1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №93 (11863) 21 қараша, бейсенбі 2013
Заманбек Нұрқадiловтiң 2004 жылы қойған сұрақтары президент Н.Назарбаевтың тарапынан жауапсыз қалған едi. Батыр қайраткерге жасалған террорлық қастандықты ақи­қат iздеген ашық хаттың салдары санайтындар да баршылық. Халықтың көңiлiнде күдiк көп. Мемлекет қайраткерi, президенттiң сенiмдi серiгiнiң бiрi болған, кейiн оппозицияға өтiп, өзiнiң де, өзгелердiң де қателiктерiн ашық мәлiмдеп, адалдық пен әдiлеттiлiктi жақтаған қайсар Азамат

Жақында Ресейдiң Екатеринбург қаласында Шекаралық ынтымақтастық жөнiндегi iскерлiк кеңестiң пленарлық отырысы өттi. Онда Қазақстандағы тендерлер мен мемлекеттiк сату-сатып алуға Ресей мен Беларусьтiң кез келген заңды тұлғасы, яғни кәсiпкерi қатыса алатыны туралы сөз қозғалды.

Бiраз уақыттан берi жұрт құлағын елеңдетiп отырған халық өкiлдерiнiң құрылтайы биылғы жылғы 23 қарашада, “Жалын” журналы орналас­қан ғимаратта өтетiн болды. Бұл туралы ұйымдастыру коми­тетi ақпарат таратты. Қалалық әкiмшiлiк жиналыс өткiзуге орын бергiз­бегендiк­тен, алдын ала келiсiп ақшасы төленген

Әуелi өрт жайлаған Алматы “барахолкасын” ендi әлеуметтiк шиеленiс қаупi шарпып тұр. Әзiрге күнкөрiс көзiнен бiрнеше базардың саудагерлерi айырылса, алдағы уақытта бүкiл базар саудагерлерi олардың кебiн киетiн түрi бар. Себебi қаланың құрылыс жоспарына күре жолдың бойындағы алып базар тұтасымен сүрiлмек.

“ҚАЗАГРОҚАРЖЫ” БОЛАШАҚТА ДА АГРОӨНЕРКӘСIПТIҢ ДАМУЫНА ҮЛКЕН ҮЛЕС ҚОСПАҚ
Елiмiздегi ауылшаруашылық саласын дамыту мақсатында агроөнеркәсiпке қаржылай қолдау көрсететiн iрi компаниялардың бiрi – “ҚазАгроҚаржы” АҚ-ы соңғы он жылдан астам уақытта бiрқатар келелi жобалардың жүзеге асуын ықпал еткенi мәлiм.

Суррогат тақырыбы баспасөз беттерiнде жиi жазыл­ғанымен, ұрпақты жасанды жолмен дүниеге әкелу­шi­лердiң қатары күннен-күнге көбейiп келедi. Бәлкiм, бiр перзентке зар болып жүрген отбасылар үшiн бұл сауапты iс те шығар. Әйтсе де елiмiз­де суррогаттық жолмен нәрестелi болу заңдастырылғаннан берi бұрын өзiмiз естiп-бiлмеген оқиға­лар да жиi көрiнiс беруде.

Қызылорда десе – “экология”, экология десе – Қызыл­орданы тiлге тиек ететiн көзқарас бар. “Осы бiр сұрықсыз теңеудiң түп-тамырына қашан балта шабылар екен?” деген сұраққа жауап iздеп жүргендер жақсы бiледi, бұл теңеуден бүгiн-ертең құтыла алмасымыз анық.

Сыбайлас жемқорлық үшiн сотталған мемлекеттiк қызметкерлерге өте ауыр жаза қолданылады. Ал менiң өз басым осыларға жазаның басқа түрiн ұсынғым келедi. Неге? Ендi осының себебiн айта кетейiн. Пара алған немесе өз қызметiн асыра пайдаланған шенеунiктердiң отбасындағы әйел күйеусiз, бала-шағасы әкесiз,

Құрметтi Нұрсұлтан Әбiш­ұлы! Бiз – Қызылорда облысында Сырдария ауданына қарасты Шаған елдiмекенiнiң тұрғындарымыз. Ауылымыздың ахуалы адам аярлық жағдайда. Оған себеп, жергiлiктi билiк пен билiкпен ауыз жалас­қан бай-манаптардың әреке­тi.

Жақында “Жас Алаштан” “Мұхаммед пайғамбар қажылық мұратын бiр-ақ рет өтеген” деген мақала оқыдым. Менiң де күйеуiм қажылыққа барды. Бiрiншi рет. Қажылық­қа кеткенде одан көп нәрсе күттiм. Базардан қой алдырттым. Құдайы тамақ таратып, үлкен кiсiлердiң батасын алды.

Абылай аңсаған
Азаттық –
Бұл емес едi...
Болып бiр кеттiк,
Қу құлқын,
Құр өңеш елi.
Өз халқын өгей,
(Тұрмысына налыған бiр танысыма)
 
Сабыр, сабыр, тоба қыл... жүргенiңе,
Өмiрде шалқып-ойнап күлгенiңе.
Марқаярсың, ал сосын қартаярсың,
Ештеңе жетпес осы күндерiңе!

Мен жақында Сапура апамыз туралы оқыдым. Қазақта мұндай батыр әйел барын бiрiншi рет бiлдiм. Оқығанымды сiздерге жолдап отырмын.  Сапураның – 22 жастағы жас келiншектiң бiрiншi күйеуiн қашқын қалмақтар өлтiрiп кетiп, әмеңгерлiкпен қайнысы Жанболат­қа қосылады.

Ол үнемi жайраңдап жүредi. Не құдiретi барын кiм бiлсiн, қиналған сәтiңдi аңдып жүргендей, көңiлiң құлазыған кезде дәл қасыңнан табыла кетедi. Мiне, бүгiн де ол әп­ке­сiнiң үйiне жайраңдай кiрдi. Ой, Жайна, сен пi­сiр­ген астың иiсi көршi үйде тұратын менiң мұр­ныма жеттi. Өзiң күнi бойы жұмыстасың. Кешкi асты да әзiрлеп үлгерiп­сiң, – деп көршiсi Мәруа
ТЭННIҢ ТАБЫСЫ
Италияда аяқталған мәнерлеп сыр­ғанаудан “Merano Cup” халықаралық турнирiнде қазақстандық Денис Тэн бiрiншi орынды жеңiп алды. Бұл жолы 231.12 ұпай жинаған Денис Қытайдағы Гран-при кезеңiнде жинаған нәтижесiн 7 ұпайға еселедi. Екiншi орынға Жапония елiнiң өкiлi,

Бұл күндерi Өскеменде дзюдодан Қазақстан чемпионаты өтiп жатқаны мәлiм. Татамишiлердiң ел бiрiншiлiгiндегi белде­су­лерi тартысты, кей салмақтарда жанкүйер күтпеген нәтижелер тiркелуде. Қа­зiргi таңда ерлер және әйелдер арасында алты-алты салмақтың жеңiмпаз-жүлдегерлерiнiң есiмi бел­гiлi болды.

Желтоқсанның жетiсiнде спорт сүйер қауымның назары Тараз қаласына ауғалы отыр. Тараз төрiнен орын тепкен “Тараз Арена” спорт кешенiнде өтетiн аламанға Моңғолия, Қытай, Түркия, Иран, Польша, Ресей және Тәжiкстан құрамалары  қатысады деп күтiлуде.