1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №90 (15860) 12 қараша, сейсенбі 2013
БҰЛ ҚАНДЫ ОҚИҒА БИЛIКТIҢ ЖАУЫЗДЫҒЫН, БҰҚАРАНЫҢ БҰҚПАНТАЙЛЫҒЫН КӨРСЕТТI
“Менi Еуропаға шақырды – Брюссель, Лондон, Парижге. Онда саясаткерлермен, депутаттармен, журналистермен және министр­лiк­тердiң өкiлдерiмен кездесудi жопсарлап отырмын. Олар Назарбаев туралы жасаған мәлiмдемемнен көп нәрсенi тәптiштеп бiлгiсi келедi. Билеттi алып қойдық, бiрақ сенiмдi адамдар маған шетелде қастандық жасалуы мүмкiн екенiн ескерттi. Би­лiктегiлердiң бәрi оңбаған емес қой...
Мәжiлiс, Сенат депутаттарының назарына!
Жақында төтенше жағдайлар министрi Владимир Божко 2014 жылы алғаш рет Алматыда өтетiн өрт сөндiру-құтқару спорты бойынша әлем чемпионатына республиканың қазынасынан 600 миллион теңге бөлiнгенiн бұқараға мәлiмдедi. Божконың мұнысы қалай дерсiз? Бiр сайысты атқарып салу үшiн қазынадан қыруар қаржыны бөлудiң қаншалықты қажетi бар?
КЕЗЕКТI ЖАРЫЛЫСТЫ БИЛIК ЖЫЛЫ ЖАУЫП ҚОЙМАУЫ ТИIС
5 қараша күнi “Қызылорда облысындағы Қожабақы ауылы маңынан ғарыш аппараты сынықтары табылды” деген ақпар тараған сәтте, “Жерден шықты ма, әлде аспаннан түстi ме?” деген са­уал жұрттың бәрiн ойландырып-ақ тастады. Бiз де ойымызды сан-саққа жү­гiртiп,
ШАЛҒАЙДАҒЫ АҒАЙЫНДАР КӨШТЕН ҚАЛМАПТЫ
Өткен аптада Қарағанды облысына қарасты шалғайда жатқан екi аудан халқының тұрмыс-тiршiлiгiмен танысып қайту мақсатында Ақтоғай және Шет аудандарына iссапармен барып қайттық. Өзге аймақтарға қарағанда, бұл аудандар шетелдермен шекаралас емес. Мұндағы халықтың өзiндiк ерекшелiктерi тiптi көп екен.
Қазақстан Республикасының президентi Н.Ә.Назарбаевқа АШЫҚ ХАТ
Мыңдаған жылдарға созылған тарихатымызда “мың өлiп, мың тiрiлген” халқымыз соңғы 100 жыл iшiнде, әсi­ресе, ең ауыры ХХ ғасырда Ресей бодандығы арқасында, әуелi патшалы монархия билiгiне қарсы 1916 жылғы ұлт-азаттығы көтерiлiсi кезеңiнде миллиондап қы­рылды.
АЛАЙДА ОЛАРДЫ ЖҰМСАУ ТЕТIКТЕРI ҚЫЗУ ТАЛҚЫЛАНУДА
Жекеменшiк зейнетақы қорларының активтерi бiрыңғай ұлттық жинақтаушы зейнетақы қорына әлi бiрiктiрiлiп бiтпесе де, оны жұмсаудың жолдары қызу талқылануда. Бұған дейiн Ұлттық банктiң бұрынғы төрағасы Григорий Марченко зейнетақы активтерiнiң 20 пайызын шетелдiң құнды қағаздарына саламыз десе, оның орнын басқан Қайрат Келiмбетов

Осы газетте “Ескерусiз жүрген аяулыларымыздың аты қойылсын” атты мақаласында (07. 11. 2013 ж.) тарихшы Жұ­ма­­мұрат Шәмин мырза Л.Мир­­­­зоянның халық сенiмiн ақтамағанын айта келiп: “Мирзоян бас­қарған 5 жылдан астам уақытта 1800-ге жуық қазақ зиялылары атылды” дептi. Ерiксiз таңдандым. Себебi

Алматы облысына арнайы жұмыс сапарымен келген премьер-министрдiң бiрiншi орынбасары Бақытжан Сағынтаев бiрқатар ауылшаруашылық өнiмдерiн шығаратын нысандарды аралап шықты. Алматы мен оның облыстағы тұрғындарын азық-түлiкпен қамтамасыз ету мәселесi бойынша жасалған бағдарламаның жұмысымен танысқан Б.Сағынтаев атқарылған шаруалар мен өнiм нәтижелерiне бағасын бердi.

Мен Баянғалимен өткен ға­сырдың сексенiншi жылдары Қазақстан Жазушылар үйiнде танысқан едiм. Онда ол “Жұл­дыз” журналының сын бөлiмiнде қызмет атқарады. Әлi тезге түсе қоймаған тентек кезi. Сөйлеген сөзiнен ұлттық әде­биеттiң төрт құбыласын түгел бiлетiнi көрiнiп тұр. Осы жiгiт кейiн келе көмейiнен қырғыздың “Манас” жырын төгiп-төгiп жiбередi деп ол кезде кiм ойлаған?! Әлкей Марғұлан “Манас” жырының бүкiл жұлын-жүйесiнде Алаш рухының атойлап тұратынын айтып кетiп едi.

Ата-аналарымыздың ақ батасын алып, сырға салу рәсiмiн өткiзiп, ендi ұзатылу тойына дайындалып жүр едiм. Жас отбасылардың бiлгенiнен бiлмегенi көп емес пе. Солтүстiк өңiрiнде туып өскендiктен, ұлттық салт-дәстүрден, әдет-ғұрыптан хабарым аз екенiн де мойындаймын. Бұйыртса, оңтүстiкке келiн болып аттанамын.

“Жас Алаштың” 51-нөмiрiндегi (2.07.2013 ж.) “Отбасы” қосымшасында “Сәбилi болуға көмектескен дұға” атты оқырманның хаты жарияланған болатын. Осы хаттағы айтылатын қасиеттi дұғаны қалай пайдалану керектiгi жөнiнде көптеген оқырмандар хабарласып сұрауда. Хат иесi Маржан апайға хабарлас­қаны­мыз­да, “емделу шарты оқырмандарға түсiнiксiз жазыл­ған болса, кешiрiм сұраймын

Таяуда Алматы облысына қарасты балалар үйiне бардық. Бөтен кiсiге үлкен үмiтпен қараған жетiмектердiң жан жарасы жаутаңдаған жанарында тұнып тұрғандай. Денi өзiмiздiң қара­көз­дер. Бiздiң апарған тәттi­лерiмiз бен ойыншықтарымызды қызықтаған топ баладан шет­керiрек тұрған қызға ерiксiз назарым түсе бердi. Оның үстiне үш ай бұрын келгенiмде, бұл қызды көрмеген едiм. Жаңадан келгенi байқалады.

БҰҰ-ның Азық-түлiк және ауыл шаруашылығы ұйымының сарапшылары “үш миллионға жуық қазақстандықтың немесе елдiң әрбiр төртiншi тұрғынының артық салмағы бар” деген қорытынды жасады. Пайыздық өлшеммен алғанда, елiмiздегi 24,4 пайыз ересек азаматтарымыз семiз­дiк дертiне ұшыраған.

АЖЫРАСУДЫ АР САНАЙТЫН АЙМАҚТАР
Әдiлет министр­лi­гiнiң соңғы ақпараттарына сенсек, елiмiздегi отбасылардың ажырасу көрсеткiштерi дағдарыс жылдарында күр көбейiптi. Мәселен, 2012 жылы 47 мың ерлi-зайыптылар ажырасуға арыз берген. Сондай-ақ, арызданушы жұптардың басым бөлiгi 10-15 жыл отасқандар және бақ­уат тұратындар екен. 
ҚАРШАДАЙ ҚЫЗДЫҢ ҮЙЛЕНУ ТОЙЫ БОЛМАЙ ҚАЛДЫ
Mignews-тiң хабарлауынша, йемендiк тоғыз жастағы Хиба есiмдi қыз 8 қараша күнi күйеуге шығу керек едi. Алайда ол той болмай қалды. Йеменнiң оңтүстiгiнде орналасқан Таиз қаласында қаршадай қыздың күйеуге шығуына шешiм қабылдаған әкесi екен. Анасы қайтыс болыпты.

Алматыда ересектер арасында өткен әлем чемпионатының финалында аса жеңiл салмақтағы (49 келi) боксшымыз Бiржан Жақыпов алжирлiк қарсыласын жеңiп, әлем чемпионы деген мәртебелi атаққа қол жеткiздi. Марапаттау рәсiмi аяқталған соң, көк туымыз көкке өрлеп, әнұранымыз шырқалғанда жүрегiнiң тұсын алақанымен басқан боксшының көзiне мөлтiлдеп жас толды.

“АРЛАННЫҢ” САНЫ АРТТЫ
Бүкiләлемдiк бокс серия­сының төртiншi маусымының да түңлiгi түрiлуге таяу. “Астана арландары” клубының биылғы сайысқа қатысатын құрамы нақтыланды. Төртiн­шi маусым ережесiне бiр­қатар өзгерiстер енгiзiл­гендiктен, былтырғыдай емес, клубтағы боксшылардың саны артқан.