1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №91 (15861) 14 қараша, бейсенбі 2013
Қытайдың MFA China дейтiн сайтында “Қытайдың Қазақстандағы елшiсi Лэ Юйчэн халықтық-демократиялық “Нұр Отан” партиясы төрағасының бiрiншi орынбасары Бауыржан Байбекпен кездестi” деп аталатын мақала жарияланды.  Сол мақаладан аз-кем ық­шамдап мысал келтiрейiк: “...Алдымен Бауыржан Байбек елшi Лэ Юйчэндi жаңа қызметке кiрiсуiмен құттықтады. Ол “Нұр Отан” партиясы Қытайдың Коммунистiк партиясы енгiзген ұлттық даму стратегиясына ыждаһатпен көңiл бөлетiнiн айтты.  Бұл екi партияның ұқсастықтары көп: халықтың қолдауы, сыбайлас жемқорлықпен және бюрократиямен күрес және өзге де салалар бойынша.
Жанына бiр топ нөкерiн ертiп алған Н.Назарбаев күнi кеше Екатеринбург қаласына барып қайтты. Жай бармай, Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының 10-форумына қатысты. Сөйтiп, В. Путин екеуi Қазақстан мен Ресей арасындағы ХХI ғасырдағы тату көршiлiк және одақтастық туралы келiсiмге қол қойды.
“Аман-саулық” қоғамдық қоры ендi әлеуметтiк кәсiпкерлiкке бет бұрмақ. Келесi жылы құрылғанына 7 жыл толатын қордың президентi Бақыт Түменова тiлшiлерге жаңа бағыттың мәнiсiн түсiндiрiп, алдағы жоспарларымен бөлiстi. Баспасөз мәслихатында үркiтiп-қорқыту мен басқан iзiн аңдушылардың тiрлiгi әлi де тыйылмағанына қоса тоқталды.
Астанадағы Назарбаев университетi мен Назар­баев интеллектуалдық мектебiнiң арасындағы құрылыс алаңындағы үйдiң тұрғындары Сандуғаш Серiкбаева мен Ұйым Жолдасбаеваның кран басына шығып, наразылық танытып отырғандарына 3 күн толды.

Тәуелсiз басылымдарды қорғау мақсатында құрылған республикалық штаб өкiлдерi сөз бостандығына қатысты мәселелермен айналысатын халықаралық ұйымдармен жақын байланыста жұмыс iстемек. Бұл туралы кеше Алматыда өткен баспасөз жиынында саясаткер Әмiржан Қосанов мәлiмдедi.

Төл теңгеге – 20 жыл
Ертең қазақтың төл ақшасы – теңгенiң туған күнi. Осыдан дәл жиырма жыл бұрын тәуелсiз ел тарихында тұңғыш рет ұлттық валюта айналымға ендiрiлген едi. Содан берi теңге тәуелсiз елдiң алғашқы рәмiздерiнiң бiрiне айналды. 1993 жылдың 15 қарашасында халықтың қолына тиген ұлттық валюта құпия жағдайда Англияда басылған едi.
Жиырма жылдан астам “жағасы — жайлауда” жүрген Н.Назарбаев түсiнен шошып оянғандай, таяуда тосын мiнез танытты. Қазiргi қарқыны қатты. Қысқасы, “қырып” барады... Мiңгiрлеген мiңкесiз минис­трлерден маза кеттi. Әңгiрлеген әкiмқараның құты қашты. Дәрежесi бiр саты жоғары тұрғандар төмендегiлердi жаппай жазалауға кiрiстi.
Беларусьте президенттiң отставкаға кетуiн талап еткен жейде киген азамат бес күнге қамалды. Бiр аптада мұндай шешiм екi рет шығып отыр. Бұл Лукашенко режимiнiң қарсылыққа төзбейтiнiн көрсетедi. Беларусьте үкiметке қарсы адамдар қол шапалақтағаны үшiн немесе интернетке ойыншық аюдың суретiн қойғаны үшiн де қамауға алынып жатады. 

АТФБанктiң биылғы жылы клиенттерi үшiн тың жаңалықтары көп. Бiрiншiден, мамыр айын­да банк басшылығына жаңа акционерлер мен менеджмент келдi. АТФБанктiң басқарушы директоры және Басқарма мүшесi Санат АБЕНОВ газетiмiзге қаржылық институтта болған өзгерiстер, алдағы жоспарлар мен өнiмдердiң артықшылықтары жайлы әңгiмелеп бердi.

Өткен сенбi-жексенбi күндерi Филиппиннiң астын үстiне келтiрген “Хайян” дейтiн дауылдан 1833 адам көз жұмған. Тағы 84 адам iз-түзсiз жоғалыпты. Мұны кеше Филиппиннiң төтенше жағдайлар жөнiндегi ұлттық агенттiгi ресми түрде мәлiмдедi.

Алматыда Қабанбай батыр көшесi мен Наурызбай батыр көшесiнiң қиылысқан жерiнде бiр шағын гүлзар бар. Бiр кезде соның дәл iргесiнде “Пионерлер сарайы” орналасқан. Мына гүл­зар балалардың демалыс орны болып та саналатын. Соның шарапаты ма, әлде өзге бiр себебi болды ма, Алматының бау-бақша, тал-терегiн түгел отап, үй салып жатқан заманда, осы гүлзар ғайыптың iсiмен аман қалыпты.

ҚР Бiлiм және ғылым министрi А.Б.Сәрiнжiповке ашық хат
2012 жылдың 6 шiлдесiнде Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң №151 бұйрығымен бiлiм беру ұйымдарындағы оқу жетiстiгiн сырттай бағалауды (ОЖБС) өткiзу жөнiндегi нұсқаулық бекiтiлгенi белгiлi.
Бiр тақырыпқа екi хат
“Жас Алаш” газетiнiң 7 қараша күнгi санында жарияланған “Неге құрсағымды қақ жарып шыққан сәбиiмдi өзгеге беруiм керек?” деген мақаланы оқып, өз ойымды бiлдiрмекке хат жолдап отырмын. Қазақта бiр-бiрiне, әсiресе, аға­йын арасында бала беру, бауырынан бала өрмеген ананың тас емшегiн жiбiту үшiн өзiнiң баласын туысына телу бұрыннан бар.
Құрамалы, қорғанды үйiң болады,
Айнымалы, төкпелi биiң болады.
Халыққа бiр тиын пайдасы жоқ,
Ай сайын бас қосқан жиын болады.

Өндiрiстiк апатта адам қаза болып, оның отбасына кiнәлi жұмыс берушi жағы өтемақы төледi. Өтемақы байлаусыз теңгемен емес, тұтынушылық пайдасы тұрақты эквивалентпен өлшегенде шамамен 5 жылқыға немесе 3 түйеге сәйкес болды. Бұл аз ба, көп пе?

Өресi биiк озық елдiң ұл-қыздарының мәдениетi мен бiлiмi де биiк, жоғары болуы тиiс деген қағиданы ес бiлгелi әпкемнен естiп, бiзге берген тәлiм-тәрбиесiнен көрiп келе­мiн. Тiптi Лениндi естiп-бiлме­ген кезiмiзде “оқы, оқы және оқыны” сiзден естiп, сiздiң сөзiңiз ғой деп ойлайтынмын.

“Жас Алашта” (7 қараша, 2013 ж.) жарық көрген Дария Ерғалиқызының “Мұхаммед пайғамбар қажылық мұратын бiр-ақ рет өтеген” деген мақаласын оқыдым. Оқыдым да, өзiмнiң жақын танысымның айтқан әңгiмесi есiме түстi. Ол екi жылда бiр қажылыққа барып қайтады.
Француздың ұлы әншiсi бар-жоғы 47 жыл ғана өмiр сүрдi. Оны тағдыр отқа да салады, суға да тастайды. Бiрақ ол еш мойымайды. Тырбаңдап жүрiп, әй­теуiр, қайтадан шыңға көтерiледi. Ол нәзiк бол­ғанымен, рухы мықты әншi едi. Эдит дүниеге келгенде ешкiм оған қуанбады. Тiптi туған анасы да.

Ережесiз жекпе-жектен үш дүркiн әлем чемпио­ны Ардақ Назаровтың кәсiпқой спорт мектебiн ашатынын бұған дейiн де жазғанбыз (“Жас Алаш”№34, 3 мамыр). Спорт мектебiнде бұл күнде қажыр-қайратын шыңдағысы келетiн жастар тәлiм алып жүр. Ашылғанына көп бола қоймаған мектеп ұжымының табысы да қомақты.

Ертең Алматыда “Астана арландары” клубы бүкiл­әлемдiк бокс сериясының (WSB) төртiншi маусымындағы алғашқы кездесуiн өткiзедi. Алматыға ат басын тiреген “Баку оттары” клубының мүшелерiне қарсы тұрар “арландарымыз” да белгiлi болды. 49 келiде Әнуар Мұзапаровқа Хамза Наметовке қарсы шығады.