1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №83 (15853) 17 қазан, бейсенбі 2013

Мұхтар Мағауиннiң осыдан он жыл бұрынғы айтқандары да (жазушының “Ұлтсыздану ұраны” атты публицистикалық жинағын қараңыз), осыдан он жыл бұ­рын­ғы ескертпелерi де дәл қазiргi күнi таудай-таудай проблемаларға айналып, алдымыздан шығып отыр. Ендi бiз бүгiн жазушының өз келiсiмiмен оның соңғы жазған “Қазақсыз Қазақстан” атты мақаласын назарларыңызға ұсына отырып, оқырман қауымнан жазушының қазiргi қазақ қоғамы жөнiндегi айтқандарының шындығы мен тереңдiгiне ерекше зер салуын қалаған болар едiк.

(Жаңа ұстаным хақында)
Ұлтты алып шығу үшiн рухсыздық қармақтан,
Мен ұстаным ұсынамын тұратын қос тармақтан:
Мейлi, ақын, жазушы ма, мейлi, үлкен ғалым ба?
Саясаткер болсын тiптi, билiгi бар қолында.
Кәсiпкер де болсын мейлi, дарын жеккен қарынға,
Мейлi, сазгер, әншi болсын, жүрген өнер жолында.
Әлде ұстаз, әлде ұшқыш, кiм болса да бәрiбiр,
Барлық кәсiп, мамандыққа бұл талаптың мәнi бiр.
ТОҚАЕВ ПЕН МӘМИДIҢ ОРАЛУЫ ОСЫНЫҢ АЙҒАҒЫ ЕМЕС ПЕ?
2011 жылдың наурызында БҰҰ бас хатшысының орынбасары қызметiне тағайындалып, Женеваға кеткен Қасым-Жомарт Тоқаев Сенат спикерлiгiне қайтып оралды. Ал бұған дейiн осы мiндеттi атқарып келген Қайрат Мәми Жоғарғы соттың төрағасы қызметiне ауысты. “Сенат спикерi мен Жо­ғар­ғы сот төрағасы бүгiн ауы­сады екен” деген мәлi­мет кеше ақпарат агенттiк­те­рiнiң басты тақырыбына айналды.

Испаниядағы экологтар Льорет-де-Марда салынып жатқан үйдiң құрылысын тоқтатуды талап етiп, сотқа шағым түсiрдi. Каталониялық ACN агенттiгiнiң дерегiнше, Flinder Data SLU компаниясы бұл шаленi (үйi швейцариялық үлгiде салынған шетелдiк саяжай) Қазақстан президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырысымен салып жатыр.

Жақында Қазақстанның Франкфурт­тегi (Германия) бас консулы Ахат Алпысбаев пен оның көмекшiсi контрабандамен айналысқаны үшiн тұтқындалды. Бұлар не iстеген дейсiз ғой? Дипломаттық құқығын пайдаланып, ұзақ уақыттан берi Германияға арзан темекiнi контрабандалық жолмен тасымалдап жүрiптi.

Қазкоммерцбанктiң Шымкенттегi филиалының бұрынғы жетекшiсi Алмабек Пiрiмбаев пен оның сыбайластарына қатысты iстi жақында Оңтүстiк Қазақстан облыстық сотының қылмыстық iстер жөнiндегi апелляциялық алқасы қайта қарады. Алдыңғы инстанциялар тәрiздi бұл жолғы сот та Пiрiмбаевқа шығарылған үкiмдi өзгерiссiз қалдырды.

Келiсiмшартпен әскери қызмет ету дамыған елдердiң көпшiлiгiнде бар. ҚР Қарулы күштерiнiң кәсiби деңгейiн жақсарту мақсатында, бiздiң елде де келiсiмшартпен әскери қызметке кiру тәжiрибеге енiп келедi. Алдағы уақытта Қарулы күштердi толық көлемде келiсiмшарт бойынша әскери қызметке ауыстыру көзделген.

Израиль халқы – еврей­лердiң дүниеде бармаған жерi жоқ. Израиль тәуелсiз­дiк алған соң еврей халқы өз Отанын тауып, көшiп барды. Ал немiс халқы да дүниенiң төрт бұрышына кеткен едi. Олар да өз Отанын табуда. Сонда өз орындарына барған еврейлер мен немiстердi де атып тас­тау керек пе? Қазақ халқының ежелгi көршiсi орыс халқы да әр кезеңде дүниенiң көп ел­дерiне, әсiресе, Еуропадағы елдерге, тiптi Қазақстанға көшiп келiп, қайтып көшiп те жатыр ғой.

Ол екеуiмiз кездейсоқ кездесiп қалдық. Ауылда тай-құлындай тебiсiп бiрге өскен едiк. Мен оны батыл, еңбексүйгiш, қажырлы жан ретiнде жақсы танитынмын. Таныстарым арқылы қаладағы кәсiп­орындардың бiрiнде абыройлы еңбек етiп жатқанын, адамға әрдайым көмектесуге әзiр тұратын қолы шебер жiгiтке ұжымы да сыйластықпен қарайтынын естiдiм. Атпалдай азаматтың жүзi сынық екен. Сыр бергiсi келмей, менiмен емен-жарқын амандасқансыды.
“Жас Алаш” газетiнде (№70, 5 қыркүйек, 2013 жыл) жарық көрген “Қуандықов пен Жайымбетов халықтың мектебiн ханталапай қылды” атты Ғ.Әлиевтiң мақаласына орай нақты жауап берiп отырмыз: Қызылорда облысындағы Шымбай ықшамауданында Қ.Әбенов көшесiнде орналасқан №8 П.Д.Оси­пенко атындағы орта мектеп 2010 жылдың 2 сәуiрiнде апаттық жағдайда екенi анықталған болатын.

Бiздiң қоғамда дәрiгерлерге деген көзқарас әрқилы. Мәселен, АҚШ-та, Израильде, Батыс Еуропа елдерiнде, тiптi мына iргедегi Қытайда дәрiгер дегенiңiз өте қастерлi һәм беделдi мамандық. Ал бiзде ше? Бiзде медицина саласында шын берiлген жанкештiлер ғана жұмыс iстейдi.

Жыл сайын жоғары және арнаулы орта бiлiм ошақтарының мыңдаған түлектерi қолдарына дипломдарын алып ата-анасын бiр қуантса, өздерi де бiлiмдерiн өмiрге жаратуға ұмтылып, мамандықтары бойынша жұмыс iздей бастайды. Жас мамандар алдымен өздерi оқыған қалада жұмысқа тұруға талпынады.
Кенжебек Мұсабайұлы Барманбековтi жоқтау
Кенжекеңсiз өткен 365 күн. Осыншама жыл да мұндай ұзақ болмас! Бұған дейiнгi бақытты жылдарымыз қа­лай тез өте шыққан! Ес бiлгелi жұбымыз жазылмапты. Тай-құ­лындай тебiсе жүрiп, бiр бұлақтың суын iштiк. Бiр топырақтың дәнiмен нәрлен­дiк. Бiр мектептен түлеп ұштық. Бала сезiм балдай тәттi жұбайлық өмiрге ұласыпты.
ЖАС ЖҰБАЙЛАРДЫҢ НЕКЕСI МЕТРОДА ҚИЫЛДЫ
Токиода (Жапония) жас жұбайлар некелерiн жер асты көлiгiнде қидырды. “Олар метрода, яғни Симбаси станциясындағы 6 вагонда кездесiп жүрген”, – деп жазады “Новости Подмосковья”. Тойды дәл осы вагонда өткiзу үшiн олар бүкiл вагонды жалға алып, бiраз шығынданыпты.

Гүлжан Исанова дзюдодан ұлттық құрама сапына 2004 жылы қосылды. Он жылға жуық уақыт iшiнде саңлақ спортшы талай доданың көрiгiне түсiп, қайралды. 2009 жылы Азия чемпионы атанған балуан қыз биыл өткен екi бiрдей әлемдiк гран-при турнирiнде топ жарды. Қыздар құрамасындағы тәжiрибелi балуанды жаттығудан кейiн “ұстап алып” сұхбаттастық. 

САРАЙ ТОЛЫ САН САУАЛ
Дүбiрi Алатау асып әлемге естiлiп жатқан Алматыдағы әлем чемпионатының алғашқы күнгi нәтижелерi көкейдегi күптi сұрақтардың жауабын бердi. Бiз үшiн ұлттық құрама сапындағы 10 ноянның бәйге басталмай жатып сүрiнбеуi маңызды.
Сайыстың алғашқы күнi 52 келi салмақтағы боксшылар әлем чемпионатының түңлiгiн түрдi.

Бүгiнде баспана мәселесi толғантып жүрген жұрт жетерлiк. “Басқа түссе баспақшыл”, әркiм бұл мәселенi әрқилы жолмен шешедi. Бiрi ағайын-туыстарының көмегiне жүгiнсе, бiрi банктен несие алып жатады. Бiрақ баспаналы боламын деп жүрiп қарызға белшеден батқандар үшiн пәтер алу түгiл, несиенi айма-ай қайтарудың өзi мұңға айналады.

 

Айтып сөздi жасқанбай,
Билiктiң құтын қашырмай,
Нысанаға дөп салмай,
Сын садағын қадамай,