзедi. Ертең Фарер аралдары құрамасымен тартысқа түссе, 15 қазан күнi Ирландия футболшыларының тегеурiнiне төтеп бередi.
Лондондық клубтың атқарушы директоры Каллен жуырда Ре­сейдiң университетiнде студенттерге дәрiс оқыды. Заты әйел тiсқаққан менеджер студенттерге “Тоттенхэмнiң” жылдық табысы туралы шабыттана айтқанын “Шiр­кiн-ай, Еуропаның еңселi клубтарының жылдық табысын шытырлатып санағаны секiлдi бiз қашан табысымыз туралы мақтана айтар екенбiз?!” деп бiз де аузымыздан сiлекей шұбырып тыңдадық.