1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №88 (15858) 5 қараша, сейсенбі 2013
Жұмыр басты пенденiң арманы таусылған ба? Басқаны былай қойып, Алматыны уысында ұстап отырған Ахметжан Есiмовтiң де арманы бар. Қала басшысының қараборбай күнiндегi орындалмай қалған бiр арманы шiкiрейген әкiм болған кезiнде де кеудесiн жиi тепкiлейдi. Көпшiлiк бас қосқан жерде қолпаш көбейсе, бәрiн ысырып қойып, “әу” деп жiбергiсi кеп тұратыны да содан шығар. “Мына жерде ән айту деген кiш­кене ыңғайсыз болар ендi, басқа жерде айтып берейiн. Алматыда айтып берейiн сiздерге” дедi
“НҰРСҰЛТАН ҚАЖЫ НАЗАРБАЕВТЫҢ” МЕККЕГЕ САПАРЫ ЖӨНIНДЕ ҚАЗАҚСТАНДА ЕШТЕҢЕ АЙТЫЛМАДЫ
29 қазан күнi YouTube сайтында “Нұрсұлтан Назарбаев қажылық кезiнде мiнәжат еттi, 2013 жыл” деп аталатын видео пайда болды. Онда Қазақстан президентiне ұқсайтын адам қарулы жасақтың ортасында Қағбаны айналып жүр.

ҚР Статистика агенттiгiнiң хабарла­уынша, республикадағы орташа айлық жалақы 106 мың теңгеге сәл-ақ жетпейдi. Ал жұмыссыздардың саны жұмысқа жарамды халықтың 5,2 пайызын құрайды. Дегенмен, елiмiзде 9 миллионға жуық халық экономикалық белсендi деп есептелiнедi.

Франс Пресс ақпарат агенттiгi Сирияға жиһадқа кеткен 150 қазақстандық туралы бейнероликтi көрсетсе, соның iзiнше Bloomberg агенттiгi Владимир Путин Сочиде өтетiн олимпиада қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн Барак Обамадан көмек сұрағаны жайлы мақала жариялады.

Iле Алатау ұлттық паркiнде он екi адамды өлтiруге қа­тыс­ты деп айыпталған Саян Қайыровқа қатысты сот процесi жүрiп жатыр. Кешегi процесте күдiктi С.Қайыров “менi ҰҚК-нiң тергеу изоляторында соққыға жықты” деп мәлiмдедi. Оның адвокатының айтуын­ша, Қайыровтың денесiнiң әр тұсында iсiк бар. Сондай-ақ, басынан соққы алған.
ЕЛIМIЗДЕГI ЖОЛ АПАТЫНАН ОН ЖЫЛДА 32 МЫҢ АДАМ АЖАЛ ҚҰШҚАН
Алдағы уақытта жол жүру ережесiн өрескел бұзған жүргiзушiлердiң жазасы қатайып, 20 жылға дейiн жүргiзушiлiк құқығынан айырылуы мүмкiн. Мұндай қатаң жаза қолдануды елiмiздiң Iшкi iстер министрлiгi ұсынып отыр. Бұл туралы әкiмшiлiк полиция комитетiнiң төрағасы Игорь Лепеха мәлiмдедi.
Кеше “Жас Алаш”, “Айқын”, “Жас қазақ”, “Түркiстан”, “Время”, “Мегаполис” газеттерiнiң редакторлары Маңғыстау облысына iссапармен келдi. Әуелi тұрғындардың бүгiнгi тiршiлiгiмен танысу үшiн Жаңаөзен қаласына ат басын бұрды. 127 мың тұрғыны бар Жаңаөзен қаласындағы екi отбасының бiрi – “Жас Алаштың” тұрақты оқырмандары. Күйбең тiрлiктiң ыстығын да, суығын да бiрге көтерiп келе жатқан жасалаштықтарды жаңаөзендiктердiң жылы қабылдауы да содан.

“Бiздiң депутаттармен ойнапсыңдар, оларды тегiннен-тегiн халық қалаулысы бола қалды дейсiңдер ме, а? Су тегiн депутаттық мандат далада жатса, шетiмiзден депутат болар едiк қой. Жоқ деймiн-ау, “бұл кiсiлердi қалап, басымызға не күн туды” деген пiкiрде жүргендердiкi не фәлсапа осы?

Билiк басына келген барлық деңгейдегi әкiмқара қызметiне кiрiскеннен кейiн жүз күн өткенде өзiнiң байлам-бағдары жөнiнде мәлiмдейтiн бiр дағды қалыптасты. Иiсi қазақ ерекше әспеттейтiн киелi Ұлытаудың атын иемденген ауданның әкiмi Хамит Омаров та соны ұстанған сыңайлы. Ұлытау — облыс орталығынан шалғайда, шашыраңқы

Санторини – Грекияға тиесiлi Киклад аралдарының iшiндегi ең әсемi және жұмбаққа толы жер. Бiздiң дәуiрiмiзге дейiн жанартаудың атқылауынан пайда болған арал адамзат тарихын күрт өзгерттi. Зерттеушiлер оның Жер бетiнде пайда болуының өзi құпияға толы дейдi. 

МҮРСИДIҢ СОТЫ БАСТАЛДЫ
Каирде Египеттiң бұрынғы президентi Мұхаммед Мүрсидiң соты басталды. Сот қарсаңында билiк қауiпсiздiк шараларын күшейттi. Сот өтiп жатқан полиция академиясы ғимаратының маңындағы көшелерге күзет қойылды, ғимарат төбесiне шыққан арнайы жасақтың снайперлерi мен аспандағы ұшақтар ахуалды бақылап жүр.
Кiсiкиiктiң шын мәнiнде өмiр сүргенi туралы ақпарат 1968 жылы расталғанымен, ол зерттелмеген күйi қалды. Сол жылы АҚШ аумағында жылжымалы көрме ұйымдас­тырылып, терiсiн түк басқан, жәшiк‑тоңазытқышта қатырылған алып денелi, маймыл тектес тiршiлiк иесi экспонат ретiнде жер-жерде саяхаттап жүрдi. Көрменiң басты көрiгiне айналған белгiсiз тiршiлiк иесiн ақшаға ғана көрсететiн.
ЕЖЕЛГI ӨРКЕНИЕТ ҚҰРҒАҚШЫЛЫҚТАН ЖОЙЫЛДЫ
Тель-Авив универси­тетiнiң ғалымдары ерте дәуiрдегi левантиялық өркениеттiң қалай және неден жойылғанын зерттеп көрдi. Мәселен, грек жерiндегi Микендер, ежелгi Мысыр өркениетi қалайша Жер бетiнен жоғалды? Ғалымдар ұсын­ған жаңа теория бойынша Жерорта теңiзiнiң шығыс бөлiгiнде бiздiң заманымыздан бұрынғы 13 ғасырдың ортасы

Әншейiнде еркiн тыныстайтын мына ат шаптырым бөлменiң бүгiн ауасы тым тарылып кеткендей еңсенi езiп барады. Айсұлу Қадыр­қызы көйлегiнiң үстiңгi түймесiн ағытып, терезенiң желдеткiшiн ашып едi, маңдай тұсынан салқын самал аңқылдап қоя берген. Қол созым жерден Ақорданың еңселi күмбезi көкжиектен ендi көтерiлiп келе жатқан күн нұрымен шағылысып, жалт-жұлт етедi.

1. Бұрын “Күйеу жүз жылдық, құда мың жылдық” деушi едi, бүгiнде күйеу – бiр жылдық, ал құдалар мүлде араласпай кететiн болды. 2. “Болар елдiң баласы он бесiнде баспын дер” деушi едi, бүгiнде сексендегi селкiлдеген   шалдарымыз да жаспыз дейтiн болды.  3. “Қанағат қарын тойғызады” деушi едi, бүгiнде ол қарынға ғарыш айлағы да сыйып кететiн болды.
халықаралық ақындар айтысының бас бәйгесiн Сара жеңiп алды
Алматы облысы, Жамбыл ауданының орталығы Ұзынағаш ауылындағы мәдениет үйiнде өткен халықаралық ақындар айтысы екi күн бойы айтысқа шөлiркеген жұртшылықтың шөлiн басты. Жерiн жауға бермеген” деп Жамбыл ақын жырымен әспеттеп, ерлiгi мен өрлiгiн кестелi сөзбен өрнектеген айбынды батырлардың ерен еңбегiн халықаралық айтысқа қатысқан 14 ақын да қадари-халiнше жырлады. 
Алматы – Бiшкек халықаралық тас жолының бойында биiктiгi көк тiреген ескерткiш ашылды. Ер-тұрманын жастанып көз iлiп, ат үстiнде ел тыныштығын күзеткен айбоз ер Саурық Ыстамбекұлын 66 жасында қырғыз барымташылары қапияда ажал құштырса, 1819 жылы туған баһадүр Сұраншы Ақынбекұлы да сұрапыл соғыста 1864 жылы қоқан басқыншыларының қолынан Сайрам қаласында жантәсiлiм еттi.
СТИВЕНСТI ДЕ СҰЛАТТЫ
Кәсiпқой бокстан әлем чемпионы жерлесiмiз Геннадий Головкин АҚШ-та өзiнiң атағын қорғап қалды. WBA тұжырымы бойынша чемпиондық белдеудi асын­ғысы келетiн америкалық Кертис Стивенстiң қажыр-қайраты 12 раундқа жоспарланған жекпе-жектiң сегiз раундына ғана шыдас бердi.

Футболдан премьер-лиганың биылғы маусымы да мәресiне жеттi. Соңғы турға дейiн үзеңгi қағыстырып, чемпиондықтан “Ақтөбе” мен “Астана” клубтары дәмелi бол­ған. 2 қараша күнi “Ақтөбе” ойыншылары   шымкенттiк “Ордабасы” футболшыларын қабылдап, Пахолюктiң 32-минутта соққан голы алаң иелерiн сең соққандай еттi ме, 82-минутқа дейiн

НАЦИСТЕР ҰРЛАҒАН 1500 КАРТИНА ТАБЫЛДЫ
Немiстiң салық қыз­меткерлерi 1930-40 жыл­дары ұрланған өте құнды да бағалы 1500 картинаны тапты. Бұл картинаның iшiнде Пабло Пикассоның, Марк Шагалдың және Анри Матистың жұмыстары да бар. “

Ұлтымыздың мұңы мен мүддесi туралы, әрине, аз жазылып жүрген жоқ. Десек те, бүгiнде Чехияда тұрып жатқан халқымыздың аса көрнектi жазушысы Мұхтар Мағауиннiң “Қазақсыз Қазақстан” атты мақаласының орны алабөтен (“Жас Алаш” газетi, 17 қазан, 2013 жыл).  “Қазақ – өз ата жұртында мемлекет құрушы, жетекшi халық емес, көптiң бiрi ғана” екенiн бұлтартпастан дәлелдеген жазушы Қазақстандағы қолдан жасалып отырған ұлтсызданудың жетер жерiне жеткендiгiн және мұндай ұлтсызданудың ешбiр елдiң тарихында (бұрын да! қазiр де!) болмағанын өлтiре әшкерелейдi.