1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №89 (15859) 7 қараша, бейсенбі 2013

Қазақ журналистикасында өзiндiк мектебiн қалыптастырған қаламгерлер санаулы ғана. Сейдахмет Бердiқұлов соңынан шә­кiрт ерткен, сол шәкiрттерi ар­қылы өзiне ғана тән мектеп қалыптастырған бiрегей тұлға. Ол кiсi қазақтың спорт журна­лис­ти­касының бас сардары, осы саланы шын мәнiнде таза қазақша сөйлеткен үлкен ұстаз.

C.Бердiқұлов – 80
Ертең Алматыда ұлтымыздың аса көрнектi жазушысы, қазақ көсемсөзiнiң серкесi, ұлттық журналистикамызда өзiндiк үлкен мектеп қалыптастырған қаламгер-публицист, мемлекет және қоғам қайраткерi Сейдахмет Бердiқұловтың 80 жылдық мерейтойы салтанатты түрде атап өтiледi. ...1931 жылы Жалау Мыңбаевтың қасқая қарсы тұрып Ф.И.Голощекинге “Егер жоғары оқу орындары қазақша оқытпаса, онда мұндай оқу орындарының қазаққа да қажетi жоқ!” дегенi де белгiлi. Екiншi бiр аяулы тұлғамыз Смағұл Садуақасұлының: “Қазақ халқы бақытсыз болса – мен де бақытсызбын! Қазақ халқы бақытты болса – мен де бақыттымын!” дегенi тағы мәлiм.
Сейсенбi күнi бiрнеше вице-министр үкiмет жетекшiсi Серiк Ахметовтен сөгiс алса, кеше екi министрлiктiң басшысы ауысты. Бұған дейiн алты жыл бойы Қаржы министрi қызметiн атқарған Болат Жәмiшев Өңiрлiк даму министрi болып тағайындалды. Ал президент әкiмшiлiгi жетекшiсiнiң орынбасары Бақыт Сұлтанов ендi Қаржы министрлiгiн басқаратын болды.

Жақында АҚШ-тың беделдi басылымдарының бiрi Washing­ton Post газетiнде Саймон Де­нь­ер деген автордың “Қытай америкалық “Жаңа Жiбек жолы” жобасын жолда қалдырды” деп аталатын мақаласы жарияланды. Онда былай дейдi: “Өткен айда Қытай президентi Си Цзиньпин ондаған миллиард долларды қалтасына салып алып

Кiм не десе де, Нұрсұлтан На­зарбаевтың соңғы кездегi сөздерi көптiң көкейiнен шығып жүр. Әсiресе, үкiметтiң жұмысын сынға алып, шендiлердiң “жонынан таспа тiлгенi”, Минискiдегi өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесте Ресейдiң отарлық саясатын Путиннiң бетiне басқаны мұқым жұртты “пах, шiркiн” дегiздi.
Нью-Йорктiң түртiнектеп жүретiн тiлшiлерiне Қазақстан президентiнiң бауыры Болат Назарбаев өте қызық тақырып тауып бердi. Бiршама уақыттан берi америкалық журналистер соны қаузап жүр. Б.Назарбаевтың бұрынғы әйелi Майра Кесiкбаева-Назарбаеваның iс-әрекетiн айтамыз. Б.Назарбаевтың өзiне де обал жоқ, бәлелi жерге бармағын тығып..
Маңғыстау облысында iссапармен жүрген республикалық басылымдардың бас редакторлары жергiлiктi әрiптестерiмен, iшкi саясат департаментiнiң қызметкерлерiмен кездесiп, әңгiмелестi. Облыста “Не хабар?!” атты жаңадан сәби газет дүниеге келiптi. Сәния Тойкен басқарған шығармашылық ұжымға сәттiлiк тiлеймiз. Бұл газет те ұлт болайық, бүтiнденейiк деп шырылдап жүрген “Жас Алаш” газетiнiң iзiн басып

Фотошежiренiң тұсауке­серi кеше әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетiнiң Темiрбек Қожакеев атындағы мәжiлiс залында өттi. Жиынды журналистика факультетiнiң деканы Өмiрхан Әбдiманұлы жүргiздi. Осы жиында www.photooner.kz сайтының да шымылдығы түрiлдi, ардагерлердiң еңбек­терiнен фотокөрме ұйымдастырылды. Сондай-ақ, тұсаукесерге

Тарихқа жүгiнсек, ХХ ғасырға дейiн Қазақстанда қазақ пен азғантай ғана отарлаушы орыстан басқа көп ұлт бол­­­маған. Ал кейiн Ресейдiң өзге ұлттарды репрессиялап, Қазақстанға төгiп жiбергенiне қазақ кiнәлi емес. Ресей – ең көпұлтты ел. Ресейде 700-ден астам ұлт тұрады. Соған қара­мас­­тан Ресей   «бiз көп ұлтты елмiз» демейдi. Неге?

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫНЫҢ КӨМЕГI СӘБИЛЕРДIҢ ӨМIРIН САҚТАЙДЫ
Әсiлiнде, ел мен жерге, Отанға қызмет етудiң, пайдаңды тигiзудiң түрлi жолы бар. Десе де, ана мен бала денсаулығын жақсартуға өз үлесiн қосуға қол жомарттығы аз, жан жомарттығы керек-ақ. Бұл ретте “Қаз­коммерцбанкi” мен “Құс жолы” қайырымдылық қорының бiрнеше жылдан берi елiмiзде ана мен бала денсаулығын жақсартуға ерекше үлес қосып

1930-32 жылдары Қазақстанға Голощекин басшылық еткен кезде, қолдан ұйымдастырған ашаршылықтың кесiрiнен 4 миллионға жуық қазақ аштан қырылды. Ашаршылықтан есеңгiреп қалған елiмiзге онан кейiн де жауапсыз басшы келдi. Қазақ халқы ерекше мейiрiммен “Мырзажан” деп атап кеткен Левон Исаұлы Мирзоян 1933-38 жылдар аралығында Қазақстан Орталық партия комитетiнiң бiрiншi хатшысы болды.

Биыл Мекке-Мәдинеде 2 миллион 800 мыңдай адам исламның бес парызының бiрiн орындады. Соның екi миллионға жуығы – шет­елдiктер. Олардың арасында 4 мыңға жақын қазақстандық бар. Ресми деректерге көз жүгiрткенде, бiздi таңғалдырған жай, биыл қажылыққа барғандардың iшiнде өз парызын оныншы рет өтегендер де кездескен. Бұл ненi көрсетедi?

Мен зейнеткермiн. Өкiнiшке қарай, “Жас Алаш” газетiне кеш жазылыппын, яғни Алаштың ардақтылары сүйiп оқитын басылымға жазылғаныма үш-ақ жыл. Осы үш жыл iшiнде “Жас Алаш” газетiнiң бетiнен талай тағдырдың тәлкегiне түскен, әдiлетсiздiктiң құрбаны болған жандарға араша түсiп, әдiлдiк жеңiске жетуiне газет ұжымының көмегi тигенiне куә болып келемiн.

Қорағаты ауылдық округi елдiмекенiнде биылғы жылдың 16 маусымында табиғи апат болды. Үлкен құйын және нөсер жауын бұршақпен араласып, еккен егiндi, орылған және орылмаған жоңышқалықты, үйдiң, қоражайдың шиферiн, әйнегiн, көшеде тұрған көлiктердi қиратып кеттi. Ауыл әкiмi шұғыл түрде комиссия құ­рып, 314 үйдi тiзiмге алды.

Қазақстанда Қытайдың бiр iрi қаласының халқындай ғана халық тұрады, әйел­дерiмiз 58-де, ерлерiмiз 63-те, әйтеуiр, там-тұмдап зейнеткерлiкке шыққан болып жатырмыз. Ендi осы зейнетке шыққан шал-кемпiрге “Қазақстанның ең­бек ардагерi” немесе жай ғана “Еңбек ардагерi” деп қазақша жазылған медаль тағып

СССР-дiң шаңырағы ортасына опырылып түсiп, қызыл аждаһаның жаны жаһаннамаға кеткен соң туыс­қан Түркиямен алыс-берiс, барыс-келiс кеңейдi. Соның бiр белгiсi, елiмiзге түрiк телефильм­дерi көптеп келе бастады. Сонау “Қыналы қар”, “Асау жүректерден” басталып, “Көкжалдар мекенi”, “Сүлеймен сұлтанға” дейiн

Мойыл қара көздерi,
Шекер мен бал – сөздерi.
Гүлдер шоғы секiлдi,
Топ боп шығар өздерi.
Менiң мамандығым – мұғалiм. Физика, математика пәнiнен са­бақ беремiн. Ақыл сұраған, көмек сұраған оқушыларыма, ұл-қыздарыма, құрбы-құрдастарыма, туған-туыстарыма ақылымды да, көме­гiмдi де аямаймын. Ал ендi дәл қазiр өзiме ақыл қажет-ақ. Бiздiң үйде – ұрыс-керiс. Жалықтым, шаршадым
Әлемде ең бай лилипуттың бiрi Чарльз Шервуд Страттон едi. Ол 1838 жылы Коннектикут штатында (АҚШ) ағаш ұстасының отбасында дүниеге келген. Чарльз Шервудты кейбiр интернет көздерiнде лилипут деп жазса, ал ендi бiрi карлик деп жазады. Жалпы, лилипут пен карликтiң айырмашылығы – жер мен көктей.
Биыл күрес түрлерiнен әлем чемпионаты Венгрияның Будапешт қаласында өттi. Осы әлем бiрiншiлiгiнде грек-рим күресiнен 120 келi салмақта Нұрмахан Тiнәлиев пен әйелдер күресiнен Екатерина Ларионова 63 келi салмақта әлем чемпионатының қола жүлдегерi атанған едi. Әлем чемпионатына елiмiзден барған делегацияның қанжығасына бұдан өзге тағы бiр салмақты марапат байлаған болатын.

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) осы жылы түрлi сайыстарға қатысқанда пайдалануға қатаң тыйым салынған препараттарды қолданған спортшылардың тiзiмiн түздi. Әлем бойынша жүр­гiзiлген тексерiстен кейiнгi дау-шардан елiмiздiң ауыр атлеттерi де аман қалмапты.

Ресейдiң дзюдо құрамасының бас бапкерi қызметiн 2008 жылдың 12 қарашасынан берi итальяндық Эцио Гамба атқарып жүр. Гамба дегенде көзi қарақты оқырманның есiне ең алдымен 1980 жылы Мәскеуде өткен жазғы олимпиада ойындары оралатыны анық. Себебi Эцио Мәскеу татамиiнде олимпиада чемпионы атан­ған. Төрт бiрдей олимпиада ойындарына қатысқан Гамбаның

ТУРНИР ӨТПЕК
9-10 қараша күндерi Қарағандыдағы “Жастар” спорт кешенiнде Ауған соғысы ардагерлерiн еске алуға арналған республикалық турнир өтедi. Үш жас ерекшелiгi бойынша жүлде сарапқа салынатын турнирге тек елiмiздiң таеквондашылары ғана емес, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан елiнен де қатыспақ.

Ескiден келе жатқан мынадай бiр тәмсiл бар. “Жаудан қорықпа, азар болса жау сенi өлтiрер. Достан қорықпа, азар болса ол сенi сатып кетер. Қорықсаң да самарқаудан, енжардан қорық! Олар өлтiрмейдi де, сатып та кетпейдi. Бiрақ айналаға бейтарап, самарқау, енжар қарау арқылы бүкiл бәлеге жол ашады” дейдi.