1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №95 (15865) 28 қараша, бейсенбі 2013

Сонымен, Астанадағы Левон Мирзоян көшесiне хал­қымыздың аяулы ұлы Қаныш Сәтбаевтың есiмi берiлетiн болды. Бiрақ бұған қарсылар да бар. Мирзоян көшесiнiң атының өзгертiлуiне алғашқылардың бiрi боп Қазақстандағы армян мәдени орталығының жетекшiсi Артуш Карапетян наразылық бiлдiрдi. Осы жерде мынаны еске сала кетсек деймiз. Қазақстанда тұратын әртүрлi ұлт өкiлдерiнiң Мәдени орталықтары құрыла бастағанда тарихшы-ғалым Зардыхан Қинаят “Жас Алаш” газетiнiң бетiнде былай деген едi:

2004 жылы қызғылт-сары төңкерiстi бастан кешiрген Украинаның Майданы алты күннен берi толқып тұр. Бұған дейiн не Ресейге, не Еуроодаққа бұрыларын бiлмей қалт-құлт күй кешкен Украина президентi ақыры таңдауын жасағандай. Виктор Януковичтiң Еуроодақпен қауымдастық жөнiндегi келiсiмдi тоқтатып, Ресейге бүйрек бұруы украин оппозициясы мен халқын көшеге алып шықты.

Қазақстандық жұмысшылар мен шетелден тартылған мамандардың айлық жалақыларының айырмашылығы қандай? Республикадағы еңбек дауларының туындауына не себеп? Әлеу­меттiк кикiлжiңдердiң алдын алу мақсатында нендей шаралар атқарылуда?

НЕМЕСЕ ҚЫРҒЫЗ БИЛIГI ҚАЗАҚСТАНҒА НЕГЕ ҚЫЗЫҒАДЫ?
Жуырда ғана Астанада «Қазақстан Республикасы тұңғыш пре­зидентi – ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың парламентаризмдi дамытудағы рөлi» атты халық­аралық конференция өткенiнен жұртшылық құлағдар болуы тиiс.
АЛ ТӘУЕЛСIЗ БАСЫЛЫМДАР ТIЗIМДЕ ЖОҚ
Газет оқырманымен бағалы. Бұл ретте қоғамдағы кемшiлiк­тердi түзетуге түрткi болып жүр­ген еркiн ойлы “Жас Алаштың” көзi ашық, көкiрегi ояу оқырманы бiр қауым ел. Жамбыл жұртшылығының ұсыныстары мен талап-тiлегiн, мұң-мұқтажын тыңдауға, арадағы байланысты нығайтуға ден қойған жасалаштықтар бiрнеше ауданда оқырмандармен кездесу өткiздi. 

Соңғы уақытта телеарналарда вакцинаға қатысты жарнама үздiксiз берiлуде. Дүние есiгiн ашқан сәттен бастап сәбилерге екпе жұмыстары жасалатыны белгiлi. Алайда сол екпелердiң құрамы мен адам ағзасына келтiрер залалы туралы бiрiмiз бiлсек, ендi кейбiреулер мүлде хабарсыз. Дәрiгерлердi тыңдасақ, екпе жұмыстары аурудың алдын алу мақсатында жүргiзiледi деп сендiредi. Сәбиге туыла салып, перзентханада төрт күн iшiнде АКДС, БЦЖ, полиомиелит секiлдi үш бiрдей екпе салынады. Одан кейiн арнайы   күнтiзбеге сәйкес, бала бiр жасқа толғанынша 14 түрлi екпенi қабылдайды.

Қазiргi кезде шағын банктердiң қатарында болғанымен, АзияКредит Бан­кiнiң нарықтағы өз орны бар. Осы орайда банк барлық сегмент­тегi клиенттерге бiрдей көңiл бөлiп, шарттары қолайлы әрi тиiмдi өнiм­дер ұсынады. АзияКредит Банкiнiң атқарушы директоры және бас­қарма мүшесi Бұлан КӨПЕШОВ бiзге берген сұхбатында осы өнiмдердiң ер­ек­шелiктерiне тоқталып, банктiң алдағы жоспарлары жөнiнде әңгi­мелеп бер­дi.

ҰЛТТЫҚ ӨНЕРIМIЗДIҢ ЖАНАШЫРЛАРЫН ҚОЛДАУДЫҢ ОРНЫНА НЕГЕ ҚОРЛАУҒА БЕЙIМ ТҰРАМЫЗ?
Өскеменде бiр ғимаратта орналасқан Жамбыл атындағы облыстық қазақ және орыс театры бар. Орыс театрының шығармашылықпен үздiксiз айналысып келе жатқанына биыл 73 жыл. Ал кезiндегi Кеңес өкiметiнiң жы­мыс­қы саясатының кесiрiнен оңбай орыстанған облыс орталығындағы театрдың қазақ труппасы өз жұмысын бастап, ая­ғынан қаз-қаз тұра бастағалы 10 жылдың айналасы ғана.
ҚУАНЫШ ЖИЕНБАЙДЫҢ ҚОС ТОМДЫҒЫ
Жақында Астанадағы “Фолиант” баспасынан мемле­кеттiк тапсырыспен белгiлi жазушы Қуаныш Жиенбайдың қос томдық шығармалар жинағы жарық көрдi. Әдебиет­тегi өз қолтаңбасы қалыптасқан қаламгер қай шығармасында болсын, адамдар арасындағы психологиялық ах­уалды мейлiнше шынайылықпен суреттеуге тырысады.
Қазақстан авторлар қоғамының назарына
Түрiктанушы, аудармашы ретiнде менi қазақ оқырмандары, зиялы қауым өкiлдерi бiршама таниды ғой деп ойлаймын. Соңғы 22 жылдың iшiнде (тәуелсiздiк кезеңiнде) менiң мақала, аудармаларым жарияланбаған қазақ газетi немесе журнал қалған жоқ десе болады. Мен өз мақала және аудармаларымда ұлы Түрiк дүниесiнiң бiрлiгi мен ынтымағын
ҚР Бас прокуроры А.Қ.Дауылбаев мырзаның назарына
Редакцияға Алматы облысы, Алакөл ауданы, Қабанбай ауылынан ат арылтып 73 жастағы Күләш Мұхаметкәрiм­қызы Абдолдинова апай келдi. Қырық жыл Құдайы көршiсi болған, кiшкентайынан балаларымен тай құлындай тебiсiп бiрге өскен Ермек Майқыновтың үстiнен арыз айта келiптi. “Алтын алқалы” батыр ана көзiне жас алып былай дейдi:

Шу ауданының Құрметтi азаматы болған, кезiнде туып-өскен өлкесiнiң өсiп-өркендеуiне бiр кiсiдей тер төккен ардақты ағамыз Уәш (Әбдуәлi) Асатұлы өз артында өшпестей мұра қалдырып кеттi. Атап айтсақ, Шу өңiрiнiң айтулы тұлғалары туралы 2001 жылы “Зерде” баспасынан “Тағылым” ес­телiк кiтабы жарық көрген едi. Уәкеңнiң қарапайым жатық тiлмен қызғылықты да тартымды жазғанына ерiксiз сүйсiнесiз.

Жақында теледидардан жап-жас министрге депутат (одан едәуiр үлкен адам болса керек) сұрақ қойды. Сұраққа жауап беруге оқталған ми­нистрдiң әлгi депутаттың аты-жөнi аузына түспей қалды ма, әлде депутатты қазақы қалыпта өз ағамыз ғой, осылай атағаным жөн болар, деп ойлады ма “Бәке” деп сөзiн бастай бергенi сол едi спикер: “Бәке, Сәкенi” доғарыңыз, этикеттi сақтаңыз.

Бұрындары ақшасы көп, жағдайы келiскен байшыкештерге қызығып, қызғана қарайтынмын. Бiрақ өз көзiммен көрген бiр жағдайдан кейiн ақшалы адамдардың өмiрiне мүсiркеп қарайтын болдым. Алғаш отбасын құ­рып, үйсiз-күйсiз қаңғып жүрген кезiмiз едi. Тұ­рып жатқан пәтерi­мiзге төлейтiн ақшамыз болмай, бiр сәтте далада қалдық. Әйелiм екеу­мiз кешке дейiн паналайтын жер таппасақ, күздiң қара суығына ұрынарымыз анық.
Биылғы жылы 7 қарашада (№ 89, 2013 жыл) шыққан “Неге құрсағымды қақ жарып шыққан сәбиiмдi өзгеге беруiм керек?” деген мақаланы оқып, Мұхтар Шахановтың “Өмiр деген өрекпелi бiр ағын, Әркiм содан өзiне тән сыбағасын даулайды...” деген өлең жолдары ерiксiз ойыма оралды. Айналайын, Райса, мүмкiн өмiрдегi сенiң сыбағаң – әжеңнiң аяулы алақаны мен мектепке барғанша көтерген арқасы шығар. Сенiң туған анаңа әжең: “Мына қызды маған берiңдер” деген шығар. Анаң да сенi қимай-қимай берген болуы керек. Сен болсаң – баласысың, ал әжең – анасы.
Ол – кәсiпкер. Сәндi, екiқабатты үйде тұрады. Екi ұлы, әдемi әйелi бар. Оның аты-жөнiн атағым келмейдi. Себебi... ол менiң әкем. Мен туғаннан мүгедекпiн. Бiр аяғым бiр аяғымнан қысқа. Саусақтарым қисық бiткен. Бұрынырақ ол маған алимент төлеп тұрды. Қазiр неге екенiн бiлмеймiн, екi жылдан асты, төлемейдi. Зәулiм сарайда тұрасың, мiнгенiң – қымбат көлiк. Неге қызыңа аз алимент төлейсiң?” деп жұмыс орнына талай барып, шаңын қағып едiм. Сен үлкейiп, ендi сол аз алиментке де жетпей қалдық”,  – дедi анам кеше ғана.

Университеттегi оқу­дан кейiн жұмысқа орналасу үшiн Алматыға тiр­кеуге тұру керек. Қиналып жүрген Кәкен Қамзинге атақты диктор Әнуарбек Байжанбаев қол ұшын бередi. Сол кездегi Комсомол көшесiндегi өз үйiне пропискаға отырғызады. Ендi оны жуу рәсiмi бар емес пе. Әнекең өзi­нiң досы – Әнуар Әлiм­жановтың туған ағасы

Екi қолға бiр күрек таппай жұмыс iздеп, бармаған жер, қақпаған есiк жоқ. Сенделiп жүргенiмде аяқ астынан бiр жанашыр жан кез болып, аудандық мәдениет үйiне күзетшi болып кiрдiм. Менi жұмысқа алған жан зейнеткерлiкке шыққан, ал қазiр күзетшiлердiң бастығы болып жұмыс iстейтiн Нұрболат есiмдi жiгiт екен.

Айбек деген кiм едi? –
Ашық-жарқын ұл едi.
Аппақ та пәк көңiлмен
Арамызда жүр едi.
Әкесiнiң тiрегi,
Әкесiнiң жүрегi.

Елiмiздiң Спорт және денешынықтыру iстерi агенттiгi төрағасы қыз­метiне Тастанбек Есен­таевтың (суретте) тағайындалғанына да бiр аптаның жүзi болды. Осы саланы 10 ай басқарған Ерлан Қожағапанов төраға болып тұр­ғанда денешынықтыру пәнi мұға­лiмдерiнiң жалақысын 100 пайызға көбей­те­тiнiн, мектепте денешынықтыру пә­нiн 2 сағаттан 3 сағатқа арттыратынын айтқан едi.

ЖЫЛДЫҢ СОҢҒЫ БЕЛДЕСУI
Ертең Жапонияның Токио қаласында дзюдодан “Үлкен дулыға” турнирi басталады. 1 қараша күнi мәресiне жететiн биылғы жылдың соңғы байрақты сынына елiмiзден де спортшылар қатысады. Ұлттық құраманың бапкерлерi Ермек Имамбеков пен Владимир Кичатов бастап баратын жiгiттерден Елдос Сметов пен Асхат Телманов