1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №82 (15852) 15 қазан, сейсенбі 2013
2013 жылдың 15 ҚАЗАНЫ – ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСI!
Қадiрмендi мұсылман бауырлар, құрметтi отандастар!
Баршамызды қуаныш-шаттыққа бөлейтiн, құт-берекелi, мұсылман қауымының ұлық мерекесi – Құрбан айтқа аман-есен жеткiзген Алла тағалаға сансыз шүкiр­лер мен мақтаулар болсын! Әлемнiң әр түкпiрiн мекендеген мұсылмандар бұл күнi Жаратушы Иемiздiң разылығы үшiн құрбан шалып, Алланың мейiрiм-шапағатына бөленуге тырысады. Адам осындай iзгi амалы

Жуырда ғана Үкiметтiң кеңейтiлген отырысында Нұрсұлтан Назарбаев қоластындағыларды бiраз сiлкiлеп алды. Президенттiң сынынан аман қалғандар аз. Тендердi тең бөлiп, жылы-жұмсақты өңгерiп әкететiн жемқорларды былай қойғанда аузын бағып сөйлемейтiн министр де сөз естiдi. Дұрыс қой, мемлекет басқарып отыр­ған соң, өз iсiне жауапсыз қарайтын шендi­лердi “шекеден шертiп” қойғанның ерсiлiгi жоқ. Бiрақ осы жиында Назарбаевтың нелiктен Беларусь етiне шүйлiккенiн көпшiлiк ұқпай қалды. Әңгiме аграрлық саланың ақсап жатқан тұс­тарына келгенде Н. Назарбаев: “Бiздiң сауда сөрелерi беларус етi­не толып тұр. Дүкенге барып, көрiңдер... Жастарын өзде­рiне қалдырып, бiзге кәрi сиыр­ларды берiп жатыр.

2011 жылдың мамырында мемлекет басшысы Н.Назарбаев Дiн iстерi агенттiгiн құру туралы жарлыққа қол қойды. Iле-шала агенттiктiң төрағасы етiп Қайрат Лама Шарифтi (аты-жөнiн өзi осылай жазады) тағайындады. Жақсы басқарды ма, жаман басқарды ма ма, әйтеуiр Қайрат Лама Шариф екi жылдан астам уақыт агенттiкте серке болы.
ШЕТЕЛДЕГI 5 МИЛЛИОН ҚАНДАСТЫҢ ҚҰНЫ КӨК ТИЫН БОЛҒАНЫ МА?
Соңғы жылдары шеттегi қандастардың елге оралуын түрлi кедергiлер арқылы қиындатқан қазақ үкiметi бұл жолы қазақ көшiн мүлде тоқтататын түрi бар. Өткен аптада “Еңбек миграциясы туралы” заң жобасын мақұлдаған сенат осыны дәлелдеп бергендей. Заң жобасын парламент үйiнде таныстырып қорғаған Экономика және бюджеттi жоспарлау министрi
ЖАҚСЫЛЫҚ ҚАРИЯ ЖАЗЫҚТЫ САНАЛЫП, АЙЫП ТӨЛЕУГЕ МӘЖБҮР
Өткен аптаның сәрсенбiсiнде Шудан қоңырау шалып тұрмын деп бiр қарт кiсi хабарласты. Өзiн Жақсылық Бағазиямын деп таныстырған қарияның әңгiме ауанынан аңғарғанымыз, өзi қатарлас ауылдың қарттарына арнап өлең шығарып, басы бәлеге қалыпты.
ГОМОСЕКСУАЛИЗМГЕ ҚАЗАҚСТАНДА ЗАҢМЕН ТЫЙЫМ САЛЫНУЫ ТИІС
Бұрын жасырын жасалатын гомосек­суализмнiң қазақ қоғамына сiңiсiп, белең алғанына аз уақыт болмады. Бiр жынысты адамдардың мұндай қатынасы атам заманнан дау тудырып келе жатқан проблема. Десек те, қай кезде болмасын, адамзаттың мұндай сорақы әрекеттерiн түбегейлi тыйып тастауға пәрмен табыл­ған емес.
ҰҚК ОФИЦЕРЛЕРI ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРIН НЕ ҮШIН ӨЛТIРДI?
Өткен аптада Алматы қаласының қылмыстық iстер жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық әскери сотының судьясы Ербол Ахметжанов ақтаулық полицей Әдiлет Тұрсынбековтiң қазасына қатысты қылмыскерлердiң үкiмiн оқыды.

Қазақ әдебиетiнiң көр­нектi өкiлi Қалижан Бекхо­жиннiң 100 жылдық мерейтойы Павлодар облысында кеңiнен аталып өттi. Екi күнге созылған мәдени шараның бiрiншi күнi облыс орталығындағы Сәтбаев пен Луначарский көшелерiнiң қиылысында ақынның еңселi ескерткiшiнiң ашылу салтанаты өтiп, соңынан С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттiк университетiн­де ұйымдастырылған ғылыми-практикалық конференцияға жалғасты. Әде­бие­тi­мiздiң ақсақалдары Әбдi­жәмiл Нұрпейiсов пен Тұрсынбек Кәкiшев бастаған бiр топ қаламгерлер

2002 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасы елдiң 2010 жылға дейiнгi кезеңге арналған құқықтық жүйесi дамуының негiзгi бағыттарын айқындады.

Павлодар мен Петропавл қалалары атауларының, тәуелсiз мемлекет бол­ғанымызға 20 жылдан астам уақыт өтсе де, сол қалпында өзгермей тұруы – ең алдымен, бүгiнгi билiк үшiн, содан кейiн бүгiнгi ұрпақ – бiздер үшiн үлкен сын! Ендi отаршылдық кезеңдi еске салатын Павлодар мен Петропавл атауларынан бiржолата құтылуымыз керек! Бұл мәселе әсiресе биыл мемлекеттiк хатшы М.Тажиннiң бастауымен өткiзiлген тарихшы-ғалымдардың

Бiрде Астананың көшесiнде келе жатып, ғимарат алдына жол плиталарын қойып жатқан қытай жұмысшысын көрдiм. Бiр қойған плитасын қайта-қайта қарап, ағаш балғасымен әрлi-берлi ұрып көрiп, бар ынта-жiгерiмен iстеп жатыр екен. Қасына келiп қытайшалап: “Сонша әдемiлеп не қыласың? Қалай болса солай iстей бермейсiң бе?” – деп сұрадым.
Дәрия оны қалай күт­тi... қалай! Көкiрегi мұң мен шерге көлкiлдеп... бiр күнi қайтып келер деп... Жүрегiн суытпады. Тоғыз жыл терезеге телмiр­дi. Қара түндерде қара терезеден құлағысы келдi. Үмiтсiздiктен үзiлiп өлгiсi келдi. Уақыт өткен сайын сағыныштың түпсiз тұңғиына батты. Құдайым-ай, бұл не деген ащы азап?  Дәрия жұмақтан қуылған перiште екен ғой...  
Бiздiң қоғам “қызы-ық кино” сияқты. Қалай басылымдарға жазылу басталды, билiк бiлегiн түрiп, әкiмдер “әңгiме” айтып кетедi. Амалсыздан “базар жоқ!” деп жазыла кетесiң! Көз алдыңызға “бөебiк” кинодағы атысып-шабысып жүретiн кейпкерлер­дi елестетiп көрiңiзшi! Онда мен де мына әзiл әңгiменi басқаша жазамын: әне, облыс әкiмi мұздай қаруланып алған, пистолетiн шығарды да, кабинетiндегi мектеп директорлары мен басқарма бастықтарына бағыттап:
Қазыбек би: – Е, заман-ай! Қазiргi соттардың қиқым-сиқым пошымынан түңiлдiм, қылығынан жерiдiм әбден.
Әйтеке би: – Таққұмар билеушi болса, қазыдан қадiр кетедi, жемсауы бүлкiлдеген әдiлеттен аттайды.
Төле би: – Осының бәрiн сыпыра сынап, аяусыз әшкерелеп жазған “Жас Алашқа” бердiм батамды. Әдiлеттi жақтаған әр қазақтың төрiнен табылсын! Аумин!

“МузАРТ” тобының мүшесi Сәкен Майғазиевтiң ұсынысымен эфирге шыққан “Астана кешi көңiлдi” ойын-сауық бағдарламасын көрiп бiр жасап қалдым. Бағдарламаның тiзгiн ұстары “МузАРТ” тобының әншiлерi Сәкен, Кенжебек Жанәбiлев һәм осы топтың бұрынғы мүшесi Мақсат Базарбаевтың бiр-бiрiнiң кемдiгiн көрсетпей жарасым тауып жүргiзгенi қуантты.

ШЫН ТАЛАНТТАРДЫ НЕГЕ ШЕТТЕТЕ БЕРЕМIЗ?
Ұлттық өнерiмiздiң өрiсi тарылды. Оның орнына жалт-жұлт етiп көз қарықтырғанымен, қаңбақтай тамырсыз жеңiл дүниелерге құлдық ұрып, “тәу ететiнiмiз” өтiрiк емес. Сондай талғамсыздықтың бiр ғана орасан зор зардабы –  қазақ мәдениетiнiң сүбелi тұлғаларының көзi тiрiсiнде-ақ ешкiмге керексiз, елеусiз қалуы. Кезiнде тағдыры тәлкекке түскенмен, Құрманғазы, Тәттiмбет, Бiржан сал, Ақан серi, Мұхиттарды алақанға салып әлпештеген соңында қара орман елi болды. Өкiнiштiсi сол, бүгiнгi заманның   шынайы өнерпаздары әумесер әуеннiң тасасында қалып, ел алдына шыға алмай жүр. 
Қазiргi таңда қазақ әншi­лерiнiң күн санап көбейiп келе жатқанына қуанатындардың бiрiмiн. Әйтсе де солардың iшiнде жөн-жосықты бiлмей­тiн­дерi де көптеп кездеседi. Әншiлердiң бәрiн әншi деп атау қиын. “Әу” деп ән айт­қанның бәрi жұлдыз болып шыға келедi. Көбiсiнiң шырқайтын ән­дерi махаббат тақырыбынан әрi аспайды.
МИНСКIНI ТЕРБЕТТI
Өткен аптада Беларусь астанасы Минск қаласында Қазақстанның мәдениет күндерi өттi. Беларусь мемлекеттiк академиялық музыкалық театрында “Сазген сазы” фольклорлық-этнографиялық ансамблi, “Аққу” би ансамблi, “Ұлытау” этно-рок тобы және “Серпер” домбырашылар ансамблi беларусь халқын бiр серпiлттi.  Роза Рымбаева бастаған әншiлерiмiз қазақ әндерiне қоса беларусьтiң халық әндерiн де шырқады. Келесi жылы елiмiзде Беларусь елiнiң мәдениет күндерi өтедi.
БIЗДIҢ БОКСШЫЛАРДЫҢ ҚАРСЫЛАСТАРЫ КIМДЕР?
Болғанынан боладысы қызық бокстан әлем чемпио­наты да басталды. Кеше 55 және 91 келi салмақтағы бiрнеше боксшы алғашқы жекпе-жегiн өткiздi. Мырзағали Айтжанов баптайтын ұлттық құрамадағы 10 мар­ғасқа да әлем чемпионатын екiншi айналымнан бастайтын болды. Жеребе солай түстi де, жiгiттер бiрiншi айналымда тынығады.49 келi, 38 боксшы.
БАЛА “ӨНДIРЕТIН” КЛИНИКА АШЫЛМАҚШЫ
Үндiстанда әлемде тұңғыш рет коммерциялық-суррогаттық жолмен дүниеге сәби әкелетiн клиника ашылмақшы. “Қазiрдiң өзiнде шет­елдiктер үшiн бала туып беретiн 100-ге жуық әйел “сақтандыруда жатыр”, – деп жазады BNews.kz. Гуджарат штатының Ананд қаласындағы бұл аурухананың құрылысы әлi беткен

Кеше Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында бокстан ересектер арасында әлем чемпио­наты басталды. Әлем­нiң әр аймағынан келген боксшылар екi аптаға жуық Алатау бөк­те­рiнде тартысқа түседi. Спортшы көп, жүлде санаулы болғандықтан бәсекенiң жоғары екенi айдан анық. Әркiм де бәйгеден олжалы қайтсам дейдi. Солардың бiрi – немiс құрамасының спорттық директоры Майкл Мюллермен сұхбаттасудың сәтi туды.

ТАЛПЫНБАЙМЫЗ, АЛҚЫНАМЫЗ
Бүгiн футболдан елiмiздiң ұлттық құрамасы келесi жылы өтетiн әлем чемпионатының iрiктеу туры аясындағы соңғы ойынын өткiзедi. Ирландияның Дублин қаласында жергiлiктi құрамамен тартысқа түседi. Ұлттық құраманың бас бапкерi Мирослав Беранектiң шәкiрттерi 12 қазанда Фарер аралдарына қарсы ойнап, 1:1 есебiмен тең тарқасты.