1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №94 (15864) 26 қараша, сейсенбі 2013

Күндердiң күнi туғанда “Келесi президент кiм болады?” деген сауал төтеден қойылады. Мұны қазiр Ақорда маңында жүрген ақ жағалылардың iшi сезiп отыр. Бiрақ дәл қазiргi жағдайда “мен болам” деп, бiлек сыбанып шығуға ешкiмнiң жүрегi дауаламасы анық. Алайда дәме деген шiркiннiң қиялды қияға шығарып, кеуденi алай-дүлей қылатыны тағы бар. Ондайда әркiм тiкелей болмаса да, жасырын әрекетке көшетiнi табиғи құбылыс. Мiне, президент аппаратының басшысы Кәрiм Мәсiмовтiң қазiргi “аяқалысынан” осындай пиғылдың нышаны аңғарылатын секiлдi. Жалпы, К.Мәсiмовтың елiмiз­дегi бiрқатар бұқаралық ақпарат құралдарына ықпал ететiнi бұрыннан айтылып келедi.

23 қараша күнi Алматы қаласында “Халық өкiлдерiнiң құрылтайы” деген атпен жиын өттi. Оған белгiлi ғалымдар, қоғам қайраткерлерi, ұлт зиялылары, түрлi қоғамдық ұйымдардың жетекшiлерi мен БАҚ өкiлдерi және 12 облыстан 47 адам қатысты деп көрсетiлген мандаттық комиссия мәлiметiнде. Сонымен бiрге жиынды ұйымдастырушылар таратқан ақпараттық хабарламада Ресей Федерациясынан, Қытай елiнен және Өзбекстаннан азаматтар қатысқаны туралы мәлiмет бар.

БИЛIК БIЗБЕН САНАСУҒА МӘЖБҮР
Қазақстандағы адам құқықтары жөнiндегi халықаралық бюроның құрылғанына 20 жыл толды. Осы жылдар iшiнде бұл үкiметтiк емес ұйым талай қилы кезеңдi бастан өткердi. Бюро кеңсесi тоналды, өртелдi, домалақ арыз бойынша қаржы полицейлерiнiң жоспардан тыс тексеру жүргiзген кездерi болды.
“Оңтүстiк Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында күйеуi әйелiн басынан кетпенмен ұрып өлтiрiп, артынан өзi асылып өлдi...”. “Қарағанды облысының Қызылқайың ауылында 14 жас­тағы бозбала асылып өлдi. Қалтасынан “Әке, шеше, қош болыңдар! Менi кешiрiңдер” деген хат табылды. Осы оқи­ға­дан соң бiрер сағат өткенде Қызылқайың аулында тағы бiр бозбала асылып қал­ды...”.
Парламент назарына!
Әп дегеннен айтайық, Н.Нығматуллин қазақ халқынан кешiрiм сұрауы керек. Бұл Қазақ Елiнiң парламентi, ол жерде қазақтар бiр-бiрiмен ұлттық дәстүр арқылы тiлдесуiне тыйым салуға Н.Нығ­матуллиннiң ешқандай құқы жоқ! Бұл ұлтымызды басынудың бiр түрi деп қарауымыз керек Мұндай өрескелдiк ешбiр елде болған емес!

“Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне еңбек көшi-қоны мәселелерi бойынша өз­герiстер мен толықтырулар енгiзу туралы” Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжi­лiсiнiң қарауына енгiзiлiп, еш талас-тартыс, дау-дамайсыз-ақ Сенатқа жол тартқаны ел-жұрттың ерекше таңданысын, ашу-ызасы мен наразылығын тудырды.

АҚТАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯДА ОСЫНДАЙ ПIКIРЛЕР АШЫҚ АЙТЫЛДЫ
Жақында Ақтау қаласында Маңғыстау облысы әкiмдiгiнiң ұйымдастыруымен “Қазiргi Қазақстан қоғамының дiнтанулық бiлiмi мен ағартушылығы: даму барысы мен болашағы” тақырыбында халықаралық конференция өттi. Оған шетелден және республиканың әр аймағынан келген дiнтанушылар мен ғалымдар, сарапшылар,

Жуырда Алматыда “Атакент” көрме кешенiнде Қазақстан Сәулетшiлер одағының ұйымдастыруымен 2010-2013 жылдар аралығындағы ең үздiк сәулет туындыларының көрмесi өттi. Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжiкстан, Ресей, Чехия, Словения, Армения сынды елдерден келген сәулетшiлердiң ұсынған жобаларының iшiнде

Газетiмiздiң 31 қазан күнгi нөмiрiнде Қабдеш Жұма­дiлов, Мұхтар Шаханов, Дулат Исабеков, Герольд Бельгер, Төлен Әбдiков, Мұрат Әуезов, Темiрхан Медетбек, Тынымбай Нұрмағамбетов, Есенғали Раушанов бастаған 50-ге жуық жазушылардың “Одақ әлдекiмдердiң меншiгiндегi ұйым емес” деп аталатын ашық хаты жарияланды.

Төлепбаев Жұмахан деген көкемiз көп жылдар бойы Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында қой бақты. Қысы-жазы малдан қолдары босамай, ауылға өте сирек келушi едi. Жеңгемiз Балхия – татар қызы. Менiң бала кезiм болатын, жеңгемнiң бiр әдетi–әртүрлi сұрақтар қойып, оның жауабына не айтар екен дегендей қызықтап қарап отыратын.

Президент жарғақ құ­лағы жастыққа тимей, “Ашыламыз, жабыламыз” зауытының ашылу салтанатына келiп, лентасын қиды. Қызыл түйменi басып қалып едi, цехтағы станоктарға жан бiтiп, отандық түймелер шығарыла бастады. Осындай алып зауыттан кiшкен­тай қызылды-жасылды, қо­ңырқай, қара түстi түйме­лердiң

Суреттерді салған Ғалым Смағұлұлы

МАРАФОНҒА КИЕТIН АЯҚКИIМIН НЕБӘРI 2 ДОЛЛАРҒА САТЫП АЛЫПТЫ
Жаңа Зеландияда марафонға қатысушы 160 шақырымдық жолды резеңке аяқкиiммен жүгiрiп өтiптi. Ол бұл аяқкиiмдi марафон алдында небәрi 2 долларға сатып алыпты. Бұл туралы ABC News хабарлайды. 48 жастағы Эндрю Фифта-Ламб мұнысымен ел-жұрттың көңiлiн көтергiсi келiптi.
Бiз атбегi Ғабит Үмбетовтiң жаратқан жүйрiктерi жайында бұған дейiн де жаздық. Жуырда атбегiмен сұхбаттасудың сәтi түсiп, қазақтың қанымен тамырлас жүйрiк жаратудың қыр-сырын сұрадық. Жылқының бабын таба бiлуде. Бiз қыстай жүйрiк­тердi әбден мiнемiз. Қысты­гүнi мiнiсi дұрыс болмаса, бiр бәйгеден кейiн-ақ шаппай, болдырып қалады. Ме­нiң жүйрiктерiмдi жасы алпысқа келген Болат есiмдi атбегi баптайды.
ОРЫС ТIЗЕ БҮКТI
Бүкiләлемдiк бокс сериясының (WSB) төртiншi маусымындағы екiншi тартыста “Астана арландары” клубының боксшылары қарсыластан басым түстi. Санкт-Петерборда орыстың “Russian Boxing Team” клубының сырттандарына қарсы тұрған “арландар” 3:2 есебiмен жеңiске жеттi.