1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №87 (15857) 31 қазан, бейсенбі 2013

Болгарияның Албена қаласында өткен жасөспiрiмдер мен жастар арасындағы әлем чем­пионатында елiмiздiң қыздары    1 алтын, 6 күмiс, 9 қола медаль иеленiп қайтқанын бұдан бұрын­ғы нөмiрде (№78, 1 қазан 2013) жазған едiк. Әлем чемпионатында елiмiздiң әнұранын шырқатып, көк байрағымызды жел­бiретiп, әлем чемпионы атанған жерлесiмiз Гауһар Оспанқызы Ермекбаймен редакциямызда дидарластық. Әлемнiң 30-дан аса елiнен келген 300-ге жуық боксшы мәртебесi жоғары жарыстың жүлдесiне таласып, елiмiздiң 7 боксшысы финалдық айқасқа жолдама алған болатын.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТI Н.Ә.НАЗАРБАЕВ МЫРЗАҒА
АШЫҚ ХАТ
Сiздiң шешiмiңiзбен Жа­зушылар одағының     төр­ағасы Нұрлан Оразалин Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаты болып тағайындалғанда, бұл хабарды әркiм­нiң әртүрлi қабылдағаны рас. Бiрақ мәселе ол туралы емес. Депутаттыққа кiм­дi тағайындаймын десеңiз де, ол өзiңiздiң құзыры­ңыз­дағы нәрсе.

27 қазанда Мальтаның Malta Inde­pendent Online басылымы Рахат Әлиев туралы мақала жариялады. Мақала “Жәбiрленушiлер Мальтаның рези­дентiне қатысты “iс қозғауды тездет” деп полицияға қысым жасауда” деп аталады. Басылымның жәбiрленушiлер деп отырғаны

ПРЕЗИДЕНТ Н.НАЗАРБАЕВ ҚОЛДАҒАН, ҚҰРДЫМ­ҒА КЕТКЕН ЖОБАЛАРДЫ СОЛАЙ АТАҒАН ЖӨН
2010 жылы қабылданған үдемелi индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының аясында iске қосылған ондаған зауыт пен кәсiпорын жұмысы қаңтарылып, құрдым­ға кеттi. Бұлардың басым бөлiгi – прези­денттiң қатысуымен салтанатты түрде ашылып, көп ұзамай жабылып қалған жобалар.

Ел аман, жұрт тынышта қолына қару алып, Сирияға өтiп кеткен қазақтар саны әуелгi деректен ұлғайып жатыр. Алғаш YouTube-те жарияланып, кейiн барша баспасөздi шулатқан жиһадшылардың саны 150 емес 250 көрiнедi. Бұл жөнiнде Мәскеудегi Православ палестин қоғамының өкiлдерi­мен кездескен Сирияның мүфтиi Ахмад Бадреддин Хассун мәлiмдедi

Елiмiздiң банк секторында көптен берi күткен өзгерiстер жылдың аяғына дейiн iске асатын тәрiздi. Бұған дейiн “Темiрбанк” пен “Альянс банк” бiрiгуi мүмкiн деген ақпарат гулесе, ендi Альянстi Болат Өтемұратов иелiк ететiн ForteBank-пен бiрiктiредi деген мәлiмет шықты. 

Өткен аптада сенат депутаты Светлана Жалмағамбетова Қазақстанның оңтүстiк өңiрiнен бiраз халықты солтүстiк аймаққа көшiру керек немесе солтүстiк өңiрлерге арналған “сiбiрлiк” коэффициент төленуi керек деген ұсыныс жасады. Бiздiңше, бұл – өте дұрыс шешiм. Өкiнiшке қарай, депутат мәселенiң экономикалық жағын ғана айтты.

“Жас Алаш” газетiнде “Оразада сыраны жарнамалап жатыр” деген мақала жариялап, бұл мақаламда Шымкентте ақшаға құныққандардың сыраны “алкогольсiз сусын” деп жарнамалайтынын жазған едiм. Жақында Алматыға жолым түстi. Сыраны алкогольсiз сусын деп жарнамалаудың неше атасын оңтүстiк астанадан көрдiм. Троллейбусқа отырып, Абай даңғылымен жүргенiмде, о, Құдайым
Биылғы жылдың наурыз айының аяғында ағайдың не­мересi Ақнұр Мырзатай кенеттен дертке шалдығып, 4 ай бойы Қарағанды қаласының емханаларының есiгiн тоздырып, өзiмiз де тозып, облыс көлемiндегi аруақтардың бейi­тiн, “бақсы”, “балгердi” түгендеп, емшiлердi, ең соңында Қытайдың Үрiмшi қаласындағы емдеу орталығына апарып емдеттiк
Шымкенттiк ақын Құрал Көмек Физули сыйлығын иеленiп қайтты
“Мен – даланың ұлымын”. Осындай атаумен поэма-толғау жазған, оның қазақшадан орыс және түрiк тiлдерiне аударылған нұсқаларын бiр жинаққа топтастырып, өзге де өршiл өлеңдерiмен қоса оқырман таразысына ұсынған шымкенттiк ақын Құрал Көмек таяу­да Түркия елiнен зор табыспен оралды.

Сырдарияның жағасындағы аңыз қалаға аяғымыз алғаш рет 2005 жылы тиген-дi. Сонда “Сыр – Алаштың анасы” деген сөз көзге оттай басылып, арқаға аруақ қонғандай, алабұртып кеткенiм әлi есiмде... Сол жолы атажұрт, алтын бесiгiме қайта оралып келiп тұрғанымды жан-жүрегiммен сезiнгендей болып едiм.

Өзiнiң сыршыл да мөлдiр жырларымен оқырман көпшiлiктiң жүрегiнен орын тапқан ақындардың бiрi – Салтанат Смағұлова. Ақын қыз жырларының ең басты құндылығы – шынайылығы мен өзiндiк бояуының қанықтығы. Мұны сезiмтал ақынның әрбiр өлең шумақтарынан анық байқауға болады. Ақынның:

Мен Қонысбек Қазантаев ағаның кейiнгi қырық жылға жуық өмiрiнiң куәгерiмiн. Оның алғашқы 12 жылында кемедегiнiң жаны бiр дегендей, бiр тiлекте, ортақ мақсатта    қызметтес болып, одан кейiнгi өмiрiмiз ағалы-iнiлiкке ұласты.  Қонысбек Төрешұлы Қазантаев – Қонекеңдi қарапайым қазақтың бiрi деуге болмайды.
Жақында Сенат оралмандарға азаматтық берудi 5 жылға шегеру туралы заң жобасын қарады. Мұны газеттен оқып, қатты ашуым келдi. Естерiңiзде ме, Израиль құрылғанда көп еврейлер өз елiне кеттi ғой. Олар көшiп барғандардың құжатын 15 минут iшiнде жасап бердi. Ал бiздiкiлер ше? Құдай-ау, 5 жылға шегергенi несi? Ұят қайда, ар қайда, намыс қайда?
Жуықта Сенатта “Еңбек миграциясы” туралы заң жобасы мақұлданды. Сенат өз Отанына көшiп келiп жатқан қандастарымызға азаматтық берудi 5 жылға шегеру туралы заң қарады. Бұдан не ұтпақшы? Мемлекеттiң байлығы артып кете ме, әлде бұлар “Дүниежүзiндегi қазақтың жалғыз Отаны – Қазақстан” деген сөзден кiнәрат тапқан ба?

Жапонның актерi, режиссерi, продюсерi, сценарисi Такеши Китано журналистердiң, әсi­ресе, әкесi туралы сұ­рақ қойғанын және оң жағынан камераға тү­сiр­генiн мүлде ұнатпайды. Әкесi туралы ол былай дейдi: “Ол көп iшетiн және iшiп алып төбелесетiн. Балалық шағым төсектiң астында маскүнем әкеден тығылумен өттi десе де болады.

Оқырман шығармашылығынан
Әкiм қайнағасының ақылымен құрылыс компаниясын ашып,базарда көкөнiс сатып жүрген 9 сыныптық бiлiмi бар Төкең бiр күнде компанияның президентi болып шыға келдi. Кiшi қызы Күмiсайды “Күмән” деп еркелететiн. Компанияның атын “Күмән-Строй” деп қойды.
Жазылған жайдың жаңғырығы
Оңтүстiкқазақстандық оқыр­ман К.Еңсепованың “Мейрамханаға баламен барсаң, айып төлейсiң” (“Жас Алаш” газетi, 24 қазан, 2013 жыл) атты мақаласын оқып, ойымды бiлдiрейiн деп хат жазып отырмын. ...Менiң кiшi ұлым 35 жасында үйлендi. Алматының “Ритц-Палас” мейрамханасында той жасадық.
Чичибудың Такахашино тауының баурайында дәулетi жұрттан асқан бай болыпты. Сарайының айналасындағы мың үй оған қызмет етiптi. Бай көктемде папоротник кестiрмек боп, былай деп бұйырады: “Мың үйдiң бүкiл адамы бiр күн iшiнде Такашино тауындағы папоротниктiң бiрiн қалдырмай отап, менiң сарайымның маңындағы қораларға жинасын!”.
БАТЫР АТЫНДАҒЫ БЕЛДЕСУ
Қазақ күресiнен жасөспiрiм­дер арасында Райымбек батыр атындағы республикалық турнир биыл Өтеген батыр кентiнде (Iле ауданы) 10-мәрте ұйымдастырылды. Елiмiздiң өзге өңiрлерiмен қоса Алматы облысының барлық аудандарынан жиналған 230 бал­уан екi күн белдесiп, бәйгеге тiгiл­ген қомақты жүлдеге таласты.