1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №86 (15856) 29 қазан, сейсенбі 2013

Алматыда бокстан әлем чемпионаты өттi. Өткен аптаның сенбiсiнде түс ауа дүйiм қазақ Алашқа сауын айтып сүйiншiледi. Себебi тарихта тұңғыш рет Қазақ елiнiң боксшылары әлем чемпионатында 4 алтын, 2 күмiс, 2 қола медаль олжалап, әлемде көш басына шықты.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТI НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВҚА
АШЫҚ ХАТ
Құрметтi Нұрсұлтан Әбiшұлы!
Сiз елiмiз өз тәуелсiздiгiн жариялағаннан кейiнгi санаулы күндерде-ақ, дәлiрек айтқанда, 1991 жылы 31 желтоқсанда Қазақстанның тұңғыш прези­дентi салауатыңызбен   “Қазақ радиосы” арқылы шетелдер­дегi қазақтарға арнап былай деген едiңiз:
Қазанның 24-i күнi Минскiде өткен Жоғарғы еуразиялық экономикалық кеңестiң отырысы осыны көрсеттi. Орайы келген тұста орыс тарапын оңдырмай сынап жiберетiн А.Лукашенко бұл жолы Н.Назар­баевтың “шаңына” да iлесе алмады. Қазақ басшысының айтуынша, Қазақстанның ет өнiмдерi Ресей нарығына әдейi өткiзiлмейтiн көрiнедi.

ХДП-сынан “бас тартып”, кезектен тыс съезд өткiзген “Нұр Отан” пар­тия­сы жұртқа жар салып доктрина қабылдағандарын мәлiмдеген едi. Тәуелсiздiктi қорғау, мемлекеттiк тiл мәселесi, рухани құндылықтар сияқты тақырыптарды қамтыған доктринадан гөрi жиын әдеттегiдей пре­зиденттiң атына мақтау сөздер айтудан “ұлы жарысқа” құрылғандай.

Жаңадан сайланған ауыл әкiмдерiне президент Нұр­сұлтан Назарбаевтың ықыласы ерекше. “Халық сайлаған әкiмдер” деген сенiмдi аңғартқысы келетiндей, “қолдау-қорғауды аямаңдар” деуден аянып жатқан жоқ. Рас қой ендi, ауылдағы ағайындар бүгiнгi әкiмдерiмен “сүйiп” қосылып отыр.

Өткен аптада Қазақстан президентi Нұрсұлтан Назарбаев Батыс Қазақстан облысына барды. Жайықтың жағасын жаяу араламаса да, жағалаудағы бiрқа­тар нысандарды көрдi. Орал қаласының әкiмi Алтай Кульгинов (Күлгiнов болса керек – ред.) президентке есеп бердi. Әдеттегiдей президент не iстеу керек­тiгiн ескерттi, шенеунiктер жаппай бас шұлғыды.

Қасиеттi Әулиета өңi­рi “Абыз”, “әз-Төле”, “Қарлығаш әулие” атанып, халқының ерекше құрметiне бөленген Төле би Әлiбекұлының туғанына 350 жыл толған мерейтойын дүркiретiп тойлады. Дала данышпанының ұлылығын ұлықтаған ұлағатты той қазан айының 24-i күнi жазушы-драматург Елен Әлiмжанның облыстық қазақ драма театрында сахналанған “Төле би” тарихи драмасы қойылымынан бастау алды.

Биыл Сұраншы батырдың туғанына – 200 жыл, ал Саурық батырдың туғанына 215 жыл толып отыр. Осыған орай 1 қарашада Ұзынағаш ауылында Сұраншы және Саурық батырларға арналған ес­керт­­кiштiң ашылу салтанаты өтедi. Бұл – бiрiн­шiден, елiмiз бен жерi­мiздi қорғауға өлшеусiз ең­бек сiңiрген Сұраншы батыр мен Саурық батырға деген құрмет. Елiм деп еңiреген ерлердiң есiмдерiн қайта жаңғыртып, олардың аңызға айналған ерлiктерiн тарих игiлiгiне айналдырып, желкiлдеп өсiп келе

Санкт-Петербор – Ресейдiң көне қалаларының бiрi әрi сонымен бiрге әлемдiк өнердiң үлкен ордасы да. Орыс тарихшыларының кей тұстарда Санкт-Петерборды Лондонмен, Парижбен, Риммен, Венамен салыстыратыны да жайдан-жай емес. Жақында ғана осы Санкт-Петерборда халқымыздың аса көрнектi жазушысы, дарынды драматургi Дулат Исабековтiң “Ескi үйдегi екi кездесуi”

Газетiмiздiң өткен нөмiрлерiнiң бiрiнде (№82, 10 қазан, 2012 жыл) Баукеңнiң, әйгiлi Бауыржан Момышұлының келiнi, жазушы Бақытжан Момышұлының аяулы жары Зейнеп Ахметованың “Әзiлiңдi сағындық” атты кiтабынан үзiндi жариялаған едiк.

Елiмiз тәуелсiздiк алған соң ұлттық құндылықтарға бiрден ден қойған азаматтар болды. Солардың алдыңғы сапында белгiлi өнер зерттеушiсi, ұстаз – Сапарбек Әлiұлы Дiлманов та бар едi. Оның 1991 жылы ашқан “Шертер” шеберлер орталығы ұлттық аспаптар жасаумен айналысты. Оларға кеңес дәуiрiнде-ақ, қазақтың ұлттық аспаптарын зерттеп

ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң назарына
“Жас Алаш” бұрнағы күнгi нөмiрлерiнде ғылымдағы плагиат мәселесiн бiрнеше мәрте мәселе етiп көтерген. Нысанаға бұрын­ғы бiлiм және ғылым министрi Бақытжан Жұмағұлов пен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетiнiң ректоры Ғалымқ­айыр Мұтанов та iлiккен-дi.
ТУҒАН ЕЛДЕ КЕШ ӨТКIЗДI
Өткен аптада Қызылордада айтыскер ақын, сазгер Шымберген Сүлейменовтiң “Әнiм сенсiң, туған жер” атты шығармашылық кешi өттi. Талантымен тәнтi еткен өнер иесiне деген сырбойылықтардың ықыласы ерекше болды. Сырда туып, қырда өскен өнерпаздың әндерiн Төреғали Төрәлi, Ернар Айдар сынды әншiлер шырқады.
Ұңғысы сайлы аңшы мылтығына қол жеткiзу үшiн ең алдымен тегiс ұңғылы аңшы мылтығын кемiнде үш жыл пайдалануыңыз керек. Одан кейiнгi қажеттi құжаттардың тiзiмi мынадай: 1. Наркодис­пансердiң анықтамасы,  2. Ақыл-есi дұрыстығы жөнiн­де анықтама, 3
ИТ – АДАМНЫҢ ДОСЫ. АЛ ТАЗЫ ШЕ?
Жақында Павлодар қаласында тазы асыраушылардың бiрiншi халықаралық слетi өттi. Сарапшылар тазыны әлi зерттеп жатыр. Тазыны тiркеуден өткiзiп, халықаралық деңгейде мойындату да кезек күттiрмейтiн шаруа. “Тазы – өте ақылды, тектi жануар. Ол өзге иттерден түр-сипатымен ғана емес, иесiне шын берiлгендiгiмен, ақылдылығымен ерекшеленедi.
ЖЕҢIМПАЗ ЖОҚ
Польшаның Вроцлав қаласында өткен ауыр атлетикадан әлем чемпионатында елiмiздiң ауыр атлеттерi 1 күмiс, 1 қола медаль иелендi. Екi жүлденi де 94 келi салмақта сынға түскен Алмат Өтешов пен Владимир Седов алып бердi. 6 алтын, 3 күмiс, 3 қола медаль олжалаған Ресей атлеттерi   жалпыкомандалық есепте қара үздi.
АКУЛАНЫ КӨЗДЕН ҰРЫП, АМАН ҚАЛҒАН
Әдетте акуланың шабуылынан кейiн аман қалған адамдардың кө­бi мүгедек болып қалады. Ал серфингист Джеф­фу Хортонға шабуыл жасаған акула оған онша залалын ти­гiзе қоймапты. Жақында Джеффу Хортон демалу үшiн Гавайиенiң жағалауына (Кауаи аралына жақын жерде) барады. Ол бiр­ден өзiнiң тақтайын кө­терiп мұхитқа келедi. Аяғын суға салып
2004 жылдың жазының соңғы айы. Ғалымжан Жақиянов Павлодар облысының Шiдертi ауылындағы түрмеде “шiдерлеулi” жүрген кезi. Бұл ауылды Шiдертi деп бекер атамаса керек-тi. Ауыл атауы “шiдер” сөзiнен шыққан деседi көнекөздер...  Сол жолы қазақстандық және шетелдiк бiр топ журналист қуғындағы саясаткер Ғалымжан Жақияновпен жүздесуге барды.