1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №85 (15855) 24 қазан, бейсенбі 2013

Бұл оқиға онсыз да абырой-беделi оңып тұрмаған Асылжан Мамытбековке оңай соқпайтын секiлдi. Себебi сырттан келген iрi қараның өлiм-жiтiмiн жасырып бағатын аграрлық сала басшылары ендi ондай арзан қулыққа бара алмайды. Неге десеңiз, тiлiн тiстеген күйi тырапай асқан “модный” сиырлардың суреттерi қазiр ғаламтор бетiндегi жалаңаш қыздармен “жағаласып” тұр. Жоспар бойынша Австралиядан тиелген мақтаулы сиырлар Алматыға жеткенде жер шалып келген жолаушыдай ұшақтан секiрiп-секiрiп түсуi тиiс екен. Бiрақ қарапайым қазақ мiнiп көрмеген Boeing-747 әуелайне­рiнiң өзi жануарларға жақпаған.

Осы аптада ауылы аралас, қойы қоралас қоныстанған көршiлес екi облыс — Жамбыл мен Оңтүстiк Қазақстан об­лыс­тарында Төле би бабамыздың 350 жылдық мерейтойын тойлау басталып та кеттi. Алдымен Ташкенттегi Төле бидiң зираты жатқан кесенеге барып рухына тағзым етуден, аруағына Құран бағыштаудан, ас беруден өрбiген iс-шара кемеңгер бидiң даналығын, даралығын дәрiптейтiн шешендiк сөз саптаушылардың байқауына ұласты. Шымкенттегi Ж.Шанин атындағы драма театрда белгiлi жазушылар Мархабат Байғұт пен Шойбек Орынбай бiрiгiп жазған Төле би жөнiндегi пьеса қойылмақ.

“Қазақстандық 150 жиһадшы” ҰҚК-нiң дәрменсiздiгiн дәлелдеп бердi
“Сирияға жиһадқа бардық” деген қазақтардың бейнекөрсе­тiлiмi жарты әлемнiң ұйқысын қашырғанына он күн болды. Осы он күннiң iшiнде “жиһадшыларға” қатысты кiм не айтпады. Халықаралық ақпарат агент­тiк­­те­рiнен тартып, ауылдағы ағайынға дейiн бiр дүрлiгiсiп қалды. Кеше ауылдан бiр ағайын телефон соқты. “Құрдасыңның қалаға кеткенiне бiраз болып едi, хабар-ошар жоқ. Көр­медiң бе? Сол құр­ғыр қайда жүр екен, ә?..” деп.

Қазан айының басында көшi-қон саласын реттейтiн құжатты парламенттiң қос палатасы бiрауыздан мақұлдап, президенттiң қол қоюына жiберген-дi. Өзгертулер енгiзiлген бұл заң жобасы күшiне енсе, шетелден Қазақстанға оралған қандастарымыз бес жыл бойы азаматтық ала алмайды, тiптi тұрақты тiркеуге де тұра алмайды.

Жазушы Дидахмет Әшiмханұлының “Жынды жел” әңгiмесi хақында
Былай барлап қарасаң, жазушы Дидахмет Әшiмханұлының “Қазақ әдебиетi” газетiнде жақында жарық көрген “Жынды жел” атты әңгiмесiнде шиеленiскен тағдыр да, пiкiр қайшылығы да, не алып-жұлып бара жатқан үлкен уақиға да жоқ. Бұл шығарма бiр қарағанда көнекөз емшi ақсақалдың бiр тайпаның тағдыры туралы елден ертеректе естiгенiн баяндауы сияқты ғана көрiнуi мүм­кiн.

Жақында қызметiнен босаған Ұлттық банктiң бұрынғы басшысы Григорий Марченко Батыс және ресейлiк ақпарат құралдарына қызық пен шыжыққа толы сұхбаттар берiп жүр. The Wall Street Journal басылымына сұхбат берген ол өзiнiң орнын басқан Келiмбетовке бас банктi Астанаға көшiрмеу жөнiнде ақыл айтса, ресейлiк “Россия 24” арнасына Барак Обамамен арадағы әңгiмесiн келтiрiптi.

Қазан ауғалы Қызылорда ұлан-асыр тойдың қызығына кенелдi. Той болғанда қандай, иiсi қазаққа сауын айтылып, елiмiздiң түкпiр-түкпiрiнен ағылды жұрт. Қызылорда қаласының 195 жылдығына арналған “отыз күн ойыны, қырық күн тойы” мәресiне жеттi. “Алтын күз – 2013”-тiң көрiгi қызып, сырбойылықтардың жасап-жасарып жатқан жайы бар.

2012 жылы тележаңалықтардан қаланың төлтаңбасын (гербi) жаңарту жөнiнде ақпараттар берiлдi, тарихшылар және қаламыздың жанашыр азаматтары сөй­леп жаңа төлтаңбаға ұсыныс түсiрдi. Бұған мен балаша қуандым. Ғылым мен бiлiмнiң ордасы, кешегi алты Алаштың астанасы бол­ған, зиялы қауым қаласы атанған Семейдiң ақ патшаның отары болғанын еске салып тұратын төлтаңбадан құтылатын күн туды деп.

Халықтың 70 жыл бойы жиған-тергенiн жекешелендiрiп алып, еңбек етпей-ақ, ерлiк жасамай-ақ шiрiген бай, шiренген шенеунiк болғандар әлi күнге қазына қоржынына қол сұққандарын қояр емес. 22 жылдан берi “Жемқорлыққа – кең жол!” акциясы өтiп жатқандай әсерде боласыз. Өзi де тоймайтын, көзi де тоймайтын “кебеже қарын, кең құрсақ” ашкөздердiң қатары күн өткен сайын көбейiп барады.

Жүйке тамырларым ауы­ратын едi. Алматыға тойға барып, ренжiп, одан сайын ауы­рып қайттым. Әрине, қырық жыл мектепте мұғалiм болып жұмыс iстеу оңай емес...  Жақында туған құдамның баласы үйленiп Алматыға тойға бардық. Кенже баламның қолында тұрғандықтан, өзiме тиесiлi 4 жастағы кенже немеремдi ала кел­генмiн.

Адам баласы осыншама ұзақ мерзiмде күнделiктi тамағын тауып жеу үшiн үнемi қозғалыста болған. Мысалы, ата-бабамыз ат үстiнде күн кешкен. Бүкiл дененiң бұлшық еттерi үнемi қозғалыста болған. Ал әйелдер күнде тамақ iстеумен, келi түюмен, су әкелумен, терi илеумен, отын тасумен өмiр өткiзген.

Мен кейде кейбiр қа­тар құрбыларыма театр­ға баруға ұсыныс жасап: “Рухани орта ғой, тұлғалық тұрғыдан дамуыңа көмектеседi әрi ой салады”, – деймiн. Көпшiлiгi бетiме күле қарайды. Бiр өкiнiштiсi, әлгi жолдастарым театрдан гөрi компь­ю­терлiк ойынханаларға барғанды жөн көредi. Түнгi уақыттарын сонда өткiзе­дi. Өздерi “ночь” деп атай­ды.

КУБАНЫҢ ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ ҚАЗАҚ БОКСШЫСЫНАН ЖЕҢIЛДI!
Әлем чемпионатының ширек финалдық кездесулерiне ұзын-ырғасы 30 елдiң ғана боксшылары қатысты. Аса тартысты өткен iрiктеу сындарында көп­шiлiк күтпеген нәтиже тiр­келiп, жүлде алады деген талай бокс­шы өз елiнiң үмiтiн орта жолда үздi.
2011 жылы өткен әлем чемпионатынан 1 алтын, 1 қола медаль олжалаған Қытай құрамасының боксшылары Алматыдағы әлем чемпионатының iрiктеу сынынан сүрiндi. Он боксшының тоғызы алғашқы айналымда атынан ауып қалса, бiр боксшысы екiншi айналымда дүбiрден шет қалды. 2008 жылы Бейжiң олимпиадасында, былтыр Лондонда өткен
КЛУБТЫҢ КҮЙI КЕТТI МЕ?
Өскемендiк “Восток” клубының бас бапкерi Владимир Фомичев қызметiнен кеттi. Футболшылардың ойын жүйесi тоқырай берген соң Фомичев те жылы орнын босатуды ұйғарыпты. “Восток” ойыншылары биылғы премьер-лига сайысында өткiзген кездесулерiнiң тек алтауында ғана жеңiске жетсе, 11 ойында тең нәтижемен тарқасты.
АБЫЛАЙ ХАННЫҢ АСЫНДАҒЫ АЛАМАНДА ЖҰРТТЫ СҮЙСIНТIП, ЖЕТIСУДЫҢ ДАҢҚЫН АСЫРДЫ
Ақындар мен батырлар елiнде жүйрiк баптап, жүлде салып, қазақтың ұлттық спор­тын өркендетiп отырған азаматтар көптеп саналады. Солардың көш басында тұлпарлары соңғы жылдары үнемi топ жарып жүрген Ғабит Үмбетов тұр. Ғабит баптаған жүйрiктер жоғары жетiстiктерiмен көзге түсiп, дүбiрлi додалардың барлығында дерлiк жүлделi орындардан көрiнуде.