1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №92 (15862) 19 қараша, сейсенбі 2013

Қазақстан зейнетақы қорлары қауымдастығының төрағасы Айдар ӘЛIБАЕВ «қазақ елi Қытайдан алған қарыздың қауiп-қатерi мен тәуекелдерiн жете түсiнген жоқ, түсiнсе де жеткiлiктi түрде мән бермей отыр» дейдi. Сарапшы бiзге берген сұхбатында Қытай несиелерiнiң бiзге қалайша қамыт кигiзетiнiн жiлiктеп талдап бердi. Сондай-ақ, әңгiме орайы келiп тұрғанда, бiрыңғай зейнетақы қоры мен салымшылардың қаржысы жұмсалатын тетiктердi де сөз еттiк.

ОЛ ТЕКЕТIРЕСТIҢ, НАРАЗЫЛЫҚТЫҢ САЛДАРЫ ЕМЕС ПЕ?
Былайғы жұртқа барахолка атымен таныс алматылық үлкен базарда тағы өрт шықты. Бұл жолы “Жаңа Құлагер”, “Арал” және “Еуразия” базарларын шарпыған тiлсiз жау төрт мыңнан астам шаршы метр аумақты күлге айналдырды. 17 қараша күнi басталып,

“Шектеусiз ақиқат”- “INSIDERMAN” интернет басылымында бiр жылға жуық жұртты дүрлiктiрген оқиға жөнiнде материалдар жарияланған болатын. ҚР Бас прокуратурасының жоғары шендi қызметкерiнiң қызын екi бiрдей азаматтың айуандықпен зорлағаны туралы бүге-шiгесiне дейiн жазылған сол мақалалар журналист Валерий Сургановтың

Қазақстандағы гендерлiк саясаттың мiндетi сан алуан. Айталық, ерлермен бiрге әйелдердiң билiк басына келуi, экономикалық тәуелсiздiктiң барлық мүмкiндiктерiне қол жеткiзуi, өзiнiң кәсiбiн дамытуы және қызмет бабында өсуi, айта берсек тiзiм жалғаса бередi. Қазақстанда гендерлiк саясатты жүйелi түрде жүзеге асыру үшiн арнайы гендерлiк теңдiк стратегиясы қабылданғаны белгiлi.

Әдеттегi iс-шара, жиындарына шақыра бер­мейтiн облыс әкiмiнiң баспасөз қызметi өткен сей­сенбiде “Бүгiн қаржыны дұрыс игермей келген шенеунiк­тердiң iсi қаралады”, – деп хабарласқаннан кейiн, облыс әкiм­шiлiгiне қарай бет алдық. “Бақсақ бақа екен” де­мекшi, жиынды ресми телеарналар “Хабар” мен “Қазақстан” емес, тәуел­сiз “КТК”, “31”-дiң түсiрiп

Өткен сенбiде Ақтау қаласында ауылшаруашылығы қызметкерлерiнiң күнiне орай Маңғыстау облысы әкiмдiгi және “Каспий” әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы” ұлттық компаниясы” акционерлiк қоғамының ұйытқы болуымен ауылшар­уашылық жәрмеңкесi ұйымдастырылды.

Кезiнде ауыл тiрлiгiнiң тұтқасын ұстап, осы бiр қоғам деп аталатын ортаны қолымен құрған адамдардың бұл күнде арамызда бiрi бар, бiрi жоқ. Соғыс аяқталғаннан кейiнгi жарты ғасырға жуық уақытта ақтылы қой, алалы жылқы өсiрiп, мил­лиардтап дән орып, ел ырысын еселеген де солар. Бiр қызығы сол, әкелер мен аталардың елу жыл бо­йына тер төгiп жинаған береке-байлығын кейiнгi буын бiздер айналдырған

Қарағанды облысына қарасты Шет, Ақтоғай аудандарына бар­ғанымызда, сол жақтағы оқырмандарымыз “Жас Алаш” газетiне қатысты пiкiрлерiн және ұсыныстарын бiлдiрген-дi. Бiр қуанарлығы, ауданның да, ондағы ауылдардың да бiз пiкiрлескен азаматтары газетiмiздiң тұрақты оқырмандары екенiн және жыл са­йын жазылатындарын мақтанышпен

Алматы қаласының әкiмi жылда айтып жүрген “жырын” биыл да қайталады. Бiрақ “қайырмасына” келгенде әуенiнен жаңылған әншiдей күмiлжiтiп бiтiрдi. Соған қарағанда , “студенттердi жатақханамен жарылқаймын” деп жар салып келе жатқан Ахметжан Есiмовтiң сөзi далада қалатын сияқты.

Осы сауалға жауап iздеген беларусьтық қос журналист Дарья Путейко мен Анна Рыбчинская шетелде оқитын беларусь жастарына хабарласып, жағдайларымен танысқан екен. Олардың таңғал­ғаны сонша, мақала тақырыбын “Студенттерге жеңiлдiк: жолақы 90%, ал мұражай аралау тегiн” деп атапты.

Студенттер – қоғамның ең белсендi мүшесi. Олардың бойында жастыққа тән бұла күш қана емес, тәлiм алып жүргенде ашылатын түрлi қабiлет те бар. Ал оны жандандыру өзiне байланысты болса, қолдау көрсету – мемлекеттiң мiндетi. Бiз бүгiннен бастап “Студент” бетiнен жаңа айдар ашып отырмыз. Оның аты - “Гиннеске кiрген студенттер”.

Студент дәптерінен
Хабарсыз кеттi... Содан берi бiр апта емес, бiр ай өткендей. Уақыттың әрбiр сәтiнен үмiттi. Ал қатыгез уақыт үмiтiн әлсiретiп үзуге құштар. Әшейiнде ұялы телефонын қайда қойып кеткенiн ұмытып қалатын. Ал қазiр соған телмiрiп қарап отырудан басқа амалы жоқ.
ЗАҢСЫЗ АҢ АУЛАҒАНЫ ҮШIН 5 ЖЫЛ ТҮРМЕГЕ ҚАМАЛАДЫ
АҚШ-та браконьерлердi қолға түсiру үшiн бұғы терiсi кигiзiлген роботтар пайдаланылуда. Ал робот-аңға мылтық атқан алғашқы браконьер – Бретт Рассел. Флорида штатындағы Мьякка-сити қаласының тұрғыны Бретт Расселге 12 желтоқсан күнi сот болады.
Бүгiн Алматыда грек-рим күресiнен екi дүркiн әлем чемпоны, Мәскеу олимпиадасының жеңiмпазы Шәмiл Серiковтi еске түсiруге арналған турнир басталады. Неге екенiн қайдам, Шәмiл Серiковтiң сайыпқырандығы, заманында белдескеннiң белiн үзе опырып-жапырғаны туралы бүгiнде көп айтыла бермейдi.
“АРЛАНДАРДЫҢ” АЛҒАШҚЫ “АЗЫҒЫ”
Бүкiләлемдiк бокс сериясының төртiншi маусымындағы алғашқы кездесуiн «Астана арландары» клубы табыспен өткiздi. Алматыда өткен тартыста әзiрбайжандық “Baku Fires”   клубының боксшыларын ұтты. 49 келi салмақта Әнуар Мұзапаров Хамза Наметовке есе жiбергенi болмаса, қалған жiгiттер сенiмдi ақтай бiлдi.