1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №84 (15854) 22 қазан, сейсенбі 2013
Өткен аптаның басты тақырыбы – “Сириядағы жиһадшы 150 қазақ” болды. 15 қазан күнi You Tube-те жарияланған ұзақтығы 20 минуттық бейнетаспада өздерiн “жиһад жасау үшiн Сирияға хижра қылғандар” деп атаған бiрнеше қазақ соғыс болып жатқан Сирияға не үшiн қоныс аударғандарын ерекше мақтанышпен айтады. France24 агенттiгi әлгi бейнекө­рi­­нiс­­ке қатысты арнайы репортаж жасады. Репортаж “Отбасылық демалыс па? Жоқ, бұл – Сириядағы отбасылық жиһад” деп аталады. Он­да былай дейдi:

“Аз ғана жылда “Нұр Отан” партиясы 250 филиалы, 6 300 бастауыш ұйымы бар алып ұйымға айналды. Елдiк iстердiң барлығына белсене араласып келедi. Менiң бастамаларыма әрдайым қызу қолдау бiлдiрiп, идеяларымды құлшына iске асырып келедi”. Мұны президент Н.Назарбаев партияның кезектен тыс съезiнде айтты.

Бас-аяғы бiрер аптаның iшiнде Н.Назарбаев бiр­не­ше мәлiмдеме жа­сады. Тiптi көпшiлiк қазақ президентiнiң қай жерде не дегенiн көңiл таразысынан өткiзiп үлгере алмай қалған сияқты. Үкiмет­тiң кеңей­тiлген отырысы мен “Нұр Отанның” съезi туралы ақпарат берген мемле­кеттiк басылымдар дуалы ауыздан шыққан әр сөздi тақырып қылып, үстi-үстiне мақала жариялады.

ЕКIНШI РЕТ ТЕ СОНДАЙ КӘДЕГЕ КЕРЕК БОЛҒАНЫ МА?
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сенат төрағалығына қайтып келуi билiктiң ауысуы жайындағы әңгiменi қайта қоздатты. Конституция бойынша президент қызметiнен бұрын босаған немесе қайтыс болған жағдайда мемлекет басшысының қалған мерзiмдегi өкiлетi Сенат төрағасына көшетiнi белгiлi.
Бас прокурор Асхат Дауылбаевтың назарына!
Ырғыз ауданы iшкi iстер бөлiмi бастығының бұрынғы орынбасары Едiл Жоламанов    осы ау­данның прокуроры Зейiн Жан­ғалиевтiң өзiн 1 жыл бойы қудалағаны жөнiнде ақтөбелiк журналистерге мәлiмдеме таратты. Ол 2012 жылдың 22 желтоқсанында Аманкөл ауылында болған ауыр қылмысты жасырғаны үшiн

Қазақстанда қаптаған реформалар мен “жаңалықтардан” көз ашпайтын саланың бiрi – медицина саласы. Өзге министрлiктер сияқты бұл саланың да басшылары жиi ауысатыны сондай, әрқайсысы өзiнше жаңалық ашуға жанталасатыны тағы бар. 2010 жылдан берi Денсаулық сақтау министрлiгiн басқарып отырған Салидат Қайырбекова да

Мен, әсiлi, Несiпбек Айтов сияқтылармен жауаптасып, өзiм­дi олардың деңгейiне дейiн төмендеткiм келмейдi. Осы жолы да оған жауап қатпай, елеусiз қоя салайын деп бiр оқталдым да, аңғал оқырмандардың кейбi­рi басқаша тү­сiнiп қалмау үшiн, қолыма ерiк­сiз қалам алдым. Ал менi бұ­рыннан жақсы бiлетiн оқырмандар Несiпбектердiң шатпағына пысқырмайды да. Өткен жолғы мақаламда “ендi бiздiң әдебиетте Айтовтар мен Досановтар дәуiрi бас­талады” деген едiм.

Биыл Мәшһүр-Жүсiп Көпейұлының туғанына 155 жыл толып отыр. Осы датаға байланысты жан-жақты шаралар жасалып та жатыр. Десек те, Мәшһүр шығармашылығы, оның азаматтық келбетi, бiтiм-болмысы әлi түгелдей танылып болған жоқ. Бұған себеп– мәшһүртанудың тым кешiрек қолға алынуы.

Тозақ деген бар болса ол – осы өмiр!..
Өнбей жатып өледi әлi неше гүл.
Адам болып келдiң екен өмiрге –
Адам болып кете бiл!..
Қажыды ма қу тiрлiктен есiл ер,
Қайдағыны айтқаны бұл несi дер?!
Хайреден РАУШАНОВ, Ақтөбе облыстық “Ақтөбе” газетiнiң фототiлшiсi, Қазақстан Журналистер одағының мүшесi
Хайреден бала кезден фото iсiне әуес болыпты. Сол себептi Ақтөбедегi мәдени-ағарту училищесiнiң кинофото бөлiмiне оқуға түсуге келедi. Алайда соның алдында ғана жабылып қалған бұл бөлiмде Хайреденге оқудың сәтi түспейдi. Амалсыз мәдени шараларды ұйымдастырушы мамандығын алған.
«Қазгидромет» РМК-нiң ұйымдастыруымен өткiзiлген “Табиғат–тал бесiк” фотоконкурсының жеңiмпаздары белгiлi болды. Жүлдеге iлiккендер ғаламтор арқылы дауыс беру бойынша анықталды: 1-орын:   Мақсат Құсайынов. Алматы  қ. – 461 дауыс; 2-орын:  Сокол Ирина.  Алматы қ. – 312 дауыс; 3-орын:  Татьяна Першакова.   Маңғыстау обл, Ақтау қ.– 262 дауыс;
ТАРИХИ ФОТОАЛЬБОМ ЖАРЫҚ КӨРДI
“ФОТОӨНЕР” қоғамдық бiрлестiгiнiң бастамасымен ҚР Мәдениет және ақпарат ми­нистр­лiгiнiң қолда­уы бо­йынша, “Өнер” баспасынан “ҚАЗАҚ БАС­ПА­СӨЗIНIҢ ФОТОШЕЖI­РЕ­ШIЛЕРI” атты фотоальбом 2000 данамен жарық көрдi. Бұл фотоальбом Қазақстанның 1930-2000 жылдар аралығындағы соғыс және еңбек ерлерiн, әр саладағы бел­гiлi тұлғалардың бейне­ле­рiн мәңгiлiк тарихта қалдырған, баспасөз арқылы халыққа зор қызмет еткен,

Iз кесушiлер – баукеспе­лер­дi, қашқындарды, қылмыскер­лердi сыйақыға iздейтiн адамдар. Бұл кәсiби мамандардың қызметiне мемлекет те, жеке адамдар да жүгiнедi. Бұлар қылмыскерлердi өлтiрмейдi. Қандай жағдай болса да, тiптi ар­қаларына мiнгiзiп, бiрнеше шақырым көтерiп жүрсе де, оларды тiрiдей тапсырыс берген адамға немесе сотқа әкеп тапсырады.

Бокстан Қазақ елiнiң ұлттық құрамасын баптайтын Мырзағали Айтжанов “Қазспорт” телеарнасына берген сұхбатында: “Әлем чемпионатын бастаған шәкiрттерiмнiң бәрi қарсыластарынан бiр бас жоғары екенiн көрсеттi”, – дедi. Айтжанов айтқан жiгiттер расында да әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жектерiн сәттi өткiздi.

Футболдан ел чемпионатының 30-турында iрi есеп “Ақтөбе” мен “Шахтер” арасында тiркелдi. Көш басындағы ақ­төбелiктер өз алаңында кен­шiлердi қабылдап, 4:0 есебiмен тiзерлеттi. “Шахтер” 24 қазанда “Астана Арена” стадионында Еуропа лигасының топтық ке­зеңiндегi кезектi ойынын өткiзетiндiктен, Виктор Кумыков негiзгi “көзiрiн” “Ақтөбеге” қарсы салмай,

ТАУДАЙ ТАЛАППЕН БАРДЫ, ТАБЫСПЕН ОРАЛСА...
Ертең Словенияның астанасы Любляна қаласында дзюдо күресiнен жастар арасында әлем чемпионаты бас­талады. Апта соңына дейiн жалғасатын әлемдiк сынға бiздiң де қыз-жiгiттер қатысады. Нұрбол Сүлейменов баптайтын жiгiттер мен Жанат Нұртазина тәлiм беретiн қыздарымыз әлем чемпионатының жүлдесi үшiн бәйгеге түседi.
Димекеңнiң үстелiнiң үстiнде“Жас Алаштың” әр нөмiрi жатқан
Алаштың ардақтысы Дiнмұха­мед Қонаевтың көзiн көрген, дәм-тұздас болған ақын-жазушылар мен журналистердiң көбi Ди­мекеңнiң төрiнде Құран кiтаптың түр-түрi тұрғанын жазады. Сол Құран кiтаптары қазiр өзiнiң мұражайында сақтаулы. Өмiрлiк тәжiрибесi мол, па­расат-пайымы кең республиканың бұрынғы басшысы “Ленин­шiл жас­ты” да, кейiннен “Жас Алашты” да үнемi оқыған.